«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015 тіл және қОҒам №3 (41) / 2015 альманах



жүктеу 2.58 Mb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата15.03.2017
өлшемі2.58 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
86
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
категориялардың  негізінде  жатқан  когнитивті  құрылымдар  қолда- 
ныспен  бекітілген.  Бұл  мұғалімнен  кейінгі  қайталау  арқылы  қолдану 
емес, өмірде, күнделікті тірлікте әртүрлі сезімдік әсермен, жағдаймен 
байланысты  қолданылып  бекіген  ақпарат.  Сондықтан  өткен  шақ 
түрлерін оқушыда қалыптасқан когнитивті құрылымдардың негізінде 
белгілі  бір  тәртіппен,  жүйемен  ұсыну  грамматикалық  категорияны 
қабылдауды қиындықтардың алдын алып, оқушының жаңа ақпаратты 
дұрыс  қабылдауына,  қолдануына  мүмкіндік  береді.  Бұны  әдістеме 
ғылымында когнитивті бағыт деп атайды.
Оқулықтар  мен  бағдарламалар  грамматикалық  категорияларды 
түсіндіргенде,  функционалды  семантикалық  принципті  басшылыққа 
алдық деп мәлімдегенімен, тілдік форманың қолданысын толық ашып 
бере алмай жатады. Оның түрлі себептері бар. Ең бірінші орыс тілінде 
сөйлейтін  балада  етістіктің  шақ  түрлері  туралы  осы  шақ,  өткен  шақ, 
келер шақ деген ұғым бар. Ал өткен шақтың жедел өткен шақ, ауыспалы 
өткен  шақ,  бұрынғы  өткен  шақ,  неғайбіл  өктен  шақ  деген  түрлері 
туралы ақпарат жоқ. Сондықтан өзі білетін үш шақтың қазақ тілінде 
сегіз түрге бөлінуін қабыладу қиын. Ал, шындығында солай ма? Қазақ 
тілінде де үш шақтың түрі бар. Олар осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Ал олардың әрқайсысының іштей жіктелуін түрленуі деп қарастыру 
керек.
ауыспалы
нақтылық
 болжау
осы шақ
ауыспалы осы шақ
 нақ осы шақ
өткен 
шақ
ауыспалы өткен шақ  жедел өткен шақ
 неғайбіл өткен шақ
келер 
шақ
ауыспалы келер шақ  мақсатты келер 
шақ
болжалды келер шақ
Орыс тілінде шақ түрлері
шақ
неопределенный вид
определнный вид
1
2
3
Настоящее  Я хожу учусь
Я иду
учу
прошедшее  Я ходил учился
Я шел
учил
 Я сходил 
будущее
Я буду ходить
учиться
Я буду идти
учиться
Я схожу
Қазақ  тілінде  шақ  түрлері  қандай  принцип  негізінде  жіктеледі? 
Шақ  түрін  анықтауға  контекстің  қатысы  ауыспалы  шақ  түрлерін 
қалыптастырады. Яғни бір форманың әрі осы шақты , әрі келер шақты 
білдіруі  тек  контекст  арқылы  ажыратылады.  Сонда  бір  форманың 

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
87
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
бірнеше  қызмет  атқаруы  қазақ  тілінде  шақ  категориясын  жасауда 
лексикалық  біріліктердің  жетекші  қызметке  ие  екендігін  көрсетеді. 
Өйткені шақ формалары сөйлемше аяқталған сипат беріп, оның жақ 
жағынан берілуін қамтамасыз ететін сияқты. 
Келесі жіктелім болжалды және нақтылық түрлері етістіктің семан- 
тикасымен  емес,  сөйлеушінің  әрекетке  қатысты  беретін  бағасымен 
байланысты.  Біреу  үшін  бір  әрекет  нақты  болса,  біреу  үшін  оның 
орындалуы күдік туғызуы мүмкін. Бұл жерде сөйлеуші адамның танымы 
мен  сөйлеу  жағдаятының  қатысы  айқын  көрінеді.  Яғни  әрекет  нақты 
сөйлеу  жағдаятында  бар  прсуппозияцияларға  сай  іске  асуы  немесе 
аспауы мүмкін. Ал әрекеттің нақтылануы тағы да сөйлеу жағдаятымен 
байланысты.  Егер  әрекеттің  орын  алған  /алмағанын  нақтылау  керек 
болса, өткен шақтық мағына нақтылау мағынасына қабаттасып жеткі- 
зетін есімше формасы арқылы немесе болжау, күдік мағынасын үсте- 
мелеп жеткізетін көсемшенің формасымен беріледі. Бірақ бәрі өткен шақ 
мағынасын жеткізеді. Сондықтан оқушыға түсіндіруде туатын қиындық 
шақ  категориясын  түсіндіруде  когнитивті  бағытты  ұстанбауында, 
шақ  түрлерінің  сөйлеу  жағдаяты,  оның  шарттары,  сөйлеуші  адамның 
когнитивті кеңістігі тұрғысынан түсіндірілмеуімен байланысты.
Етістіктің  шақ  категориясы  -  адамның  өмірде  жинақтаған  тәжі- 
рибесін  жеткізетін  категория.  Ол  тек  әрекеттің  болу  уақытын  емес, 
сонымен қатар сөйлеушінің өмірде жинақтаған тәжірибесін жеткізуге 
көмектесетін  категория.  Түсінікті  болу  үшін  мынадай  жағдайды  алып 
қаралық. Есікті біреу қақты. Бала барып есікті ашты. Егер отбасының 
мүшесі болса, айталық іссапарға кеткен әкесі, немесе мектептен келген 
бауырлары бала « әкем келді, ағам келді, атам келді» деп жауап береді. 
Субьект  келіп  тұр,  ал  хабарлағанда  «келді»  деп  жедел  өткен  шақта 
айтамыз. Енді есікті көршінің баласы қағып тұр деп есептейік. Онда бала 
көрші апа келіп тұр, немесе Саша келіп тұр» деп жауап береді. Сонда 
бірдей әрекетті жеткізуде неге екі түрлі шақ түрі қолданылады? Оны 
когнитивті ұстаным ғана түсіндіре алады. Әкесі іссапарға кеткен балаға 
әкесін көруі «келді» етістігі арқылы берілген. Ол әкесін көріп тұрғанын 
«келді»  етістігі  арқылы  беріп  тұр.  Мен  әкемді  көріп  тұрмын  деген 
мақсаты «әкем келді» сөйлемі арқылы жетті. Ал көрші бала келгенде, 
оның  келуі  күтілген  жоқ,  көрші  отбасы  мүшесі  емес,  оның  келуі  бір 
мәселесімен  байланысты.  Ол  үйге  келу  үшін  келген  жоқ.  Сондықтан 
келіп тұр» деп нақ осы шақты қолдану келген адамның бір нәрсені айту, 
сұрау  үшін  келгені  анық.  «Келу»  екінші  негізгі  мақсат  әрекеттің  тек 
басталуы ғана сияқты. Сондықтан «келіп тұр» деген етістік әрекеттің 
әрі қарай жалғасатынын жеткізетіні белгі сияқты. Ал енді мына жағдай: 
Анасы: Кім келді? Баласы: Сәуле ғой келген. Бұнда есімшенің өткен шақ 
жұрнағы қолданылған. Әрекет бір уақытта болып тұр. Бұрынғы өткен 
шақта тұр деп айтуға болмайды. Бір сөйлеу жағдаятында бір адамның 
бірнеше  шақ  түрін  өзгертіп  қолдануы  тағы  да  когнитивті  бағыт  ғана 
түсіндіре алады. Өйткені бұнда шақ түрлерін анықтайтын лексикалық 

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
88
«Тіл жəне қоғам» №3 (41) / 2015
бірліктер  жоқ.  Бұнда  адамның  жинақтаған  тәжірибесі,  танымда 
қалыптасқан білім жиынтығы ғана шақ категориясының бір жағдайды 
бірнеше формада жеткізуін анықтап тұр. Сәуле баланың апасы, ол күнде 
сабақтан  келеді.  Бұл  әрекет  үнемі  қайталанады.  Сөйлеу  жағдаятында 
басқа адам да келу керек. Сәуле олар күткен адам емес. Келген адамды 
нақтылау,  хабарлау  үшін  есімшенің  өткен  шағы  қолданылған.  Сонда 
етістік шақтарының қолданылуын қазақ тілін үйрету барысында қалай 
түсіндіруге болады? Тіл үйренуші адам тілдің құрылым туралы жүйелі 
білімді керек етеді. Және ол білім барлық жағдайға жауап беру керек. 
Бұл жерде қандай критерийлер ұсынуға болады? 
Бірінші тәжірибе. Әрекеттің қайталанбалы, тұрақты сипаты.
Екіншіден,  ақпараттың  жанама  немесе  себеп-салдарлық  байла-
ныстың болуы, бір әрекет екінші әрекетті туғызады. Сөйлеген уақытта 
біз өзіміз білетін, бақылып жүрген, не біреуден естіген ақпараттарды 
жеткіземіз. 
Мысалы, 
Ол ойнайды, ол күні бойы ойнап жүр. Ол үнемі далада ой-
нап жүреді. Ол ойнап жатыр. Ол ойнады .Ол күні бойы далада ойнаған.
Сөйлемдерде  берілген  әрекеттің  сипатына  қарайық.  Сөйлеуші 
әрекетті қалай жеткізіп тұр? Көруші адам ретінде ( ойнайды, ойнап, 
ойнады), бақылаушы ретінде (ойнап жүр, ойнап жатыр, ойнаған). 
Келесіде  сөйлеуші  адамның  айтылған  ақпаратқа  қатысы  тұрғы-
сынан етістік тұлғасын қолданудың механизмін талдап көрелік. 
 Сызбаның негізінде мына сөйлемдерге талдау жасайық:
Мен  университетке  метромен  барамын.  Оның  жанында  метро 
станциясы орналасқан. 
Бірінші  сөйлемде  сөйлеуші  субьект  қатысушы  адам.  Ол  әркетті 
орындайды. Ал екінші сөйлемде ол бақылаушы . Сондықтан екі сөйлем бір 
жағдаятты, бір орынмен байланысты болса да, екі түрлі формамен беріліп 

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
89
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
тұр.  Әрине,  оқушы  қатысушы  мен  бақылаушының  қызметін  ажырата 
қоюы қиындау шығар. Бірақ сөйлем түрлері де , жағдаятта шексіз емес, 
олар  қайталанады,  ұқсайды.  Сондықтан  сөйлеу  жағдаятын  типтендіру, 
категоризациялауға болады. Ал категоризация жүйені қалыптастырады.
Әдебиеттер
1. Леонтьев А. А. Эвристический принцип в восприятии, порождении 
и усвоении речи//Вопросы психологии. 1974. - №5. 
2.  Карасик  В.И.,  Языковой  круг:  личность,  концепты,  дискурс. 
Волгоград: Перемена, 2002. – 357 с.
3.  Зимняя  И.А.,  Педагогическая  психология.  –  М.:  Издательство 
МОДЭК, 2010. – 448 с.
4. Падучева Е.В.Семантические исследования.Семантика времени 
и вида в русском языке. М.,1996
5. Ы.Маманов. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы, Арыс,2007
6.  Е.В.Петрухина.Когнитивные  модели  времени  в  русской  грам- 
матике.
3. Основные направления в методике преподавания иностранных язы- 
ков в XIX-XX веке / под. ред. Рахманова И.В. – М.: Педагогика, 1972.

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
90
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
М
ақалада тілді шет тілі ретінде оқытудың әдістемелік негіздері 
қарастырылады.  Автор  оқытудың  мазмұны  мен  ғылыми-
теориялық зерттеулерге негізделген әдіс-тәсілдері тіл үйретудің негізгі 
ұстанымдарын  айғақтайтынын  айтып,  қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде 
оқытудың негізгі ұстанымдары мен ерекшеліктерін сипаттайды.
Оқытудың  негізгі  мақсаты  –  тіл  меңгерушінің  коммуникативтік 
құзыреттілігін  қалыптастыру  болғандықтан,  бұған  қолжеткізу  үшін 
лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-мәдени, дис- 
курстық құзыретттері тыс қалмайтыны айтылады. 
Тілді  шет  тілі  ретінде  оқыту  үш  маңызды  элементтен  құралады. 
Бұлар:  оқу  материалы,  оқытушы  және  оқыту  әдісі.  Оқу  материалын 
оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сай сұрыптау, оны тіл меңгеру- 
шіге  електен  өткізілген  әдіс-тәсілдермен  ұсыну  тіл  оқытуда  шешуші 
фактор  болып  табылады.  Оқытушы  әдіскерлердің  тіл  меңгертудегі 
ғылыми зерттеу нәтижелері теорияның практикадағы көрінісі болмақ. 
Әдіскер зерттеушілер бұл мәселені шешуі үшін көптеген мақсаттар 
мен міндеттерді саралап нақтылауы тиіс. 
Қазақ тілін оқыту 
ұстанымдары
Гүлбағиза МҰСАЕВА
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті,
филология ғылымдарының кандидаты

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
91
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде  үйренетін  оқушы  кең  көлемдегі 
құзыреттіліктерді  меңгеруі  тиіс.  Осы  орайда  тіл  оқытудың  негізгі 
ұстанымдарын ажыратып, нақтылау – мақаламыздың мақсаты. Олар: 
тілдік білімнің сұрыпталу ұстанымдары, оқытудың ғылыми-әдістемелік 
ұстанымдары  [1].  Шет  тілі  ретіндегі  сабақтың  әрқайсысында  тілді 
одан  әрі  тереңдете  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  тілдік  білімнің 
негізі  қалануы  тиіс.  Олай  болса,  оқытудың  негізгі  идеясын  тілдік 
материалдың мазмұнымен оны ұсынудың әдіс-тәсілдерін анықтайды. 
Мазмұн мен ғылыми зерттеуге негізделген әдістеменің бірлесе жұмыс 
істеуі,  олардың  бірін-бірі  толықтырып  отыруы  оқытуға  қойылатын 
негізгі талаптардың бірі [2;3;4].
Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тіл үйренушінің коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыру.
1. Тілді оқытудың ғылыми ұстанымы –негізгі мақсатқа қолжеткізу 
үшін арнайы ғылыми-теориялық зерттеудің нәтижесіне құрылған тіл 
меңгертудің  әр  деңгейіне  қажетті  грамматикалық  білім  мен  сөйлеу 
материалдарын сұрыптау және оны жүйелі түрде ұсыну.
2.  Оқытудың  жүйелілік  ұстанымы.  Оқыту  мазмұны  негізгі  тілдік 
қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыс,  әлеуметтік-мәдени  салалары 
бойынша  материалдардың  тақырыптық  топтастырылу  әдісімен 
құрылуы тиіс. Ұсынылатын тілдік материал әр сабақта қарапайымнан 
күрделіге  ұстанымы  бойынша  жүйелі  кезеңдерден  құрала  отырып, 
берілетін материалдың спиральды дамуын қамтамасыз ете алуы тиіс. 
Оқыту жүйесінің мұндай ұстанымы бірізділікке  қолжеткізеді. 
3. Түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану ұстанымы. 
Біріншіден, 
коммуникативтік құзыреттілік
  
тәсіл. Екінші тілдің неме- 
се  шет  тілінің  қарым-қатынастық,  яғни  функционалдық  қызметін 
оқыту.  Оқыту  сөйлеу  әрекетінің  төрт  түрі:  тыңдалым,  оқылым, 
жазылым, айтылымды (диалогтық және монологтық) меңгерте отырып, 
коммуникативтік  құзыреттіліктің  бірнеше  түріне  дағдыландыру  мен 
оны  қалыптастыруға  бағыттауы  тиіс.  Коммуникативтік  құзыреттілік 
өз аясында:
 
лингвистикалық
 (грамматикалық білім және сөздік қор);
 
әлеуметтік лингвистикалық
  (тілдік  қарым-қатынасқа  түсу  үшін 
мақсат пен жағдаятқа  сай тілдік формаларды таңдай білу);
 
дискурстық
 (коммуникативтік айтылымдарды түсіну және соған 
сай тілдік құралдарды таңдап қолдана білу);
 
стратегиялық
  (вербалды,  вербалды  емес  құралдарды  қолдана 
білу);
 
әлеуметтік-мәдени
  (осы  тілде  сөйлейтін  халықтың  әдет-ғұрпын, 
мәдениетін білу) сияқты негізгі түрлерін қамтиды. 
Екіншіден, 
жеке  тұлғаға  бағытталған  тәсіл
  –  жеке  тұлғалардың 
әлеуметтік-мәдени,  эмоционалдық  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
жекелік жұмыстармен қамтамасыз ету. Бұл жұмыстар тілді меңгерту 
үдерісінде  берілген  жаттығулар  жүйесінің  алуан  түрлілігімен 

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
92
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
анықталады.  Жаңа  тілде  қарым-қатынас  практикасы  үшін  беріл- 
ген  тапсырмалардың  саны  мен  түрінің  көптігі,  тапсырмаларды 
орындаудағы  коммуникативтік  талаптың  нақты  қойылуы,  сөйлеу 
жағдаяттарына орай лексика грамматикалық құрылымдардың таңдап 
алынуы мен оның реті жеке тұлғаның тілді тосқауылсыз меңгеруіне 
жағдай жасай алады [5].
Үшіншіден, 
құрылымдық  тәсіл.
  Оқытуда  грамматикалық  білімді 
неғұрлым  азайта  отырып,  сөйлеу  құрылымдарын  көбейту.  Берілген 
құрылымдар:  модельдер,  сөйлеу  үлгілері,  сөйлем  типтері  сияқты 
дайын  формалдық  құрылымдармен  жұмыс  істеу.  Коммуникативтік 
мақсатты көздеген қажетті тілдік материал қарапайымнан басталып, 
біртіндеп күрделене түсуі тиіс.
4.  Кешенділік  ұстанымы.  Тілді  меңгертуде  сөйлеу  тілінің  бүкіл 
аспектісі  тыңдалым,  оқылым,  жазылым,  сөйлесім  бір-бірімен  бай- 
ланыста  қамтыла  отырып,  әрқайсысын  қалыптастыруға  бағыт- 
талған толыққанды жұмыс түрі жүргізілуі тиіс. Әр әрекеттің өзіне тән 
ерекшеліктерін сақтай отырып, кешенді жұмысқа құрылған оқыту өз 
көздеген мақсатына қолжеткізеді.
Тәжірибеде  расталғандай,  бұл  аспектілердің  ішінде  тыңдалымның 
салмақ-үлесі  басымырақ  болып  отыр. 
Тыңдап  түсіну
  естіген  шет 
тілдік хабарды 
естіп, түсініп, қабылдауды
 білдіреді. Тыңдап түсінудің 
механизмі күрделі үдеріс.  
Оқытудың мақсатына жету үшін студент шет тілін түсініп ауызекі 
сөйлеу актісіне қатыса алуы тиіс. Алайда тәжірибеде тіл үйренушілер 
ауызекі  сөйлесуде  ауызша  хабарды  түсініп  қабылдауда  үлкен 
қиындықтарға  кездеседі.  Оның  себебі  бұл  сөйлеу  әрекеттерінің 
ішіндегі  сөйлесушіге  байланысты  құбылыс  емес.  Тыңдаушы 
сөйлеушінің сөйлеу үдерісін бақылай алмайды. Хабардың мазмұнын, 
тілдік  құралдарды  сөйлеуші  өзі  таңдайды,  сондықтан  тыңдаушы 
берілген мәліметті сол күйінде қабылдауға мәжбүр болады. Тыңдаушы 
бұл  әрекетте  ештеңені  өз  мүмкіндігіне  орай  өзгертіп  хабарды 
қабылдауын  оңайлата  алмайды.  Сондықтан  тыңдап  түсіну  күрделі 
психикалық әрекет болғандықтан, әдетте тез қажытып, тыңдаушының 
назарын бәсеңдетеді.
Түсініп  тыңдау  сөйлеу  әрекетінің  бір  түрі  ретінде  болғанымен  де, 
тіл үйренуде ең маңызды рөл атқарады. Себебі  тыңдап, естіп, түсініп, 
қабылдамаған жағдайда, сөйлеу де, жазу да, оқу да болмайды. Хабарды 
қабылдамаған  жағдайда  оған  ауызша  жауап  қайтара  алмайды, 
дыбыстар  легін  ғана  естіп,  сөздің  мағынасын  түсініп  қабылдамаған 
жағдайда  жаза  да  алмайды,  тіпті  оқу  әрекетінде  тіл  үйренуші  іштей 
оқып  отырса  да,  өзінің  ішкі  дауысын  естіп  түсінбесе,  дұрыс  оқыған 
нәрсенің  мазмұнын  түсіне  де  алмайды.  Сондықтан  тыңдап  түсіну 
басқа  сөйлеу  әрекеттерімен  тығыз  байланысты  болғандықтан, 
әсіресе, коммуникативтік бағыттағы шет тілін үйренуде маңызды рөл 
атқарады.

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
93
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Сондықтан да, біздің ойымызша, тілді жаңа бастап үйренушілерге 
тыңдалым  үшін  ұсынылатын  тілдік  материал  арнайы  құрылғыға 
жазылып, таза және анық дыбысталған болуы тиіс. Алғашқы сабақтан 
бастап тіл үйренуші әрбір дыбысты, сөзді, сөздің жалғау жұрнақтарын, 
содан  келе,  сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерді  анық  естіп  түсіне  алса 
ғана, өз мақсатына қолжеткізбек. Тіл оқытудың А2 деңгейлеріне таяу 
келгенде  ғана,  тыңдалым  аутентикалық  материалдар  болса,  оқушы 
игеріп алып кете алатыны тәжірибеде көрініп отыр.  
Яғни  тіл  үйренудің  бұл  деңгейінде  түсініп  тыңдауға  үйретуде  
аутентикалық  аудитивтік  материалдарда  түрлі  дыбыстар:  көлік 
дыбысы,  түрлі  дауыстар,  телефон  шылдыры,  музыка  т.б.  шулардың 
болғаны  дұрыс  деп  табады.  Бұл  тіл  үйренушілерге  меңгеру  үшін 
берілген  жағдайлардың  ерекшеліктерін  түсініп,  түрлі  шу  арасында 
естілген сөзді ұғу дағдыларын қалыптастыра алады. 
Алғашқы  кезеңде 
оқылым  мен  жазылым
  дағдысын  тіл  меңгеруші 
сабақтың  өн  бойында  берілген  түрлі  жаттығулардың  көмегімен 
қалыптастыра алады. Оқыту мазмұнының күрделене дамуына қарай, 
оқылым  мен  жазылымды  қалыптастыру  жолдары  да  ерекшелене 
бастауы тиіс. Қарапайым бір сөйлемнен бастап құрылған мәтін түрлері 
үлкен әңгіме, баяндама, реферат т.б. түрінде көрінуі тиіс. 
Күнделікті  сабақта  жүргізілетін  оқылым,  жазылым  түрлерімен 
қатар,  материалдың  мазмұнына,  даму  қарқынына  негізделген  өз 
бетімен оқу мәтіндері, түрлі жобалық тапсырмалар арқылы берілген 
жазылым  тапсырмалары  да  болуы  тиіс.  Оқытудағы  мұндай  жұмыс 
түрлері тіл үйренушінің лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, 
әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді. 
Сөйлесім  мен  тыңдалым  –  егіз  әрекет.  Тыңдалым  қалыптаспаған 
жағдайда  сөйлесім  қалыптаса  алмайды.  Тыңдалым  дұрыс  жолға 
қойылған  болса,  сөйлесімді  жетілдіру  үшін  тіл  үйренушілерге    жаңа 
сабақты  бекіткеннен  кейін,  өз  ойын  еркін  айтқызуға  бағытталған  
жағдаяттық  тапсырмалар  беріліп  отырғаны  дұрыс.  Сөйлесім  –  бұл 
оқытушының  осы  сабағында  жүргізілген  бүкіл  әдіс-тәсілдерінің 
жемісін  көрсетеді.  Сөйлесімге  қолжеткізу  үшін  оқытудың  әр 
сабағының  жаттығу  жүйесі  қарапайымнан  күрделіге  ұстанымы 
бойынша  құрылуы  тиіс.  Жаттығудың  түрлері  төмендегідей  ретте 
болғаны дұрыс.
1. 
Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар
:
•  имитативтік  –  (қайталап  айту)  шартты  –  коммуникативтік 
бағытта;
• орнына қою– тілдік дағдыны қалыптастыру мен автоматтандыру 
үшін; 
• трансформациялық – сөйлемдерді өзгертіп қайта құруға арнал- 
ған;  сөйлемдерді  толықтыру,  кеңейту,  қосу;  ұқсас  сөйлем  құрау, 
дайын фразаларды әр жағдайға байланысты сөйлемге қосу т.б.

ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
94
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
2. 
Сөйлеу дағдыларын жетілдіру жаттығулары:
• шартты сөйлеу– оқу материалы негізінде;
• сөйлеу– шынайы қарым-қатынас үлгісі;
• респонсивті   – сұрақ-жауап, репликалық және шартты сөйлесу 
жаттығулары;
• ситуативтік – бір жағдаятты сипаттау;
• рөлдік ойындар  – әлеуметтік – тұрмыстық, кәсіби.
3.
  Сөйлеу  біліктілігін  дамыту  жаттығулары,  яғни  репродуктивтік 
жаттығулар:
• мазмұнын айту;
• сипаттау – көрген фильм, сурет т.б. бойынша әңгімелеу;
• драмалау – мәтінді рөлге бөліп айту;
• дискутивтік – бір мәселені талқылау;
• ауызша әңгімелеу – берілген тақырып бойынша;
• инициативтік – сұхбат алу.
Тілді меңгеру мақсатында оқыту – жан-жақты дайындықты қажет 
ететін күрделі үдеріс екен. Мақаламызда оқытудың негізгі мазмұндық 
және құрылымдық параметрлерін көрсете алатын негізгі ұстанымдар 
мен  бірқатар  дидактикалық  және  әдістемелік  ерекшеліктер  ұсы- 
нылды.  Бұл  параметрлерге  оқытудың  бүкіл  компоненттерінің  өзара 
сабақтастығы,  олардың  оқу  үдерісінің  талаптарына  сай  болуы, 
қойылған  мақсаттың  және  нысананың  нақтылығы  және  оқыту  әдісі 
жатады [7].
 
Әдебиеттер
1. Гез Н.И. и др. Методика обучения иностранным языкам в средней 
школе / Н.И. Гез, М.В. Ляховицкий. - М.: Просвещение 1982. 
2. Демьяненко М.Я. Основы общей методики обучения иностранным 
языкам / М.Я. Демьяненко, К.А. Лазаренко и др. - Киев, Высшая школа, 
1976. 
3. Колесникова И.Л. Англо-русский терминологический справочник 
по методике преподавания иностранных языков: справочное пособие.- 
М.: Дрофа, 2008. 
4. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики. - М.: Просве- 
щение, 1989.
5.  Сметанина  М.Н.  Английский  язык.  Базовый  курс:  учебное 
пособие  для  студентов-заочников  1-2  курсов  неязыковых  факуль- 
тетов  педагогических  вузов.  –  Челябинск:  Изд-во  Челяб.  гос.  пед. 
ун-та, 2010.
6. Г. Мұсаева. Қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді меңгеру динамика- 
сы. Алматы, «Қазақ университеті», 2013. 
7. Беспалько В.П. Теория учебника: дидактический аспект. М., 1988.

МЕРЕЙТОЙ_95_«Тіл_және_қоғам»'>МЕРЕЙТОЙ
95
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Б
үгін атақты қазақ ақыны марқұм Абай Құнанбаевтың опатына 
дәл он жыл толды. Егер Абай қазақтан өзге оразды жұрттардың 
бірінің  ақыны  болса  сегіздегі  баласынан  сексендегі  шалына  шейін 
түгел  атына  қанық,  сөзімен  таныс  болар  еді,  елі  туғанына  сүйініп, 
өлгеніне тегіс күйінер еді. Опатына 10, 25, 50, 100 жыл толған сайын 
бүгін жұрт ескеріп, матбуғаты қайнап, есімін мәңгіге шейін қалдыруға 
өшпес белгілер орнатып, құрметіне неше түрлі ізгі жайлар ашар еді.
Не  шара!..  Біздің  жұрт  әлі  күнге  шейін  мәдениет  басқышының  ең 
төменіне аяқ баса алмай тұр. Қазақ әдебиетінің атасы хакімінде тарихта 
Абай
Міржақып ДУЛАТОВ
Алаш қайраткері
Үстіміздегі жылы хакім Абайдың туғанына 170 жыл 
толуы аталып өтуде. Алаш қайраткері Міржақып 
Дулатов ұлы ақынның өмірден өткеніне он жыл толуына 
арнап, «қолда барда алтынның қадіріне жетпейтін» 
қамсыздығымызға ашына отырып, «Қазақ» газетінде 
мазмұнды мақала жариялаған болатын. Біз оқырманға 
ой салатын, тебіреніске толы осы мақаланы  көпшілік  
назарына ұсынуды жөн көрдік.

МЕРЕЙТОЙ
96
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
аты  алтынмен  жазыларлық  Абай  Шыңғыс  тауында  туып,  Шыңғыс 
тауында 60 жылдық өмірін өткізіп, сол Шыңғыс тауында өлді. Туғанын, 
жасағанын, өлгенін өз елі тобықтыдан басқа қазақтың көп жері білмей 
де қалды. Осы заманда осы үш ауыз сөздің басын құрай білетіндердің 
жазулары тасқа басылып, халыққа тарап, сынға түсіп тұрғанда, Абай сөзі 
өзі өлгеннен кейін бес жыл өткенде басылды. Абай кітабы басылғаннан 
соң да елге көп тарай алмады, былтырдан бері ғана «Қазақта» Абайдың 
кім екендігі жайынан жазылған соң қазақтың әр жерінен сұраушылар 
бола бастады. Абай сөзі өзінің тірі күнінде басылмау себебін, өлген соң 
да балалары неге тез бастырмағанын анық білмейміз. 1904 жылы июнь 
айының басында Омскіге барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш 
Ахмет Байтұрсыновтан көрдім. Сонда Байтұрсынов айтты: «Естуімше 
Абай  өзі  өлеңінің  басылып  шығуын  тілемейді  һәм  бастыруға  ешкімге 
рұқсат бермейді екен, күз Қарқаралы қаласына барамын, содан әдейі 
бұрылып  Абайға  сәлем  беремін,  танысамын  һәм  өлеңдерін  бастыру 
жайынан сөйлесемін» деп. Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады. Абай 
өмірі күзге жетпей, сол июньнің 23-інде опат болды.
1905 жылы «Семипалатинский листок» газетасында һәм онан кейін 
Семейдегі  Географическое  обществоның  шығарған  бір  кітабында 
Әлихан Бөкейханов Абайдың тәржімә халін жазды һәм кешікпей кітабы 
да басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады, 1909 жылы Абайдың 
балалары һәм өлілерінің ризалығы һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай 
кітабы  Петербургта  Бураганский  баспаханасында  басылып  шықты. 
Бұл күнгі қолымыздағы кітап сол бірінші баспасы.
Бүгін  Абай  секілді  атымен  қазақ  халқы  мақтаныш  етерлік 
ақынымызды  арамыздан  жоғалтқанымызға  10  жыл  толуын  еске 
түсіріп,  халқымыздың  мұндай  адамының  қадірін  білмеуін  айтып 
қана  өтеміз.  Тәржімә  халі  өткен  жылы  «Қазақтың»  39,  41  һәм  43 
нөмірлерінде,  бұрын  өз  кітабында  һәм  Географическое  общество 
кітабында жазылғандықтан, бұ жолы жазбаймыз.
Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін 
көрсетуге  толық  жарайды.  Себебі  қазақ  басқа  жұртпен  үзеңгі 
қағысып, тең халық болып жасай алмауы тарихы, әдебиеті жоқтықтан. 
Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап 
ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, 
жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны әдебиет, жансыз 
тән жасымақ емес. Қайдан өрбігенін, қайда өскенін, ата-бабалары кім 
болғанын, не істегенін білмеген жұртқа бұл талас-тартыс тар заманда 
арнаулы  орын  жоқ.  Сондықтан  Абайдың  аты  жоғалуы,  мұнан  кейін 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет