Тәрбиенің түрлері, әдістері



Дата06.01.2022
өлшемі3,37 Mb.
#16218

Тәрбиенің түрлері, әдістері

Балгабеков Айдын ГТ-204 тобынан

Тәрбие әдісі

  • Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде әртүрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамалары дәлел. Т.Е. Конникованың анықтамасы; тәрбие әдісі- бұл педегогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. Бұл анықтамадағы тәсіл дегеніміз- әдістің бір бөлшегі, оның бояуын реңін келтіреді. Мысалы; сөз арқылы оқушыны толғандыру, оқушыға ескерту жасағанда онымен «Сіз» деп сөйлесу. Әдіс, тәсіл, мұғалімнің байланысын мына схемадан көруге болады.

Жіктелуі

  • Тәрбие әдістерін нәтижесіне қарай екі топқа бөлуге болады:
  • Адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, идеялар тудыратын әдістер.
  • Әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.Өсіп келе жатқан жеткіншектің жеке басын қалыптастырудың екі жағы бар екендігін кезінде Н.К.Крупская, П.П. Блонский, С.Т. Щацкий, А.П. Пинкевич т.б. айтқан болатын.

Тәрбие әдістерінің мен былай бөлуді жөн санадым. Бұл классификация кешенді сипатқа бағытталып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдістемелік жағынан қарастырылады. Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:

Тәрбие әдістерінің мен былай бөлуді жөн санадым. Бұл классификация кешенді сипатқа бағытталып, тәрбие әдістерінің мақсаттық, мазмұндық, әдістемелік жағынан қарастырылады. Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:

  • Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
  • Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
  • Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
  • Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

А.П. Пинкевичтің тәрбие туралы түсінігі

А.П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөле қарап, оның бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімге әсер теу әдісіні жатқызады. Ал екінші тобына өтпеліәдісті жатқызған болатын.Яғни, белгілі бір жағдайда қысқа мерзімде ғана нәтиже беретін әдістерді енгізген.

Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыруісі, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е. Конникова, Г.И. Щукина және В.С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.

Адами құндылықтар

  • Адамгершілік тәрбиесі-оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағыбіліммен қаруландырады. Оқушылар оларды жаттау ғана емес оқу, тәрбие еңбек процесінде іске асыруы қажет. Содан барып адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қежеттілік ретінде де маңызды болып саналады.
  • Қоғамдық құндылықтарға адам, отбасы, еңбек, білім, Отан, жер бетіндегі бейбітшілік т.б. жатады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға бағыт ұстайды, осындай алғашқы құндылықтарды мектептің мүмкіндігі мен оқушының бейімдімділігінеқарай кез-келген бағыт шеңберінде қалыптастыруға болады.

Ұлттық тәрбие

  • Адамгершілік тәрбиесініңқұрамды бөлігі – ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық қасиеттер. Бұл бір аса аяулы сезімдердібалалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсақ.
  • Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Бұл шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үнінен бағынып өсуі осы жаратылысының дұрыстығы.
  • Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
  • Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып,болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, уын қастерлей білуі, ұғынуы.
  • Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ащы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.

Қорытынды


Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздыңосы асыл, абыройлықасиеттерін жас ұрпақтың ақыл парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, сан ғасырлар қалыптасқан салт- дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет.

Рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет