Тіл дамыту жұмысында


Шығарманы рәсімдеуге қойылатын талаптар



бет26/32
Дата25.04.2022
өлшемі4.21 Mb.
#32226
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Шығарманы рәсімдеуге қойылатын талаптар

1. Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды.Тақырыпқа цитата алынғанда ғана тырнақша қойылады.

2. Эпиграф парақтың оң жағына тырнақшаға алынбай жазылады. Эпиграфқа алынған жолдардың авторының фамилиясы эпиграфтың астына жақшаға алынбай жазылады.Қай шығармадан алынғанын көрсеткен жағдайда, шығарманың аты тырнақшаға алынып, автордың фамилиясынан кейін үтір қойылып жазылады.

3. «Жоспар» сөзі бар болса, эпиграфтың астына, эпиграф болмаса шығарма тақырыбынан кейін жол ортасына жазылады. «Жоспар» сөзінен кейін нүкте қойылады.

4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.Әрбір бөлім рим цифрымен белгіленеді, онан кейін нүкте немесе жақша қойылмайды.Негізгі бөлім араб цифрларымен (жақшаға алынбай) белгіленген кемінде үш тармақтан тұрады.Әр тармақтың атынан соң нүкте қойылады.Егер шығарма көлемді болса, жоспардың кіріспе, қорытынды бөлімдері де тармақтарға бөлінеді.

5. Шығарма бөлімдерінің, тармақтарының атауларынан кейін нүкте қойылады. Келесі атау бас әріппен жазылады.Егер тармақ тармақшаларға бөлінсе, тармақшаның алдынан қос нүкте, соңынан нүктелі үтір қойылады.Бұл жағдайда тармақша атауы кішкене әріппен жазылады.Соңғы тармақшаның атауынан кейін нүкте қойылып, келесі тармақ не бөлім атауы бас әріппен басталып жазылады.

6. Шығарма бөлімінің, тармақтарының атаулары аз сөзге көп мағына сыйғызуы, мазмұны ауқымды болуы қажет.Мәселен, «Абайдың табиғат лирикасы» деген шығарма тақырыбына ұқсас жалпылама атау жоспардың бөліміне атау бола алмайды.Оның орнына «Абайдың табиғат лирикасының өзіндік ерекшеліктері» деген сияқты атау жазған дұрыс.

7. Жоспар бөлімдерінің атауларында етістік (тұйық райдан басқа) болмайды.Мәселен, «Абай қазақ халқының ұлы перзенті болып табылады» деп жазуға болмайды. «Абай – қазақ халқының ұлы перзенті» деген дұрыс.

8. Жоспар тақырыптары сұраулы сөйлем болмағаны жөн.

9. Егер жоспарда цитата қолданылса, оны тырнақшаға алып, автордың фамилиясын цитатаның соңынан жақшаның ішіне жазу қажет.

10. Шығарма жоспарға сәйкес азат жолдар арқылы жазылады.

11. Шығарма жоспардан кейін жаңа жолдан бастап жазылады.

12.Шығармада кездесетін мезгіл көрсеткіштері цифрлармен; ғасыр – рим цифрларымен; жыл, күн – араб цифрларымен, басқа сандар сөзбен жазылады.

Ғасыр атауы араб цифрымен жазылмайды, жазылып кетсе, қатеге саналмайды, ол үшін бағаны төмендетуге болмайды.

Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.

13.Цитатаны жазуда тыныс белгілерінің ережелерін басшылыққа алу қажет.Поэзиялық цитаталар, жыр шумақтары жол ортасына тырнақшаға алынбай жазылады.

14.Шығарма таза, ұқыпты әрі анық жазылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет