Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет15/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
І. Затсымақ сын.

1) «Аласа» деген сөз

Атау
Іліктеу


Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау



Жекеше:
кім? аласа
кімнің? аласаның
кімге? аласаға
кімді? аласаны
кімде? аласада
кімнен? аласадан



Көбше:
кімдер? аласалар
кімдердің? аласалардың
кімдерге? аласаларға
кімдерді? аласаларды
кімдерде? аласаларда
кімдерден? аласалардан




2) «Семіз» деген сөз

Атау
Іліктеу


Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау



Жекеше:
не? семіз
ненің? семіздің
неге? семізге
нені? семізді
неде? семізде
неден? семізден



Көбше:
нелер? семіздер
нелердің?семіздердің
нелерге? семіздерге
нелерді? семіздерді
нелерде? семіздерде
нелерден? семіздерден

Қысқасы: затсымақ сынның жалғаулары зат-есімнің жалғауларындай айақ дыбысына қарайды.


§13) Затсымақ сын зат-есім сыйақты жай жалғаулары мен де айтылады.
Дағдыландырыу. Затсымақ сын сөздерді алыб жалғаулатыу. Мәселен: арзан, қымбат, асыл, жасық, бай, кедей, басқа сондайлар.


ІІ. Жай сын

1) «Аласа адам» деген сөз





Жекеше:
Атау
Іліктеу
Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау


Көбше:
Атау
Іліктеу
Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау



қандай адам?
қандай адамның?
қандай адамға?
қандай адамды?
қандай адамда?
қандай адамнан?
қандай адамдар?
қандай адамдардың?
қандай адамдарға?
қандай адамдарды?
қандай адамдарда?
қандай адамдардан?



аласа адам
аласа адамның
аласа адамға
аласа адамды
аласа адамда
аласа адамнан
аласа адамдар
аласа адамдардың
аласа адамдарға
аласа адамдарды
аласа адамдарда
аласа адамдардан



2) «Семіз мал» деген сөз



Жекеше:
Атау
Іліктеу
Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау


Көбше:
Атау
Іліктеу
Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау



қандай мал?
қандай малдың?
қандай малға?
қандай малды?
қандай малда?
қандай малдан?
қандай малдар?
қандай малдардың?
қандай малдарға?
қандай малдарды?
қандай малдарда?
қандай малдардан?



семіз мал
семіз малдың
семіз малға
семіз малды
семіз малда
семіз малдан
семіз малдар
семіз малдардың
семіз малдарға
семіз малдарды
семіз малдарда
семіз малдардан

Мұнан жалғаулар сын-есімге жалғанбай соңындағы зат есімге жалғанатұндығы көрінеді:


Дағдыландырыу. Жай сынды сөздерді жалғаулатыу, мәселен: бай қазақ, сараң кісі, қара сыйыр, торы ат, қызыл шапан, ақ көйлек, зійрек бала, басқа сондайлар.

3) «Алтын ақша» деген сөз





Жекеше:
Атау
Іліктеу
Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау


Көбше:
Атау
Іліктеу
Барыстау
Табыстау
Жатыстау
Шығыстау



қандай ақша?
қандай ақшаның?
қандай ақшаға?
қандай ақшаны?
қандай ақшада?
қандай ақшадан?
қандай ақшалар?
қандай ақшалардың?
қандай ақшаларға?
қандай ақшаларды?
қандай ақшаларда?
қандай ақшалардан?



алтын ақша
алтын ақшаның
алтын ақшаға
алтын ақшаны
алтын ақшада
алтын ақшадан
алтын ақшалар
алтын ақшалардың
алтын ақшаларға
алтын ақшаларды
алтын ақшаларда
алтын ақшалардан



Ескертіу. «Қандай ақша?» деген сұраудың орнына «не ақша?» деб де сұралады. Қатта тек сынында «қандай»дан көрі «не» деб сұрау көбірек жұмсалады.
Дағдыландырыу. Тек сынын көрсететүн сөздерді жалғаулатыу, мәселен: күміс қасық, ағаш айақ, қайыс жүген жана басқа сондай сөздерді.


Сын-есімнен тұуған сөздер.

Түбір сын-есімдер заттың сындарын көрсетеді. Нәрсенің сыны қалыпты күйінен тысқары болса, йәкій сыннан өтетүн басқа нәрсе йа іс болса, сын-есіміне әр түрлі жұрнақтар жалғанады.


1) «лау» («леу», «дау», «деу», «тау», «теу») жұрнақ сын-есіміне, анық сол сын еместігін көрсетіу үшін жалғанады, мәселен, «сары» деген сөзге «лау» жұрнағын жалғаб, «сарылау» деб, анық сары еместігін көрсетеміз; «кір» деген сөзге «леу» жұрнағын жалғаб, «кірлеу» деб, анық кір еместігін көрсетеміз; «ұзын» деген сөзге «дау» жұрнағын жалғаб, «ұзындау» деб, онша ұзын еместігін көрсетеміз; «күрең» деген сөзге «деу» жұрнағын жалғаб, «күрендеу» деб, анық күрең еместігін көрсетеміз; «ақ» деген сөзге «тау» жұрнағын жалғаб «ақтау» деб, анық ақ еместігін көрсетеміз; «көк» деген сөзге «теу» жұрнағын жалғаб, «көктеу» деб анық көк еместігін көрсетеміз һәм басқа сондай.
1)Дағдыландырыу.'> Дағдыландырыу. «лау» («леу», «дау», «деу», «тау», «теу») жұрнақтары жалғанарлық сын-есімдер табқызыб, жалғатыу.
2) «шыл» жұрнақ сын-есіміне, сол сынға бейімдігін көрсетіу үшін жалғанады, мәселен: «ақ» деген сөзге «шыл» жұрнағын жалғаб, «ақшыл» деб, ақ түске бейімдігін көрсетеміз; «көк» деген сөзге «шіл» жұрнағын жалғаб, «көкшіл» деб, көк түске бейімдігін көрсетеміз.
Кей сын-есімдерге «шыл» орнына «ғыл», «ғылт» жұрнақтар жалғанады. Мәселен: «сары» – «сарғыл» йәкій «сарғылт», «сұр» – «сұрғыл» йәкій «сұрғылт», «боз» – «бозғыл» йәкій «бозғылт», «қызыл» – «қызғыл» йәкій «қызғылт», «торы» – «торғыл» жана басқа сондайлар.
Кей сын-есімдерге «ғылт» орнына «қылтым» жұрнақ жалғанады. Мәселен: «ашшы» – «ашқылтым», «тұшшы» – «тұшқылтым».
Дағдыландырыу. «шыл», «ғыл», «ғылт», «ғылтым» жұрнақтар жалғанарлық сөздер табқызыб жалғатыу.
3) «лық» («лік», «дық», «дік», «тық», «тік») жұрнақ сын-есіміне, сол сыннан шыққан дерексіз заттың есімін көрсетіу үшін жалғанады, мәселен, «жақсы» деген сөзге «лық» жұрнағын жалғаб, «жақсылық» деген дерексіз заттың есімін көрсетеміз. «Ійгі» деген сөзге «лік» жұрнағын жалғаб, «ійгілік» деген дерексіз заттың есімін көрсетеміз; «араз» деген сөзге «дық» жұрнағын жалғаб, «араздық» деген дерексіз заттың есімін көрсетеміз; «тең» деген сөзге «дік» жұрнағын жалғаб, «теңдік» деген дерексіз заттың есімін көрсетеміз; «тоқ» деген сөзге «тық» жұрнағын жалғаб, «тоқтық» деген дерексіз заттың есімін көрсетеміз; «зійрек» деген сөзге «тік» жұрнағын жалғаб, «зійректік» деген дерексіз заттың есімін көрсетеміз жана басқа сондайлар.
Дағдыландырыу. «лық» («лік», «дық», «дік», «тық», «тік») жұрнақтар жалғанарлық сөздер табқызыб жалғатыу.
4) «шылық» («шілік») жұрнақ сын-есіміне сол күйі қалыб болғандығын көрсетіу үшін жалғанады, мәселен, «тар» деген сөзге «шылық» жұрнағын жалғаб, «таршылық» деб, тар күй, қалыб болғандығын көрсетеміз; «еркін» деген сөзге «шілік» жұрнағын жалғаб, «еркіншілік» деб еркін күй, қалыб болғандығын көрсетеміз жана басқа сондайлар.
4) Дағдыландырыу. «шылық» («шілік») жұрнақтарын жалғарлық сөздер табқызыб жалғатыу.
Ескертіу. «Кішкене» (азғана) деген сын-есімдер қос сөздер: кішкене = кіші, гәнә: азғана = аз, ғана.
5) «ла» («ле», «да», «де», «та», «те») жұрнақ сын-есіміне сол түрде болдырыу үшін жалғанады, мәселен, «жақсы» деген сөзге «ла» жұрнағын жалғаб, «жақсыла» дейміз (жақсы түрде болдырыу үшін); «әдеме» деген сөзге «ле» жұрнағын жалғаб, «әдемеле» дейміз (әдеме түрде болдырыу үшін); «жаман» деген сөзге «да» жұрнағын жалғаб, «жаманда» дейміз (жаман түрде болдырыу үшін); «тең» деген сөзге «де» жұрнағын жалғаб, «теңде» дейміз (тең болдырыу үшін); «ақ» деген сөзге «та» жұрнағын жалғаб, «ақта» дейміз (ақ түрде болдырыу үшін); «тегіс» деген сөзге «те» жұрнағын жалғаб, «тегісте» дейміз (тегіс болдырыу үшін).
5) Дағдыландырыу. «ла» («ле», «да», «де», «та», «те») жұрнақтар жалғанарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
6) «ар» («ер») жұрнақ сын-есіміне сол түрде болыу үшін жалғанады, мәселен: «ақ» деген сөзге «ар» жұрнағын жалғаб, «ағар» дейміз (ақ түрде болыуы үшін); «көк» деген сөзге «ер» жұрнағын жалғаб, «көгер» дейміз (көк түрде болыу үшін).
Бұл жұрнақтар орнына «ай» («ей») жұрнағын жалғаб, «қоңырай» дейміз (қоңыр түрде болыу үшін); «көб» деген сөзге «ей» жұрнағын жалғаб, «көбей» дейміз (көб күйінде болыу үшін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет