Тәрбиедегі мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері



Дата10.02.2022
өлшемі20,15 Kb.
#25205

Кіріспе..........................................................................................................3
1.Негізгі бөлім



    1. Тәрбиедегі мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері.....................................5

1.2.. Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері...........................................................................8


ІІ бөлім
2.1.Мектеп оқушыларының бойында толерантты мінез- құлықты қалыптастыру ..............................................................................................10
2.2. Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушыларға сипаттама......15

Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................................18

Кіріспе
Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын айқындайды.

Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.

Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу басты мақсатқа бағытталған іс - әрекет.

Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: " Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы”. Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекетерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сену, ар-ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.

Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы сезімдері мен мінез-құлықтың қарапайым белгілері қалыптасады. Балада қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста көзге түседі. Негізгі мектеп оқушыларында мінез-құлықтың, сана мен сезімнің жаңа түрлері одан әрі дамытылады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Негізгі мектеп оқушыларының қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.

Зерттеу міндеттері:

- мінез туралы жалпы түсінік беру, мінездің құрылымы мен қасиеттерін қарастыру.

-

Зерттеу объектісі: негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлықын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.



Зерттеу пәні: Педагогика

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, баспасөз материалдары, зерттеу тәжірибелері.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған, әдебиеттер тізімінен тұрады.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз. Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар — тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.

Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.


Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.
Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.

Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.


Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар — қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.
Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.
Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».

Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде ең негізгі тұлға мүгалім екендігі белгілі. Тіпті бірінші, екінші сынып оқушылары мұғалімнің айтқанын өз ата- аналарының айтқандарынан да артық көреді. «Ия, бізге апай былай деген», «Біздің апай осылай үйреткен» деген сияқты сөздерді шын ықыласпен айтады. Демек оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде мұғалімнің білімділігі, мәдениеттілігі, ұстамдылығы, тапқырлығы, байсалдылығы ең негізгі фактор болып саналады. Барлық мұғалімдер шәкірттердің аңсаған арманынан шыға бермейді. Кейбір мұғалімдер сабақ беруде оқұлықтағы материалдардың көлемінен ұзап кете алмайды. Ондай мұғалімдер оқушылардың түсінбей қойған сұрақтарына жауап берудің орнына, «Осыны да білмейсің бе», «Басыңмен неге ойламайсың» деп жекіріп тастайды да, баланың білімге құмарлығын тежейді. Осыдан барып оқушылардың оқуға деген ынтасы темендей бастайды. Өйткені мінез тұйық, жасық оқушы мұғалім тарапынан көңілге кір келтіретін жекіру сезін немесе эділетсіз айыптау әрекетін байқаса, біліп тұрған нәрсесін айтқысы да келмей қалады. Ал осындай жағдай жақсы оқитын қайсар, ожар мінезді балаға әсер етсе, ол сабаққа салқын қарап, тәртіпсіздер қатарына қосылуы мүмкін.


Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде ең негізгі көңіл аударарлық мәселе — адалдықты, шыншылдықты, сыйластықты қалыптастыру. Әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана балага болсын, басқаға болсын, айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Сонымен бірге олардың кішіпейілділігі, адамгершілігі баланы адалдық пен шындыққа бағыттайды.

Баланы тәрбиелеу тек сөз, ақыл айту арқылы ғана емес, әрбір ересек ісінің қимылынан, іс-әрекетінен, қызметінен байқалып тұрған жөн. С.Макаренконың «балаға тәрбие беру үшін тек үгіт пен ақыл жеткіліксіз. Егер сіз өзіңіз мақтаншақ болсаңыз, жолдасыңызды сөксеңіз, сіздің балаға айтқан үгітіңіз, ақылыңыз түкке де керек емес» — деген сөздерін әсте естен шығармау керек.


Бала мінезі көпшілік жағдайда әке-шешесінің мінөзіне өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап кейбір ата-аналар мінез тума қасиетке ие емес іе екен деген ойға келеді.
Психология ғылымы мінез ортаның, оқыту, тәрбиелеу процестерінің әсерімен қалыптасатын жеке кісідегі дара ерекшелік деп түсіндіреді. Академик И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі туралы ілімінде мінез ерекшеліктері емес, нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктері, шшандардың ғана тума қасиетке ие екендігі дәлелденген.Өмір тәжірибесіне қарай оқыту, тәрбиелеу нәтижесінде бір жүйеге келетін күрделі психикалық құбылыс.

Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.


Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды.

Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестержаттын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент -адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.

Мектепте балаларға қойылған талаптар ата-аналар тарапынан қүпталып, оның орындалуына жәрдем беріліп отырса, олардың іскерлігі де арта түседі. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың оқуға ынталылығы, үғынуы, жалпы сабаққа қатынасы бірдей бола бермейді. Әрбір оқушының өзіндік мінез ерекшелігі, сыртқы дүниеге қатынасы, қимыл-әрекеті болатындығы белгілі.
Міне, соған орай оқушылардың мінез ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау да олардың оқу-тәрбие жұмысындағы ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу кезеңдерін түсінуге жәрдем етеді.
Мектептегі оқыту-тәрбие процесінің жақсы жолға қойылуы, жоспарлы жүргізілуі де балалардың мінез ерекшіліктеріне әсер етеді. Шәкіртке ғылымның негізін үйретумен бірге біз олардың дүние танымын, ақыл-ой әрекетін, творчестволық ізденуін, қабілеті мен дарындылығын дамытамыз. Әрине, бұл жәйттерді оқушыларға толық жеткізу әрбір мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, материалды жан-жақты толық қамтуына, көрнекі және техникалық құралдарды дұрыс пайдалануына байланысты. Міне, сондықтан біз мұғалімнің педагогикалық процестің негізгі тұлғасы деп санаймыз. Мұғалім әрекеті мазмұны жағынан оқушылар әрекетімен органикалық байланысқанда ғана тәрбие тиімді де Нәтижелі болады. Бір сыныптың өзінде мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне қарай сабақ үстіндегі шәкірттердің мінез ерекшеліктері кейде олай, кейде бұлай болып құбылып отыратыны педагогикалық тәжірибеден белгілі. Сабақ қызықты, шеберлікпен өткен жағдайда оқушылардың зейіні басқа нәрсеге аууға мүмкіндік тумайды. Осындай кезеңде шыдамсыз, ұшқылақ оқушылардың қимыл-әрекетінде де байсалдылық байқалады. Сабақ тартымсыз, нәтижесіз болса, оқушылар қанша зейін қоюға әрекеттенгенімен шаршап, жалыға бастайды. Мұндай жағдайда жеңіл мінезді балалар өздері ғана тәртіп бұзбастан, басқаларға да теріс әсер етеді.

Оқытумен бірге оқушының жас ерекшелігіне сай келетін ақыл-ой әрекеттері мен қабілет ерекшелігін де ескерген жөн. Мұндай айрықша ескеретін бір жәйт оқушының сабақ үлгеріміндегі түсінігін дұрыс бағалаумен бірге, оның ықыласын жетілдіру мәселесі.



Педагогикалық тәжірибеде кейде оқушылардың кейбір пәндерден үлгермеуіне қарап, олардың жалпы қабілеті, сабаққа қатынасы туралы қате қорытынды жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет