Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет28/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126
ғ ~ қ. ғ дыбысының қ дыбысына алмасуында тұрақтылық жоқ. Бір сөздің өзі ғ дыбысымен де, қ дыбысымен де айтылғандығын байқауға болады. Йаңлығ. Сияқты. Қуйаш йаңлығ йүзүңизни йарутты 83 (Жүзіңізді күн сияқты жарық етіп). Йаңлық. Сияқты. Қуйаш йаңлық жеханны тутты атың 118 (Күн сияқты жаһанды тұтты даңқың).

х ~ қ. Ескерткіштегі х дыбысы қазақ тілінде қ дыбысымен айтылады. Охша. Ұқса. Шакар ерниң набаты Хызра охшар 221 (Шекер ерніңнің тәттілігі Қызырға ұқсайды). Орта ғасыр жазба тіліндегі түркі сөздерінің х дыбысымен берілуі көне ұйғыр жазу дәстүрінен келе жатқан құбылыс ретінде танылады.

қ ~ ғ, к ~ г сәйкестіктері бүкіл түркі тілдеріне кең таралған. Ескерткіштегі көз сөзіндегі к дыбысы оғыз тілдерінде г дыбысымен айтылады: ноғ., көз; ұйғ., көз; алт., көс; қ-балқ., көз; хак., көс; түркм., гөз; әзірб., гөз; құм., гөз; қаз., көз.

к ~ х ~ г сәйкестігін түркі тілдерімен салыстырсақ: ескерткіште күн: қаз., күн; қырғ., күн; хак., хүн; тув., хүн; әзірб., гүн; құм., күн; қ-қалп., күн; ноғ., күн; тат., күн; башқ., күн. Ескерткіштегі қыл сөзіндегі қ дыбысы түркі тектес тілдерде г, к, х дыбыстарымен айтылады: әзірб., гыл; түркм., гыл; құм., қыл; гаг., қыл; хак., хыл; тув., хыл; якут.. кыл; қаз., қыл.

Ә. Құрышжанов қ ~ х, к ~ х сәйкестіктері қазақ тілі мен моңғол тілін өзара салыстырғанда едәуір дәрежеде байқалатынына ғалымдардың назарын аударады.

А.Н. Баскаков дауыссыз һ, х, қ, к, ғ, г дыбыстарының қалыптасу жүйесін анықтай келіп, к фонемасын алғашқы деп таныса: «первоначально, как видно из привлеченного фактического материала по всем тюркским языкам, задние согласные были представлены одной фонемой с множеством аллофонов, не имеющих смыслоразличительной функции: 1. [к(~g~q~q’~f~x~h]» [41, 105 б.], ал профессор Б. Сағындықұлы к фонемасы емес, фонемасын түпкітек (архифонема) деп есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет