Тәрбиелеудің



Дата06.01.2022
өлшемі19,88 Kb.
#15569

Ақбай Мөлдір

Ерік-жігерді дамыту және тәрбиелеудің практикалық мақсаты белгілі: онсыз уақыт тауып, кез келген проблеманы шешуге күшіңді жұмсау мүмкін емес. Өзінің ерік-жігері жоқ деп санайтын оқушыларға оның тіпті кішігірім қорын дұрыс жұмсай білуді үйрену қажет. Педагог мұндай балаларға ерік-жігерін пайда әкеле бастайтындай етіп тәрбиелеуге және күшейтуге көмектескені жөн. Қазіргі психология мен білім беруде ерік-жігер сияқты қасиетті тәрбиелеуге көңіл аз бөлінетінін атап өту керек. Мен оны дамытуға бағытталған бірқатар техниканы ұсынып отырмын. Мінез – адамның тәртібінен байқалатын совокупность психикалық және рухани қасиеттерінің жиынтығы. Темпераментке қарағанда, ол өзгеріп отырады. Ерік-жігер – адамның өз психикасы мен тәртібін саналы түрде басқаруы. «Ерік-жігер» және «ерік-жігер күші» ұғымдарын түсінікті болу үшін синоним деп аламыз, бірақ бұл кезде ерік-жігер күшінің дене күшінен өзгеше екенін есте ұстау керек. «Күш болғанымен, ерік-жігері жоқ» деген мәтелде дене күші болғанымен, рухани күштің жоқтығы сөз болады. Ерік-жігер сапалары – мақсаткерлік, шешімділік, табандылық, төзімділік, шыдамдылық, дербестік, істі аяғына дейін жеткізе білу, батылдық, ерлік.

Ерік-жігер әрекетін жүзеге асырған кезде адам өзінің жалқаулығын, қорқынышын, тікелей талабын жеңе біледі. Ерік-жігер қимылына «менің қалауым осы» немесе «маған осы ұнайды» емес, «осылай болуы керек», «жасауым керек», «міндеттімін», «мен қорқамын, бірақ қолымнан келеді!» деген сөздер тән.

«Ерік-жігерді тәрбиелеу не үшін қажет?

Бұл мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңу үшін, өмірде маңызды бірдеңеге қол жеткізу үшін, өз пікіріңді дәлелдеп шығу үшін, өзіңмен өзің болу, өзіңді құрметтеу, жауапты шешім қабылдау, тәуекелге бел буу және жеңіп шығу үшін керек. Өмір бойы жігеріңді жанып өтуге тура келеді. Барлығы дұрыс шешім қабылдауға тіреліп тұрған қиын-қыстау сәтте шешім қабылдай білу үшін үлкен ерік күші қажет. Қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін де қаншама күш-жігер жұмсау қажет болуы мүмкін. «

Ерік-жігерді қалай дамыту қажет?

Алдымен нашар ерік-жігер деген не екенін анықтау алу керек. Бұл кезде адам:

–   алдына мақсат қоя алмайды, шешім қабылдай алмайды; –   өзінен-өзі әрекет етуге кірісе алмайды, дәл қазіргі мүддесінен бас тарта алмайды, біреудің түрткісін немесе бұйрығын күтеді;

–    бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алмайды;

–   үрейін, өзіне сенімсіздігін жеңе алмайды;

–   бірнәрсеге көңіл қоя алмайды, алаңдай береді;

–   берген уәдесін орындамайды.

Ерік-жігерді дамытатын көмекшілер

Ең алдымен – бұл ерік-жігерін дамытуға, жинақы, өзіне сенімді адам болуға деген өз ықыласы. Адамның мінезі әрекет ету, қиыншылықтарды жеңу барысында қалыптасады. Өнімді еңбектену білігі . Егер сіз бірнәрсені әдетке айналдырсаңыз, көп нәрсе оңайға түседі. Әдет екінші мінез деген сөз осыдан шыққан. Белсенді ойлауға да байланысты осыны айтуға болады. Көп ойланып әдеттенбеген адамға міндеттерді шешу қиындыққа түседі. Үш «Д» принципін есте сақтаңыздар: Думать (ойлау),

Действовать (әрекет ету),

Добиваться (қол жеткізу).

Заңды білемін және заң бойынша әрекет етіп жүрмін деген сенім адамға сенімділік, күш бітіреді және ерік-жігер ширығысын аз қажет етеді.

. Іштей өзіңізге былай деп бұйрық беріңіз: «Менің қолымнан келеді! Мен жеңіп шығамын!». Басқа да осыған ұқсас жағдайларда өзіне сенімді адамның жеңіп шығу мүмкіншілігі мол. Өзіне сенімділік өмірдің басында пайда болып, жүре келе ұлғая түседі. Егер жиі-жиі өзінен-өзі (және өзгелердің алдында) шегіншектей берсе, онда «бақытсыз адам рефлексі» қалыптасады. Бұл өте қауіпті: адам өз күшіне сенімділігін жоғалтады. Өзін жеңе білген адам өзгелерді де жеңеді. Қиыншылық неғұрлым маңызды болса, оны жеңу үшін соғұрлым көбірек ерік-жігер жұмсауға тура келеді. Ал сәтсіздіктен кейін көтеріле білу – баға жетпес қабілет. Бақа туралы аңызды естеріңізге алыңыздар. Екі бақа сүт құйылған құмыраға түсіп кетіпті. Бірінші бақа еш қимыл жасамай, батып кете барыпты. Ал екінші бақа соңғы күші қалғанша жанталаса қимылдай беріпті, сөйтіп, сүтті майға айналдырып барып, секіріп шығып кеткен екен. Мерзімінен бұрын салыңды суға кетірмеу керек, шешімді түрде, ақырына дейін қимылдаған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет