Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Отанның ошағында от болып жанған жалын бол



бет1/2
Дата14.02.2022
өлшемі23,11 Kb.
#25442
  1   2

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Кеңес ауылы Ө. Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 8-сынып жетекшісі: Патталов Азамат Әбутәліпұлы
Егемендіктің мәңгілік үштағаны, біріншісі – байтақ жеріміз
Ертеңгі елдің келешегі үшін еңбектен,

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Отанның ошағында от болып жанған жалын бол.
Менің ойымша Тәуелсіздік дегеніміз тәуелсіз ел болу, ашық аспан астында еркін өмір сүру. Яғни Тәуелсіздік - қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман десекте болады. Биыл Қазақстан қастерлі тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Бұл –қайта жаңғырған Қазақ мемлекетінің менің атым-тәуелсіздік деп айқайлап, мең-мұңдалап тұрғандай. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.

Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты.

Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты… Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.

Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.

Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет.

«Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

ТМД елдері арасында тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған күннен бастап Қазақ елдің өз халқы, өзіне тән ұлты мен тілі бар. 

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен  жеткен жоқ. Халқымыз XVIII ғасырда жоңғарлармен болған қасіретті жылдардан бастап, “Аңырықай шайқасы”, “Бұланты  шайқасы” және “Ақтабан шұбырынды алқакөл сұламаға” ұшырап талай – талай қасіреттерге кез болды. Қандай да қилы заман болса да тәуелсіздік үшін күресін тоқтатқан жоқ. Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! 

Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға-апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді.



Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!  Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлады. Тәуелсіздіктің  30 жылы ішінде мемлекетімізде үлкен қала салынды. Ол қала – Нұр-Сұлтан – тәуелсіз алашымыздың бойтұмары.

Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе!

Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алмағаны қаншама! Сонау 1776 жылдың 4 шілдесінде Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдады, ал осы кезде қазақ халқының тағдырына егеменді ел болу үшін жоңғар, қалмақтармен соғысу жазды. Бұл күндері Қазақстан - егемендігін алған жас мемлекет, алайда, оның үш мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін.

Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз, яғни тәуелсіздік атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Ендігі алаңдайтын мәселе, әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекет ішінде болып жатырған қақтығыстар, төңкерістер жүректі ауыртады. Жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, қасиетті аталардың жанын қиған оқиғалар қалған еліміз тыныш болсын деп тілейміз.

Осы күнге дейін біз қаншама ірі жобаларды жүзеге асырдық, әлемнің алпауыт елдерінде өтіп жүрген рухани жаңғыру аясында EXPO-2017 ұлттық көрмесін қою мәртебесі Қазақстанға бұйырды. Бұл бағындырған биік белестер Қазақстандай жас елдің күннен-күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Бір кездері арман болған азаттықтың жоғары жетістіктері жанымызды жадыратады.

Ия, әркімнің өз туған жері-жұмағы. Менің кіндік қаным тамған жер, ұлы дала, байтақ ел-Қазақстан. Мен елімді шексіз сүйгендіктен жүрегімнің соңғы дүрсіліне дейін туған далама адал қызмет еткім келеді. Ұлы даралар салған жолмен жүріп туған тілімізді ,дінімізді, сан мыңдаған тарихымызды танып білу үстіндеміз. 2019 жыл елімізде жастар жылы деп аталғаны барлығымызға мәлім. Осыған байланысты дарынды да өнерлі жастарымыз өз ұсыныстарын ортаға салды және қазірде ірі белестерді бағындыру үстінде. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылда өз орнын босатуға шешім қабылдады және елбасы міндетін Қасым Жомарт Тоқаевқа үлкен сеніммен тапсырды. Жаңа президентіміз Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертетінін хабарлады. Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай

Отан!


Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға - сол қайғы!

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет