Тәуелсіз елдің ұланымыз



Дата31.12.2021
өлшемі17,94 Kb.
#23343

Тақырыбы: "Тәуелсіз елдің ұланымыз”

Мақсаты:

1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру.

2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.

3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.

Әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, мадақтау

Барысы:

Тәрбиеші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың

Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның

Шартарапта шаттығындай азаттық

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың

Әнұран орындалады

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан қандай мемлекет?

Еліміздің елордасы қай қала?

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын- қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар .Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есіне мәңгі сақталады. 16-желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды.Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

-Балалар,біз осы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,солардың бірі-Қайрат Рұсқұлбеков .Ол қыршын жасын қиды.Оған үлкен айып тағылды.

Лаззат Асанова 1970 жылы өмірге келген. Желтоқсан оқиғасына Алматы қаласындағы музыка училищесінде оқып жүрген кезінде қатысқан еді. Ол не бәрі 16 жаста еді,және Сабира Мүхамеджанова, Ербол Спатаев деген жастарымыз желтоқсан оқиғасында ерліктерімен көзге түскендер.

Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1986жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан котерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата- бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік

Алан:


Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой,

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік ұлы той.

Айару:

Көк аспандай тулайтын,



Желтоқсанның күні бұл.

Елім деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.

Сафия:


Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн



  • Балалар Қазақстан тәуелсіз, егеменді – ел. Егеменді елдің өз рәміздері болады. Сендер біздің рәміздерімізді білесіңдерме?

Елтаңба. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін ортақ элементі – шаңырақ. Ол отбасы ынтымағы мен тыныштығының нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жжарқынкүнді білдіреді. Уықтар әлемдегі жылу ментіршілік нышаны – күн сәулелерін еске салады. Пырақ тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты, біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – биік ойлар бейнесі.

Ту – ортасында шұғылалы күн, қыран бейнеленген тіктөртбұрышты көгілдір түсті мата. Туымыздың аспан түсті көк болуы шексіз кендікті көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн байлық пен молшылықты, қуат пен пен өмірді бейнелейді. Дала қыраны – Қазақстанда аса құрметтелетін құс. Ол – қырағылық пен дархандықтың, қазақстандықтардың терең ойлылығының символы. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған. Күн шұғыласы, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.

«Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.



Шығармашлық жұмыс:

  • Балалар сендердің алдарыңда ҚР Туы тұр. Бірақ Туымыздың кейбір бөлшектері жоқ. Сендер сол бөлшектерді тауып орналастырыңдар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер берілген тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар.

  • Балалар бүгін біз қандай мереке жайында әңгімелестік?

  • Қазақстан қандай мемлекет?

Ән: «Тәуелсіз елдің - ұланы»

16-желтоқсан Тәуелсіздік туған күн! Міне, балалар,бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет.Біздің озіміздің туымыз,елтаңбамыз,әнұранымыз бар.Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар.Жақсы оқып,үлгілі,тәртіпті болыңдар.Өз елі мен жеріңді көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет