«Тәуелсіздік – біздің ең асыл, ең қымбат құндылығымыз»



бет4/4
Дата19.02.2023
өлшемі23,56 Kb.
#69305
1   2   3   4
1-жүргізуші : 2008жыл - Украинадағы Қазақстан жылы.
- Астананың 10 жылдығы тойланды.
2-жүргізуші : 2009 - Астанаға ЮНЕСКО көлемінде «Әлем қаласы» атағы берілді.
1-жүргізуші : 2010 жыл - Қазақстан ЕҚҮҰ - ға төрағалық етті.
2-жүргізуші : 2011 жыл - Қазақстанда ҮІІ Қысқы Азия ойындары өтті.
1-жүргізуші : 2012 жылы 1 желтоқсан Тұңғыш ПРезидент күнін тойлады
2-жүргізуші : 2013 жылы ЭКСПО-17 көрмесін ұтып алдық


Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді. Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не? Атасы: - Егемендік – «иесі мен» деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көген көз. Егемендік ел болудың белгісі. Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні, Егеменді деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі – Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым! (Атасымен немересі жайлап шығып кетеді)
Би : «Қазақша» 6-сынып қыздары
І-жүргізуші:
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.


ІІ-жүргізуші:
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды.
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Осымен «Тәуелсіздік – біздің ең асыл, ең қымбат құндылығымыз»
атты кешімізді аяқтаймыз.
Хор : «Атамекен» 5-сынып оқушылары


Мұғалім сөзі: «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды.
Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Тәуелсіз 22 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным! –деп тарихи кешімізді аяқтаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет