Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


р дыбысы ескерткіш тілінде сөз ортасында, әсіресе сөз соңында, қосымшалар құрамында жиі қолданылғанымен р



бет23/126
Дата23.02.2022
өлшемі0.97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126
р дыбысы ескерткіш тілінде сөз ортасында, әсіресе сөз соңында, қосымшалар құрамында жиі қолданылғанымен р дыбысынан басталған түркі сөзі кездеспейді. Араб-парсы элементтерінен р дыбысынан басталатын сөздер ұшырайды. Сөз ортасында р дыбысы мына сөздерде ұшырайды: қара, қуруқ, бөри, таңри, йүрак, ары, бурун, ысырға, уруғ, бары, қарақ. р дыбысының сөз аяғында келуі: бар, бир, йир, ағыр, Сыр, тар, текүр, билүр, дур, бер, нетар.

Ескерткіште с дауыссызы сөз басында көбірек кездеседі: саз, сақақ, сақла, сал, сач, сен, сеңа, сиз, сиңак, соң, соңра, сөз, су, сүй. с дыбысы сөз соңында мына сөздерде ұшырасады: бас, кес, улус, керакмас, емас.

Шұғыл, қатаң т дауыссызы сөздің барлық позициясында актив қолданылған: тағы, таза, тарт, тикан, текүр, топрақ, тил, тиш, түн, орта, олтур, көтүр, келтүр, қатла, түгат, қат, унут, ут, ет, елт.

Мн-да түркі сөзіне қарағанда араб-парсы сөздері х дыбысымен басталған. Түркі сөздерінен тек титулды білдіретін хан сөзінде, ал сөз ортасында охша сөзінде кездесті.



ч дыбысынан мына сөздер басталады: чағ (шақ), черик (әскер), чечак (шешек), чимган (шалғын, көгал), чирағ (шырақ), чық (шық). Сөз ортасы мен аяғында: ачун (әлем, дүние), қарақчы (қарақшы), қылыч (қылыш), сач (шаш), сач (шашу), уч (ұшы), уч (ұшу).

Қазақ тілінде ч фонемасы диалектілерде ғана сақталған. ч фонемасынан тек орыс тілінен енген сөздер басталады.

Ескерткіште ш дыбысы сөз басында бір ғана сөзде қолданылған: шункар. Сөз ортасы мен сөз соңында көп қолданылған: ишик (есік), йашын (найзағай), башақ (ұшы), башла (баста), киши (кісі), қуйаш (күн), қош (қош), өкүш (көп).

Сөйтіп, ескерткіш тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қолданылуында қазақ тілімен салыстырғанда өзгешеліктерінен гөрі ұқсастықтары басым екені анықталды. Қазақ тілінің заңдылығы бойынша ң мен й дыбыстары сөз басында б, ғ, г, д дыбыстары сөз соңында, ерін дауысты дыбыстары сөздің екінші буынында кездеспейтіні белгілі. Ал а, е, ы, қ, т, м, ж, н, с сияқты дыбыстар буын талғамайды, сөздің барлық шенінде қолданыла береді. Сонымен қатар қазақ тілінде езу дауысты дыбыстар сөздің барлық деңгейінде ұшырасады. Ал дауыссыздардан ж, м, с, т, к, қ, н, з сияқтылар сөздің барлық буындарында қолданылатыны мәлім. қ, ғ дыбыстары тек жуан дауысты дыбысты буындардың құрамында ғана қолданылатын болса, к мен г тек жіңішке дауысты дыбысты буындар құрамында ұшырасады.

Жәдігер тіліндегі дауысты дыбыстар сияқты дауыссыз дыбыстардың өзгеріске түскені қазақ тілімен салыстырғанда сөз басындағы, сөз ортасындағы, сөз соңындағы дыбыстардың сәйкестігінен аңғарылады. Ескерткіш тілі мен қазіргі қазақ тілін өзара салыстырғанда ең басты көзге түсетін айырмашылық ретінде еріндіктердің езуліктерге айналуын, қатаңдардың ұяңдармен алмасуын, кейбір дыбыстардың элизияға ұшырауын айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет