Тәуелсіз елдің еркін тынысты прозасы Шағын жанрлардағы кейіпкерлер мінезі қазіргі заманның шындық болмысының айнасы



бет1/4
Дата09.08.2022
өлшемі104,8 Kb.
#38095
  1   2   3   4

2 Тәуелсіз елдің еркін тынысты прозасы


2.1 Шағын жанрлардағы кейіпкерлер мінезі - қазіргі заманның шындық болмысының айнасы

Бүгінгі шындықты бүгін бейнелеп беруге оңтайлы эпос түрі — әңгіме, одан соң повесть. Әңгіме адам өміріндегі тұтқиылдан кездесетін бір оқиғаға, эпизодқа арқа тіреп жазылса, повестің шаруасы күрделірек. Повесть яки хикаят бірер не әлденеше оқиғаны қат- қабатымен, дәуір-дәуірімен суреттеуге неғұрлым ебдейлі жанр.


Тәуелсіздіктің он жылы ішінде туған повестердің баяны - халық өмірінің кешегі күндерінен. Өткен шақпен есеп айырысады. Бүгінгі нарық заманы тақырыбынан жазылғаны саусақпен санарлық. Бірақ аз жазылса да, саз жазылып жатқанын баса айтуымыз керек. Бір хикаят нарықты сыңай отырып, жақтайды, адам тірлігіне жаңа тыныс бергенін алға тартады. Екіншісі, нарық пен демократияның ел өміріне әкелген кесірлі жақтарына шүйіледі.
Қай тақырыпқа қалам сілтесе де бүгінгі повесть атаулы таптық тұрғыға тұтылудан, не жазса да ресми нұсқау-нормативтерге деп тимей кете ме деп аландаудан әмісе азат. Кеңестік санаға өзін қарсы қоятын сана қалыптасты. Ендігі шығармалар ізденіске бай. Дүниені жаңаша сезіну, еркін ойлап, ойлағанынды ашық жазу бұрын қалам тартылмаған проблемаларға, аттап баспайтын материалға жол ашты, образды өмір философиясын жасауға, руханият, инсаният өлкесіне терең де батыл бойлауға мүмкіндік берді.
Жаңа заман хикаяттарының алды жұртшылықтың жылы лебізіне ие болып үлгерді. Кәдірбек Сегізбаевтың «Арасан» повесі Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған конкурста екінші жүлде алды. Төлен Әбдіковтың «Парасат майданы» повесіне Қазақ- стан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы, Қазақ ПЕН-клубының Мұхтар Әуезов атындағы халықаралық сыйлығы берілді.
Жазушы Кәдірбек Сегізбаевтің 2001жылы «Таң-Шолпан» журна- лында жарияланған, 2002жылы «Елорда» баспасынан жеке кітап бо­лып шыққан «Арасан» атты хикаяты құнарлы мазмұнымен, замана өзгерістеріне шапшаң үн қосқан оперативтілігімен, өткір де актуальды проблематикасымен, төгілген тілімен оқырман қауымды елең еткізгені рас.
Хикаят сюжеті негізгі екі жүйеде дамиды. Бірі – нарықтық тәртіптің қоғам экономикасын құлдыратқан, ел ішін ойрандаған, жұрт пиғылын бұзған адам шошырлық алғашқы қарқынын суреттеу түрінде. Екіншісі - жеке меншікке еті үйренген сайын ауыл адамдарының жаңа жағ- дайға икемделіп, бойкүйездіктен арылып, қарымды іске көшкен, еңсе көтерген ахуалын бейнелеу түрінде.
Шығарманың бас қаһарманы - Оспанқұл қарт. Бұрынғы кеңестің озат шопаны. Кеудесінде қос Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендері жарқырайды. Біржағы адал еңбегінің, бір
жағы басшылардың қолдауы арқасында аудан, облыс, республика көлеміндегі жиналыстарға ат құрғатпай қатысып тұратын қарт зей- нетке шыққан. Онда да жиылыстарға жиі шақырылушы еді, нарық келгелі үйінде омалып отырды да қалды. Еңбек адамы совхоз таратылғанда бөлген азын аулақ малды бағып ермек қылып отырар еді-ау, мына өзгеріс әбден жүйкені жұқартып құртып барады. Кенжесі Сәрсенқұл анау, қалаға оқуға барады деген жерінен әлде бір ұры-қарақшылармен жең ұшынан жалғасып, екі жылға түрмеге отырып қайтты. Түрмеден түзелудің орнына, бұзылып оралды. Нашақорлық кінәратына шалдығып, үй-ішінің азынаулақ жиған-тергенін құртуы былай тұрсын, әр Ленин орденіне біржылқының құнын береді дегенді естіп, әкесінің екі бірдей күн көсем бейнесі салынған марапатын білдірмей жымқырып кеткен.
Оспанқұл ақсақалдың тағы да бір реніші - өзінің анда-мұнда жиналысқа аттанғанда орнын басатын көмекшісі болған, бір тышқақ лақпен келіп, ақыры іші майланып, одан соң шаруашылық жекешелен- генде жиен бастықтың арқасында мол қарпыған көршісі Молданбайдың бұ дүниеде жоқ сараңдығы. Боғын боталы түйеге балайтыны. Кәпірдің онсыз да жұтаң пиғылын нарық шіркін тіптен тарылтып жіберген. Молданбайдың кесірінен қолда ұстап отырған жирен биесі қысыр қалды. Тұқым жайдырар соңғы сарқыт - қара айғыр осы Молданбайдады. Жалғыз тұяқ биемді қысыр қалдырсам, мал иесі Қамбар ата рухынан ұят болар, жиренді екі-үш күн жылқыңа қосайын де­ген. Сонда Молданбай бет-аузы шімірікпей «Мың теңге, құрдас!-деп алақанын жайған. Патшағардың қалжыңы ма десе, шыны екен.
«Баяғыдай, «бір шапқаны - айғырыңа олжа, тамшы тұқымы - би- еме олжа» дейтін заманды қасқыр жеген, құрдас. Бұл - нарықтың қағидасы! Оны түсініп болмай түгімізді жылтырата алмаймыз. Түсіну керек, құрдас!» - дейді Молданбай заманың түлкі болса, тазы боп шал дейтін үлгі бойынша.
Молданбай - кезендік бейне емес. Тұрақты тип. Жеке мүддесін өзгелердің мүддесінен жоғары қоятын еңбігінің бетке ұстары. Тегі бұл тұқым шамадан тыс өсімтал ма деп ойлайсың. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» дейтіндердің саны нарық келе, қоюлана түсуде. Ұйтқи соққан нарық желі Оспанқұлдың көршісі, бас кезде айнала көршінің малын ұрлап, екі ұлының бірін темір торға тығып масқара болған Асан қартқа дейін сергітіп жіберді. Ол енді басқаша әндететін болды. Көрші- қолаңын шайға шақырып былайша көсіледі:
«-...Бұл тіршілігімде жалқау да жаманда атандым, ұры да, қары да атандым. «Білекке сененжастық өтті, білік кесенер кәрілік жеткенде» мені де жүрегімнің қинаған жайы бар, ағайын! Тоқтадым! Құран ұста десең құран ұстадым, мінеки! Мен бірдеңе ұқсам, бұл заман жалқау мен жалдапты аямас заман екен. Бүгін қайта туғандай әр тірлікке тастүйін әрекет еткен жайым бар. Тек, ес жинап, қатарына қосылғанша көзге түрткі етпесең екен...Жалқау мен жалдапты аямас заман! Түсінсең де, түсінбесең де сол. Асан дер кезінде ақылға жүгінді. Заманның әуеніне қарай қолы қимылдап еді, аузы да қимылдады. Аз уақыт ішінде қоңданып шыға келді. Асан, екі ұлы Садық (түрмеден мерзімін өтеп оралған) пен Сәкен, бала-шағасы болып мігір таппай еңбектеніп, қыл аяғы жақын таудың қола-қойнауындағы ат тұяғын боярдай бүлдіргенге дейін теріп, базаршылап, тез тұрмысын оңалтып алды. Ең үлкен қызметі - үлгілі іс-әрекетімен айнала елдің нарыққа сенімін арттырды. Әнеу бір жылдары ұйықтап қалып колхоз қойын қасқырға қырғызып алған Асанның жылдам оянуын Молданбай:»...Бұлардың ұйқысын бұзған тиынның сылдыры болар-ақ»-деп дұрыс шамалайды[21,116
Асан - қазақ прозасының нарық заманы туғызған кейіпкері. Мұндай типтің былайғы қимылын қызықтайтын характерлер дүниеге келері сөзсіз. Автор орденді Оспанқұлдан да күдер үзбеу керектігіне меңзейді. Жаны таза, адал еңбектің адамы Оспанқұл тақырыбы арқылы автор кешегі мыңғырған ұжымдық малдың, қаптаған техниканың әпсетте біреулердің обыр өңешінде жұтылып кете барғанын жаны ауыра жазады, уытты сатира мәнерінде мінеп сынайды. Сығымдалған композициялы шағын повесінде Кәдірбек бүгінгі ауылға нарық әкел- ген өзгерістердің әлеуметтік астарын ашуды ниет еткен. Ниеті - ақ, таза. Ел ішіндегі жаңа өмір өркендері тез өсіп өніп толыса түссе, туған ел өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарынан арылып, бақытты тұрмысқа кенелсе деген арманды ой шығарманың өне бойынан ұшқындап алаулап тұрады. Кәдірбек, басқа да қалам тербеушілер ел психологиясындағы, сезім-нанымдарындағы ескі мен жаңанын тайталасын тап басып, бар ақиқатымен бейнелеген.
Бүгінгі қазақ әдебиетінің даму процесіндегі айырықша көңіл бөліп атарлық шоқтықты шығарманың бірі - жазушы Әлібек Асқардың «Өр Алтай мен қайтейін биігінді» атты повесі (1997). Қазақ ауылының арғы- бергі ахуалына, бүгінгі нарық заманындағы жай-күйіне арналған шығармаға алдыңғылардың бірі боп әділ баға берген - Шерхан Мұртаза. Ол өзінің және жұрт көңілінде жүрген бірқатар толғақты мәселе- лер хақында Әлібек повесіне арқа сүйей отырып толғанады. «Алдымен, - деп жазады Шерхан «Романға бергісіз повесть» деп аталған мақаласында,-жүз үйлі «Төртінші бригада тарап кетті. Жүз үйден жеті- ақ үй қалды. «Раздольное» дейтін совхоздың орталығы Мұқыр еді. Мұқырға да тықыр таянды..
Кітаптың мазмұнын тізіп шығайын деп отырғам жоқ. Мәселе - сол жеті үйде. «Төртінші бригада арқылы жазушының бүкіл республика- дағы қазақ ауылдарының айнасын жасай алуында. Жасай білу шеберлігінде»[22;180].
Әдебиет айнасына шындық дүниенің, қоғам мен адам тірлігінің барша ақиқаты, күнгейі де, көлеңкесі де түсіп отырады. Айна болғанда, бұл көркемдік айна. Гете айтқандай, өнердегі шыншылдық пен табиғаттағы шыншылдық бірдей емес. Екеуінің арасына тендік белгісін қояалмайсың. Қойсаң – суреткер емес, копияшысың. Бір сәт мына суретті көз алдыңызға елестетіңіз.Үй күшік қанденнің, атын шартты түрде Белло деп атайық, суретін салу керек болды делік. Суретші полотнаға оның дәл өзін айнытпай салсын. Сонда не шықты? «Нәтижеде бір Беллоның орнына бар жоғы қос Беллоға ие болдық».
Көне аңыз бойынша, бір керемет мініскер салған шиені көрген торғайлар оны шын шие екен деп жабылып шоқи беріпті. Гете осы жәйтті әжуа еткен. Мәселе бұ жерде шиенің жақсылы-жаманды салынғанында емес. Мәселе мынада ғана: «көрермендер нағыз торғайдың өздері болған да шыққан».
Сөз өнері - өлі айна, өмірдің солғын сүлдесі емес. Көрген-білгенді айнытпай сол күйінде түсіретін көшіріндіге жатпайды. Әлібек шығар- масындағы жігін ашып жайып салған жайттар бүгінгі құрып кетуге тақаған қай ауылға барсаң да алдыңнан табылатыны хақ. Автор ауыл өмірін бүге-шігесіне дейін біледі. Бірақ ол не көрсе соны тізе бермейді. Көрген-білгенін іріктеп суреттеп, уақыттың өзі күн тәртібіне қойған, арнайы сөз етуге ділгір проблемалардың ұшығына шығады. Көркемдік жинақтау дәрежесіне көтереді. Ерекшелігі - «шартты» тәсілдерге-гротеск, сатира, юмор құралына жүгінеді. Әр кейіпкердің басынан өткен хикаясын күлкі шақыра отырып шертеді. Құр тәлкекке салатын бос күлкі емес. Нарыққа көшудің көп-көп құбылыстарына жетектейтін өзінше бір амал-әдіс. Қазақтың ежелден сіңісті жақсылы-жаманды әдет-ғұрыптары, кешегі кеңес кезінде біткен мінездері, бүгінгіге бетбұрыстары алдыңнан көлденеңдеп, көңіліңді аландатпай, ойландырмай, толғандырмай қоймайды.
Жүзге бөліну деген сары ауру бар. Сол ауру жүз-жүзге ғана емес, тайпаға, руға, тіпті бір шөкім ауыл ішінде атаға бөлінушілікке дейін сіңісті. Одан исі қазақ зардап шегетіні мәлім. «Күлсең кәріге күл» дегендейін, адамзат ғұмыры өткен ескімен әмәнда мазақ етіп күліп қоштасқан. Жазушы Әлібек Асқар повесі дербес еліміздің ежелгі дертінің уақыт озған сайын анахронизмге, көзге шыққан сүйелдей оғаш кінәратқа, дөкір қылыққа айналып бара жатқан рушылдығын даурықтырмай, бас шайқататын зілсіз күлкімен оспақтап отырып-ақ жеткізген.
Бір уыс ауыл Мұқыр негізінен Қамай мен Қарғалдақ боп екі атадан тұрады екен. Оны әне, міне жабылайын деп тұрған жұпынылау мектепке ат қою мәселесі көтерілгенге дейін кім білген. Бір жыбырлақтың сыбыр етуі мұң, тып-тыныш жатқан бойкүйез ауыл Қамай мен Қар- ғалдақ боп қақ жарылып, қызыл кеңірдек айтысқа шығады. Әрқайсысы мектепке өз туысының есімін қою үшін қырық пышақ болады. Ақыры екі жаққа да тиімді «саған да жоқ, маған да жоқ» шешім табылады. Мектепке Калинин атын берейік деген ара ағайын ұсынысы қабылданады. Ұсыныс көңілдерінен шыққан екі жақ - Қамай мен Қарғалдақ «уһ»деседі.
Күлермісің, жылармысың. «Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болардың» кері. Шерхан Мұртаза татар халқының «Екі үйрек таласса - тауықтарға тамаша» деген даналығын еске алыпты. Баяғыда сүйегі қурап қалған Калининнің сонау түкпірдегі жас өспірім ұрпақ баулынатын жерден шыға келуі - қазақ менталитеті үшін бұлтартпас шындық. Төбе биді бөтеннен іздейтініміз ежелден етене дертіміз...
Әлібек повесі тәуелсіз еліміздің береке-бірлігіне қатысты мәні зор бұдан да басқа көп мәселе көтерген. Қоғамдық салмағы күшті проблемаларды,—ескісін де, жаңасын да,—қазақ ауылының күнделікті қоңыр тұрмысынан, әр кейіпкердің өзіне ғана тән әлде не мінезінен, ерсі қылығынан, сөлекет іс әрекетінен сығымдап өндірген.
Проблеманың ең бастысы - нарық дәуіріндегі қазақ ауылының ендігі тағдырына аландағандық. Повесть екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «қазақтың ордалы бір ошағының оты сөніп бара жатты»,-деген сөздермен аяқталады. Басында жүзге тарта үйі бар, өрАлтайдың береке-құт қонған Айдарлы аталатын ауылы бара-бара кеміп тозғындайды. Жетімсіреген жеті үй ғана қалады. Олардың да күйі тартылып бітуге таяу... Екінші бөлімде Айдарлының көбісі қоныс тепкен Раз­дольное совхозының орталығы Мұқыр ауылына тықыр таянады. Мұқыр тұрғындары тозған клуб кеңсесіне қарай аяңдап күбір-күбір сөйлесу үстінде «аядай ауылды алдағы уақытта үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын жүректері сезіп бара жатты».
Айдарлы ауылы – совхоздың Төртінші бригадасы аталатын. Сол ауылды нарық дауылы жайпап өтеді. Мемлекет қолдауынсыз жетімсіреп қалған совхоз әлсірей-әлсірей құр сүлдері қалады. Аудан жақтан бастықтар келіп өткізбек жиналыс енді совхоз орталығы - Мұқырдың өзінің жаназасын шығармақ. «Совхоз тарайды» деген қауесет расқа шықты...
Жадау сурет - бүгінгі ауылдың ақиқат шындығы. Опырайған кәрі адамның аузы тәрізді ауылды қазір өр Алтайдан ғана кезіктірмейтін шығарсың ...Ауылдығ сырты сондай болғанда, іші қандай? Ол сауалға да повесть жауабы нақты: типтілі жағдайдан типтікхарактерлер туындайды.
Өр Алтайдың бір қуысындағы ауыл тұрғындарының тыныс-тірлігі туралы хикаят былай қарағанда бейтарап көздің жайбарақат отырып суреттейтін қысыр әңгімесіне ұқсайды. Әр кейіпкер өзімен өзі. Тағдырлары басқа-басқа. Повестің бас кейіпкері мынау деп көрсете алмайсың. Сол себепті бір адам өмірін басынан аяғына дейін шолатын тұтас сюжет жоқ. Шығарма жеті үйдің әр отбасымен, одан соң Мұқыр- дың бірсыпыра адамымен жайлап біртіндеп отырып таныстырады. Әрқайсысының тағдыры түптеп келгенде ауылдың тағдырына тіреледі. Қырық құрау сюжет құрып семіп бара жатқан ауыл тұрғындарының ендігі күніне көз жүгіртеді. Және құрақ сюжеттің құрақ көрпедей жымы білінбейді. Көрікті суреттей қабылданады. Алдымен шығарманың көрікті тілі баурайды. Трагедиялық мазмұн көңілді тілмен, сайқымазақ тәсілмен жеткізілетіндіктен, повестің ауыр хикаят санатынан екенін оқып отырғаныңда жөнді сезбейсің де. Тек шығарманың ақырғы нүктесіне жетіп, кітап мұқабасын жапқанда ғана ауыр күрсініп, қалың ойға шомасың.
Михаил Шолоховтың бір шығармасында әр адамның бойтұмары іспеттес кісі қызығарлық дәні («изюминка») болады делінуші еді. Айдарлы мен Мұқырдың тұрғындары қаратөбел тірліктің адамдары десек те, әр кәллада бір қиялдың бары расқа шығады.
Бастауыш мектептің мұғалімі Мелстің мінезіндегі қатқабат қай- шылықтардың өзі не тұрады. Обалы не, Мелс қызметіне адал. Тумысы Талдықорған жақтан. Қызметіне берілгендігі сондай, ширек ғасыр бойы Айдарлыға суша сіңіп кеткен. Ресми ереженің адамы. Түзу жүру- ге тырысады. Болашақ қайын атасы Қасиман соғыс бойы Бұқтырма өзенімен сал ағызған. Бронь бойынша соғысқа қатыспады. Бірақ күйеу баласы майдангерлердің қақпасын жұлдызша қақтырып, пионерлерге олардың қора-қопсысын әлсін әлі тәртіпке келтіртіп жүргенін көргенде майдан үшін ақ тер, көк тер еңбек еттім деп санайтын Қасекең өзіне де сондай құрмет керсетілуі тиіс деген ойға келеді. «Ақ көбігін аспанға атқан Бұқтырманың бойымен қаншама миллион текшеметр ағашты Зеранға дейін айдап апарып» тер төккенін соғыста қан төккенге санап, Мелстен бұның қақпасына да қызыл жұлдыз қадауын сұрайды. Бірақ Мелс басқаша ойлайды екен. Қайда жүріп үйренгенін, кеңселік қытымыр тілге жаттығып алған.
«-Бәрі де дұрыс қой,- деді ол.- Мен бәрін де түсінемін. Дегенмен қолыңызда арнайы билетіңіз болмаған соң, бұл мәселені мен шеше алмаймын. Әрі өзім сіздің үйіңізде тұрам. Сосын жұрт мент уралы не ойлайды».
Аздап бөспелігі бар. Затым түгіл (әке-шешесі, екі үлкен ағасы да ұстаздық қызметте), атымның өзі тұнған интеллигенция: Маркс-Энгельс-Ленин-Сталиннің бастапқы қаріптері, Мелс деп қате жазылған, мені «оборотный Э-мен айту керек» деп есептейді. Метрей шалға «зна­чит» деген сөзді «демек» деген сөзге ауыстыр деп әлек салады. Көрсетпесе де үйіне телевизор сатып әкеп қояды. Енді тау басынан саяжай салмақ. Өзі мектеп жабылған соң жұмыссыз... Жұмыссызды әйелі тастап кетеді.
Балташы Байғоныс ғарышкер Гагарин мүсінін жасаймын деп оны- сы бөлімше басқарушысы Қақантайға ұқсап кетеді. Сол үшін Совмин деген сөзді таратып Совет Министров деп түсіндіре алатындығына байланысты ауыл аймақта ең білімдар саналатын «селсәбет» Шәкіріп жолдастан сөгіс естиді. Шәкіріп ешкімнің «указаниесінсіз» жасаған мүсінді қопарып тастауға бұйрық береді.
Жас кездеріндегі махаббатын жоғалтқан моторист Сәрсен мен Әлипаның отбасы аянышты халде. Ұлдары өлген соң Әлипаның бойына бала бітпеді. Балажанды қазаққа одан өткен тауқымет бар ма? Бастапқы жолы Әлібек кітабының мұқабасына жазылған өлең Сәрсеннің үйінде айтылады.
Өр Алтай мен қайтейін биігіңді,
Мерген боп бір атпадым киігіңді.
Өмір өксіп, адасып жолда қалдым,
Кім түсінер іштегі күйігімді.
Сәрсен кеш батты гармонын күрсініс сазға салып ыңырсиды да отырады. Өлеңнің повесть арқауына айналатыны, мұндағы кейіпкерлердің қуанышы шағын, қайғы, күйігі басым.
Қуанышы шағын дегенде не ол? Дастархан мәзіретін жасаудан аспайды. Оның да рәсімі жұрт қатарлы дұрыс өтелсе ғой... Бұрынғы бастық Мырзахметтің үйіне сонау оңтүстіктен бауыздау құдасы тұтқиылдан түсе қалады. Алыстан ат өксітіп келген сыйлы қонақты ауыл аяқтарынан тік тұрып «күтеді». Шақырысуға әдеттегідей шіретке тұрады. Ақаңа жөпшенділікпен берісе қоймайтын, бұрын балуандыққа түскен божбан дәу қара құда «Бәрібір, мұқырлықтардың ас та төк сый-құрметіне шыдас бере алмады. Қойдың майлы құйрығы мен қазы- қартаға мелдектеп кекіріп отырса да, кете-кеткенше тілі кәлимаға келмеген. Тіпті туған құдасы Мырзахметті анық тани алмай, құдағиға жармасып, аздап шатақ шығара жаздады. Әйтеуір, қайтар көлікке есі кіресілі-шығасылы төрт аяқтап өкіріп мінді деседі».
Қуанышының өзі өстіп сиырқұйымшақтанып бітетін өр Алтай ауылының тұрпат тұрқы, дегенмен, мәз-мейрам көрінбейді. Қуанышынан қайғысы әлдеқайда басым. Теміржол стациясындағы базардан насыбайдың күштірегін тандаймын деп жүріп мінген әскери эшелонынан қалып қойып, «дезертир» айыбы тағылып он жыл Итжеккенгеайдалып келген қожанасырлау Қабден шалдың үйіне көршілері жинала қалады. Алматыдағы Қанат деген баласынан хат келген екен. Оқуға түсе алмай, қалада құрылыста істейтінін хабарлапты. Осыған байла- нысты бүгінгі ауылдың және бір трагедиясы –жастардың туған жеріне қайтып оралмайтындығы туралы әңгіме қаулай жөнеледі. Байғоныс шалдың да бір баласы Өскеменде. Метрейдің күйігі тіптен ащы. Он үш жыл бойы ұлы тым құрса хат жазып хабарласпаған. Жалғыз рет тілдей жеделхат жолдапты әкесі жетпіске келгенде. «Жүз жаса» деген тілегін оқығанда Метрей атай кемсең-кемсең жылап алыпты: «На кой хрен мне сто лет! Мне и в семьдесят тошно жить»- депті.
Өр Алтай елінің күйігі асып-төгіліп жатыр. Әке, шешемнің зейнета- қысына қаратып қойдым деп аяқ астынан әйелі тастап кеткен Мелс мұғаліммен қаңыраған үйінің табалдырығын құшып еңіреп жылап жат- қан жерінде қош айтысамыз. Мұқырдағы мұғалім әйелі Айгүл қасында жүрсе де ішімдікке салына бастапты.- Жарытымсыз айлығын да ала алмайсың. Отын, шөп деген күнкөріс үшін бастықтарға жалшыдай жалбақтайсың. «Көкірек толы арман еді, бәр адыра қалды» дейді басу айтқандарға.
Соғыс ардагері Әмір шал майдандас достарына жасаған ескерткішін әлде біреулердің жұлып тастап, солдаттың бетіне қара май жағып кеткенін көргенде көңілі жаман құлазиды. Майданда Ста­лин атынан берілген, кей әскери қолбасылар қол қойған грамоталарын, өзге де марапаттарын қаттап қаптап, сандыққа сары майдай сақтап тығып жүреді екен. Соның бәрін Әужекең отқа жағып жібереді. Майдангер досы Махарадзенің атын қойған, қазақтар қысқартып Мақан атап кеткен баласы мұны көргенде зәресі ұшады. «Қушиған арық кеудесі дір-дір етіп, әкесі үнсіз жылап отыр екен. Мақан не болғанын түсінбеді, панасыз жас баладай жетімсіреп қалған әкесін кеудесіне баса берді».
Бұл қайғылы оқиғаның бәр-бәрі жинала келе, түйдектене жөңкіген бұлттай роман финалының аспанын түнертіп-ақ тұр. Оған зеріккеннен ұрыс-керіс тауып, қуарған тірліктің сәнін келтірем дейтін қарны қабақтай Қанапия қырт өз-өзі боп алғаш рет сөз тауып айтады. «Арбалған сана мен алданған ғұмыр кешкен ұрпақпыз», ондай ұрпақ тышқаншыламай қайтпек бүгінде» - деп күрсінгенде көкірегі қарс айырылды.
Шығарманы жазушы Шерхан Мұртазаның «романға бергісіз» дегені түймедейді түйедей етіп бағалағандық емес. Шығарма повестегідей бірлі-екілі тағдыр хикаятын суреттеп берумен тынбайды. Төртінші ауыл мен Мұқырдың- Раздольное дейтін совхоз орталығы адамдарының, ақсақал, қарасақалдары, бастықтары мен қатардағы қарапайым жұртының бүкіл өмірі тегіс дерлік көп сериялы кино кадрындай көз алдыңнан жылжып өтіп жатқан хикіметі - еліміздің өтпелі замандағы типті жағдайы. Кейіпкерлері – «тышқаншылап» кетті десе де, бүтін бір өткінші дәуірдің типтік бейнелері. Ондай эпикалық кең тынысты, лирикалық сыршыл дүниелер әманда роман жанрына жатқызылған...
Нарық заманы алғашқы он жылын жасар жасамас, әдебиеттің са- тиралық жанрын да туғызып улгерді. Жаңа XXI ғасырдың табалдыры- ғын аттай бере құрылған «Таң-Шолпан» журналында жазушы, журна­лист Жүсіпбек Қорғасбектің «Премьер-Министр» атты сатиралық повесі /2001/жарияланды.
Қорғасбек повесінің жарыққа шығуы біздің сатира жөніндегі біраз түсініктерімізге түзету енгізгендей, коррекция жасайтындай. Социалистік реализм қисыны бойынша, сатира найзасы іріп-шіріген ескі қоғамның кеселдеріне кезеледі. Кеңестік сатира капиталистік қоғамның социалистік қоғамдағы жұрнақтарын сықақ отымен күйдіріп қариды делінді. Міне, осы қағидаға қазіргі әдебиет практикасы елеулі түзету енгізіп отыр. Нарықтық дәуірде сатира шығармасы жазылған уақытынан бұрынғы қоғамды сынап мінеуі тіпті де міндетті болмай шықты. Жүсіпбек Қорғасбектің сатиралық повесі тоталитарлық жүйенің ауру-сырқауын сынамақ түгіл, керек десеңіз, көп есіне де ала бермейді. Зілді күлкі, ащы тілін қаз тұрып келе жатқан нарықтық қоғам бойындағы ойсыраған олқылыққа қарсы безейді.
Жүсіпбек повесінінің бас кейіпкері - Премьер-Министр мен оның министрлер кабинеті. Премьерден бастап, үкімет мүшелері лауазымдарымен аталады. «Азан шақырып» қойған басыбайлы есімдері жоқ.
Повесть суреттейтін таңғажайып оқиға «біздің елде» өтеді. Оқиғаның бас кейіпкері - Премьер. Шығарма әу дегеннен-ақ үкімет төрағасына тиіседі. «Біздің Премьер-Министріміз тап бүгінгі танда аса қолайлы адам. Ол барлығымыздың көкейімізге дөп келіп тұр.Бір ғажабы, оны ешкім де даттамайды, бірақ мақтап жүрген де ешкім көрмедім».
Повесть бас геройын өстіп сипай қамшылай отырып шенеп-мінейді.
«Қазақта қолдан жасады» деген сөз бар. Белгілі бір қызметке кісі таба алмағандай маңызды іс басына кездейсоқ біреу-міреуді қоя салатын әдет бар емес пе. Мына Премьер де бірінші рөлде ойнайтындай қасиеттен жұрдай. Оны депутаттар «балшықтан илеп қолдан жасаған». Киімі екеш киіміне дейін кілең бастықтың табанын жалағыш жарамсақ газеттен тіктірткен деп әжуа етеді. Сықақ астары: үрген қуықтай боп әулиесіп жүрген гүмпілдек елге қай бір бастық болып жарытсын деген ойға әкеп тірейді. Сатиралық не түрлі тәсілдерді шебер пайдалана отырып, Жүсіпбек «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деген күрестің түбі шикі болғандықтан кері нәтиже бергенін, түйені түгімен жұтуға алдымен үкімет мүшелерінің өздері тәсілқойланып алғанын көрсетеді. Қисынын келтіріп, шетелдерде қорғантастары, ұрланған миллион долларлап ақшасы бар екенін, аудандық мемлекеттік тәртіп мекемесінің Малқарбай деген жауапты қызметкерінен бастап, сатылап келіп, Премьерге қоса бәрінің пара алатынын өздеріне айтқызады.
Қоғамның басқа мүшелерінің де оңып тұрғаны шамалы. Повестің аты жоқ бір геройы - Дуалы ауыз бір-екі тіске жұмсақты өлтіре сынап, бастық атаулыны көпірте мадақтаумен атышыққан кісі. Бұл күндері кәрілік қаусатып, мына бір жиылысқа тәлтіректеп құр сүлдері жеткен. Өзіне бәз-баяғы машық бойынша Төрағадан бастап жиналғандар орындарынан жапырлай тұрып, иіліп құрмет көрсетіп жатыр. Дуалы ауыз сөйлеуге де шамасы келмегені ме, оның мадақ сөзін жаттанды көпшік қойғыш көпірме мәнерде төрағаның өзі жосылта жөнелді.
« - Біз бүгін әр салада үлкен жетістіктерге маңдай тіредік. Жан- жағымыздағы көрші елдерге қарағанда тым жақсымыз деуге болады... Біз осы бастықтарымызды келістіріп мақтай алмай жүрміз бе деп қауіптенемін...».
Кешегі кеңес газеттерінің мақамына машықтанған қалыпта сай- райды. «Зиялының сыры» әңгімесінде Дуалы ауыздың ұяттан кешкен мадағына тағы бір кейіпкер еліктейді. Зиялымыз бастық атаулыны, оның қызметін айшықтағанда алдына жан салмайтын ділмар. Кеңес кезіндегідей қазір дүкен сөрелері азық-түліктен, киім-кешектен та­қыр жұтап тұрған жоқ. Қазір дүкендегі ен байлық көздің жауын алады,-дейді. Бірақ байғұс зиялының өзінің қалтасы жұқа, сіңірі шыққан кедей.
Нарықтың ен байлығынан жетім лақта бұйырмаған. Сонда да қалталылардан дәмете ме, ұят-сұятты жиып қойып, бастықтарды бетіне мақтап көлгірсуінен жаңылмайды.
Сөйтіп зиялы қауым деп дәсердей ететінін нарық тұсында біреудің байлығына, шайлығына көз сатқан аш-арықтың нағыз өзі болып шы- ғады.
«Оппозиция», «Құйын», «Қал», «Қобыз», «Қызыл уылдырық» деп аталатын қысқа әңгімелер де сақынаға нарықтың жаңа типтері көтеріледі. «Оппозиция» деген шағын әңгіменің кейіпкері - сабалақ жүнді ит. Өзге иттен айырмасы «ғарп-ғарп» үреді. Пәле хайуан. Нан берсең, құсқа шоқыттырып алып жейді. Нанға у не ине қосып бермеді ме екен деп қорқады екен. Повестегі әңгіме иесі осы итпен тағы бір рет кезігіп қалады. Арсылдап шыға келгенде, кеше нан бергемін, енді қаппайтын шығар деп ойлайды. Бірақ ит балағынан жұлқып өтіп, бұрынғы «ғарп - ғарпіне» неше түрлі дыбыстар қосып молайтып жібереді. Ит маманы ит ырылының мәнісін қолмен қойғандай етіп ашып береді. «Ит болып қапқым келеді, бірақ ит болып қалғым келмейді», - деп тұр екен. Сонда көріпкелге әңгіме иесі:
« - Пәлі, онда бұл ит үлкен үйді сынағым келеді, бірақ үлкен үйдің сыртында қалғым келмейді»,-дейтін біздің кейбір оппозицияшыларымызға қатты ұқсайды екен» - деп қорытады естігенін.
Бір көріпкел сәуегей досына сыр айтады. Келесі Президент сайлауында «оң жамбасында бармақтай қалы бар адам болады» - дейді. Естімеген елде көп десе де бұған сену қиын. Сәуегей де сенген жоқ. Бірақ бір күні моншада жуынып жүріп оң жамбасында қал пайда болғанын көріп шошынып, жүрегі атқақтап алқымына тығылады. Қалын дәрігер хирургке сылғызыпт астайды. Сәуегей кейіпкер «Балуанмен күреспе, ұлықпенен тіреспе» дейтін нақыл бойынша «тиыш жүрген тоқ жүредіні» мойнына тұмар ғып тағып алғандар типінен бол­са керек.
Повесть нарықтың жаргонын дақағып алып үлгерген. Жаргон дегеніміз жалпы халықтық тілден азған сөз. Оны былайғы жұрт біле бермейтіндіктен, автора удармасында жалпақ тілмен түсіндіре кетуді жөн көрген.
«Өкшем таза» дегені – «соңыма түскен ешкім жоқ» деген сөз.
«—Мақұлықпыз, мақұлықпыз, министр мырза».
Бұл – «мақұл, мақұл» министр, мырза» деген сөз.
Қол соғу – «ұсақ-түйек сөзге көңіл аудармайық, кәкүр-шүкірден биік болайық» деген ұғым.
Жаргон формасы нарық қоғамының ішкі ел өмірін тым жадаулатып, құлықсыздандырып жібергенін көрсету үшін пайдаланған. Тағы бірде өткен жетпіс жылдықта жұртты зәрезеп қылған салпаң құлақ қайта оралып ізінді аңдығаны ма деп тіксініп қаласың. Күштілер сөз айтса бас изей бергіш мақұлизм ше? Сатиралық повестің сұрағы бастан асады. Жалған сөз екенін біле тұра өтірікке қол соғуды негежатқызамыз? Қол соқсаң, кәкүр-шүкірді елемесең, бұл биіктегендікке жата ма, аласарғандыққа жата ма?
Жүсіпбек Қорғасбек кейіпкерлеріне көбіне ат қоймайды. Қоймай- тыны, қоғам күнәсін жалғыз-жарым адамға артқысы келмейтін тәрізді. Оның сықақ нысанасына алатыны, латын мәтелімен айтқанда, Saeculi vitia, non hominis.- «Пороки эпохи, а не человека». «Айып менікі емес. Бүлінген замандікі» деген Мағжан сөзіне ұқсайды.
Повесть сынау нысанасына алған қоғам келеңсіздіктерін жіктеп, топтап, типтендіруге тырысады. Сатираның ежелгі тәсілдерін жүгіне отырып, қоғамның епетейсіз, оғаш құбылыстарына келемеж сипаттама береді. М.Е. Салтыков-Щедриннен қалған сатиралық дәстүр бір адамның емес, тұтас топ, қауым, тобырдың жинақталған образын жасауға ұмтылады ғой («глуповцы», «помпадур», «ташкентцы», «пусто плясы»). Сол дәстүр бойынша қазақ сатирик жазушысы әлдебір шенеунік тобырын тұтас типтеп, қазақ әдебиетіне «адамшарлар» деген образ енгізеді. Адамның бағасы кемігенін нарық шындығының елеулі құбылысы есептейді.
Бүгінгі атқамінерлер үшін жиналыстан зор мейрам болмайды екен. Сол көп жиылыстың біріне «табандары бұдырсыз депутаттар да, өздерін зиялы қауымбыз деп жүрген топшылдар да, жалған партия құрушыларда, кейбір жағымпаз газеттердің тілшілері де бар «жиналып бас құрайды. Жиналыс үстінде, не пәле екенін, құтырынған бір құйын ішке ұйтқи соғады. Айқай-шу, үрейлі дауыстар құлақ жарады.
«Ұшты-ұшты!.. қаржы министрі ұшты! Жібермеңдер, мықтап ұстаң- дар...
«Кетті!.-әкетті!.. кіріс министрін әкетті!..»
Құйын отырған адамшарлардың бәрін әпсетте орындарын «дүр көтеріп әкетті».
Повесть соңында бар кабинет мүшелерімен қоса бас адамшар – Премьердің өзін де ұшырып жібереді. Оның да құны шамалы болып шықты.
Сатира—парадокске, бетің бар, жүзің бар демей осып түсетін оқыс сөзге, ауыстыру тәсіліне құмар жанр. Сондай бір ауыстыру билік басындағы лауазым иелеріне арналады. Мәселен, Премьер-Министр «көркем шығармаға» телінеді. Ұшып түскен үкімет төрағасының орнына келген Премьер «оқырман сезімін селт еткізбейтін...суық шығарма» болып шығады. «Ең қынжылтатыны, бұл шығармада ұлттық колорит жоқ». Жаңа Премьер елі балық тәрізді сілкиген біреу екен.
Сатираның және бір қыры - ой-қиял ойынына ұқсайтыны. Дүниеге белгілі бір көзқарас тұрғысынан шындықты көзге шұқып айтуға, фи- лософиялық мағыналы келеке, келемежге, сайқымазақ, тәлкек, әжуа сөзге жүйрік жанр. Мақсаты - қоғам мен адамның кінәратын зілді күлкіге шығарып, алға басуға бөгет кеселді мазақ қылып масқаралау.Сатираның уытты тілімен түйреу. Сөйтіп қандай қоғамда өмір сүріп отырғанымызға, шындыққа жұртшылық көзін ашу. Жүсіпбек Қорғасбектің сатиралық повесі осы межені нысанаға алады.
Кейіпкеріне әдейі ат қоймай жанама ат тағу әдебиетімізде әртүрлі мақсатта қолданылып жүр. Қосалқы герой есімін лауазымы я бол­маса сыртқы тұрқы, бет әлпетіне қарай қояды. Мұндай «сыбаға» көбіне көп автор жақтыртпайтын жағымсыздардың үлесіне тиеді. Жүсіпбек, жоғарыда айтылғандай, қаһарманын қызмет бабына, тағдыр-талайына қарай жинақтап атайды. Төлен Әбдіков «Парасат майданы» повесінде (2001) тұлғасы кереғар «екі адамға» бөлінетін кейіпкерін
бірде «Күнделік иесі», бірде «Бейтаныс құрбы» дейді.
Төлен Әбдіковтің шағын жанрлы повесі ауыр роман жүгін көтеріп тұр: адамзаттың былайғы тағдыры қалай шешілмек, неге байланысты деген сауалға жауап іздейді. Кейіпкер - Күнделік иесі араға үш не төрт күн салып, басқа бір адам, яғни Бейтаныс құрбы болып оянып жүреді. Осы «екі адам» бір бірімен хат жазысып, таласып, жаға жыртысудың ар жақ, бер жағында тұрады. Күнделік иесі Бейтаныс құрбысын яки өзінің өзгерген бір кейпін «өте зымиян адам» деуге дейін барады. Және одан өлердей қорқады.
Адамдар арасындағы шым-шытырық қарым-қатынастан туындайтын алау-жалау оқиғаларсыз, қыл аяғы махаббат интригасы да жоқ шығарманың оқылымын қамтамасыз ету оңай емес. Төленнің компо­зиция құрудағы, сюжет түзудегі шеберлігі осы тұста көрінеді. Шығарманың шырғалаң оқиғалы туындыдан кем түспейтін шытырман ойлы желісіне қызығушылық адам бойындағы білмекке құмарлық сезіміне құрылған. Күнделік иесі жасырын тығып ұстайтын дәптеріне кімнің оқып пікір жазып жүргенін білмей дал болады. Қашан істің бүге-шігесі анықталғанша оқырман да сюжет жүйесінен көз алмай қадалады. Шығарма кейіпкері секілді құпия хаттың иесі кім екенін білуге асығады, аң-таң қалпында тіл безенісі, ой тастасы бірінен бірі өтетін қос парасаткердің «майданы» немен бітер екен деп іштей тынып ынтығады. Тек повесть аяғында ғана бейтаныс құрбының Күнделік иесі екенін біледі. Дәрігер жүйкесі ауырған Күнделік иесіне: «Мен адам бойын- дағы қостұлғалықты бекер айтып отырған жоқпын. Сізбен бір айға жуық хат жазысқан бейтаныс адам ешқайдан келген жоқ, ол өзіңіздің ішіңізде» дегенде ғана санын бір-ақ соғады. Шығарма композициясының тұтастығы сондай, бір жерінен селкеу таба алмайсың.
Төленнің «адам бойындағы қостұлғалық», «адам ішінде мінезі бөлек, дүниеге көзқарасы бөлек екінші тұлғаның пайда болуы» деп отырғаны «амбивалентность» деп аталатын психологиялық термин баламасы: қос полярлық, кереғар сезім күйі ізгілік пен зұлымдық, шыншылдық пен жалғандық, сүю мен жек көру. Жан әлемінің керіқалаң сезімдері повесте «психикадағы патология» деп аталыпты. «Бүгінгі әлеуметтік мінез-құлық: өзінен басқаның бәрін иттің етінен жек көретін өлермен өзімшілдік, жексұрын мақтаншақтық, жаны ашымасқатыгездік, мейірімсіздік, іштарлық- патология емес пе?» -деп жазады Күнделік иесі дәптеріне.Кейіпкердің патология деп отырғанын фрейдизм ғылымы бессоз­нательность, ессіздік, бейсаналылық деп атайды
Күнделік иесі жындыханаға түскен. Бірақ ауруының түрін есі ауыс- қандыққа жатқызуға қимайсың. Ол туралы дәрігердің: «Шынайы тазалық бұл өмірде онсыз да құлағалы тұрғандай көрінеді. Бәлкім, оны құлатпай тұрған сіз секілді санаулы адамдар шығар, егер мүлде жалғыз қалмаған болсаңыз.. .» - деп берген сыпаттамасына көңіл қоймасқа болмайды. Оның ауруы - парасатында емес. «Мен сізге де, әулие қасиеттеріңіздің бар екеніне сенемін», - дейді дәрігер. Мейлі, әулиелік аномалиялыққа жатса да...
Күнделік иесінің қасіретті дімкәстігі - қай күні таң ертең басқа адам боп оянатындығында. Ол басқа адам яки қосалқы тұлғасы бұған қарама-қарсы пиғылды жан. Біріншісі ізгілікке сенсе, екінші тұлға - бейтаныс құрбы зұлымдықты ақтағандай қалып білдіреді. Оның пікірінше, ізгілікке де, зұлымдыққа да сену керек. Зұлымдықтың да пайдасы бар. «...Зұлымдықтың бір өкілі -ажал. Бірақ ажал болмаса, жер бетінде қандай тіршілік болар еді? Ауру өлмесе, кәрі өлмесе, карақшылар, адамзатқа қасірет әкелген тирандар өлмесе, не болар еді?Тозақ қана болар еді... Бойымызда кісі елтіре алатын қатыгездік болмаса, қанішерлерден өзімізді қайтіп қорғар едік?»[27,198]-дейді. Бейтаныс құрбысының адамзат тұрғызған рухани ғимаратты тас талқан етіп бұзуға деген ниетін қуаттамайды. Оны рухани терроризм деп атайды. Онымен күресуге шақырады.
Бір адамның бойында басқа тұлғаның жарыса жүретінін классикалық әдебиет ертеректе аңғарып суреттеген. Лев Толстойдың «Тойдан кейін» - «После бала» деген әңгімесінде бишілдігімен, нәзік мәдениетімен көзге түсетін бекзат сол күні таң сәріде мүлде өзгеріп, қатыгез жендет боп шыға келеді.
Адам ішіндегі адам әрқилы. Достоевскийдің кейіпкерлері өз сезімдерінің екіұдайлығынан жапа шегеді. Балаларының әкелеріне, ерлі-зайыптылардың, қимас достардың бір-біріне қатысында қайшылық торына шырмалулары жиі ұшырасады. Достоевскийдің көп қаһарманы бір-бірін қаншама жақсы көрсе, соншама жек көреді. Кереғар сезім арасын айыра алмаған күйде ақыры дүниеден өтеді. «Вечный муж» атты повесінде Достоевскийдің геройы досымен қауышпақ ниетте Петербургке сапар шегеді. Сағынғаннан көзіне жас үйіріледі. Шын мәнінде ол досын өлтірмекке аттанғантын.
Күнделік иесі дәрігердің «таң ертең басқа адам боп оянасыз» дегенінен қатты шошынады. «Жоқ, ешқашанда!»- деп өзіне ант бергендей болады. Ол ертең боқ дүниені боққа былғай түспек «кесапат бейтаныс» құрбысы боп оянғысы келмеген еді.
«Парасат майданының» көркемдік идеясы айқын: өз өміріңді құрбан етсеңде жамандыққа жол берме. Жамандық атаулыны көрге тығуға керек. Повесть ақын Мұқағали Мақатаевтің тазалықты тәңірі тұтқан өлеңімен аяқталады:
«Жауыздық біткен менімен ғана бірге өлсе,
Бүгін-ақ өліп кетер ем»
Күнделік иесінің ой саптауына қарап отырып біз оның негізінен жүрегі ізгі жан екенін аңғарамыз. Жақсы адам бола тұра, қайшылығы, ой-сезім әлеміндегі арпалыс драмасы бір басына жетіп жатыр. Екінші тұлғасы - Бейтаныс құрбы оны жан жарасы.
Жазушы Төлен Әбдіковтың жаңа шығармасы соңғы жылдары өнер атаулыны жайлап алған постмодернистік деп аталатын ағыммен айтысқа түсіп отыр. Айтыс болғанда, бұл – философиялық айтыс. Постмодернизм адамгершілік, әділет туралы түсйініктерді қайта қарауға шақырады. Сонау Ренессанстан бері қарайғы адами идеал атаулыны жоққа шығарғысы бар. Қазақ повесі рухани құндылықтарды жоққа шығару оңай, бір одан өнетіні шамалы. Әр ұғымның түп мағынасын жете түсіну қиын. Ал, түсінгеніңді іске асыру одан да қиын, дейді. Бостандық - қасиетті ұғым. Бірақ оған пұтқа табынғандай табынуға болмайды.Өйтсек бостаңдық «жын-ойнаққа айналып кетуі мүмкін».
«Адам адам болғаннан бастап, оның жан дүниесінің түкпіріндегі зынданға салынған: қатерлі нәпсі, хайуани түсініктер, ұятсыздық пен ынсапсыздық, қатыгездік пен қараулық, рақымсыздық пен тоңмойындық сені бір сәттік шарасыздығыңды пайдаланып, бізді босат, сыртқа шығамыз деп зіркілдейді. Ал сен оны бостандық деп ойлайсың. Оны босату түрмедегі қауыпті қылмыскерді босатқанмен бірдей екенін түсінгің келмейді».
Шынында да, бостандық берілген екен деп ойыңа не келсе соны істей бермейсің ғой. Сөз бостандығы да ауызға не түссе, соны көки беруді қаламайды. Бостандық дегеніміз заңмен тыйым салынбаған нәрсенің бәрін істеуге еріктілігің. Алдымен сол еріктілікке жетіп ал, жеткен жерде бостандық ауасын тарылтатын түрлі түсті тирандарға қарсы бел байлап күреске шық, мықты болса, дейді қазақ повесі.
Повесть Сократ, Ницше, Фрейд, Абайдай ірі ойшылдарға сүйене отырып, «бостандық адамның өзінің ішінде, санасында», бар арам, қоқыстан арыламын десең езінді езің жеу керек деген қорытындыға келеді.
«Парасат майданында» бір кемшілік болса, ол Фрейд қағидасына байланысты ойды тиянақтай түспегеңдігіңде. «Жалпы ерлік дегеннің өзі не нәрсе? «Кеселді кісінің ер келе тұғыны несі?—дейді Абай. Қарап отырсаңыз, біздің көбіне ер дейтініміз- кеселді іске жүрек жұтқандар. Қаннан қорықпау, кісі өлтіруден, тонаудан, қанаудан қорықпау.
Қарақшылар мен жендеттер ер деген атқа ең лайық жаңдар боп шығады. Ал рухани ерлікті қайтеміз?»
Повесть көбіне көп ағартушылық идея арнасын сағалайды. «Көркем шығарма үшін салқын ой, жалаң философия мұрат емес, философиялық ой жан айқайы түрінде берілуі керек», - дейді автор өз повесі туралы. Бірақ адамның өзімен езі арпалысуын суреттеумен шектелу қалай болар екен? Адам табиғатындағы нашар мінездерді басып жанышатын күш өз бойыңнан жеткілікті табылып жатса жақсы. Табылмаса ше? Адамды орта есіретініні де өтірік емес қой. Рухани кемелдену көзі туралы суретке қоғам, мемлекет, отбасы рөлін бейнелейтін нақтылы образ да сұранып тұрғандай.
Өмір сүріп отырған қоғамымыз нарық, нарық деуден аузы, қолы босамай, руханият саласын жүдетіп алып отыр. «Парасат майданы» повесі адамзат тарихыңда қол жеткізген бағалы адамгершіл, құлықты құндылықтарды сақтап қалуды үндейді. Сөйтіп ұлттық идеяның маңызды бір саласына жұртшылық назарын жұмылдырады. Ой айдыны мөлдір, тынысы кең шығарма.
Тәуелсіздік кезеңінің повесі – жаңа өміріміздің айнасы. Талай ғасырдан соң тұңғыш рет дербес мемлекет ретінде өз ұлтынан президентін сайлап, көк байрағын желбіретіп отырған Қазақ елінің алғашқы мүбәрәк қадамдарын барын салып бейнелеуде. Егемендік алған он жылды өзінше қорытындылайтын шығарма да дүниеге келді. Жазушы Жанат Ахмадидің «Бірі кем дүние» хикаяты /2001/ өткен тәуелсіз кезеңнің нәтижесін айтыс түрінде талқылайды. Сақтапберген атты кейіпкері өткенді жоқтайды, бүгінгіні қаралайды. Ал, бұрынғы майдангер, тоқсанжастағы Байжан қарт дау айтып, төзімділікке, береке-бірлікке үндейді. Қарсыласы да еш нәрсенің киесінен қорықпайтын бетпақ екен, дегеніне иландыра алмай, жүрегінің талмасы ұстап, ажалынан бұрын өледі.
Жазушы кейіпкерлерінің мінезін шыққан тегіне қарай түсіндіргісі келгенімен Сақтапбергеннің аталары бір кездерде туған қызына у беріп өлтірген/, характерлері бірінің бірі жағасынан алған қызу талқы барысында ашылады. Бұл, шын мәнінде, екі дүние айтысы. Бірі ескінің жоқтаушысы, екіншісі, жаңаның жаршысы. Сақтапберген сөз саптауына қарағанда, кеңес кезінде белең алған ұр да жық стильдің адамы. Соны өзінде де ол-оппозиционер. Айтатыны көбіне шындық, өтпелі заманның өкініштері. Әлеуметтік керіқалаң теңсіздікті әшкерелейді. «Астанадағы шенеунік қазы кертіп, жал шайнаса, ауылдағы қазақ қара талқанжалмалап, кебек қайнатуға айналды...Ауылда кім көп? Жалаңашқа лыпа таба алмайтын жарлы көп»[28,203].
Біржан қарт Сақтапбергеннің асанқайғысына төзімділікпен жауап береді. Қиянат сөзден тартынады. Авторлық позиция олай емес. Бұрынғыдай жаулық ойлап «тап жауысың» деп тап бермесе де, қарсы келген пікір иесін қатаң сынға алады. «Киік қуған шалғында, шошқа қуған шалшықта». Сақтапберген өз маңындағыларды адастырып, шалшыққа аунатып жүргенін білген жоқ»- деп тіке кіналауға көшеді. Сақтапберген «заты қара ағармайтынардан». «Обал-сауапты аршымай сөйлейді». «Мысық тілеу»[29,16]. Мұндай позиция ойлануды қажет етеді. Оппонент бүгінгіні жағдайында оппозиция саналады. Оппозициямен жұмыс істеу, тіл табыса білу жөн емес пе дегендей сауал қойғызады.
Жазушы Сәкен Жүнісов бір мақаласында дәл осы повестегі айтысқа ұқсас екі ақсақалдың сөз жарысын келтіреді.
«-Әлі де, Ресей не істесе, соны көзсіз қайталаймыз. Қолыңдағы ақшаңды тартып алу - баяғы бай-құлақтарды кәмпескелеудің тура өзі ғой,-деп күйініп еді бір ақсақал. Екінші ақсақал:
« - Жо-жоқ. Бұл одан да жаман... бай-құлақтардың, малының көбі - аз жалақымен жалданып жұмыс істеткен жалшыларды қанаудан тапқан жартылай арам мал еді. Ал мына замандағы ақшаң - тек өз еңбегімен тапқан ақ, адал малың ғой,-деп адамның ойына келе бермейтін бір бәлені айтты.- Бұл экспроприацияның нағыз өзі!»- дейді.
Публицистика авторы Сәкен нарықтың парқын әлі түсініп жетпеген ақсақалдарға пәлендей кінә артпайды. Асықпаңдар, «бәрі де орын- орнына келеді» деген мағынада басу айтады. Үшінші кейіпкеріне «Ком­пенсация» деген және бір латын сөзін келтіртіп жұбатады.
Бір жақсысы, Жанат Ахмади өзі ұстанған үзілді-кесілді позицияны кейіпкерлеріне таңбайды. Айтысқа араласатын үшінші кісі- Байжанның ұлы Бектөре, Мәжіліс депутаты оппонент пікіріне қарсы шоқпар ала жүгірмейді. Төзімділік көрсетіп, Сәкеннің үшінші қартының пікіріне жақын пікір қозғайды. «...Бізге басқа біреу отанын әкеп бермейді. Сүйсең де осы, жерісең де осы. Сондықтан опасыздарда ғана отан болмайды, дегізбей ыңғай көлеңкелі беттерді ғана термей, ұлтымыздың рухы үшін, мына қиын өтпелі кезеңде барды бағалап, жақсылық жақтарымызды көре білгеніміз жөн», - дейді[30, 93]. Бұл тұстарда повесть пен публицистика стилі туыстас, заманына үндес.
Екі дүние айтысы өмірде де арпалысып, күш тіресіп жатыр. Бүгінгі повесть жаңа өмірдің бостандық ауасымен тыныстайтынын ескереді. Ой жарысында ғана ақиқат анықталмақ. Сондықтан оппозицияға қарсы айбалта ала жүгірмейді, әділ пікірге құлақ асып, ортақ іске пайда тигізуді көздейді. Оппозициямен айтыс, бірақ қыңқ еткенге шыңқ етпе, кектенбедейтіyдей. Сонымен бірге «қай жеңгенің менікі» деуден, теріс пікірге немқұрайды қараудан аулақ.
Қазақ хикаяты бүінгі тұтынған бағыты тұрғысынан үлкен наным, зор жігерлі қызумен тәуелсіздік, демократия заманының сөзін сөйлеуде, жырын жьірлауда. Бетбұрыс, тәуелсіздік кезендерінің көркем полотналарда бейнелене бастағаны - соңғы жылдар әдебиетінің үлкен табысы. Оған үлес қосушы қаламгерлер қатары жиілей түсуде.
Қазақ повесі бүгінгінің ісіне араласып та кетті. Тәуелсіздігіміздің алғашқы қадамдары көркем бейнесін тауып үлгерді. Сонымен бірге повесть жанры өткен күнге де әлсін-әлсін оралып, тарихәр көшінің тарабына көңіл құсын шарлату машығынан жаңылмағанын да айту қажет. Бүгінгінің шындығын кешегінің оқиғасын суреттеу жолымен айтып беретін тәсіл ұмытылған жоқ.
Соңғы жылдары жұртшылық назарына ілігіп, тақырыбының тап- қырлығымен, көркемдік шешімнің ұтқырлығымен ерекшеленген шы- ғарманың бірі - сақа жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмұ- қан Исабаевтың «Мұндай қазақ болған» повесі (1999). Туынды кешегі Ұлы Отан соғысының бұған дейін ақтандақ санатында жүрген материа­лы негізінде шет елдегі партизандар қозғалысын тілге тиек етеді. Бас кейіпкері Бейсен Райысов, Кеңес Армиясының сержанты. Қан май- данда соғысып жүріп басынан жарақаттанып, ессіз-түссіз жатқан жерінен тұтқынға алынады. Неміс тұтқынынан амалдап жүріп қашып шығып, Югославия ХалықАзаттық армиясының қатарына қосылады. Бұрынғы Қызыл Армияның сержанты Югославия Халық Азаттық армиясында батальон командиріне дейін өседі. Поручик әскери шенін алады. Повестің қазіргі заманмен үндестігі атынан көрініп тұр. «Мұндай қазақ болған» дегеннің астарында Бейсен Райысов есімді қазақ батырының ерлігіне сүйсініп, «біз, қазақ, қандаймыз» деген ұлттық идеяға қызмет ететін патриоттық мақтаныш сезім жатыр. Жат елде жүріп бөтен ел партизан құрамасының батальон командирі қызметін қан майданда абыроймен атқарған адам өз бауырымыз қазақ болып шықса, югославиялық мәртебелі орденмен марапатталса, бұны қалайша мақтан етпеске.
Отставкадағы полковник Қалмұқан Исабаев қазақ югослав парти­заны ерлігінің, қолбасылық өнерінің жас жеткіншектер, еліміздің бо- лашақ сарбаздары үшін үлкен тәрбиелік маңызы бар екенін үнемі жадында ұстайды.
Майдан болған соң атыс-шабыссыз болмайды. Повесте оның бәрі
бар. Партизандық күрестің айла-тәсілдері шебер көрсетіледі. Әлбетте, көркем әдебиет соғыс тарихын зерттейтін ғылым, я болмаса, ұрыс тактикасына әскери мамандарды үйрететін оқулық емес. Повесте осы екі қасиеттің екеуі де нақты образбен үйлесім тапқан. Бұл – әдебиетте орныққан тәсіл. Ұлы Отан соғысының жаңа тұрпатты командирі Бауыржан Момышұлының ерлігін жырлайтын «Волокалам тас жолын» кубалық жауынгерлер әдеби шьғарма ретінде құмартып оқумен бірге, соғыс тактикасы сабақтарын да кеңінен пайдаланатын фактіні айтса да жеткілікті.
Қалмұқан туындысының бүгінгі дәуірмен үндестігі басқа қырла- рынан да белгі береді. Хикаяны оқып отырғанында кешегі тоталитаризмнің адамды аямаушылық тәртібінің, әрі біреудің жақ- сылығын көре алмаушылық әдеттің кермек дәмі аузыңа келгендей болады. Өзге ел, жат жерде жүріп ұлт намысын жібермеген азаматын хан көтеріп алар еді. Жоқ, ондай іс қолдан келмеген. «Қазағым, қалың елім, қайранжұртым» деп аңсап келген Райысовты «сен немісте пленде бопсың» деп сүтке тиген күшіктей еткен. Содан даңқты қазақ ба­тыры сонау жері сілкініп өлім-жітімі көбейіп қан құсып жатқан Түркменияны паналайды.
Повестің ішінде тағы да бір аяулы повесть бар. Ол қазақ жігіті Ра­мазан мен словен қызы Златицаның махаббаты туралы хикаят. Хикаятты шертетін әңгімеші - бас кейіпкер Бейсен батырдың өзі. Бір шытырман оқиғалы әрі трагедиялы кинофильмге сұранып тұрған романтикалық оқиғаны дәмді етіп баяндайтын кейіпкер Бауыржандай алғыр сардар ғана емес, сол ағамыз секілді сыршыл да ойшыл жан ретінде де көрінеді. Кей тұста Бейсен айтқан ғып автордың өзінің де сөз алуы, қосымша сұрақ бере отырып әңгіме отын қыздырап түсуі де повесть сюжеті мен композициясын тартымды етіп, жандандырып тұр.
Рамазан-Златица махаббаты басында қыз бен жігіт арасында кез- десе беретін машықты оқиға сияқты қабылданады. Несі бар, қыз бен жігіт бірін бірі сүймеуші ме еді деп ойлайсың. Екі ұлт қыз-жігітінің бір біріне ғашық болуы аз кезіге ме? Бірақ сүю барда, оның отына күю де бар. Повесть ішіндегі повестің кереметтілігі, жүректегі махаббатты жұлып тастарлық күш дүниеде жоқ екендігіне және бір едде жоқ ғашықтық тарихын жырлау арқылы көз жеткізуінде.
Екі жас бірін бірі сүйеді. Қаумалаған айналажұртта екеуінің қосы- луына тілектес. Жоқ бөгет аяқ астынан шыға келеді. Екі жас ерлі- зайыпты атануы үшін бір дін ұстануы керек. Не Рамазан мұсылмандықтан, неЗлатица католикдінінен бас тартуы тиіс. Екеуі де дініне берік екен, келісе алмай айырылысып кетеді. Сөйтіп әр-сәрі жүргенде партизан штабының барлық қағазы қолынан өтетін, соған байланысы бригаданың бар қыр-сырын білетін Златица қапыда неміс қолына түседі. Ғашық қызының торға түскенін естіген Рамазан есінен тана жаздайды. Жанын шүберекке түйіп жүріп, ғашығының Идрия қаласы комендатурасының түрмесіне қамалғанын біліп алады. Рамазанның қызды қалай құтқарғанын тек повестің өзінен оқуға керек. Өзінің құтқарушысы сүйген жігіті екенін білген қыз Рамазанымен қайта қауышады.
Енді қайта табысқанда Рамазан жазатайым болады...
Рамазан - жалындаған ер жігіт еді. Қашан көрсең де атыс-шабыстың от-жалының дәл ортасынан табылатын. Бір күні ойда жоқта Рама­зан қонып жатқан үйді немістер қоршап алады. Намыскер жігіт тұтқынға түспес үшін ышқырында қыстырылулы тұрған гранатаның шығыр- шығын жұлып алып, сыртта үйіріліп тұрған немістердің үстіне үйдің екінші қабатынан секіреді ғой. Бұл повестің аяғы Қозы Көрпеш Баян сұлудың тарихын еске салады. Бейсен Райысов екі жас махаббатының қайғылы хикаясын былайша аяқтапты.
«Златицаның екі қабат екені байқалған соң үйіне қайтарған екен. Кімнен, қалай, қашан естігені белгісіз, әйтеуір Рамазан қазасы жетеді оған... Туған деревнясы жанында темір жол станциясы болады екен. Соған барып, перронда «көңілшек» бикешке ұқсап, жымиып, күлімдеп, ерсілі-қарсылы жүріп, төңірегіне бес-алты неміс солдатын жинап алып, әдейі тьғып апарған гранатаның шьғыршьғын суырып алып, сол жерде тұрғандарды түгел жайратып салады».Сөйтіп, Златица қазақтың Баян сұлуындай өзін құрбандыққа шалады.
«Бекең үнсіз қалды. Естіген хикая көңілімді басқан қалпымда менен де біразға дейін үн шықпады»[31,33].
Қалмұқан Исабаевтың деректілігі басым «Мұндай қазақ болған» повесі Ұлы Отан соғысының жауынгерлік шежіресіне және бір даңқты бет қосып отыр. Ізденгіш жазушының жете бағаланбай жатқан еңбегі бүгін тәуелсіз мемлекетіміз үшін ауадай қажет ерлік тақырыбына ма­териал көп екенін, Райысовтай қазақ талапты қаламға әлі де табыла беретінін, тек ынта-ықылас жағы жетпей жатқанын еске салса керек.
Қазіргі бірқатар хикаяттарда жалпы адамдық қиндыдықтардың иығы шығыңқы. Бұрынғыдай екі жастың идеялық ұстанымы, өндіріс озғындығы секілді мәселелердің махаббат хикаясының өрістеуінеәсері байқалмайды.
Соңғы жылдарғы жаңаша оқылатын шығарманың 6ipi - Марал Ысқақбайдың «Ғашық боп көрмеген келіншек» (1991) атты повесі. Түрі жағынан – «курорт романы». Антон Чеховтың «Қанден жетектеген ханшайым»повесін ескетњсіреді. Чехов шығармасындай балалы-шағалы ерлі-зайыптылар курорт сайранында бірі-біріне өлердей ғашық болып қалады. Орыс жазушысы туындысынан айырмасы, Марал Ысқақбай повесі махаббаттың адам рухын биіктетудегі, творчестволық шабытына шабыт қосудағы игі әсерін суреттейді.
Қазақ жігіті Қазат пен қырғыз әйелі Бүбия курортқа бара жатқан жолда кездейсоқ кездесіп қалады. Екі жас жүрегінде бір-біріне деген ынтызарлық пайда болады. Суретші Қазат Бүбияның сұлу мүсінін қызықтап, бейнесін қағазға түсіре бастайды. Портрет салынуы барысында ғашықтық оты тұтанады. Махаббат туралы жаңа дастан жазылады.
Асыл сезім суретші шабытына шабыт қосқандай. Жаңа портрет бірден көңілдегідей шыға қоймайды. Лев Толстойдың «Анна Каренина» романында Вронский ғашығының портретін жасамаққа қолына қыл қалам ұстайды. Оның да өзінше сурет салуға бір шама машығы бар: ғашығы Аннаның сыртқы келбетін жап-жақсы келтіреді. Бірақ неге екенін түсінбейді, портреттің бір жері келіспей тұр. Портреттегі бейнеге жан бітпеген. Вронский Анна арудың жүрегін сөйлете алмаған. Портрет маман суретшіге, нағыз талант иесінің сынына түседі. Ол Аннаның суретіне үңіліп бажайлап қарап тұрады да, көзінің бір-екі жерін қылқалам үшымен сәл-пәл сүйкеп өтеді. Кенет сурет нұрланып, Анна характері аяқ астынан ашылған күндей жарқырайды.
Сондай нұрды Қазатта іздеп шарқұрады. «Қанша қағаз шимайлап, қанша эскиз салса да, ол ең басты бір нәрсені - келіншек жүзіне әдемілік дарытар әсем күлкінің сиқыры неде екенін ол әзір дөп басып ұстай алмаған».
Бүбияның сурет өнерінен хабары бар. Екі-үш суретшімен көрші тұратын. Солармен арала-құралас жүре, ұққан-түйгендері өз суретінен алған әсерін шамалап айтып беретін тіл табуға мүмкіндік береді. Бүби- яның пікірінше, «суреттің өн бойында әлде бір сағыныш па, мұң ба - көңілсіздеу бірдеме бар сияқты».
Өнер дүниесі-алтын сандық. Кілтін тапқанға ғана ашылады. Сол кілттің қандай екенін суретшінің, әрі сүйгенінің өз сөзінен аңғарамыз. Қазат былай дейді.
« - Сенің жүзінде мұң емес, арман. Мына ерніңнің ұшына үйірілген жұмсақ күлкі табын аңғардың ба? Бір қарағанда, төрт құбыласы сай еркетотай сияқты көрінесің. Байыптап үңілген кісі жанарына ұялаған аңсар арман барын, сө зжоқ, байқайды. Суреттің атын жазып қойсам, ол бірден түсінікті болмақ.
—Аты қалай?
— «Ғашық боп көрмеген келіншек»[32,174].
Бүбия күйеуіне сүйіп қосылмаған. Қазір көп-көрім қызметте жүрген, бір көзі кемтар жұбайы бұны кезінде алып қашқан, өзіне зорлап тигізген. Сол аянышты тарихын Қазатқа мұң ғып шаққанды. Қазат мына портретке сол мұң-шерді айнытпай түп-түгел жайып салған.
Өнер құдіреті екеуін табыстырады. Бұл жай ғана талантты сурет емес, енді өмірінде ғашық болып көрмеген келіншекті «Мен-ғашық- пын!»- деп мойындатқан портрет еді. Тарих жалғасын тапса, Қазат «Ғашығын тапқан ару» атты жаңа сурет салуға отыратындай. Ал, он- дай уақыттың тууы мүмкін бе?
Қазат пен Бүбия бірін бірі шын сүйетіндерін біледі. Бірақ шындық алдауды көтере ме? Чеховтың кейіпкерлері неке қиысқан жұбайла- рымен айырылыспаған күйі өмірі өксіп өтеді. Шаштарына ақ кірсе де баяғы бірі біріне ынтықтығынан жазбайды. Алайда қосылар түрлері жоқ. Қазат пен Бүбі ше? Олар қайтпек?
Бүбия ай-түйсіз Қазатқа білдірмей үйіне тартып отырады. Ол мінген автобусты Қазат қызыл «Жигулиіне» отырып қуып жетіп, арлы- бері ойқастайды. Титтей бұлт кетсе автобусқа соғылу қаупі төнеді. Мұны көріп отырған Бүбі автобусты тоқтаттырады. Екеуін ұзынтас жолдың ортасында қадцырған күйде повесть аяқталады.
Повесть аяқталса да, махаббат жырының драмасы аяқталмайтын- дай. Чехов кейіпкерлерін еұқсап бұлар да анда-санда көрген ләззатқа бола итшілік ғұмыр кеше ме? Оны енді оқушы өзі топшылауға тиіс. Сөйтіп туынды финалы жұмбаққа айналады.
Жазушының махаббат тағдырын аяғына дейін апармауының, екі жас сүйіспеншілігінің немен аяқталғанын айтпай шешімін оқырманның өзіне қалдыруының өз себебі бар. Ол шығарма характерлерінің ерекшелігінен туындамақ. Бүбия сүйгенін тастай беріп санаторийден үйін қаша жөнеледі. Неге? Өйткені тумысында осал жан. Құдай оған бар жақсылығын аямай берген де, өз қадір-қасиетін қорғай білетін мінезден ада қылған. Мұны алданып, сүймеген адамына қосылып, зорлауға көндігіп бақытын байлап, пұшайман болғаны дәлелдеп тұр. Қазат-талантты суретші. Рухани дүниесі бай адам. Ғашығы қашқан машинаны қуа жөнелгеніне қарағанда қайрат иесі сияқты көрінеді. Бірақ шай мінездің драмалық хикаяны махаббат пайдасына шешуге тәуекелі жетер-жетпесі— қараңғы.
Махаббаттай күшті сезімге лайық күшті характер керек.
Ғашықтық тақырыбына ұдайы оралып отыратын жазушының бірі— Бексұлтан Нұржекеұлы. «Әйел жолы – жіңішке» (1998) атты шағын шығармалар жинағында ғашықтық сезімнінің алуан құбылыстарын, қуанышы мен қайғысын, адам бақытын ашатын адамдық, адамгершілік асыл қасиеттерін нәзік сезімталдық тереңдікпен айшықтайды. Жинақтағы «Қыз сезім» атты шағын хикаяға (1998) көз жүгіртейік. Повестің тың тіркес құрап аталуында үлкен мән бар. Қыз сезімі десе бір сәрі. Ал «қыз сезім» ұғымы піскен алмадай толықсыған Ләзат есімді бойжеткеннің жүрек тынысы, кәмелетке жеткен қалпын білдіреді.
Ләзатқа бір емес, екі жігіт көз салады. Қыздың өзі де оларға кет әрі емес. Ауыл жігіті Жүсіп, студенттік отрядпен орақ науқанына қаты- суға келген Тілеу екеуі де тұрмыс құрам деген қыз «отағасым осын­дай болса екен» дейтін жастар. Ләзат бірінен-бірі өткен жігіттердің қайсысын таңдарын білмей дал болады. Повесть қыз шешімінің тарихын ішкі жан әлеміне үңіле отырып қадағалайды.
Қыз сезім тек жүрегіне сенеді. Соған ерік береді. Ерік бергенде, бұл сұңғыла жүрек көзімен бағамдау. Бір кинофильмдегі секілді жамбыны қайсысың атып түсірсең, сендікпін дейтін бет алды көзжұмбайлық емес. Қыз сезім өз жүрегі дәптеріндегі шым-шытырық жазуларды оқи біледі екен. «Самоанализге», өзін-өзі ұғынуға талпынады. Бексұлтан кейіпкерінің сезім пернелерінің үніне кұлақ түрген кейпін қызықтайды.
Қыз Жүсіптен мін таба алмайды. Бірақ үйлену мәселесін кейінге қалдыра беретініне (Алматыға барып, оқуға түсуді армандап, тағы да бағын сынамақ) қарағанда Жүсіптің етегінен ұстауға тежейтін бір кілтипан бар секілді. «Қызды Жүсіпке қарай қисайта беретін - құйынша үйірген құштарлық емес, басқаша бір ақыл билеген сезім. Жігітке деген көңілі, бәлкім, түйін тастаған, әлі бірақ пісіп үлгірмеген шикілеу жеміске ұқсайды. Кесімді уәдеден қашқақтай беретіні содан.
Автор кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, өзара қатынасына қатты зер салады. Адам жаны тұңғиық. Оның хабарын көбінесе атқарған ісінен білеміз. Бағасы да қолға алған шаруасын қалай тындырғанына қарай берілмек.
Тілеу мен Ләзат бір көргеннен-ақ біріне-бірі телміре қарап қалады. Қыз ұрлана көз тастаса, жігіт қадаған көзін ала алмайды. Осы бір қас
қағым сәт қыздың Жүсіпке деген сезіміне қаяу түсіреді. Жастардың әлдебір төбелесін желеу етіп Жүсіпті жазықсыз жерлеп мінеуге көшеді. Неге өйтетініне өзі таң.
Психологиялық нәзік талдау қыз сезімнің иірімдерінен көз жаз- байды. Ләзат, неге екенін, Тілеудің жақсы атағын естуге ынтызар. Сөйте тұра, күмәні көп. «Оқымаған, білімсіз Ләзатті Тілеу қайдан сүйе қойсын. Әркімнің өз теңі өз төңірегінен табылатын шығар. Мұның теңі— Жүсіп».
Тіпті өзін Тілеуден қызғанады. Құдай бұған Тілеуді несіне жолықтырды. Одан да Жүсіпке ынтықтырып қоймады ма... Ақыл солай десе де, жүрек құрғырТілеуді аңсайды...Аңсай жүре, қала студентінің шын жүрегінен «мен сендікпін» деген сөзіне сене бермейді. Ләзатқа құда түсуге үлкендерді ертіп келгенге дейін күдігінен арылмайды. Бірақ қыз әлдеқашан іштей бекініп қойған еді. «...Қыз, сірә, кез келген жақсы жігітті, тіпті ең жақсы жігітті демес, жаман болсын, жақсы болсын, тек өз көңілі танығанын ғана сүйетін болу керек» [33,116].
Кішкентай повесть қазақ прозасының психологиялық өрнек құруда үлкен табысқа жеткеніне айғақ. Кейіпкерлері жүрегін тыңдай біледі. Бар шешім көңіл еркінде. Ләзат-Жүсіп-Тілеу арасындағы махаббат кілті әлдебір таптың я топтың ғұзырында емес, олардың өз қолдарында. Ләзат—өз жұмбағын өзі шешетін жан. Ішкі сана-сезімінің өміріне ғана құл.
Марал Ысқақбай, Бексұлтан Нұржекеұлы реалистік мәнерде жаза­ды. Сонымен бірге бүгінгі әдеби процес махаббат тақырыбына жазылған романтикалық әуені басым шығармалармен де толығуда. Жазу­шы Талаптан Ахметжанның « О дүниенің қонағы» атты (2001) жинағындағы «Сұлу мен суретші» повесі ішкі тартысы символистік зор мәнді әрекетпен аяқталатын хикая шертеді.
Шығарма кейіпкерінің бірде бірінің нақтылы аты жоқ. Бірі мамандығы бойынша суретші шал аталады. Екіншісіне атақ-дәрежеге маңдай терімен емес, қулық-сұмдыққа алдына жан салмайтын шеберлігімен жеткен Қожайын аты берілген. Үшінші, төртіншісі - сұлу әйелдер. Біріншісі - Суретшінің ғашығы. Екіншісі - Қожайынның қалыңдығы, артынан некелі әйелі. Кейіпкерлердің аттары, алда-жалда сөйлем ортасында кезіксе, жай әріппен жазылады.
Мұндай символистік жинақтаудың мәнісі - қазіргі қоғамның елеулі тұлғаларын типтендіру тілегінен туған.
Қожайынның қожайын аталатыны - суретші шалдың ақысыз- пұлсыз тегінт ұрып жатқан үйдің иесі. Нағыз су жұқпастың өзі. Кешегі заманға да, бүгінгі заманға да бейімделіп, айқап-шайқап жүрген дию- пері.
Қожайын суретші шалды Орталық базарда картиналарын сатып отырған жерінен кезіктіреді. Көз тоқтатып қарап еді, сақал-шашы дудырап өскен, солжақ аяғы тізеден төмен протез, үстіндегі киімі алқам-салқам, қалтасында орталай ішілген портвейн, көзінің асты көкпеңбек көлтілдеген, меншікті баспанасы да жоқ бейшара екен. Бір алкаш орыстың ескі жаппасын айына отыз теңге төлеп, бомжының ар жақ бер жағында тұрып жатқан жәйті бар. Қожайын ішкі есебіне жүйрік жалдап, жүйріктігі сондай, Суретші шалдың талант иесі екенін бірден сезіп арам мақсатына пайдаланбақ ниетте үйіне кіргізіп ала қояды...
Шал өз кезегінде Қожайынның тарихына қанығады. Коньякты тойына ішіп отырып, бөсетін Қожайын барып тұрған сарыауыз. Үйіне ертіп келген қыздың басын оп-оңай айналдырып ала қояды. Тапқан тәсілі: өзін көкке көтере мадақтау. Негізгі өмірлік кредом,- дейді ол, -«Атақ-даңққа жеткізер жолдың қай-қайсысынан болсын тай- ынбаймын, тартынбаймын, тайсалмаймын»
Қожайынның өз сөзіне қарағанда бірталай жауапты қызмет атқарған. Құрылыста мастерден көтеріле-көтеріле облыстық партия комитетінде қызмет істеуге дейін жоғарылаған. Ақыры үлкен бір қойманың меңгерушілігіне ауысып, даңғарадай алты бөлме салғызып, енді ата-даңққа апарар жол іздеуге көшкен. Архитектор мамандығында жүріп аздап сурет салатын. Содан бірдеңе өндіруді ойлайды. Ойлағанын іске асырады. Қас пен көздің арасында даңқы асқан суретші болып шыға келеді. Қожайын бөсіп отыр.
«—Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн! Менің «Жұмбақ келіншегім» Парижде өткен дүние жүзілік конкурстың бас жүлдесіне ие болды. Міне, мынау құттықтау телеграмма! Аузы дуалы сыншылар мені «жиырмасыншы ғасырдың Леонардо да Винчиі» деп аспандата мақтапты...
Осыны естіген Суретші шалдың «өне бойы ара шаққандай дуылдап, жүрегі атқақтап аузына тығылады». Неге? Негесі сол, бұл картинаның нағыз авторы Қожайын емес, сүмелек шалдың өзітін. Оның бер жағында Қожайынның ермекке алып келген кезекті сұлуы бұдан жиырма жылғы өз Ғашығы екеуінің махаббатынан жаратылған пер- зент екенін сезеді. Сол Ғашьғының аузынан түсіп қалғандай... Бір күні іші әлем-тапырық сілейе ішкен шал өз бөлмесіндегі столдың қырына соғылып жығылып жан тәсілім етеді...
Несі бар, жарық дүниеге кім келіп, кім кетпеген? Бірақ Суретші шал өлімінің басқа өлімдерге ұқсамайтын бір сыры бар еді. Повесть сол сырды ақтарады.
... Қожайын мен оның қолтығындағы қыз келгенде, шал сурет са­лып отырған. Салған картинасына «Қуғыншы» деп ат қойғантын. Жарау ат мінген сойылшы жаңа жауған үлпек қарда малтыға қашқан алтайы қызыл түлкіні темірдей қатты сойылмен қара тұмсықтан періп өткен.. Түз тағысы екі бүктеліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып-қызыл қан дірдектеді. Әппақ қарға қып-қызыл қан тамды. Қып- қызыл қан...
Шалдың былшықтанған қой көзіне жас тығылды. Қылқалам ұста- ған нәзік саусақтары дір етті де, ақжайма бетіне тағы да қып-қызыл бояу тамып кетті. Керілген ақ кенептен үскірік аяз бетке ұрғандай жүрегі мұздап қоя берді».
«Қуғыншы» бейнесін жасау алдында шал аз ойланған жоқ. Көптен өз Қожайынының рәміздік образын жасағысы келіп жүретін. «Мен әйел затын екі реттен артық қасыма алып жатпаймын» деп бөсетін Қожайын қаланың талай түлкісін қаққан нағыз қусирақтың өзі болатын. Бірақ мына салған суреті ойлағанынан әлдеқайда асып түсіпті.
Өз қолымен саған бердім деп сыйлаған «Жұмбақ келіншек» соншалық мәртебеге ие болғанын естіген жерде шал естен тана жаздайды. Араққа тойып тәлтіректеп бөлмесіне оралғанда жаңадан салып жатқан картинасы бұған бір түрлі жауыққандай әсер етеді. Жанары суреттегі қуғыншының жебір көзімен түйісіп қалады. Сол сәтте суретке жан бітеді. Ағызып келе жатқан Қуғыншы қанды сойылын шалға сілтейді. «Сойыл қақ мандайдан тиді. Шал не болғанын түсінбей қалды. Қолынан балдағы сусып түсе берді. Жаңа ғана сойыл тиген мандайымен үстелдің қырын сезе құлады... Мандайынан қып-қызыл қан ақты... Қып-қызыл қан...».
Суреттегі қан тірі жан иесінің қанына айналады. Символика бүгінгі заманның ащы шындығына назар аудартады...
Дәрігерлер шал мас күйінде оқыстан құлаған деген тоқтамға кел­ген. Бірақ повесть оқырманның құлағына «құпия түрде» сыбыр етеді: «Суретшінің қазасы өзі салған картинадағы сойылдың соққысынан келгенін ешкім де білген жоқ». Бұл мистиканың символистік астары бар. Суретші шалға қамқорсығансып жүріп, Қожайын оның тұла бойы туындысы «Жұмбақ келіншекті» қолға түсіріп иемденген. Суретші шал картинасын сыйға тартса бір жөн. Оған қоса авторлығынан да бас тартты ғой!..Яғни авторлығында сыйлай салды ғой. Бұл жерде қылмыс екі жақтан жасалып отыр. Қожайын -ұры. Бірақ өз перзентін қарнының бір күнгі тоқтығы үшін басқа біреугет еліген автор—Суретші шал одан да өткен ұры. Басында шал өзін љзі уатуға мықты дәлел тапқан секідці еді. Қожа Ахмет Иассауи кесенесін кімжасағаны белгісіз. Соның керегі бар ма? Керегі— сан ғасыр күллі адамзатқа ұлылықтың, сұлулықтың құдіреті болып қызмет етуі ғой!
Шал солай ойлаған. Бірақ алдамшы ой медет бермеді. Жұбатпады. Ол-ол ма. Шалды дүниені таңырқатқан «Жұмбақ келіншектің» киесі ұрды. Сондықтан «Қуғыншы» деп атаған суретіндегі Қожайын сойылынан қаза апты. Еңбегінің обалы жібермеді.
Талаптан туындысы адам жаны мен тәнінің екіұдайлығын еске салады. Ұлы Абай айтқан «мен» және «менікі» арасындағы мәңгі қайшыластық заманына қарай не асқынады, не бәсеңсиді. Шал - романтиканың адамы. Қожайын секілді «боқтың қабы» емес. Рухи адам. Ал, тиын-тебенді тәңірі еткен нарық заманында ондай идеал адамының қалыпты өмір сүруіне жол қайсы.. дегізеді.
Сақиналы композиция ішінде қос сюжет қатарласа дамиды. Конь­як есірігіне елткен мына заманның «ғашықтарына» махаббатта нақтықты, тазалықты тапқысы келген кешегі замаан сүйгендерінің романтикасы қарсы қойылады.
Сақиналы композиция тұйықталар мезетте тағы бір символиканың басы қылтияды. Қалайда Қожайынға тиіп алған Бойжеткен өзінің Суретші шалдың қызы екендігін архивін ақтарып отырып біледі. Ав­тор: «Көңілге жұбаныш етеріміз—суретшінің есіл еңбегінің далаға кетпегені... қайтып иесін тапқаны... Сол... сол ғана жүрекке жылы шуақ жүгіртеді...» - деп хикаятының соңғы нүктесін қояды.
Талаптан повесі—трагедиялы хикаят санатына жатады. Оған жұбатқыш финалдың әсері шамалы...
Талаптан Ахметжан «О дүниенің қонағы» атты жинағының үшінші бөлімін философиялық «Әңгіме-диалогқа» арнапты. Жазушы сұхбаттасып отырған адамға сұрақ қояды. «Жарық дүниеге рахат көруге келсең де, азап шегуге келсең де—еркің өзіңде емес. Еріксіз келесің, еріксіз кетесің. Сонда біздің еркіміз қайда, еркіндігіміз қайда?»[34,10].
Талаптан повесіндегі Қожайын - бүгінгі заманның қонышынан бас- қан озбыры. Оған ұрлаған ұрлығын мойындата қою оңайға соға қояр ма екен? Дүние қоңыздың арқа тірейтіні өзінің қолайына көндіктіріп алған «жаңа қазақ», «жаңа орыс» қоғамы ғой...Жөпшеңдіге алдыра қояр ма? Ендеше, Талаптан өзі жасаған мықты характер қуатын өзі жете бағаламай отырған жоқ па екен?- деген сауал еріксіз ойға оралады. Финал шығарманың негізгі мазмұнынан тумаушы ма еді?
Өтпелі заман повесі өткенді де, бүгінгіні де безбендейді. Қоғамға сауал қояды. Сауал қоя отырып, талай ойларға жетелейді. Таптауырын қағидалардан бойын аулақ ұстайды. Лев Толстой жаңа ой оятпаса, жазбағанынның өзі артық деген. Жаңа ой дейтініміз көркем ой. Абай: «ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой» дегенде, тілмәшшә я адвокатша ойлауды айтпаған. «Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан»- деген. Лев Толстой беллетристиканы («Маня полюбила Ваню; а он...») иттің етінен жек көрген. «Анна Каренина» да «ханыша офицерді сүйеді, ал ол...» деген сияқты беллетристикаға ұқсап кетті ме деп қатты назаланып, атақты туындысын жек көріп кете жаздаған. Осы романын әзерге аяқтаған. Онда да күллі адамзат мәселесімен қам көңіл жүретін Левинмен сырласар шақтарда шерін тарқатып алатын болған соң.
Жаңа ойға таршылық етпейтін тәуелсіздік заманының жағдайында жарытып ой таппаған, табылған ойдың тиісті формасын іздестірмеген әдебиет өз рөлін атқара алмақ емес. Осыны түсінген прозаиктеріміз роман, повесть эпосының философиялық нәрін арттыруға ат салысуда. Талаптан Ахметжан повесінің таңдауы бүгінгі прозаның жаңа өріске бет алып отырғанына айғақ. Сондай айғақтың және бірі - жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Айқай» повесі (2001).
Шығарманың не тақырыпта сөйлейтінінен хабардар ететін аннота- циясында: «Айқай» повесі сонау грек-түрік соғысы тақырыбына арналған. Жазылмас дертке ұшыраған қарапайым түрік баласының тағды- рын арқау ете отырып, жазушы соғыс жеңушінің қуанышы, жеңілушінің қайғысы ғана емес, соғыс —зауал деген ой тұжырымдайды, - делінген.
Бас қаһарман Мехмет - түрік солдаты. Елі, өскен ортасы Мехметтің санасына жастайынан түрік—жеңімпаз халық деген кеудемсоқ идеяны құюмен келді. Не ойласа да айналып табатын қазығы – «жеңеміз» атты астамшылық сөз. Мехмет Грекияны жаулап алусоғысына қатысады. Қатысқанын зор мақтаныш етіп еліне оралады. Әйелі Айше екеуі үйлі-баранды болады. Құдай өздеріне үш қыз, бір ұл беріп, бақытты өмір сүріп жатады. Әсіресе ұлы Сұлтаны қандай. Кішкентайынан бұл өлкеде жоқ бишілік өнер танытып енді маңайындағы елдің той томалағының көркіне айналған. Кенет... Ия, кенет, не пәлеге ұрынғанын, отбасын қайғы басады. Сұлтан алапес дертіне ұшырап, елден аласталады. Құсадан Айше есінен адасып, ақыры өліп тынады. Мехмет шықпа жаным шықпамен жүр. Осыншама бақытсыздыққа ұшырайтындай Мехметтің жазығы не?
Повесть сюжетіне реалдық шын өмірмен қоса аллегориялық бейне енгізілген. Ол - көріпкелі бар грек шалы Аркисалай мен немересі Дионис. Мехметтің майданда жүрген кезі. Түрік әскерлері жазықсыздан жазықсыз жүзім баптайтын Аркисалайды өлтіреді. Шалдың «қылмысы» жалғыз ғана - ұлты грек.
Сіңісті ғадет: «Жауға өшіккен кезде шалы бар ма, кемпірі бар ма, әлде баласы, қызы барма,таңдау болмайды. Бәрібір-жау! Екі жақтың бір біріне өшігуі сондай—бәрінің де тірі жау қалдырмауымыз ке­рек деген ақылға тоқтаған кезі. Оның үстіне, төбесі көрініп қалған жеңістің де түрік әскерлерін едіреңтеңіп тұрғаны тағы бар.
«Бәрінің де!..» Жазмыш жазған дейтіннің шын сырын осы сөзден іздеуге керек...Мехмет те бір қолы жоқ шолақ қойшының басын семсерімен домалатып жерге түсірген.
Түрік әскерлері грек шалы Аркисалайдың «Немереме тиіспесеңіздер екен!» - деген тілегіне құлақ аспайды. Онбасы «өлтіріп қайтасың» деп жеңіс буына пісіп мәре-сәре жүрген солдаттардың арасынан Мехметті жұмсайды. Неге екенін, Мехмет Дионисиді аяп өлтірмей қайтады. Сол Дионисий кейін көріпкелі бар дарушыға айналады. Мехметке бақытсыздыққа душар боласың деген сол. Дионисийдің айтқаны жазбай келеді.
Мехмет: өңге-өңге Дионисийге жазығым жоқ еді ғой ойлайды. Қарапайым адамдар тұтатпайды соғыс өртін, тұтататындар - патшалар, бұ дүниенің шынжырбалақ, шұбар төстері, ендеше қатардағы біздің аяусыз жазалайтындай кінәміз не, түсінбеймін дейді. Түсінбегенін Сұлтанды тастап кеткен Жалаңтас тауға іздеп барған есі кіресілі-шығасылы Мехметке Аркисалай шал аруағы айтады. Аркисалай аруағы: «Соғысты бастайтындар патшалар мен қолбасшылар, бірақ өзге елді қырып-жоятын әскерлер ғой...»- деп жауап қатады. Повесть құлағымыз үйрене қоймаған идея ұсынады. Басқыншылық соғыс үшін бастығын қолдаған ел тұтас жауапты. Соғысқа қатыспаған, керемет би билеуімен жұртына тек сұлулық сыйлаған бейкүнә жас Сұлтанның жазығы не? Жалаңтас тауда өзі сияқты сұрқы қашқан аурулардың арасында қалатындай қандай күнәсі бар еді? Күнәсі жоқ. Бірақ тән азабымен бірге жан азабын ол басқыншы елдің жан аямас жауыз әскерінде болған Мехмет күнәсі үшін тартып отыр. «У ішсең- руыңмен» - дейтін сөз осындайдан қалса керек. Біреуге жаулық сағынба, кесірі өзіңе болмаса ең аяулыңа тиюі мүмкін деген құнарлы ойға бастайды Тынымбай повесі.
Повестің олқылықтарында жасырмай айтуға керек. Мәселен, Мех­мет шаруаға тән емес «Ерлік - жаудан еліңді, жерінді қорғау» деген сияқты талай мүжілген газет сөздерін ежіктейді. Шығармада ұқсас эпизодтардың (түрік әскерлерінің жаулап алған елге қиянатын) хикаят басында бір, аяқ шеніне таман екінші рет қайталануы стильдегі, композициядағы селкеулікті аңғартса керек.
Әр ел өз қотырын өзі қасиды. Десек те, әр ел адамзат қоғамының мүшесі екені де шындық қой. Оның кей проблемаларының күллі адам- затқа да қатысты болуы мүмкін. Қазақ көркем прозасының жылдан- жылға өрісін кеңейтіп, әлем мінберінен көтеруге тұрарлық проблема-ларды қозғай бастағанын жазушы Әкім Таразидің «Москва—Баласаз» атты хикаятынан оқимыз. Шығарма таң қаларлық әлемдік бір құпия құбылыс хақында әңгіме шертеді. Бұрындар көзге түсе қоймаған заң- дылық жайында сөз қозғайды. Бір басталған жауыздық араға белгілі уақыт салып қайталанып отырады екен. Жете оталмаған арам шөп іспеттес, кезі келгенде қайта қаулап шығады екен. Адамзат пақырдың қу мандайына жазған тағы да бір бақытсыздығы болар ма?
Әдетте ғалам баспасөзінде ірі әлеми жауыздардан Наполеон мен Гитлер жиі аталады. Осы екеуінің тарих сахнасына бірінің артынан бірі келуінде әншейін деуге келмейтін, адам қиялын сан саққа жүгіртіп зәре-құтыңды алатын күшті бұйрықтың ызғары бар ма дегізетін мына цифрлар туралы не деуге болар еді?
«Наполеон 1760 жылы, Гитлер 1889 жылы туған. Айырмасы- 129 жыл. Напалеон өкімет басына 1804жылы келсе, Гитлер биліктің тізгінін 1933 жыл ұстаған. Айырмасы -129 жыл.
Наполеон Венаға 1809 жылы басып кірсе, Гитлер Венаға 1938 жылы кірген. Айырмасы - 129 жыл.
Наполеон Ресейге 1812жыл соғыс ашса, Гитлер Ресейге 1941 жылы соғыс ашқан. Айырмасы -129 жыл.
Наполеон соғыста 1816жылы жеңілсе, Гитлер соғыста 1945 жылы жеңілген. Айырмасы - 129 жыл.
Екеуі де билікке 44жасында келді. Екеуі де Ресейге соғыс ашқан-да 52 жаста екен. Екеуі де соғыстан ойсырай жеңілгенде 56 жаста еді» [35,103].
Әкім Таразидің аталған повесі дәл осындай болмаса да, соған ауылдас бұйрықты оқиғаның былайғы адамдардың тағдырында қай- талануы жайында сан сыр ағытады. Ірі тиран көлеңкесі түскендердің сұмдық сұрқияға айналатыны «көз алдында» иланымды өтетіні сон­дай, жағаңды ұстатқызады.
«Арсеньевтің нұсқауы бойынша бұл дұшпанды тік тұрған қалпында көкжелкеден атуға тиісті...»
Сталин заманының «қолтаңбасы». Бойың тіксіне қалады. Арсеньев - КГБ тергеушісі. «Халық жауларының» жанын жаннәмға жіберуші. Оның нұсқауы бойынша үкімді жүзеге асыратын жендет - Рауыз. Ар­сеньев табандатқан жиырма екі жыл бойы Рауыздың еңсесін езіп, зәресін ұшырғаны соншалық, начальнигі әлдеқашан о дүниелік бо­лып кетсе де, өзі зейнетке шығып еліне оралса да, оны ұмыта алмайды. Әлі күнге Арсеньевтің бейнесі «жүйкесінің қалтарысында құбыжықтай түнеріп», албастыдай басып тұрғаны. Арсеньев әскери фор­ма кимей қысы жазы үстінен қара костюм, ақ көйлек, қара галстугын тастамайтын. Рауыз сол киімге мүлде арбалып қалған. Үстіне сондай сұлба киген кісіні көрсе-ақ қалтырай жөнеледі. Көздері үңірейген өлі аруақ құдды тіріліп келгендей сезініп зәре-құты қалмайды. Повесть осы елес тәрізді құбылысты күрделі метафораға айналдырады. Сталин келмеске кетті. Қайта тірілмейді. Десек те, улы ағаштың тамыры жерде қалып қойғанға ұқсайды. Одан әлсін өлі қан сасыған сұм заман сұрқайылары өніп шыға келеді екен.
Бұл жолы сол үрей шақырар жұрнақ ең бір қой аузынан шөп алмас бейбіт мамандық иесі, ауыл мұғалімі Абралының бойынан табылады. Табылған бойда, мұғалім аяқ астынан адам танығысыз өзгеріп, ащы ішектей шұбатылған қылмыс иесіне айналады. Күндердің күні мате­матик мұғалім мектеп директорлығынан дәметіп делебесі қозады. Пәлендей зор мансап демесең де, бастық креслосына көзінің құрты түсіп бітеді. Басқа біреудің тағайындалатынын естігенде жынданып кете жаздайды. Бұйырмағанда бұйыртамын деп не қылмыстан тайын- байды. Талай адам өлігінің үстінен тапап өтіп жүре береді. Бірге істейтін әріптестерін қудалайды. Өлімші етіп таяққа жығады, не жанын жәннамға жібереді. Өзі емес, қан шелек жендет, мектеп завхозы Рауыздың қолымен. Жиырма екі жыл бойы «халық жауларын» атқан Рауыз үшін кісі өлтіру бит сыққан құрлы жоқ.
Рауыз - бір кезде кәнпескеленген байдың баласы Асылбек. Жастайынан шекарашылардың арасында өседі? Фамилиясы өзгеріп, Ва­сильев атанады. Одан Арсеньев шеңгеліне түседі. Әскери ортаның заңы белгілі: өл-тіріл, берген бұйрықты орында. Жұмыс орны-қалың бетон подвал. Подвалда кісі атады. Ара арасында диванға қисайып дем алса, одан басқа рахат дегенді білмейтін милау. Милау, дүңгене етіп тәрбиелеген өскен ортасы.
Кеңес кезінде бір анекдот ауыздан ауызға ауысып, жұртты күлдіретін. Райкомнан бұйрық түсіпті-міс: «ертең тайлы-тұяғың кал- май райком ауласына жиналыңдар. Бәрің аспаққа асыласындар»,- деген. Сонда кеңес жұрты райкомға телефон соғады екен: «буынды- ратын арқанды қолымызға ұстай келейік пе?» Сол сияқты Рауыз да. Кісі атудың қызыл танау науқанында сіңбіруге уақыты жоқ. «Осы мен кіммін, осы мен не істеп жүрмін?»-деп ол өзіне өзі сауал беріп көрген емес» [36,18]. Рауыздың кісі деген аты ғана. Іс жүзінде - шүріппесін басса атыла беретін автомат.
Рауызға Абыралы дегенін істетеді. Өйткені сырын біліп алған. Үстіне Арсеньев костюмы сияқты қара костюм, ақ көйлек, қара галстук киіп жүрсе болды, Рауыз қолын шекесіне сарт еткізіп бұйрығын екі етпей орындайды....
Абыралы мектеп директорлығынан обкомның нұсқаушылық қызметіне дейін жоғарылайды. Сонда да жұртқа жұғымсыз. Ауылдағы не сұмдық Абыралыдан екенін сезетін ел одан сескенеді, маңына жолаудан қорқады. Жан алғыш Әзірейілден жаман. Істеген қылмысын жасырамын деп Абыралы жан ұшырады. Бірақ кімнің аузына қақпақ боласың. Қыл аяғы жақын тартып жүретін әріптесі Күдербай, ол да басқа бір облысқа жылыстап жытып береді.
Жазушы Әкім Тарази повесінің діттейтіні, тоталитарлық жүйе енгізген сана типін әшкерелеу. Үрейшілдікті, қоян жүректікті, рауыздық дүңгенелікті қоздыратын жүйе атаулыдан безіну.
Тоталитаризмнің адамды адамдық һұқынан, азаматтық қасиетінен айыратын озбырлығын ашып әшкерелеу қазақ прозасының күн тәртібінен жуық маңда түсе қоятын реті жоқ. Қай шығарманы алсаң да ең аз дегенде қосалқы тақырып есебінде бой көрсетпей қалмайды. Жазушы Қуандық Түменбайдың «Алтын жалды арманым» атты хикаятының (1999) сюжеті кешегі кеңес заманының даңқты диханы Социалистік Еңбек Ері атағын екі мәрте алған Жүзжасар әулетінің аянышты тағдырына негізделіп құрылған. Оқиға естияр бала Тәңірханның көзімен беріледі. Жас жүрек - пәк жүрек. Өлі айнала төңірегінің әсерінде ғана жүр. Шығарма стилі балаң ой-сезімнің мүмкіндіктерімен санаса отырып, көбіне отбасының іші-сыртындағы оқиғалардың хроникалы желісіне бейімделеді.
Тәңірханның өмір есігін асар-ашпас көрген-білгенінің қуанышынан қайғысы басым. Сұрқайы тірлік бас көтертпейді. Бәрі жанына тиеді. Отбасының байтерегі әкесі соғыстан ауыр жарақаттанып келіп, ақыры жарасы ушығып көз жұмады. Шешесі Насиханы мүгедек қайын ағасына әмеңгерлік жолмен қосады. Баланың құдырет тұтатыны - Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан бір аяғынан айырылса да, жауынгерлік рухы кемімеген, намысқой Кенесары және даңқты атасы Жүзжасар. Атасы әнеу бір жылдары көз жұмған. Кенесары әділет жағына шығамын деп сотталып-қатталудан көз жазбайды. Насиха шешесіне Кенесарыға шығуың керек еді ғой деп қиғылық салады. Сорға қарай өлім-жітім толастар емес. Көбіне енді-енді жапырағын жайып мәуелей бастаған жас шілікті отайды. Насиха сорлының әскерге алынған екі баласы о дүниелік болып кетті. Ендігі бар үміті Алматыда оқып жүрген Шерханы желтоқсан көтерілісіне қатысып сотталады. Повесть аздап есейіп қалған Тәңірханның Алматыға ағасының ісін қуғынға аттануымен аяқталады.
Қуандық хикаятының еңсені езгілейтін қамығыңқы, жабырқаңқы сюжеті суреттеліп отырған кешегі қоғамның қапас ауасын типтендіру мақсатын көздейді. Тіпті Кеңестік тірліктің ұнамды дейтін табысына дейін шәк келтіреді. Өмірі ырысты, бұйырған несібені есептемейтін, атын-жөні жоқ желпілдете бергісі келмейтін атақты күрішші дихан Жүзжасар екінші рет алған Алтын жұлдызын, көзі тірісінде салынған қола мүсінін көпсінеді. Жұлдызды еңбек озаттарының біріне беру ке­рек еді ғой деп ренжиді. Мүсінді өлген кісіге орнатпаушы ма еді деп, ескерткішті aшy рәсіміне қатысқысы келмейді Повесть Кеңестің ең үздік ғарыштық жеңісіне дейін ұлттық мүдде тезіне салады.
«Бір күні радиодан ерекше дауыс естілді. «Ғарышқа адам ұшты, Байқоңырдың аты бүгінде әлемге аян», -деген жігерлі үнді тыңдап оты­рып үлкендер: «Байқоңырдың түбіндегі түтінге уланып, белсіз қалып, асылып жатқандарды неге айтпайды?»-деді қарсы жауап ретінде.
Ғарышқа байланысты бұрынғы өзге де түсініктер сын көзбен талданады. Күні бүгінге дейін Сырдың суы сирағынан келмей жүрген ақынымыздың даңқты поэмасы қыжыртпа сынға ұшырайды. «Адамға табын, Жер енді» дегенді естігенде көрші үйдегі өлмелі кемпір «Астапыралла!» - деп дәспісіне қол жүгіртіпті. «Мен жерден бір пұшпақ жылы топырақ бұйырса деп күндіз-түні құдайдан тілеп жүргенде, «Астапыралла-ай!» -депті.
Кейінгі жылдардағы қазақ повесі үшін өткен күн ертеңге ұқсайды. Қара бояуға қол созғыш. Кеңес-көрген жаман түстей. Бұндай көзқа- растың түсінуге болатын да, әлі де ойлай түсуді қажет ететін де тұстары бар. Түсінетінің – айналдырған жетпіс жыл ішінде қан төгілмеген, ел ішін үрей алмаған жылдар кемде-кем. Аштан өліп қырылғаны, сталиндік репрессияда атылғаны, соғыста шейіт кеткені, шет жаққа қашып-пысқандары бар қазақ елі халқының үштен екі бөлегінен айы- рылған. Халықтың жалпы санына қарай пайызға шаққанда еврейлердің холокосынан, армяндардың қырғын табуынан, камбоджалықтардың қасіретінен әлде қайда асып түседі. Халық сан жағынан ғана құрыған жоқ (геноцид). Сапалық жағынан да зиян шегіп әлсіреді. Көп-көп ұлт адамыт ілінен, дінінен жұрдай болып, рухани жұтаңдыққа ұшырады. Әдейі ұйымдастырылған үрейден саяси жарамсақтыққа салынды. Мәдени мұрасы тоналды. (Этномәдени экспансия). Сондықтан қазақ прозасының баяғыны қайта бағамдауындағы күйінуі, ашынуы занды нәрсе.
Қандай да шындық дүние кіл шырғалаңнан тұрмайды. Тарихи ақиқатын қалайды. Сыңаржақтылыққа жаны қас. Қайшылыққа толы сананың болмысы ақ, қарасы айырғысыз бірлікте. Сондықтан бара-бара таразы басы теңеліп, кеңес уақыты-ешкімнің де емес, өз жүріп өткен тарихи жолымыз екенін де елеп-ескеретін шығармалар дүниеге келері даусыз.
XX ғасырдың аяқ шенінде еліміздің қоғамдық құрылысының түбірінен қайта қырыла бастағаны әдебиетімізге аз жаңалық әкелген жоқ. Қазақ прозасы мен поэзиясы, өзге де саласы тәуелсіздік пен демократияның саумал ауасымен тыныстап, тың серпіліс, алғыр талап танытып отыр. Барлық жанрлары түлеп, гүлдеп, ажарлана түскен.Шағын жанр - әңгімеге дейін идеялық мазмұны, тақырыбы мен про- блематикасы едәуір өзгеріс тапқан.Жаңа өмірге, әлеми құбылыстарға өлең сияқты алдымен үн қосқыш, икемді, барлаушылығы басым әңгіме жанры дәстүрлі тағлымдық сипатынан жаңылған жоқ. Әңгіме алқабында по­стмодернизм дейтіннің желі есе бастағаны байқалады. Әдебиетімізге психологизм бойлап енді. Бұған дейін көбіне сезім-санасы сау типтер суреттелсе, енді түрлі психологиялық ауытқуларға ұшыраған марги­нал типтердің тұлғаларын да кезіктіреміз. Әлеуметтік проблемаға селқос, өмірдің бұралаң жолындағы не түрлі оқиғаларды бейтарап позицияда алға тартатын шығармалар да табылады. Қайбірінде жазу иесінің сюжеттегі оқиғаларға пәлендей қатысы жоқ та секілді. Шағын жанрдың әдебиетіміздің ежелгі үрдісінен бөлектеніп, жом жолға түсіп кетпегендігін, соңғы он жылда жарық көрген туындыларының негізгі жасағы өмір өзгерістерін суреттеп қана қоймай, сол өзгеріске әсер етуге, тәуелсіздік ісіне мүмкін-қадерінше үлес қосуға ұмтылатындығын ұмытпай, алдымен атап өтуге тиістіміз. Бүгінгі әңгіме жанрын әсіресе алаңдататыны екі тақырып: тоталитаризммен қоштасу, нарықпен жүздесу.Еліміздің кеңестік дәуірмен қоштасқан он жылы көлеміндегі әңгіме өткен заман қорытындысын талдап бағалауға күш салған. Жетпіс жылдың аумағында Қазақстан үлкен жолдан өтті. Экономикасы көтерілді. Мәдениеті гүлденді. Оған-мың алғыс. Бірақ өсумен қатар, өше де жаздадық. Тоталитаризм сойқандығынан халқымыздың жар- тысы дерлік құрып кетті. Тілімізден, ділімізден айырылуға шақ қалдық. Өйтіп ойсырағанымыз қазіргі әңгіменің айнасында бар шындығымен көрініс табуда. Тәуелсіздік кезеңінің шағын прозасында қазір көбірек ден қойылатыны, кеңеске алғыстан гөрі қарғыс жағы.
Бірқатар жазушының, атап айтқанда МұхтарМағауиннің қаламынан туған шығармалары кеңестік кезеңнің сары ауруы есепті елден бөлек заңсыздықтарына қарғыс таңбасын басады. Мағауиннің «Жүсіптің қызы Светлана» (2000), (Карлагтан хат» (2001) атты әңгімелерінің алғашқысы «Құрбандық қана емес, қуғыншыда опа таппаған бұл жалғаннан» деген қайғылы жосынмен аяқталады. Неге дейтіні жоқ, Сталин заманында ел не пәлені бастан кешпеді. Колхоз парторгі Қожанның көрсетуімен майданнан қайтқан мал фельдшері Жүсіп зиянды кітаптарды таратып,Кеңесөкіметіне, ұлы орыс халқына қарсы үгіт-насихат жүргізеді деген саяси айып тағылып, айдалып кетеді. Оқиға әңгімелеушісі оқушы бала Мадияр. Сол баланың соғыс кезінде арғы бетте болған әкесін де ұстап әкеткен. Арызқой жалақор Қожанның өзі де аман қалмаған. Мұның өлімінде символдық мән бар. Сталиннің өлетін жылғы боранда Қожан екі қыстақ арасында адасып, үсіп өледі. Істеген зұлматтығы үшін сазайын тартады. Бұл енді әдебиетіміздің ежелгі реалистік гуманистік дәстүрінен...
Мұхтар әңгімесі әдебиетімізде бұрын ұшыраса қоймаған кейіпкер бейнесін жасауымен құнды. Ол-Жүсіп «першілдің» образы. Басында кейіпкердің қандай адам екенін жөнді айырып ала алмайсың. Автор оны әңгіме иесі Мадияр көзімен сипаттағанда, жақсы, жаман қасиеттерін тәптіштеп жатпайды. Оқырман ретінде фельдшерді ұран- шыл айғайшыл сөздеріне қарап, кеңес кезінде қаптап кеткен қызыл белсенділердің санатына қосып қоясың. Енді қалайша... Тұңғыш қызының ныспысын Сталиннің қызының атына еліктеп Свет­лана деп қояды. Мадиярға да коммунистік насихаттың штампы бой­ынша ақыл соғады. Ленин баба олай деген, ұлы Сталин былай де­ген... Өз мамандығы бойынша да ресми саясатты ұстанатындай. Жылқы, түйе социализмнің малы емес. Социалистік түлік-сиыр деп соғады. Өзі майдангер. Ұлы Отан соғысында ауыр жарақаттанған.
Мұндай сталиншілде тоталитаризмнің не шаруасы бар? Оны неге ұстаған? Мәселе тағылған жалада емес. Жалақорлықты әдейі күйттейтін жүйе табиғатында. Жүсіп першіл «...Сталинге тіл тигізген; тіл тигізген емей немене, адамзаттың данышпанын өзімен шендестірген: Иосиф деген - Жүсіп деген сөз, ендеше мен Сталинмен адаспын деген, сөзінің дәлелі ретінде ұлы көсемнің аяулы қызымен таластырып, Светлана деп қойған».
Жау жоқ жерден жау іздеу, жұртшылықты дүрліктіру, елдің үрейін алу - кеңестің қанына сінген әдеті. Аузынан шыққан сөзге қарауыл қоя алмаған талай жан нақақтан нақақ сотталды, хатталды. Бірақ Жүсіп ондай бейпіл ауыз емес-ті. Өлетін жерін біледі. Кейіпкерді жаңа тип деуге себеп, ол әдейі екі бет боп жүр. Жүсіптің сталиншілдігі бер жағы ғана. Шын мәнінде, ұлтының рухани мұрасына іш тартатын азамат. Өзінің де, қай ауылдастарына да оқитыны - атын атауға да тыйым салынған ақын, жыраулардың кітаптары. Дулаттың «Өсиет-намасын», Шортанбайдың «Бала зарын» оқығанда Құран аударған, Аллаға сыйынған кісідей мүлде қанаттанып, қайраттанып кетеді. Шындықты ескі кітаптан іздеп тапқан адам. Ол сырын сыртқа шығармауға барынша тырысқанымен, нағыз пиғылы көне шығарманы оқыған кездегі дау- сынан білініп қалады. Жүсіп кітаптың ұрымтал тұстарына келгенде тіпті асқақтап кетеді. «Қараны санап, малды алды,-Қазаққа қамқор ханды алды.-Еділді алды, елді алды,- Енді алмаған нең қалды»-деп, солықтап барып тоқтайды.
Оқушы Мадиярға таңсық көрінгені, Жүсіп першілдің жаңағыдай өлең оқығанда ызалы, дертті дауыс шығаратыны. «Солықтап барып тоқтайтыны». Оқырманның Жүсіп туралы түсінігі баланың осы сөздерінен кейін күрт өзгереді. Жүсіп першілдің жүрегіне жақын сөздер оның көз қылып ұрандайтын жаттанды коммунистік қағидалар емес екен. Бұл адам, бүгінгіше айтсақ, бодандық бұғауын киген халқының тағдырына ашынып отыр. Кешегі диссиденттер дәл осы Жүсіп сияқты тыйым салынған әдебиетті оқушылар арасынан шыққан болуға керек дегізеді.
Үстем идеологияны жақтыртпайтын атмосфера «Карлагтан хат» атты әңгімеде суреттелетін ауыл ахуалынан да қатты сезіледі. Әңгіме революциядан Петербургта, Мәскеуде «зор оқу бітірген «Мүсілім атты қазақ профессорының тағдыры туралы. Сол профессордың ауылдағы туыстары Карлагтан жазған хатын алады. Туыстары жаны ашып Мүсілімге сауқат жібермекші болады. Осының бәрі ақыры ауылдың бас көтерер азаматының Итжеккеннен бірақ шығуымен аяқталады. Әңгімеден туатын ой Сталин заманы жәй адамгершілік дегеннің өзіне қас еді дегізеді. Тағы бір есте қалатыны, мүсіркеу дегенді атымен білмейтін заманға халықтың, тоғыз жасар мектеп баласына дейін көңілі толмайтыны. Тоталитаризм бала жүрегіне зіл қаратас нала түсіреді. Оны да жазушы рәміздік, символистік тәсілмен жеткізе білген.
Мүсілімге жіберілген сауқатты өкімет орындары тиісті жеріне жеткізбей қайтарып жібереді. Мүсілімге бұйырмаған дәм үйде сақтала-сақтала, ақыры бұзыларға тақаған соң желінеді. Сол күні боран соғады. Түтек он күн бойы түтейді. Сонда да басылмайды. Елден ес кетеді. Тек тоғыз жасар бала абдырамайды. «Өйткені, делінген әңгімеде,- бұл жолғы боран - әдепкі боран емес-ті.
Мүсілім ағаның зар наласы, менің қыстыққан ашуым деп ойладым.
Менің нала зарым екен».
Мұхтардың кей әңгімесі, атап айтқанда «Салах-ад-Диннің үкімі» форма жағынан памфлетке ұқсайды. Ислам қолбасыларының бірі Салах-ад-Дин жазықсыз жанды өлтіргенін мақтан етіп отырған Зәңгі деген қарақшыны жұрт көзінше жазалап, қылышпен туратып тастайды. Бұл аңызды атақты тарихшының «Ғақлия кітабынан» оқыған әңгімеші кенет бұдан соң жеті ғасыр кейін шыққан кітапты еске түсіреді. Кеңестің атақты тарихшысы саналған Бектеміс Шәкеевич Ақпамбетовтың «Кіші Октябрь» кітабындағы ұқсас жағдай жазылған тұстарын қайталап пысықтайды. Болашақ академик кезінде қазақтын оқыған еқі жасының қанын ішкен. Ұлтын сүйгені үшін ғана жазықты жандарды атқан маузері музейге қымбат экспонат есебінде қойылған. Іс жүзінде бұдан жеті жүз жылдан астам өткен қанды оқиға қайталанған. Айырмасы, кеңестік Зәңгі - академик сазайын тартпаған күйі өмірден масайрап өткен. Бірақ қалайда бір «үкім» шығарылуы тиіс қой.
Салах-ад-Дин не істеген? Нақақ жанды өлтірген Зәңгіні бір емес, екі рет жазалаған. Біріншісі, жаза... «Күнәкар Зәңгіні ортаға алған беті, қылыш жүзімен таспалап тіле берді, ең соңында, терісі тірілей сыпы- рылғандай, қып-қызыл көп болып, талмаусырап жығылғанда кертіп бақайын кесті, бұтарлап саусағын шапты».
Төбе-құйқанды шымырлататын натуралистік сурет. Әңгімешінің адамды малша бұтарлағанға есі кеті масайрап, айызы қанады.... Өзінен-өзі сұрақ туады. Тірі жүргенде академик Ақманбетовке қандай жаза қолданылуы тиіс еді? Оны да кескілеу керек пе еді? Шығарма әңгімешісінің жауабы тұжырымды». ...Салах-ад-Диннің билігі жоқ бізде. Жазаға тартар күш қайда. Өтіп кеткен өмір, көшіп кеткен кісі» деп тісін шықырлатып, санын соғады.
Салах-ад-диннің екінші жазасы, Зәңгірдің азаптап өлтірілгенін «ғибрат үшін жазып қоюға» бұйырған. Шығарма әңгімешісі
қаламгер сол үкімге қол қояды. Шығарған қорытындысы: «Енді мой- ындауға тура келеді: жазушыдан қатал жендет...олай емес, жазушыдан қатал жан жоқ» Ия!»
Тарихи шындық бет-жүзіне қарамай айтылуы тиіс. Оған дау бар ма. Бірақ әдебиет Салах-ад-Дин сұлтанның бұдан жеті ғасырдан астам бұрынғы қаталдығына, я болмаса кешегі тоталитаризмнің бітіспес таптық күрес идеологиясына еліктеп табынуы тиіс пе? Демократияның әр қиыннан бітім, ынтымақ іздейтін ауанына бағатын бүгінгі гуманистік әдебиетіміз ше? Ол күнәкар біткеннің бәрін бітіспес өшпенділікпен аяусыз жазалайтындарға қосылуы тиіс пе? Жендет атала жаздап, соған таяп барып жығылатын қаталдығының шегі бо­лар ма? Мағауин ойланарлық мәселе көтеріп отыр.
Жазушы Асқар Алтай «Алтай новелласында» (1997) тоталитаризм тұсында тіпті қылмыстыны жазалаудың өзінде де өкініші кетпейтін келеңсіздіктер орын алғанын шыншыл тереңдікпен көрсете білген. Аяғын шалыс басқан ел адамын фашист жауға теңеу, «халық жауы», басқа да одан кем соқпайтын қаптаған жауларды... өз еліңнің ішінен іздеп сарсылу дені сау қоғамның ісі емес дегісі келетіндей «Алтай новелласы».
Мұрт қойып, темекі трубкасын ұстауына дейін Сталин көсемге еліктейтін «Үлкен бастық»- гэбешник әңгіменің бас кейіпкері қазақтар Жагор-Егор атап кеткен Евстафийге:
«Солай, балақай! Жат жұрт-жау, ірге жау!.. Ана қылмыскер қарашаны қалайда табыңдар! Өлсе - сүйегін, тірі болса - өзін жеткізіңіздер!»-деп бұйырады. Артынан прәнік, кәмпитін де қылтитады. Қашқынды тауып әкелсең, «паегіңді» екі есе берем» - деп уәде береді. Алдында армиядан кашып жүрген дезертир армянды осы Егор- дың көмегімен колға түсірген де «паек» берем деген уәдесінен шық- қан.» Бұл жолы да сөзінде тұрды. Жарым құрсақ үй ішіне Егор, шош- қаның алақандай-алақандай етіп тілген «салосын», май, тағы бір сыпыра азық-түлік алып, шала байып қайтқан-тын.
Он жеті жасар жігіт Егор әңгіме экспозициясында тәп-тәуір жігіт боп көрінеді. Соғыс кезі. Әкесі майданда. Шешесі, бауырларын асы- рап сақтауды міндетіне алып, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген. Өзі -аңшы. Із кесуді, қақпан құруды, тұзақ салуды ыспар аңшы, бала- лық шағында аттан құлап, аяғын сылтып басатын «сылтық» Сағымнан үйренген. Адамға зәбір көрсететін жігіт сияқты емес еді. Ақыры кісі өлтіріп тынады. Адамгершілік қасиетінен айырылады. Неге? Новелла осы сауалға жауап іздейді.
Үлкен бастықтың іштегі жауды табан аудартпай ұстайық, сен соған қолқабыс қыл деген үгіті жас Егордың көкейіне қона кеткен. Мұның әкесі майданда. Ал мына армяның қашып-пысып жүр. Соғыс- қысы келмейтіндей, жаны кімнен артық? Лагерьден қашқан «рециди­вист» туралы да осыны айтса артық емес. Оны ұстап қайта қамамасаң, қылмыстың үстіне қылмыс жамамай ма? Ендеше өз обалы өзіне. Егор «комиссарларға» қосылып кісі ұстаған сайын осы қисынды уәж етеді. Оны да қойшы, жарым құрсақ үй-ішіне талғажау ететін «паегін айтсаңшы».
Авторлық позицияның жөні бөлек. Кейіпкерінің көк жағалыларға еріп кері жолға түскенін жасырмайды. Кіріскен ісінің күмәнді, көлеңкелі жақтары бар екенін шым-шымдап сездіре бастайды. Әсіресе Үлкен бастыққа азуы басулы. Не үшін? Не үшіні жоқ, қылмыскерлерді ұстауда көп заңсыздыққа жол беріледі. Итке талатады, тепкіге жығады. Өліп қалса, он екі мүшесінің бірін сылып әкетеді. Қылмыстыны ұстау барысында өздері қылмысқа белшесінен батып жүріп, бөлтірігін ауыздандырған бөрідей әрекет қылады. Жас адамды бұзық пиғылға жетектейді...
Өлік болса да мәйіттің ұлы денесін жау ұсталғанға «дәлел» есебінде ойып алу, тағы басқа заңсыздықтарды тумысында алғаш көрген Егор бас кезінде қалтасына «біреу жылан салып жібергендей» түршігеді. Үш күннен кейін көрге де үйренесің дегендей, Егордың бара-бара не қылмысқа еті үйреніп кетеді. Ақыры нағыз жауыздың қылығын істей бастайды Кешірілмес қылмысы, ұстазына опасыздық жасағаны.
Күндердің күні сылтық Сағымның басы істі болған. Ақсақтығына қарамай оны «трудармияға» шақырған-тын. Аңшы- бір жағынан сері адам ғой еркінділікке үйренген. Трудармиядан қашады. Үлкен бас- тықтағы да қашқынның ізін қайырып ұстау үшін Егорды «паегіне» жал- дайды. Сағым ақыры ұсталады. Ұсталуы өз алдына, Егор мылтық атып, ұстазын өлімші етіп жаралайды. Сонда Сағым:
«— Ех-ех, Жагор! «майданға бармасаң, малға бармасаң - жер қазуға барасың. Қазақтардың бәрі жалқау, мал бағам деп бойын баққан. Сен де өгіздейсің – өлмессің» демеді ме... Әттең...сен болмағанда қар басқан түлкідей шалдырмас ем! Аш бөрідей алдырмас ем! Қайтейін!» - деп қапаланады. Яғни «Күшік асырап ит еттім. Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім. Ол мерген болды, мені аттының» кері келеді.
Егор абайсызда атып құлатқан қашқынның өзін аңшылыққа, із кесуге баулыған ұстазы екенін анау Егорлап дауыс шығарғанда ғана бір-ақ біледі. Егор басында өкініп қалған. Тіпті тамағына булыққан өксік пайда болған. Бірақ Сағым сол жерде иек қаққанда шәкірті адам нанғысыз күйге еніп, безере қалады. Тез суынады. «Бойы жеңілдеп, жазықсыз төгілген қанға деген аяныш сезімі сап тиылады».Тіпті қартайған шағында да ішіне қан қатқан қалыбынан өзгермейді. «Жас кезінде күйінген баяғы бір істеріне бұл күнде сүйінген кержақ - орыс қой. Сібірдің кәрі аюындай селт етпес, секем алмас күйі өтер де кетер. Енді көп қалған жоқ қой,»- деп аяқталады әңгіме.
«Кержақ - орыс қой» дегені болмаса, бәрі түсінікті. Үлкен бастықтың «белдеу жау», «ірге жау» іздеп өмірін өксіткен, ел ішін қан сасытқан тәртібі босқа кетпеген. Қатерлі ісіктей қабарып, қоғамның жас ағзасына да шаба бастаған. Қатерлі философия! Табиғатында жұрт қатарлы жігіт Егор – қолдан жасалған жендет. Сылтық Сағым Егорды із кесуге, аң аулауға үйретсе, Үлкен бастық адам аулауға айтақтап салады. Үлкен бастықтың күнәсі - қылмыскерді ұстаймын деп жүріп өзінің қылмысты іске барғаны. Теріс үлгісімен қылмысты ұрпақ баулуы. «Кеңес қоғамы, жас жеткіншекті, ел болашағын қайда сүйреп апара жатыр едің? Сенің сол ащы да ауыр тәжірибеңнен ел бүгінгісі мен ертеңі тиісті қорытынды шығарса жарар еді» - дегізеді Асқар Алтай әңгімесі.
Соңғы жылдары тәлімгер әдебиетпен қатар, көркем жинақтаудың басқа да формаларын табуға деген ізденіс күшейгенін аңғару қиын емес. Сондай ізденістердің бір парасы-Асқар Алтайдың «Дода», «Салқын ұрған жапырақтар», «Соқыр тұман» сияқты авторлық позициясы күңгірт, ақ пен қараны айырып алуды оқырманның өзіне қалдыратын әңгімелерінен байқалады.
«Дода» әңгімесінің бас кейіпкері - соғыс ардагері «кәнтөжін» Нұрғали. Оның «кәнтөжін» аталуы соғыстан емес. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының бас кезінде Хрущев қазақ ауылындағы та- бан тұяқ пен құйма тұяқты құрту керек деген науқан бастады. Әр науқанның өз белсенділері болмай ма. Соның бірі жеке меншігіндегі аяқ артар қыл құйрығын қазынаға сатқысы келмеген Нұрғалиға:
«- ... Американы қуып жетіп, басып озуымыз керек. Ол үшін Қазақстан секілді мал бағатын жерде төл беретін түлік асырау керек. Жем мен шөпті күйсегеннен басқа түк бітірмейтін, терісі - тулақ, еті - қара кесек мыналарды азайту қажет», - деп дікілдетеді.
Аяғымен күн көріп, тұяғымен қар тебетін жануарларды бүйтіп қорлаған белсендіге Нұрғали жыны келеді. «Ақымақсың!» деп тап береді. Үкіметтің адамын былапыттағаның үшін тиісті орында жауап бересің деп қоқан-лоққы көрсеткен біреуіне Нұрғали: «Соғыста қорқып, үркіп болғам. Енді қорқарым жоқ», - деп қасарысады. Жел жорғасын тізімге іліктірмекке қағаз, қаламын оңтайлай берген пысықайларды милициясымен қоса, сойылын ала жүгіріп, ауласынан түріп шығады. Сонда ғой ауылсовет бастығы анадай жерден «Әй, мына кәнтөжни ғой. Кәнтөжни болмаса сөйтеме» - деген. Сол ат Нұрғали есіміне бұдан былай талақша жабысқан.
Ірі, кесек мінезді характер кљкпар додасы үстінде есе бермеймін деп шауып жүріп Ертіс өзеніне ат-матымен қойып кетеді. Ағыны күшті өзен жұлып ала жөнеледі. «Көкпарға қызығушылық құмарлығы емес, дода дуынан шал бойында долылық билей жөнелді. ­Өзін-өзі қас пен көздің арасында ұстай алмай қалған»[37,208].Авторлық ремарка Нұрғали қазасының себебін түсіндірмен қатар, характердің түп шегесіне жөн сілтейді.
Нұрғали - қызық характер. Бірақ өмірін құрбандыққа шалатын қызбалығын тек одағай оқиға есебінде қабылдайсың. Бұл кейіпкерді долы екенсің, ұстамсызсың деп және жазғыра алмайсың. Қалай ойласаң, олай ойла. Осындай бір характер қазақтан да өткен екен ғой дейсің, одан басқа сөз аузыңа түспейді.
Аталған әңгімелерден пәлендей идея іздеп жарытпайсың. Сол үшін авторын жазғыру және орынсыз. Бисаясатты новелла әдебиет қор- жынынан табылса, оның қандай сөкеттігі болуы мүмкін?Жалпы ізденіс атаулыға бөгесін қою қиын. Оның заманы кеткен. Дау туғызбайтын ақиқат - қандай да көркем шығарма оқушысына белгілі дәрежеде эстетикалық әсер етуі тиіс. Бұл жағынан келгенде Асқардың жоғарыда аталған әңгімелеріне мін таға алмайсың. Қилы-қилы тағдырлар әлдебір уайым-қайғының жетегіне алып кетеді. Оның мән-мағынасын тап басып және айта алмайсың. Әйтеуір мына жалған дүниені тіптен құлазытып жіберетінін сезінесің.
Сезетінің, ұғатының, жас буын өкілі туындыларының қазақ әңгіме жанрының жүріп өткен жолына ұқсамайтындығы. Шым-шытырық дүниенің бір пұшпағы көз алдыңнан көлендеп өте шығады. Қалай икемдесең де оны ағартушылық, тағылым идеалына жатқыза алмайсың.
Қуандық Түменбайдың «Қасқыр мен қояншық» деген әңгімесінің әдебиетіміздің тарихы үшін аты да, заты да тосын. Әңгіме бас шағын- да дәстүрлі, үйреншікті қалыпта басталады. Көтпеген оқиға шағын шығарманың бас кейіпкері, бастауыш мектептің мұғалімі Міржақыпқа қалай әсер еткені баяндалады. «Қояншық» атандырған талма ауруы оған жиырма бес жасында жабысқан. Бірақ былайғы тірлігінде дені дұрыс секілді. Үйдің қара күш тілейтін қора-қопсы, отын-су шаруасы бұдан артылмайды. Ауруы ұстамағанда, жүріс-тұрысы, ойы сау адамдардай. Қасқырдың ауыл шетін то- руы ондағы алты жүзге тарта түтінді дүрліктірсе, Міржақыпқа жөнді әсер етпейді. Хабарды жайбарақат қабылдайды. Адам қасқыры мен түз қасқырының айырмасын ойластыруға көшеді. Адам ұрлық істеуге келдім деп айқайламайды. Істейтінін жымысқылап бұғып жүріп істейді. Өйткені-саналы. Қасқыр ше? Міржақып: «-Тіл безейтін не бар, қасқыр да адам секілді, ол да бөлтіріктеріме болсын дейді, қасқырдың ұрлығы ашық, оның адамдардан айырмасы сол ғана»- деп әнтек жымиды да қойды». Олай дейтіні, нарық тұсында ауыл ішінен ұры шығып, біреулердің жалғыз сиырына дейін ұрлап сойып, талай жұртты ақтан айырып қан қақсатқандар шықты. Міржақып кезінде коммунистік насихаттың: «Капиталистік қанаушы қоғам тұсында «адам адамға қасқырдай тиеді» - «человек человеку – волк» деген қағидасын басында ұстап қалған болуға керек. Сол қағиданы қайталауға негізі де бар сияқты. «Адам неге біріне-бірі – қасқыр» деп ойға батып жүреді.
Жалпы көңілді тым құлазытып жіберетін шығарма. Міржақыптың әкесі соғыстан қатты жараланып, ілініп-салынып жүріп, ақыры үзілді. Інісі ауған соғысында қаза тапты. Жалғыз сиырды түз тағысы жалма- ды. Мұғалім боп бала оқытқан өзінің түрі мынау: қояншық атанған.
Ішке түспей қоймайтын ауыр оқиғалар ауруға шалдықтырмай қоя ма. Міржақыптың ендігі қылықтары саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлеуге ауысады. Міржақып қараңғылық қоюланған соң мола басын барып, қасқырдың даусына салып ұлуды шығарды. Қалың қопа арасынан «А-у-у-у!»-деп созаландаған дауыс жауап береді. Міржақып ауылға айта алмай жүрген мұңын қасекеңе шағатын тәрізді. Ақыры қасқыр апанына, Міржақып үйіне асықпай қайтады. Жан дүниесі жеңілейіп қалыпты...
Әдебиет ауылына Батыста баяғыдан етек алған постмодернизм аяңдап жеткен. Жүйесіз, белгілі бір қағида шеңберіне сыймайтын ұйқы-тұйқы дүние - хаос маған да бір уақ құлағынды сал дейтін тәрізді. Құлағыңды қанша тоссаң да, түсінігің қараңғы тартады. Дүниеде білетініңнен білмейтінің әлде қайда көп екен... Көңілінді көп семірте қоймайтын әңгіме.
Көңілсіздік Қуандық Түменбайдың «Жындыхананың жейдесі» атты әңгімесін оқығанша еңсеңді езгілейді. Автор Алматының Каблуково көшесіндегі жындыханадан репортаж жасап тұргандай. Үзік-үзік эпизодтар үсті-үстіне ауысып жатады. Әңгіме иесінің өзі - Каблуково жындылар үйінің жейдесін киген, қоғам ем таппаған кеселдің иесі. Кезінде көп-көрім әскери қызмет істеген, замполит болған, Ауған соғысына сарбаз дайындаған. Аты Әбілда. Жындыханада жасы жетпістегі, Адольф дейтін шалмен танысады. Шал жасаған жетпісінің алғашқы он жеті жылынан басқасын концлагерьде, енді міне жынды­ханада өксітіп келеді. Адольф Сүтемгенұлы —Түркістан легионының белсенді мүшесі, немістің унтер-офицері. Одан қай бір түзу сөз шықсын. Бірді айтып бірге кетеді.
Адольф Сүтемгенұлы «Біз өнерді саясатқа жығып бергіміз кеп тұрады» дейді де, іле-шала: «Ақ ту ұстап немістердің алдынан шыққан шешендерді қазақтың кең жеріне көшірдік. Олар әлімжеттік жасап, еркегі жоқ ауылдың ошақ басындағы тезегіне дейін түк қоймай ұрлайтын» - деп тағы бір жайдың басын шалады. Бұл сөздерін өтірікке не қияли бірдеңеге жатқыза алмайсың. «Немісті жау қылу үшін дерев- няларды қолдан өртедік» дегені күмән келтіргенде, есі дұрыс емес адамның сөзіне не дерінді білмейсің. Бұрынғы коммунистің фашист формасын кигеніне алпыс жылдың жүзі өткен. Жау формасын «тың игеруге жіберсе де шешпес едім» дейді.
Өзі ақыл соққыш. Тағылымшыл. «Ауғанды көп ойлай берме, -дейді Әбілдаға.-Айттым ғой, сен кінәлі болғанмен күнаһар емессің. Күнәні белден басып жүретіндер жындыханаға түспейді...» [38,128].
Сөйдейді де Әбілдаға аттас «ақсақ ақынның» бір шумағын жатқа айтып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет