Терроризммен күресу жолдары өмір тіршілік қауіпсіздігі



Дата31.12.2021
өлшемі10,51 Mb.
#21499

Терроризммен күресу жолдары - өмір тіршілік қауіпсіздігі

Қатысушылар: 8 «Ә» сыныбы

Кіріспе

Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады.

Терроризм

Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді.

Терроризм

Терроризм – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқа да террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Террористiк ұйым

Террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым.

Терроризм себептері

  • Терроризм себептерін басынан үш аспектіден қарастыруға болады.
  • Транснациональді қылмыстардың себептері – экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да тәртіптер (билікке таласу, меншікке, нарық өтімінде, әсер ету ортасының шегі, әлеуметтік теңсіздік, информациялық қайта өңдіру, бақылауға алынбаған ресурс өзгерістері);
  • Терроризм себептері – (экстремизм, негізгі саяси, идеологиялық, діни және басқа көзқарастар т.б.);

Терроризм алдына қойған мақсатына қарай

Діни терроризм. Бұл ең бір қатыгез, қисынсыз, әсіре идеологиялық негізге құрылған терроризм.



Ұлтшылдық сипаттағы терроризм. Бұл террористер сепаратистік, ұлт - азаттық мақсаттар үшін күреседі

Терроризмге қарсы күрес

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы

Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестiң құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күрестi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлдiктерiн белгiлейдi

Қауіпсіздік ережесі

  • https://youtu.be/7Rdxpg9bzvc

Сұрақ – жауап айдары

  • https://learningapps.org/display?v=p5gtsg06c21

Қорытынды

Дәстүрлі діндер өздернің қасиетті жазба кітаптарында ешқандай экстремистік идеяларды қамтымайды. Керсінше адамдарды татулыққа, адам сүйгіштік пен кешірімді болуға шақырады. Ал дәстүрлі емес діни ағымдарда фанаттық экстремистік идеялар басым болып келді. Сондықтан біз рухани аш жастарға дәстүрлі діндерді дұрыс насихаттасақ сонда экстремизм мен терроризмнің алдын аламыз деп сенімді түрде айта аламыз. Қазақстанда дәстүрлі дінге Ислам дініндегі ханафи мазһабы және христиан дініндегі православие бағыты жатады.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет