Тәуекел хан (1582-1898 ж ж)



бет1/3
Дата05.10.2022
өлшемі3,02 Mb.
#41525
  1   2   3

Тәуекел хан
(1582-1898 ж.ж)
1580-1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасалды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Абдаллах хан Сайрам, Сауран, Түркістан бекіністерін қоршаған даңқты жорығында қажырлы қайрат көрсеткен Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға сыйға Ходжентті береді.
Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. Тәуекел сұлтанға риза болған Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты (Сыр бойыдағы қалалар Абдаллах ханның иелігінде қалды).
Тәуекел ханға дейін Қазақ хандығының жағдайы
Тәуекел хан билік құрған кезден бастап оңтүстік өңірлердің есебінен Қазақ хандығының іргесін кеңейтуді ойластырды. Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді.
Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты.
Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді.
  • Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді.
  • 1598 жылы Тәуекел ханның өзбек сұлтандарының қолдауымен басып алған қалалары: Ташкент, Самарқан (Ақаш, Мүнші, Искандер).
  • Есім сұлтанды 20 мың әскермен Самарқанда қалдырды.
  • Тәуекел ханның қалың қолы Бұхара қаласын 20 күн қоршауда ұстады.
  • Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды.
  • 1598 жылғы шайқаста Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы билеушілері қаза болып, екі хандық хансыз қалды.
  • Қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары Сыр бойындағы қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды.

Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығының нығая түсуі (1582 – 1598)
  • 1598 жылы шайбани әулетінің орнына Аштархани әулеті келді.
  • 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, Cібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды.
  • ХVІ ғасырдың аяғында Бұхар хандығымен ұзақ жылдар бойы жүргізген күрестің нәтижесінде Қазақ хандығы қуатты мемлекетке айналды.
  • Шайбани әулеті мен Қазақ хандығы арасындағы ұзаққа созылған соғыстар өлкенің шаруашылық жағдайына, қала өмірінің жай –күйіне ауыр зардабын тигізді.
  • Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады.
  • Тәуекел хан елшілігі 1594 жылы Мәскеуге барды.
  • Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден Вельямин Степанов жіберілді.
  • Қазақ-орыс қатынастарының дамуы керуен саудасының кеңеюіне жағдай жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет