«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015 тіл және қОҒам №3 (41) / 2015 альманах



жүктеу 2.58 Mb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата15.03.2017
өлшемі2.58 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

МЕРЕЙТОЙ
97
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
де шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың 
жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей.
Соның  үшін  жиырмасыншы  ғасырдың  таңында  халқымыздың 
ұйқыдан  азырақ  бас  көтеруі,  жас  әдебиетіміздің  өсуі,  белгісіз 
кісілеріміздің  тірлігінде  һәм  өлген  соңында  мәңгі  ұмытылмастай 
болуы  біздің  бірінші  ескеретін  борышымыз.  Әдебиетіміздің  негізіне 
қаланған  бірінші  кірпіш  Абай  сөзі:  Абай  аты  боларға  керек.  Абайға 
шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті 
дерлік  бір  нәрсе  болған  жоқ  еді.  Абайдың  бізге  қымбаттығы  да  сол. 
Бәлки мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, 
бірақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, 
алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай.
Орыста бірнеше жазушы Ломоносов, бір балықшының баласы еді. 
Онан  кейін  сан  жүйріктер  шығып  жатыр,  сонда  да  орыс  әдебиеті- 
нің тарихында бірнеше орын, бас бәйге Ломоносовқа арнаулы. Неше 
жүз  жылдан  бері  Ломоносовтың  атын  орыс  халқы  көңілінде  һәм 
тілінде сақтап келеді. Мұнан соң мың жылдар өтсе де оған көрсетілген 
қадір-құрметтері артпаса, кему жоқ. Біз де Абайға сол көзбен қарауға 
керек. Абайдың есімін, сөзін өте құрметтеп ұмытпастай басына белгі 
орнатып, құрметіне ізгі жайлар ашарға керек.
Бір-екі  ай  мұнан  бұрын  Семей  қаласында  білімді,  жүрегінде 
жалыны  бар  бірнеше  азаматтар  Абай  құрметіне  құрметхана  ашады 
деп  естіп  қуанып  едік,  сол  хабардың  жандануына  тілектеспіз.  Бұл 
туралы өрнекті басшылықты әуелі Семей халқынан күтеміз. Өткен 26 
январьда Семей қаласында Географическое общество, ондағы оқыған 
қазақ  жастарының  жәрдемімен,  Абай  құрметіне  әдебиет  кешін 
жасағандығы. Семей халқынан күткен үмітімізді күшейтуге зор дәлел 
болса  керек.  Ол  кеш  бірінші  қазақ  ақынының  құрметіне  жасалған 
бірінші қазақ әйелі (Нәзифа ханым Құлжанов жамағатының) майданға 
түсіп берген өрнегі еді.
Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, 
қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең 
мағыналы  асыл  сөз  атадан  –  балаға,  немереден  шөбереге  үзілмей 
сақталуын  тілейміз.  Зәредей  шүбә  етпейміз,  Абайдың  өлген  күнінен 
қанша алыстасақ, рухани сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұр- 
мас,  халық  ағарар,  өнер-білімге  қанар,  сол  күндерде  Абай  құрметі 
күннен-күнге  артылар,  «Бірінші  ақынымыз»  деп  қабірін  халқы 
жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жал- 
ғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...

МЕРЕЙТОЙ
98
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Қ
азақ  хандығы  тарих  сахнасына  шыққанда,  оған  қызмет  еткен 
тіл – қазақ тілі болды, өйткені бұл тіл – осы хандықты құраған 
қаңлы,  қыпшақ,  алшын,  арғын,  найман,  керей,  жалайыр,  тағы  басқа 
да ру-тайпалар сөйлейтін тіл болды. Қазақ тілі аталған ру-тайпаларды 
бір-бірімен табыстыратын ұйытқы хандықты құраған күштердің бірі 
болған  дейміз.  Сонымен  қатар  бұл  тіл  қатынас  құралы  ғана  емес, 
хандықтағы  жұртшылықтың  (адамдардың)  мәдени-рухани  талабын 
Қазақ хандығы 
кезіндегі қазақ тілі
Рәбиға СЫЗДЫҚОВА
ҚР ҰҒА академигі, 
филология ғылымдарының 
докторы, профессор
Биылғы жылдың басты оқиғасы – Қазақ хандығының 
550 жылдық мерекесі байтақ елімізде кеңінен атап 
өтілуде. Осыған орай, көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі 
Рәбиға Сыздықованың сол тарихи кезеңдегі тіліміздің 
сипаты жайында жазылған ғылыми еңбегін ұсынып 
отырмыз.

МЕРЕЙТОЙ
99
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
өтейтін толыққанды әдеби тіл болған. Тіл бұл сипатқа хандық құрылған 
кезден бұрындары ие бола бастаған. Өйткені тіл және оның өзі немесе 
қарапайым тіл, әдеби тіл, ауызша тіл, жазба тіл деген түрлері бір сәтте, 
бір жылда пайда болмайтыны мәлім. 
Әдеби тілдің бағасын беретін шарттардың бірі оның сөздік қазынасы 
барынша  бай,  грамматикалық,  әсіресе,  морфологиялық  тұлға-
тәсілдері жүйеленіп, нормаланған, фонетикалық құрамы да өзге түркі 
тілдерінен, оның ішінде ең жақын туыстас батыс қыпшақ тобындағы 
тілдерден ажыратылып, өзгешелеу болып қалыптасқан болуы керек. 
Екіншіден, әдеби тіл сол тілде сөйлейтін жұртты (адамдарды) біріктіріп, 
бөлініп  кетуден  сақтайтын  күш  болуы  шарт.  Үшіншіден,  бұл  тіл 
аймақтарға, өлкелерге қарай азды-көпті бөлініп тұратын лексикалық, 
грамматикалық, фонетикалық ерекшеліктері жоқ, яғни диалектілерге 
бөлінбеген  тұтас,  барлық  қолданушыға  бірдей  түсінікті  монолит  тіл 
болуы  шарт.  Төртіншіден,  ең  негізгісі  әдеби  тіл  сөйлеу  тілі  қатынас 
құралы  болу  сипатынан  өзгеше,  өте  көркем,  әсем,  әсерлі  тіл  болуы 
шарт. Ал соңғы шарт, негізінен өлең сөзде (поэзияда) қолданыс табады. 
Көптеген  халықтың  әдеби  тілдері  сияқты,  қазақ  тілінің  де  әдебилік 
мәртебесін  беретін  өлеңсөз  (поэзия)  болды.  ХV-XVIII  ғасырлардан 
бастап  аты  белгілі  ақын-жыраулардың,  билердің  өлең-жырларына, 
толғауларына  қарап  соңғы  айтылған  белгілерді  көрсете  аламыз. 
Мысалы, сөз етіп отырған дәуірдегі Қазтуған, Асанқайғы, Доспамбет, 
Шалкиіз,  Жиембет,  Марқасқа,  Ақтамберді,  Тәтіқара,  Үмбетей, 
Бұқар  жырау,  Көтеш  ақын,  Шал  ақындардың  өлең-толғауларында 
сөз болатын қару-жарақ, киім-кешек, жер-су т.б. атаулары жалаң өзі 
аталмай,  көркем  анықтауыштармен  (эпитеттермен)  келеді.  Мысалы, 
жай 
найза
 емес, 
толғамалы ақ найза
, жалаң 
қылыш
 емес, 
алдаспан ақ 
ауыр қылыш,
 сондай-ақ жақпен атылатын оқтар да әсерлі көріктеуіш 
сөздермен  келеді: 
он  екі  тұтам  оқ,  ала  білек  оқ,  күшіген  жүнді  оқ, 
шай жібек оқ
 деп беріледі. Бір қарағанда, бұл тіркестер оқтың қандай 
екенін айыратын жай анықтауыштары сияқты көрінеді, бірақ олар – 
жай сындар ғана емес, сипаттама әсерлі сындар екендігі даусыз. 
Сүңгі
 
сөзі жай атала салмайды, 
төрт қырлаған көк сүңгі
 деп келтіріледі. Киім-
кешектен жай ғана 
тон
 (ертеректе тон жалпы киім дегенді білдірген) 
алқаракіс тон
 (бұл жердегі тон қазіргі түсінігіміздегі қысқы киім емес) 
болып  келеді.  Тек  қана  зат  есімдер  емес,  етістіктердің  де  ең  әсерлі 
варианттары  келтіріледі.  Мұндай  сөздер  поэтизмдер,  қазақшаласақ 
өлең  сөзі  немесе  тек  өлеңдегі  қолданыстар  болады.  Мысалы, 
етістіктерден батырлардың қаһарланып жауға шапқанын 
буырқанды, 
бұрсанды, мұздай темір құрсанды
 деп келтіреді. Мұндағы 
буырқанды, 
бұрсанды  –  қаһарына  мінді
  дегеннің  ауыспалы  мағынасында 
айтылған варианты. 
Мұздай темір құрсанды
 (қару-жарақты байлады) 
деп жырланады. 
Осы  сипаттамаларды  дәлелдеу  үшін  Доспамбет  жыраудың  тұтас 
бір толғауын келтірсек: Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым 
–  өкінбен,  Тобыршығы  биік  жай  салып,  Дұшпан  аттым  –  өкінбен.

МЕРЕЙТОЙ
100
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Тоғынды  сарты  нар  жегіп,  Көш  түзедім  –  өкінбен.  Туған  айдай 
нұрланып,  Дулыға  кидім  –  өкінбен.  Зерлі  орындық  үстінде,  Ал 
шымылдық ішінде, Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім – өкінбен. 
Бұл  толғаудың  алғашқы  төрт  жолында  жауға  шапқан  батыр 
болғанын,  келесі  екі  жолында  нармен  көшетін  бай  болғанын,  одан 
кейінгі  жолдарда  жас  сұлуды  сүйген  жігіт  болғанын  айтып  тұр.  Бұл 
толғау  жолдарының  барлығында  да  әсерлі  эпитеттер  келтірілген: 
толғамалы ала балта
 – бұл сабы сусып кетпес үшін қайыспен оралған, 
соғыста қолданылатын үлкен балта. Үлкен жақ (жай, садақ). 
Дулыға 
кидім
 – батыр болдым, соңғы жолдарда сұлу сүйіп қызық өмір сүр- 
генін  барлығын  әсірелеп,  мағыналарын  ауыстырып  (метафоралар- 
мен) берген. 
ХV-XVIII  ғасырлардағы  өлең-толғауларда  және  осы  жыраулардың 
аузынан шыққан деп танылатын бірқатар батырлар жырларында бұл 
күнде  қалың  оқырманға  түсініксіз  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестері 
кездеседі.  Олар  тек  сол  ғасырларда  пайда  болған  сөздер  емес,  не- 
гізінен  әріден  келе  жатқан,  ХV  ғасырдан  бұрын  толғап  өткен  ақын-
жыраулардан келген көрікті сөздер. Ал бейтаныс қолданыстар, көбінесе 
әсерлі,  көрікті  болып  келеді.  Аталған  жыраулардың  бірінде 
Қоғалы 
көлдер, қом сулар
 деген жолдар бар. Мұндағы 
қом, су
 деген сөздердің 
екеуі де көне: 
қом
 – толқын, 
су
 – өзен. Сол сияқты 
толғамалы найза, 
толғамалы балта
 дегендер де – өте көнеден келе жатқан эпитеттер. Сол 
сияқты 
толағай
  сөзі  өлең  сөздерде  «жалаңаш  бас»  дегенді  білдіретін 
өте  көне  сөз.  Сірә,  моңғол  тілінен  ауысқан  болуы  керек.  Бұл  сөздің 
ежелден келе жатқан бейнелі сөз екенін ХІХ ғасырда Дулат ақынның 
Тау  толағай  көрінер  тасы  кетсе
  деген  өлең  жолынан  табамыз.  Бұл 
сияқты  көне  сөздер,  алдымен  көркем,  бейнелі,  әсерлі  қолданыстар 
болады.  Екіншіден,  ХV-XVIII  ғасырлардың  ақын-жыраулары  поэзия- 
сы  –  алдыңғы  дәуірлердің,  ХV  ғасырдан  бұрын  өткен  дәуірлердің 
жалғасы. Хандық дәуірдегі қазақ тілінің поэтикалық көркемдік сипа- 
ты тек көрсетілген мысалдардан ғана емес, өлең жолдарының (қатар 
тұрған  сөздердің,  тіркестердің)  біркелкі  дыбыстан  басталғандығы  да 
әдебилік сипатты білдіреді. ХV ғасырда Асанқайғының: 
Елбең,  елбең  жүгірген,  Ебелек  отқа  семірген.  Екі  семіз  қолға 
алып,  Ерлер  жортар  күн  көрген.  Еділ  деген  қиянға,  Еңкейіп  келдің 
тар  жерге...  деген  шағын  толғауының  әрбір  жолы  (тармағы)  е  деген 
дауысты  дыбыстан  басталып  тұр.  Сол  сияқты  Қазтуғанның  (ХVІ  ғ.): 
Билер өтті – би соңы, Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар 
азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, – деген толғауының әрбір 
тармағы  дауыссыз  б  дыбысынан  басталып  тұр.  Бұларды  ғылымда 
ассонанс және аллитерация деп атаймыз.
Аталған  кезеңдегі  әдеби  тілдің  үлгілері  авторлы,  авторсыз  өлең-
жырлардың  поэтикалық  құрылысының  тағы  бір  амал-тәсілі  арқылы 
ерекшеленеді.  Ол  ерекшеліктер  біртұтастықта:  бір  тармақта,  бір 
шумақта,  бір  толғауда  қайталама  әдісінің  қолданылуында  көрінеді. 
Қайталамалар  өлең-жырдың  тармақ  соңында  да  келеді.  Мысалы, 

МЕРЕЙТОЙ
101
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Қазтуғанда:  Атамыз  біздің  бұл  Сүйініш,  Күйеу  болып  барған 
жұрт
.
Анамыз біздің Бозтуған, Келін болып түскен 
жұрт

Қайталама  тәсіліне  жеке  сөздер  де,  тіпті  ыңғайлас  сөйлемдер 
де  ілігеді.  Көрсетілген  кезеңдегі  жыраулар  тілінің  көзге  түсетін 
бір  сипатты  белгісі  –  айтпақ  ойын  бейнелеп  беруі.  Ол  үшін  тура 
лексикалық  мағынасы  бар  жеке  сөздің  орнына  оның  көркем 
эквиваленті – бейнелі фразеологизмдер келтіріледі. Мысалы, Бұқар 
жыраудың 
Бірінші  тілек  тілеңіз
  деп  басталатын  толғауы  –  тұнып 
тұрған  астарлы  сөз  тіркестері.  Мұнда  жырау 
өлмеуі
  деген  сөздің 
орнына 
үшкілсіз көйлек кимеу (Үшінші тілек тілеңіз үшкілсіз көйлек 
кимеске)
  деп, 
ауыру
  деудің  орнына 
төрде  төсек  тартып  жату
  деп, 
біреуге тұтқын болу
 дегенді 
біреуге тегіннен тегін олжа болу
 деп, 
жау 
келді
  дегеннің  орнына
  желкілдеген  ту  келді
  деп  айшықтап,  әсерлеп 
береді. Бұларда кездесетін 
анасы аңырап қалу
 (баласынан айырылу), 
сөзге  түспеу
  (сөзді  ұқпау,  түсінбеу)  деген  метафоралар  да, 
найзаны 
жауға тіреу 
(жаумен айқасу), 
өкпемен қабыну, өтімен жарылу
 (мықтап 
ренжу), 
топқа кірер ұл
 (бедерді ұл), 
қазақтың қамал-қорғаны
 (тірегі, 
ханы) деген осы қатардан. 
Бұлардың  ішінде  Бұқар  толғауларында  кездесетін 
қиядан  қиқу 
төгіліп,  аспанда  жұлдыз  аралап,  ай  нұрын  ұстап  міну
  сияқты  бей- 
нелі тіркестердің жасалу үлгісі мүлде ерекше. Мағыналары жағынан 
бір-бірімен қиыспайтын (тіркесе алмайтын), сырт қарағанда, алогизм 
болып  көрінетін  фразеологизмдер  көркем  тілде,  оның  ішінде  өлең 
тілінде өте әсерлі болып танылады.
Ауызша  дамыған  әдеби  тілдегі  шығармалардың  сөздік  байлығы 
оларда  қолданылған  стильдік  амал-тәсілдерге  тікелей  қатысты. 
Дидактикалық толғауларда кейде ондағы ой түйінін, яғни жыраудың 
айтпағын дәлелдеу үшін қарама-қарсы полюстерді салыстыру тәсілін 
пайдаланды: 
жақсы – жаман, дос – дұшпан, жібек – жүн, сұлтан – 
құл
 т.б. Бұл амал осы кезеңдегі әдеби тілдің фразеологиялық қорын 
және  қарсы  мәндес  есім  сөздер  мен  етістіктер  қазынасын  байытып, 
олардың қолданыстарын тұрақтандырады. 
Ал жыраулар поэзиясында дұшпан, 
заман, несібе, дүние, дос
 сияқты 
араб  пен  парсы  сөздерін  қолданудан  бас  тартпайды,  өйткені  мұндай 
сөздер  қазақ  халқын  құраған  ру-тайпалардың  тіл  тәжірибесінде 
алғашқы  орта  ғасырлардың  өзінде-ақ  орын  алып  келген  болатын. 
Бірақ қазақтың ауызша дамыған әдеби тілі ортаазиялық жазба түркі 
әдеби тіл дәстүріне жүгінбей дамыды.
Аталған кезеңдердегі жыраулардың бізге жеткен мұрасының тілі- 
нен  бүгінде  қазақ  әдеби  тілінде  әбден  қалыптасқан  поэтизмдер- 
ді:  әдемі,  әсерлі,  бейнелі  фразеологизмдерді  табамыз.  Сонымен  қа- 
тар,  бірқатар  көне  сөздер  мен  Ноғай  хандығында  қатар  өмір  сүрген 
халықтардың тілдеріне, әсіресе ноғай тіліне тән сөздер мен бірді-екілі 
морфологиялық  тұлғаны  кездестіреміз.  Мысалы,  «басшы»  мағы- 
насындағы 
аға
 сөзі 
(қол бастаған аға бар; Ер Доспамбет аға)
; «жақсы», 
«мықты»  мағынасындағы 
ару
 
(ару  ат,  ару  батыр)
;  «мықты,  көп» 

МЕРЕЙТОЙ
102
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
мағынасындағы 
ауыр
 
(ауыр  жұрт,  Ноғайлының  ауыр  жұрты  – 
Ноғайлының көп жұрты); ауыр байлық
 (мол байлық), 
жүмле
 – «барлық, 
бүкіл» деген мағынада: 
жазы
 – «ашық дала, жазық дала» сөздері бұл 
күнде көрсетілген мағыналарда емес, өзге мағыналарда қолданылады. 
Ал  Шалкиіз,  Доспамбет,  Ер  Шобан,  Жиембет  жыраулардың 
толғауларында  ноғай  тіліне  тән  сөздер  де  орын  алған:  «шалбар» 
мағынасында 
сақсыр
; «бұлақ көзі» мағынасындағы 
шешме
; «ата тек» 
мәніндегі 
сой
; «барлық, бүкіл» мағынасындағы 
жүмле
 сөздері – ноғай 
тілінде  бүгінде  де  осы  мағынада  жұмсалатын  сөздер.  Сірә,  бірқатар 
XV-XVI  ғасырлар  жыраулары  екі  тілде  қазақ,  ноғай  тайпалары  қол- 
данып  жүрген  тілдерінде  кейде  бірдей  толғай  бергенге  де  ұқсайды. 
Шалкиіз  бір  толғауында:  «Мен  қазақ  шығып  барамын»,  –  дейді.  Ал 
қазақ шығу
 деген тіркес «қазақ болу» дегенді білдіреді, 
шығу
 сөзі көне 
түркі  тілінде  «болу»  деген  мағынаны  да  берген.  Бұл  жыраулардың 
тіліндегі 
соңыратын
– «кейін, соң», 
асмар ету
– «тапсыру, қалдыру», 
шал – «ақ» (шал сақалың жылаттың, шал қоян – ақ қоян), тебір (?) 
(тебір  жаман  жұрттың  теңі  емес-ті),  көксу–  «көкке  көтерілу»  (Ана 
Еділден  көксіген  (көкке  көтерілген),  О  дағы  бір  тарланға  жолығар,
 
мұндағы 
тарлан
  –  «қыран  құс»), 
ең
–  «адамның  жүзі,  беті»  (
Еңінде
 
семсер ақ тісті
), 
қом
– «толқын» (
қоғалы көлдер, қом сулар
 – толқынды 
өзендер), 
су
 – «өзен» 
(Еділ-Жайық екі су)

жарақшы
– «емші» 
(Жара 
аузына қан қатты, Жарақшылар жоқ па екен; кежі 
– «күзет» 
(Кежідегі 
адамға түн ұйқысын таптырмас)
 т.с.с. дегенді білдіреді. Қазтуған бір 
толғауында: 
Сөйткен  менің  Еділім,  Сен  салмадың,  мен  салдым,
  – 
дейді. Мұндағы 
салу
 етістігі «қалдырып кету, қалдыру, тастау» деген 
мағынаны  білдіреді.  Бүгінгі  қазақ  тілінде  бұл  етістік  сөз  тіркестері 
дүние  салу 
(«қайтыс  болу»  –  бұ  дүниені  қалдырып  кету), 
құлын 
салу
  («құлын  тастау»)  т.б.  тіркестерінде  сақталған.  Бұл  көрсетілген 
тұлғалардың  көбі  –  өте  көнеден,  бабалар  тілінен  қалған  реликтілер. 
Олар  XV-XVII  ғасырлардағы  әдеби  тіл  үлгілерінде  аса  көп  емес. 
Олардың көбі – контекске қарай оңай түсінуге болатын тұлғалар, ал 
бірен-сараңын қазіргі қазақ тілінде сақталған өлең-жырларда, мақал-
мәтелдерде,  сөз  тіркестерінде,  қос  сөздердің  сыңарларында  сақтал- 
ған  көнеліктердің  этимологиясына,  мағыналарына  арналған  зерт- 
теулер  және  бүгінгі  түсіндірме  сөздіктерде  «көне»  деп  көрсетілген 
тұстарынан тауып оқып, түсінуге болады. 
Мұндай мағынасы күңгірттеу, бірден тап басып тани алмайтын жеке 
сөздер мен сөз тіркестері бұл күнде ең бір сүйіп оқитын, ұлттық әдеби 
қазынамыз – «Батырлар жырлары» мен «Ғашықтық жырларымызда» 
да  бар.  Бірақ  оларды  жатсынып  не  түсініксіз  деп  оқымай  жатқан 
ешкім жоқ. Көне сөз (архаизм), ескі сөз (историзм) дегендер тіл-тілдің 
дамуының соңғы бірер жылының ішінде де пайда болып жатады.
Сөз болып отырған соңғы кезең XVIII ғасырдағы қазақ сөз зергерлері 
бұрынғы  поэтикалық  амал-тәсілдер  мен  тілдің  көріктеу  құралдарын 
пайдалана  отырып,  жалпы  толғаулар  сарынынан  күнделікті  өмірдің 
өзін сөз ететін өлең-жырларды дүниеге келтіре бастады. Бұған кезеңнің 

МЕРЕЙТОЙ
103
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
уәкілдері  –  Тәтіқара,  Көтеш,  Шал  ақындардың  туындыларында 
жыраулық  дәстүрден  гөрі  ақындықтың  сипаты  басымдау  келіп 
отырғандығы дәлел. Олардың ішінде Шал ақынның өлеңдерін атауға 
болады. Оның шығармаларында бір тақырыпты нақты сөз ету күштірек 
болып  келеді.  Сондықтан  алдыңғы  аталған  жыраулардағы  бейнелі 
тіркестерден гөрі, тура мағынасындағы сөздер көбірек қолданылады. 
Сөйтіп, XV-XVII ғасырларда жыраулар мектебі мейлінше дамыған, 
соған лайық жыр-толғау жанрының бел алған тұсы болды. Бұл кезең 
поэтикалық  белгілері  күшті  «шешендік  сөздер»  дегеннің  де  қазақ 
мәдени  әлемінің  бір  дүниесі  болған.  Ал  XVIII  ғасырда  жырау- 
лар дәстүрі әрі қарай жалғаса түсіп, жаңа белгілерге ие бола бастай- 
ды.  Ол  белгілер  қазақ  поэзиясындағы  ақын,  ақындық  мектепке  тән 
амал-тәсілдерге көшу процесін көрсетті. Сондықтан халық арасында 
XVIII ғасырда, кейде тіпті XIX ғасырдың орта тұсында жасаған кейбір 
сөз  иелерін  «ақын»  деп  те,  «жырау»  деп  те  атап  кеткені  байқалады. 
Бұл – өлең-жыр дүниесіндегі жалғастық пен жаңалықтың айырым-
шегін тануға қатысты екендігі белгілі.
Сонымен,  хандық  дәуірдегі  қазақтың  әдеби  тілін  танытатын 
сөз  өнері  де  даму  процесінде  бір  орында  қалмай,  бірте-бірте 
өзгерістерге  түсетін  тарихи-динамикалық  құбылыс  болғандықтан, 
оның  даму  барысындағы  кезеңдердің  де  ара-жігі  болатыны  заңды. 
Бірақ  бұл  жіктер  бірден,  тұтқиылдан  басталмай,  жыраулықтың 
көптеген  белгілері  ақындар  шығармаларында  әлі  де  сақталып,  орын 
алғандығын  тілдік-стильдік  талдаулар  танытады.  Айталық,  Махамбет 
ақын  өз  өлең,  толғауларын  7-8  буынды  аралас,  шұбыртпалы  ұйқас 
суретімен  жырлағаны  белгілі.  Сондай-ақ  Махамбеттен  2-3  ғасыр 
бұрын  өткен  Доспамбет,  Шалкиіз,  Қазтуғандардың  толғауларында 
кездесетін  бейнелі  сөздерді  (
Қоғалы  көлдер,  қом  сулар,  айналайын 
Ақжайық,  ат  салмай  өтер  күн  қайда
  дегендер  сияқты),  батырлар 
жырларындағы: 
балдырғаны  білектей,  баттауығы  жүректей
  («Едіге» 
жыры)  деген  сияқты  қолданыстар  Махамбет  ақынды  жыраулар 
қатарына  жақындатады.  Керісінше,  бірқатар  жыраулар  әлеуметтік 
тақырыптарды  сөз  еткен  тұстарда  ақындарша  сөйлеп  кетеді.  Қазақ 
хандығы дәуіріндегі авторлы, авторсыз өлең, толғау, жырларда қазақ 
әдеби  тілінің  біршама  тұрақталған  жүйелі  эстетикалық  (көркемдік) 
қоймасы болған. 
Сөз  етіп  отырған  ғасырлардағы  өлең,  толғаулардың  негізгі 
тақырыбының  бірі  –  жаугершілік  болды.  Қазақ  хандығы  дәуірі  осы 
хандықты, жерін, суын сақтап қалу үшін күрескен жаугершілік кезең 
болғаны  белгілі.  Шоқан  Уәлиханов:  «XVII-XVIII  ғасырларда  азаматы 
аттан түспеген қан жосыған жылдар болды»,– дейді. Осы жылдарда 
ұрыс-соғысқа  қатысты  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестері  жиірек 
қолданылып, сөздік қор молыға түсті. Бұлар қару-жарақ, киім-кешек, 
құрал-жабдық, соғыс тәсілдері, соғысқа қатысатын жандарды, әскери 
тәртіп  жүйелерді  атайтын  терминдік  мәнге  жақындайтын  сөздер 
мен  сөз  тіркестері  болып  келеді.  Қару-жарақтар  мен  киім-кешек, 

МЕРЕЙТОЙ
104
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
құрал-жабдық атаулары жоғарыда көрсетілді. Ал осы жаугершілікке 
қатысты  қимыл-әрекеттерді  атайтын  және  олардың  орындалу 
амалдарын білдіретін сөздер бұл кезеңде кейбірі пайда болып, кейбірі 
жиі  қолданылды.  Мысалы,  әскер  қатарына  келу  – 
ту  астында  тұру

соғысқа аттану – 
тұлпар мініп ту ұстау
, тұтқынға түсу – 
пенде болу

Жетім, жесір
 сөздерінің осы күнгі мағыналары айқын: жесір «ері өлген 
әйел» дегенді, жетім «әкесі не шешесі, не екеуі де жоқ бала» дегенді 
білдіреді. Ал ертеректегі қазақ тілінде бұл сөздердің беретін мағынасы 
өзгеше  болған.  Шоқанның  көрсетуінше:  «Қазақтар  құлдарды  екіге 
бөлген:  соғыста  қолға  түскен  құлды  (тұтқынды) 
олжаласқан  құл 
немесе 
жесір
 (ерекшелеген – біз. Р.С.) деп, ал сатып алған немесе өзге 
жолмен (соғыста емес) келген құлды 
жетім
 деп атаған». Шоқанның осы 
сөзін қазақ жырлары мен көне әдеби нұсқалары дәлелдейді. Мысалы, 
Қобыланды  жырында: 
Екі  пенде  әкелдім,  Берсем  сені  күйеуге,  Бас 
жетімің еткендей
  (яғни  жасауыңа  бергендей)  –  дейді  әкесі  қызына. 
Мұндағы 
екі пенде
 деп отырғаны – ұйқыда қолға түскен Қобыланды 
мен Қараман. Бұл тәрізді мысалдарды хандық дәуірдегі өлең жырлардан 
едәуір көптеп келтіруге болады. 
XV-XVIII  ғасырларда  күні  бүгінге  дейін  бізге,  қазақтарға  әбден 
таныс айтыс өнері де орын алғанын жорамалдаймыз. Бірақ жеке өлең-
толғаулар  сияқты  жатталып,  ауыздан-ауызға  көшіп,  бізге  жетпеген 
тәрізді. Мұның да көріністері келесі ізденістерімізде танылуы мүмкін. 
Бұл өлең түрінің күні бүгінге дейін келгенін қазіргі айтыстарымыздан 
білеміз. 
XIX ғасырда айтыс өте жоғары дамыған болатын. Ол – өз алдына 
ізденіп,  зерттейтін  тақырып.  Айтыс  айналамыздағы  өзге  жұрттарды 
таң қалдырып отырғаны белгілі. Бұл өнер – қиын дүние. Мұнда ақын 
өзінің айтпағын табан астында суырып салып жеткізіп отыруы керек. 
Қарсылас та осылайша жауап беруі керек. Кез келген ақын бұл өнерді 
алып  кете  алмайды.  Бұған  бала  кезінен  жаттығып,  өзін  үйреткен 
сөз  зергерлері  ғана  барады.  Бұл  жөнінде  қазіргі  болып  жатқан 
айтыстардың тіліне қарап айтылып жүрген талдаулар мен танымдар, 
пікірлер баршылық. 
Адамзат  сөз  болған  тұстарда  оның  тілі  туралы  да  айтылмай 
қалмайды. Сондықтан біз бұл мақалада қазақ хандығы сияқты жаңа 
құрылымның басын 550 жылдан бастап атап отырғанда, ол хандыққа 
қызмет еткен қазақтың әдеби тілін осы тұстан бастап сөз етіп отырмыз. 
Бірақ екеуі бірден, бір сәтте пайда болған жоқ. Әдеби тіл хандықтан 
әлдеқашан  бұрын  негізі  қаланып,  біршама  дамып  келген  болатын.
Бірақ  осы  тілді  танытатын  үлгілер  (өлеңдер  мен  жырлар)  хандық 
дәуірдің  басталуымен  сәйкес  келеді.  Енді  осы  екі  қатарлас  келген 
құбылыс – хандық пен әдеби тіл бір-біріне қандай қызмет көрсетті? 
– сол жайында бір-екі ауыз айтсақ.
Қазақ тілінің хандықты құрып, жариялау барысындағы қызметі ең 
мықты күштердің бірі болғаны даусыз. Өйткені бірігіп хандық болып, 
одақ  құрған  ру-тайпалар  бір  тілде  сөйлеген  болатын.  Ал  хандықтың 

МЕРЕЙТОЙ
105
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
тілге  көрсеткен  қызметіне  келсек,  ол  да  зор  болды.  Алдымен, 
қазақ  әдеби  тілінің  сол  кездегі  бары  мен  барысын  сақтап,  әрі  қарай 
дамытуға  мүмкіндік  берді.  Біз  хандық  кездегі  қазақ  тілін  танытқан- 
да  айтқан  пікірлерімізді  дәлелдейтін  тілдік  көрсеткіш  мысалдар- 
ды  XV-XVIII  ғасырларда  жыраулар  мен  ақындардың  өлең-толғау- 
ларынан алып отырмыз. Сөз өнерінің иелері жыраулар мен ақындар- 
ды  қазақ  хандары  жоғары  бағалап,  өздерінің  көмекшісі,  ақылшысы 
(сұрқылтайы) етіп отырған. Мысалы, Абылай хан Бұқар жырауды, Әділ 
хан Түбек жырауды ақылшысы еткенін ХІХ ғасырдағы Тезек төренің 
Сүйінбаймен айтысқан өлеңіндегі: 
Сұрқылтайым менің де екен мынау
 
деген жолдарына қарап, Сүйінбай ақынның кеңесшісі болуын қалап 
тұрғанын көреміз. Мұндағы 
сұрқылтай
 сөзі Шыңғыс ханнан бері келе 
жатқан  «хандардың  кеңесшісі»  деген  моңғол  сөзі.  Бұл  мақалада  осы 
күнгі  көптеген  саяси-әкімшілік  терминдерді  сол  кезде  өз  кезеңінде 
айтылған нұсқаларымен бердік: қазіргі халық –
жұрт
, мемлекет –
ел

киім – тон т.б.
Қазақ тарихында орын алған алғашқы тәуелсіз ел болғанының куәсі 
–  Қазақ  хандығын  сөз  еткенде,  бұл  хандықтың  қазақ  әдеби  тіліне 
көрсеткен ықпалы мен қызметін өте жоғары бағалау керек. 
Ең соңғы айтарымыз: бұл хандық қазақтардың санасына тәуелсіздік 
идеясын  құйып,  орнатып  кетті.  Қазақ  хандығы  дәурен  сүрген 
ғұмырында қазақтардың санасында орын алған тәуелсіздік идеясының 
ұшқыны  хандықтан  кейінгі  тарихымызда  әлсін-әлсін  көрініп  қалып 
отырғанын байқаймыз. Бұған Исатай-Махамбет көтерілісі мен кейбір 
өлкелерде болып өткен қарсылық толқуларынан бастап, кешегі 1986 
жылғы  қазақ  жастарының  Алматы  қаласының  алаңында  жасаған 
көтерілісі дәлел. 
Бұл  күнде  соңғы  ширек  ғасыр  барысында  «азаматтарымыз  атқа 
мініп, толғамалы найза қолға алып, дұшпандармен айқасып, соғысып 
емес»,  заманының  саясатына  қарай  бейбіт  жолмен  тәуелсіздікке 
ие  болып,  ғұмыр  кешіп  жатқанымызға  осы  еркіндіктің  үлгісін 
көрсетіп кеткен қазақ хандығына қарыздармыз. Оның құрылуы мен 
құлдырауының  нәтижесі  қандай  болғаны  бүгінгі  тәуелсіздігімізді 
бекіте түсу керектігін көрсетіп кетті. Оны сақтап тұру үшін әрі қарай 
күшті  білім-ғылым,  мықты  экономикалық  жағдай,  өзге  елдермен 
достық қарым-қатынас, бейбіт саясатты ұстануымыз қажет. 
Бұл  күнде  ең  мықты  дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу  жөнінде 
жүргізіп  жатқан  саясатымыз  бен  іс-әрекеттеріміз  тәуелсіздікті 
нығайтудың бір жолы деп танимыз. Қазақ хандығының құрылып, тарих 
төрінен орын алғанына 550 жыл болғанын мақтанышпен, қуанышпен 
атап отырған мерекеміз құт болсын. Құтты сәттер көп болсын!

106
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
Қ.Жұмаділов.
  Ұлттың жаны – тілде .....................................................3
                                                       
Х.Әбжанов. 
Ұлт тірегі –тіл .................................................................... 9
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
М.Ескеева, Г.Сағидолда.
 Сары ұйғырлар этнотарихи  
және лингвомәдени үдерістер толқынында   ........................................ 21
С.Итеғұлова.
 Фольклорлық кейіпкерлердің 
ұқсастығы мен ерекшелігі .................................................................. 32
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
С.Құлманов.
 Ісқағаздарын қалыптастырудағы аударманың рөлі ......... 40
Е.Әбдірәсілов.
 Жаңа ұғымдарды қалыптастырудың 
кейбір мәселелері .............................................................................. 49
СӨЗ ТӨРКІНІ
Ә.Қайдар. 
Қазақ тілі этимологиясынан этюдтер ................................. 5 5
А.Әлімбаев. 
Фразеологизмдер құрамындағы «жүрек» 
соматизмінің концептісі ......................................................................63
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ
С.Шүкірұлы. 
Тіл тынысы – дыбыс ....................................................... 69
Ә.Жүнісбек.
  Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – жазу реформасы ........... 73
МАЗМҰНЫ

107
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
З.Ерназарова.
 Қазақ тілін оқытудың когнитивті бағыты ..................... 83
Г.Мұсаева.
 Қазақ тілін оқыту ұстанымдары ........................................ 90
МЕРЕЙТОЙ
М.Дулатұлы.
 Абай .............................................................................. 95
Р.Сыздықова. 
Қазақ хандығы кезіндегі қазақ тілі ............................... 98

108
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Авторлардың стилі,
орфография хақы сақталады.
Альманах Ш. Шаяхметов атындағы 
Тілдерді дамытудың республикалық 
үйлестіру-әдістемелік орталығында 
терілді.
Дизайнын жасап, беттеген
Берік ҚОСДӘУЛЕТОВ
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы, 
Сауран көшесі,  7 А,
Тел.: 8 (7172) 40-83-97 
Tilortalyk@mail.ru
Теруге берілген күні 16.09.2015 ж. 
Басуға қол қойылған күні 16.10.2015 ж.
Пішімі 70 
х
100 
1/16
. Шартты баспа табағы 8,7.
Таралымы 2000 дана. 
Тапсырыс №
РЕДАКЦИЯНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ:

Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет