Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет49/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
-Л, -АЛ жұрнағы. Мынадай сөздердің құрамында кездесіп «тірілу» мағынасында тирил сөзінде қолданылған болса, -ал формасы йоқал сөзінде кездесті. Агар миң йыл тирилса Хатами-Тай 119 (Мың жылдан соң Атымтай жомарт тірілсе егер). Сениң ´ишқыңда Хоразми йоқалды 377 (Хорезми ғашықтықтың отына жағылды).

Қазақ тілінде бұл жұрнақтың -ал, -ел, -л варианттары қолданылады. Мысалы, жоғ-ал, су-ал, сұй-ыл, ұя-л, тар-ыл, тір-іл, тең-ел [57, 234 б.].

-РАН жұрнағы. Бұл жұрнақ өгран сөзінің құрамында ғана кездесті. Вафасызлықны сиздин өгранүрлар 544 (Опасыздықты дәл сізден үйренер).

Г.И. Рамстедт өгран етістігіндегі -ран жұрнағын -ра жұрнағының өзгерген варианты дей отырып мұндағы өздік етістіктің көрсеткіші ретінде өг+ра+н деп бөліп көрсетеді [36, 177 б.].

Ескерткіш тілінде етістік жасайтын жұрнақтардың мынадай түрлерімен -алиң, -алың, келетін төрт сөз сачалиң, ичалиң, ачалың, сачалың кездеседі.

Хызыр суйын сачалиң жан йүзига 538 (Сұлулығын мәңгі ету үшін Хызыр суын шашалық жанананың жүзіне). Ичалиң бадани жанан йүзига 537 (Ішелік шарапты жанананың жүзі үшін). Сурахи толса көп, ағзын ачалың 433 (Құмыра толса, аузын оның ашалық); Бүгүн майханада йармақ сачалың 434 (Бүгін майханада жармақ теңге шашалық).



-ман жұрнағы. Бұл жұрнақ түркі тілдерінің ішінен қазақ тіліне ғана тән. Қазақ тіл білімінде бұл қосымшаның шығу тегі мен беретін мағынасы туралы пікірлер бір ізге түспеген. Ескерткіште -ман жұрнағы жалғанған сөздер сан жағынан аз. Олар: унутман, чавүрман, көтүрман.

Йырақлық бирла мен сизни унутман 272 (Жырақ кетсем де сізді ұмытпан); Таним барынча сендин йүз чавүрман 495 (Тәнім барында сенен жүзімді бұрмаймын); Ишикиң топрақындин баш көтүрман 496 (Есігіңнің топырағынан басымды көтермеймін).

Академик Р. Сыздықова ма+н жұрнақты ықшам болымсыз тұлғаларда әрдайым серт беру, айбын көрсету тәрізді модальдік мән бола бермейтіндігін айтады [56, 278 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет