Терминологиялық СӨздік



бет1/4
Дата26.02.2023
өлшемі1,85 Mb.
#69999
  1   2   3   4

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

ф.ғ.к, аға оқытушы: Шойбекова Акбота Абаевна

Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын қамтамасыз етуде жетілдірілген терминжүйе мен сапалы терминологиялық сөздіктердің алатын орны айрықша. Практикалық терминтанудың негізгі мəселесі терминологиялық сөздіктерді жасаумен, терминдер мен терминжүйелерді біріздендіру, реттеу жəне стандарттау жұмыстарымен тығыз байланысты. Барлық

Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын қамтамасыз етуде жетілдірілген терминжүйе мен сапалы терминологиялық сөздіктердің алатын орны айрықша. Практикалық терминтанудың негізгі мəселесі терминологиялық сөздіктерді жасаумен, терминдер мен терминжүйелерді біріздендіру, реттеу жəне стандарттау жұмыстарымен тығыз байланысты. Барлық

терминологиялық жұмыстардың сапалы, жоғары кəсіби деңгейде жүзеге асуы арнаулы салалық сөздіктердің жасалуымен байланысты болғандықтан, ондай сөздіктерді дайындау ісіне ерекше мəн беріп, терминологиялық сөздіктер жасаудың əдістемесін үнемі жетілдіріп, олардың қолдануға қолайлылық деңгейін жаңа сатыға көтеріп отыру қашан да өзекті.

Бізде терминологиялық сөздіктер жасаудың бір ғасырға жуық

Бізде терминологиялық сөздіктер жасаудың бір ғасырға жуық

тарихы мен тəжірибесі бар десек болады. Оған ХХ ғасыр басында жарық көрген «Орысша-қазақша əскерлік атаулары» (Қызылорда,1926.-135.), «Пəн сөздері (Құрастырған: Н.Қаратышқанов. Қызылорда, 1927.), «Атаулар сөздігі» (Қызылорда, 1931.) сияқты алғашқы сөздіктерден

бастап, 2014 жылы ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мақұлдауымен басылған 30 томдық «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздікке» дейінгі ондаған, жүздеген, одан бергі уақытта да шығып жатқан жекелеген сөздіктер куə бола алады. Лексикография, терминография мəселелерін Ə.Қайдар, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, М.Малбақов, Е. Əбдірəсілов сынды тіл мамандары арнайы

зерттеді.

Ғылыми-теориялық тұрғыдан айқындалған, практикалық тұрғыдан басы ашылған, аражігі ажыратылған, жүйеленген мəселелер аз емес. Дегенмен уақыт орнында тұрған жоқ. Ғылым мен технология жедел дамып, көптеген жаңа салалар пайда болуымен қатар, терминжүйеге, терминологиялық сөздіктерге қойылатын талаптар да күшейіп, оларды жасаудың əдістемесі де дамып жатыр. Бұл тұрғыдан келгенде терминологиялық сөздіктер жасауды ғылыми-əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оның жаңа қазіргі уақыт талаптарына лайық түрлі сөздіканықтамалықтар жасау міндеті тұр. Бізде жалпы отандық лексикография жақсы дамып, əртүрлі типтегі сөздіктер жасаудың тəжірибесі орныққанымен кейбір елдердегідей терминологиялық сөздіктер түзудің теориясы мен практикасын арнайы қарастыратын жеке сала қалыптаса қоймаған. Терминологиялық сөздіктер жасау мəселесі əлі де лексикография шеңберінде қарастырылып келді. Мəселен, біздің ғалымдарымызға жақсы таныс көрші Ресейде бізбен салыстырғанда терминография мəселелері едəуір тереңірек зерттелген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет