Тəуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасы Орындаған: Хасенханов Нургиса Тексерген: Ералина Айгуль



бет1/3
Дата10.03.2022
өлшемі23,07 Kb.
#27399
  1   2   3



Тəуелсіз қоғамдағы тұлғаның

«ерік бостандығы» тұжырымдамасы

Орындаған: Хасенханов Нургиса

Тексерген: Ералина Айгуль

Жоспары:

1. Ерік туралы түсінік

2. Ерік бостандығы

3. Ерік сапалары

Ерік

Адамның мақсаты, қалауы, əр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы əрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы əрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, əлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мəні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, əрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сəйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мəні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұрсипатын білдіреді. Əрбір жеке адамнық ерікті іс-əрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мəні аз іс-əрекеттерді соған бағындырып, өзінін. жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамнын қарқынды іс-əрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінезкұлкы мен əрқилы істерді орындауға үмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындау-а бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оныд саналы түрдегі іс-əрекетінен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жұзеге асыруға қажетті құрал табады. Тарихта болған белгілі адамдардыд өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жүмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеқіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстын, кос жүлдызы» атанған Əлия мен Мəншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нəп-нəзік қазақ қыздарынын. бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың" өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі.

Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету аркылы  адам озінің əр түрлі амалдарын, қимылдарын корсетіп, түрлі қажеттерін отей алады. Адамның еріктік қимылдары оның омір сүріп отырған ортасының, ягни сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының əсер етуіне байланысты корінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет