Терминология —



Дата26.04.2022
өлшемі21,5 Kb.
#32366

Терминология — ақпарат көзі, сонымен бірге терминология — лексиканың сыртқы өзгерістерге тез бейімделетін, онымен тығыз байланысты бөлігі. Терминологиядан қоғамдағы тарихи өзгерістердің кезеңдерін, себептерін, өркениеттердің тегін, тілдің мəдени, ғылыми, техникалық əлеуетін тануға болады.

Ғылыми ұғымды жеткізетін терминдер ұлттық та, ұлтаралық та, халықаралық та бола алады. Терминологияда қолданылатын термин сөздердің көпшілігі шығу тегі жағынан халықаралық немесе бірнеше тілдерге ортақ болып келеді.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болу үшін терминдеріміздің құрамы сандық қатынасы жағынан керісінше, яғни тіліміздегі терминдердің 70–80 пайызы қазақтың төл сөздері болу керек те, қалған 20–30 пайызы кірме сөздер болуы керек дейді терминология мəселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалымдар, терминолог-мамандар. Бұл 20–30 пайыз бөтен сөздер тіліміздің сөздік құрамы мен құрылысын, бірегейлігін бұза алмайды.



Біздің терминологиямыздың басым бөлігі шет тілдерінің сөздері болып кетуі — ұлт тілінің ғылым саласында қолданылмауы салдарынан салалық мамандардың термин шығармашылығымен айналысудан гөрі өзге тілдерден дайын терминдерді қабылдауға дағдыланғандығынан деп тұжырымдайды кейбір зерттеушілер. Сондықтан да мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың сан түрлі саласында қолданып, термин шығармашылығында іске қосудағы салалық мамандардың рөлі ерекше. Дəлірек айтқанда, бұл солардың қолындағы іс. Бірақ салалық мамандардың барлығы бірдей терминге қойылатын талаптарды, терминологиялық жүйенің ерекшеліктерін, терминдерді тілдік тұрғыдан реттеуді біле бермейді. Сондықтан терминтану ғылымының тіл білімімен тікелей байланыстылығынан немесе оның тіл білімінің негізінде қалыптасатындығынан болса керек, əлемдік тəжірибеде белгілі бір саланың терминдерін жасап, оларды іштей жүйелеуге ерекше үлес қосқан салалық мамандардың барлығына қарамастан, терминологиялық жұмыстарды жүргізіп (оның ішінде терминтану теориясын), терминтанудың түрлі мəселелерін зерттеген терминологтар, негізінен, тіл мамандары болып келеді.

Тіліміздегі өзге тілдік (кірме) терминдердің көпшілігі орыс тілі арқылы қабылданған грек, латын т.б. тілдердің сөздері де, қалған бөлігі араб, парсы жəне орыс сөздері болып табылады. Мысалы, латын тілінен: бейімделу — аккомодация, кемсіту — дискриминация, үдеме — градация т.т.; грек тілінен: қолтаңба — автограф, кезең, мезгіл — период, ақсүйек — аристократ т.т.; ағылшын тілінен: сұхбат — интервью, көшбасшы — лидер т.т.; неміс тілінен: сауыт, қап — футляр, азат жол — абзац, бедел — авторитет т.т.; француз тілінен: ырғақ, əуез — тембр, сəн — декор, шумақ — куплет, таңдаулы — элита т.т.; араб-парсы тілдерінен: құран, мешіт, қажы, халифат, хадис, шахмат, шах, медресе тəрізді сөздер енген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет