Тәуелсіздік -тұғырың!Менің елім өте бай мемлекет. Оның алуан түрлі кен орындары, тың жердің алтын егіндері, биік- биік таулары бар



Дата07.11.2022
өлшемі6,94 Kb.
#48246

Тәуелсіздік -тұғырың!Менің елім өте бай мемлекет. Оның алуан түрлі кен орындары, тың жердің алтын егіндері, биік- биік таулары бар. Осы байлықтарды ата- бабамыз ғасырлар бойы қос білектің күшімен, көк найзаның ұшымен қорғап келді. Қазақтар үлкен қиындықтарды басынан өткізді. Оларды қазақ халқы табандылықпен, үлкен ерлікпен жеңе білді.
Әрбір Қазақстан азаматы айрықша күндерін есте сақтайды және оны мақтан тұтады. 1991 жылдың 16 желтоқсаны қазақ тарихындағы ерекше жыл. Осы жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заңы қабылданды. Биыл біздің тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Қазақ елі үшін ұлы күн. Бұл еліміздің еңбекқорлығының, зиялылығының, достығының нәтижесі.
Қазір Қазақстан егемен, демократиялы, әлеуметті, бүкіл дүние жүзіне танымал мемлекет. Ендігі біздің алға қояр міндетіміз бен мақсатымыз белгілі.Ол- ғылымды дамыту, білімді болу, ана тілімізді, дінімізді сақтау. Тәуелсіздік- бұл біздің келешегіміз.
Тәуелсіз болу – келешек ұрпақ тағдырына, яғни, біздің болашағымызға жауап беру деген сөз. Сондықтан әр Қазақстан азаматы мемлекет тілін білу, дәстүрлерін құрметтеу, өз Отанын қорғауы керек. Себебі, Қазақстан- біздің Отанымыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет