«Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы»



бет1/7
Дата31.12.2021
өлшемі135 Kb.
#23143
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7

«Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы»
Бағалы аң, мех және тері шикізаттың технологиясы мен тауартануы

Бағалы аң, мех және тері шикізаттың жіктеу принциптері. Бағалы аң, мех және тері шикізатты сыныпқа бөлу. Бағалы аң шикізаттың қысқы және көктемгі түрлері. Мех терілерінің қысқы түрлері. Теңіз жануарлар терілері. Терілердің химиялық құрамы және құрылысы. Тері ұлпасының қурылысы. Негізгі қабаттары. Талшықтар құрылысы. Талшықтардың типі, категориялары, ауысымы, өсуі, орналасуы.

Терінің негізгі тауарлық қасиеттері. Тері ұлпасының тауарлық қасиеттері. Тері ұлпасының қалындығы. Тері ұлпасының тығыздығы. Жүн жабынының тауарлық қасиеттері. Биіктігі. Қоюлығы. Түсі. Жылтырлығы. Серпімділігі. Жұмсақтығы. Талшықтардың тері ұлпасымен байланысының беріктігі. Жалпы терінің тауарлық қасиеттері. Салмағы. Ауданы. Тері, мех, бағалы аң шикізаттың тауарлық қасиеттерін анықтау әдістері.

Мех және бағалы аң терілерінің тауарлық қасиеттері. Өзгергіштіктерінің түрлері. М екендейтін жері, жеке өзгергіштік, жыныстық - жас өзгергіштігі, маусымдық өзгергіштігі, аңдарды азықтандыру және ұстау жағдайы, аңдарды аулау әдістері және қауымдық жұмыстардың жүргізілуі.

Бағалы аң, мех және тері шикізатты алғашқы өңдеу. Теріні ұшадан сыпыру техникасы, әдістері. Теріні майсыздандыру. Терілерді керу техникасы. Кергіштердің түрлері. Кептіру. Теріні консервілеу. Консервілеу әдістері. Ақаулардың жіктеулуі. Өмірлік ақаулары. Өлгеннен кейінгі ақаулар.

Бағалы аң, мех және тері шикізаты стандарттау. Стандарттардың түрлері. Теріні сорттау тәртібі. Теріні сақтау. Терінің құнын есептеу әдістері. Теріні сақтау, буып-түю, таңбалау және тасымалдау.

Бағалы аң қысқы терілерді жіктеу. Сусар тұқымдастар аң терілері. Ит тұқымдастар аң терілері. Мысық тұқымдастар аң терілері. Сазқұндыз тұқымдастар аң терілері. Қоян тәрізділер отряды. Кеміргіштер отряды. Сорттау, буып-түю, танбалау, сақтау және тасымалдау.

Бағалы аң көктемгі терілерін жіктеу. Кеміргіштер отряды. Ұсақ кеміргіштер . Құрт-құмырсқалармен қоректенетін отряды. Терілерді сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау.

Мех шикізатының қысқы терілерін жіктелуі. Үй қоян терілері. Үй ит терілері. Үй мысық терілері. Терілерді сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау.

Теңіз аңдар терілерінің жіктелуі, белгілері және айырмашылығы. Теңіз мысығы терілері. Итбалық терілері. Теңіз аңдардың терілерін сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау ережелері.

Жабайы қос тұяқты аңдардың терілерінің жіктелуі, белгілері және айырмашылығы. сорттау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет