Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет68/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126
Йаратқан ким тән ичра жан йаратты 81 (Жаратқан ием, тән ішінде жан жаратты). Уған Йүсүп жамалин сизга берди 581 (Құдай Жүсіп пайғамбардың жамалын сізге берді). Сени теңри мурадыңға текүрсүн 596 (Сені тәңірі мұратыңа жеткізсін). Ошал күн ким сени йаздан йаратты 86 (Сол күні сені тәңірі жаратты).

Діни наным-сенімге байланысты атаулардың дастанның өн бойында қолданылуы – сол дәуірге тән сипат шығарманың кіріспесін Жаратушыға сыйынудан бастауында жатса керек. Түркі тілдерінде қолданылатын тәңірі атауымен қатар ислам дінінің әсерінен сол тілге енген араб-парсы тілдеріндегі хақтағала, хақ, йаздан сөздері де жарыса қолданылған. Қазіргі тілдік тұрғыдан уған, йаздан сөздері көнерген, қолданыстан шығып қалған.

«Мухаббат-наме» ескерткіші тілінің бір ерекшелігін мына қырынан тануға болады. Тәңірі (құдай) орхон-енисей ескерткіштерінде өте жиі кездеседі. Орта ғасырда да тәңірі атауымен бірге қазіргі түркі тілдерінде аса жиі пайдаланылатын жаратушы есімдері Алла, хақ, хақ-тағалла жарыса қолданылуын ислам дінінің әсері деп білеміз. Бұл – ислам терминологиясының біржолата орныққанын көрсетсе керек. Сонымен қатар жаратушының адамзатқа жіберген елшісі мағынасында қолданылатын савчы, йалавач сөздері біз зерттеп отырған ескерткіш мәтінінде жоқ. Орта ғасыр жазба тілінде нақты пайғамбарлардың есімдері жиі көрініс тапқан.

Қазіргі түркі тілдерінде: түрк., Tanrı; әзірб., Tanrı; башқ., Täŋrı; қырғ., Teŋir; өзб., Tängrı; тат., Täŋrı; түркм., Taŋrı; ұйғ., Täŋrı; қаз., Тәңірі. түрк., yaradan; әзірб., yaradan; қырғ., caratkan; өзб., yärätuvçi, yärätgän; түркм., yaradan; ұйғ., yaratkuçi, yaratkan; қаз., жаратқан [43, 848-849 бб].

Ескерткіштегі ужмақ (жұмақ) тұлғасы башқұртта ojmaһ, татар тілінде ocmaһ, қазақ тілінде жұмақ басқа түркі тілдерінде араб тілінен енген жаннат, пейіш сөздері бұрынғы форманы ығыстырған. Бұл ислам дінінің мықтап орныққанынан болса керек.

11 Аспан денелерінің атаулары: ай (ай), күн (күн), қуйаш (күн), йула (аспан шырақтары), көк (аспан). Бұлармен қатар аспан денелерінің араб тіліндегі бурж – шоқжұлдыз, ЗүхраШолпан жұлдызы, Муштари – Юпитер, Нахид – Шолпан жұлдызы, Утарид – Меркурий атаулары қолданылған. Бұл аспан жарықтары шығыс астрономиясында жеті қат (қабат) көк деп аталған.



Ай ичра ғунчайи хандан йаратты 88 (Ай бетінде гүл қауызын жаратты). Қуйаш йаңлық жеханны тутты атың 118 (Күн сияқты жаһанды тұтты даңқың). Күйүрди халқны чехраң йоласы 410 (Нұр жүзіңнің сәулесі жүрегімді күйдірді).

Ескерткіш тілінде қазіргі түркі тілдерінде де күн, қуйаш формалары жарыса қолданылатынын мына мысалдан байқаймыз: түрк., gün, güneş; әзірб., gün, güneş; башқ., koyaş; қырғ., kün; өзб., kuyáş; тат., koyaş; түркм., gün; ұйғ., kün, kuyaş; қаз., күн.

Ескерткіште көк сөзі өзінің негізгі мағынасында емес, аспан мағынасында кездеседі. Бұл сөз қазіргі тілімізде көк реңді, аспан түсін білдіреді. Аспанды түсіне қарай көк деп тануы түркі тілдерінің барлығына ортақ құбылыс. Көк атауының қазақ тілінде көне дәуірдегі негізгі ұғымы сақталған.

12 Жаратылыс құбылыстарының, табиғи заттар мен нәрселердің атаулары: булақ (бұлақ), йашын (найзағай), от (от), топрақ (топырақ), таш (тас), булут (бұлт), қат (қабат), күн (күн), су (су), йер (жер), йел (жел).

Қабул қылдым, йер өптим, айдым: ей шах 55 (Қабыл қылдым, жер өптім, ей шаһ – дедім). Агар күн тоғмаса хам йақту қылғай 63 (Егер күн шықпаса етер еді жарық). Танимиз ´ақыбат топрақ болысар 588 (Тәніміз ақыры бір күн топырақ болады). Ишикиң топрағы Каусар булағы 248 (Есігіңнің топырағы – Кәусар бұлағы). Булутлар филтек көкраб йүрүрлар 21 (Бұлттар пілдей күркіреп жүреді).

Аспан кеңістігіне жиналған электр зарядтарының шағылысуынан пайда болған жарқыл, найзағай қазақ тілінде жай делінеді. Ескерткіште йашын тұлғасында берілген. Бұл сөздің түбірі йаш деп түсінеміз. Йаш жарқыл, жарқырау дегенді білдіреді. Шор тілінде чаш- «жарқырау». Қазіргі түркі тілдерінің ішінде қарайым тілінде йас, йашын формалары қолданылады. Ал шор тілінде чажын, хакас тілінде чазын түрінде дыбысталады.

Қазіргі түркі тіліндегі фонетикалық ерекшеліктері: түрк., kat; әзірб., gat; башқ., kat; қырғ., katmar; өзб., kat, katläm; тат., kat; түркм., gat, gatlak; ұйғ., kat; қаз., қат, қатпар, қабат; түрк., taş; әзірб., daş; башқ., taş; қырғ., taş; өзб., taş; тат., taş; түркм., daş; ұйғ., taş; қаз., тас; түрк., yel; әзірб., yel; башқ., yil; қырғ., cel; өзб., yel; тат., cil; түркм., yel; ұйғ., yäl; қаз., жел; түрк., yer; әзірб., yer; башқ., yir; қырғ., cer; өзб., yer; тат., cir; түркм., yer; ұйғ., yär; қаз., жер. түрк., bulut; әзірб., bulud; башқ., bolot; қырғ., bulut; өзб., bulut; тат., bulıt; түркм., bulut; ұйғ., bulut; қаз., бұлт.

13 Жыл мезгілдерін, уақыт мерзімін білдіретін сөздер: йыл (жыл), йаз (жаз), қыш (қыс), түн (түн), бүгүн (бүгін), бурун (бұрын), бир күн (бір күні), таң (таң), оза (бұрын), ашуну (бұрын).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет