Тәуелсіздік идеясы 1 Ерте заманнан бастау алған тәуелсіздік идеясы



Дата06.01.2022
өлшемі38,69 Kb.
#12217

  1. Тәуелсіздік идеясы

1.1 Ерте заманнан бастау алған тәуелсіздік идеясы
Қазақ әдебиеті тарихының көне дәуірден қазірге дейінгі өткен жолына зер сала қараған адам сол дәуірдің бәрінде де жалғасып, үзілмей келе жатқан бір ұлттық идеяны көреді. Ол - халықтың бірлігі, тәуелсіздік, ешкімге бодан болмай, дербес елдікті сақтау идеясы. Халық сол арқылы өзінің азаттығын, елдік намысын қорғаған. Мұның тегі арғы түрік мұраларынан бастау алатыны даусыз. «Күлтегін» жырында кездесетін «Әкеміз, ағамыз құрған халықтың атақ - даңқы өшпесін деп, түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күн отырмадым» деген жолдар сол халқы үшін өмірін арнаған, жанын қиюға да дайын батырдың кейпін елестетеді. Ол ұлт мүддесі үшін сыртқы жаумен алысып, елінің тұтастығын, бірлігін сақтаған [1, 298 б.].

Таза қазақтық әдебиет туған кезде де, хандық дәуірде осы идея үзілмей жалғасады. Бұқар жырау өзінің «Тілек» өлеңінде құдайдан «Желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, сонан сасып тұрмауды», «Алпыс басты ақорда, ардақтаған аяулың, күнінде біреуге тегін олжа болмауын» тіледі. Бұл да сахарадағы көшпелі, панасыз елге көз тіккен жаулардан сескеніп айтылған тәуелсіздік пен бірліктің сөздері болатын.



ХVIII ғасырдың соңғы ширегімен ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ патшаға бодандығын мойындап қана қоймай, оған отар болуға душар болған, тәуелсіздік үшін күрестің жаңа кезеңін бастан кешкен дәуір болған еді. ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында Ресей патшалығы бұрынғы маймөңкені қойып, қазақ жерін түгел өз меншігі деп жариялады да оны түгел игеру, меншіктеу шараларын іске асырады. Шекара бекіністері, ондағы орыс казачи жауынгерлеріне бұл істі тапсырып, құнарлы қазақ жерлерін өзіне қаратып, оған келімсектерді толтырды. Әскери қару – жарақтың күшін аямай жұмсап, жергілікті халықтың қарсылықтарына аяусыз соққы берді.

Патша өкметінің аталмыш саясатының басты құрбаны қазақ халқы болды. Қазақ халқы, осы патша саясатының айтқанына үн-түнсіз ғана көніп, айдағанымен жүрген жоқ. Елім деп еңіреп туған ерлер бұл аталмыш саясатқа қарсы бас көтеріп, барынша елін қорғауға тырысып бақты. Ол жолда біздің батыр бабарымыз өздерінің жанқиярлық ерліктерін көрсетіп, кескілескен шайқаста өздерінің қандарын төкті.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет