Тест 11 сынып 1-нұсқа


Сақталу заңдарына тест сұрақтары



бет5/14
Дата26.10.2022
өлшемі0.81 Mb.
#45401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Сақталу заңдарына тест сұрақтары
1. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомашина тұрақты 3 кН күштің әсерінен 10 с ішінде қандай жылдамдық алады?
А) 10 м/с; В) 14 м/с; С) 16 м/с; Д) 18 м/с; Е) 20м/с.
2. Массасы 40 кг бала 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 2 м/с жылдамдықпен сол бағытта қозғалған массасы 60 кг арбаға секіріп мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?
А) 5 м/с; В) 3,6 м/с; С) 4 м/с; Д) 4,2 м/м; Е) 4,4 м/с.
3. Үстінде бала отырған массасы 20 кг шананы қар үстімен қозғалыс бағытына 60º бұрышпен 100 м қашықтыққа сүйрегенде қанша жұмыс істеледі? Үйкеліс коэффициенті 0,03.
А) 200 Дж; В) 240 Дж; С) 260 Дж; Д) 300 Дж; Е) 280 Дж.
4. 800 м/с жылдамдықпен ұшқан 10 г оқтың кинетикалық энергиясының 8 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 1 т автомашинаның кинетикалық энергиясына қатынасы қаншаға тең?
А) 1/100; В) 1/10; С) 1/1; Д) 1/1000; Е)1/10000.
5.Кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 50 кг*м/с. Дененің массасы неге тең? А)15,0 кг; В) 12,0 кг; С) 12,5 кг; Д) 13,0 кг; Е)14,0 кг.
6. Тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 100 г дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
А) 45 Дж; В) 50 Дж; С) 35 Дж; Д) 40 Дж; Е) 450 Дж.
7. 10 м биіктіктен еркін түскен, массасы 2 кг дененің Жер бетіне 4 м қалған кездегі потенциалдық және кинетикалық энергияларын анықтаңыз.
А) 60 Дж, 90 Дж; В) 70 Дж, 100Дж; С) 80 Дж, 120 Дж; Д) 80 Дж, 110 Дж; Е) 70 Дж, 110Дж.
8. Массасы 0,5 кг дененің еркін түсу уақыты 2 с. Осы кездегі ауырлық күшінің жұмысы қаншаға тең?
А) 70 Дж; В) 80 Дж; С) 90 Дж; Д) 100 Дж; Е) 110 Дж.
9. Массасы 10 г оқ қалың тақтайға 800 м/с жылдамдықпен кіріп одан 400 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Тақтайды тесіп өту үшін оқ қандай жұмыс атқарған?
А) 1800 Дж; В) 2400 Дж; С) 2000 Дж; Д) 2200 Дж; Е) 2600 Дж.
10. Массасы 2 т жүкті көтергіш кран 30 с ішінде 6 м биіктікке көтерді. Кран двигателінің қуаты қандай? А) 3 кВт; В) 3,2 кВт; С) 3,4 кВт; Д) 3,6 кВт; Е) 4 кВт.
11. Автомашинаның 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты түзу сызықты қозғалған кездегі көрсеткен қкаты 1 МВт. Автомашинаның массасы қандай?
А) 1 т; В) 2 т; С) 3 т; Д) 4 т; Е) 5 т.
12. Массасы 200кг, диаметрі 60 см темір бөшкелерді ұзындығы 5 м биіктігі 1,6 м ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен машинаға домалата артты. Домалау үйкелісінің коэффициенті 0,6 .Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і қандай?
А) 60 %; В) 66%; С) 72%; Д) 80%; Е) 85%.
13.Қатаңдығы 500 Н/м динамометр пружинасына 40 Н күш әсер еткенде қанша жұмыс істелінеді? А) 1,6 Дж; В) 1,8 Дж; С) 2 Дж; Д) 2,2 Дж; Е)2,4 Дж.
14. Диаметрі 4 см құбырдағы судың жылдамдығы 1 м/с. Ос ықұбырмен тікелей жалғасқан диаметрі 2 см құбырмен су қандай жылдамдықпен ағады?
А) 3,6 м/с; В) 4 м/с; С)4,2 м/с; Д) 4,4 м/с; Е) 5 м/с.
15. Насостың пайдалы қуаты 4 кВт. Осы насос 8 м тереңдіктен 1 сағат ішінде қандай көлемдегі суды көтеріп шығарады? А) 120 м3; В) 140 м3; С) 160 м3; Д) 180 м3; Е) 200 м3.
Жауаптары:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Е

С

Д

В

С

А

С

Д

В

Е

Е

Е

А

В

Д




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет