«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015 тіл және қОҒам №3 (41) / 2015 альманах



жүктеу 2.58 Mb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата15.03.2017
өлшемі2.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
45
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
«
Студентті  курстан  курсқа  көшіру  туралы
»  деп  аударылып  жүр. 
Сөзбе-сөз  аударсақ,  «
Студентті  оқытудың  келесі  курсына  көшіру 
туралы
»  болады.  Дұрысы  «
Студентті  келесі  курсқа  көшіру  туралы
» 
сияқты, орысша нұсқасында 
обучение
 деген сөз болғанымен, қазақша 
нұсқасына 
оқытудың
  деген  сөз  қажет  емес,  себебі  мұнда 
студент
 
деген сөздің болуының өзі-ақ мәселенің оқу туралы екендігін білдіріп 
тұр»,  –  [10,  113]  деп,  қазақ  тіліндегі  грамматикалық  тұлғалардың 
қолданысына    талдау  жасай  келе:  «Қазақ  тіліндегі  қимылдың  болып 
жатқандығын, әлі де болатындығын жасанды 
-уда
 форманты арқылы 
емес,  қазақ  тілінің  өз  заңдылығына  сай  көмекші  етістіктер  арқылы 
берілуін дұрыс деп есептейміз. 
Игі іс жалғасын табуда
 демей-ақ, 
Игі іс 
жалғасын  тауып  отыр.  Олардың  қатары  күн  сайын  өсуде
  демей-ақ, 
Олардың  қатары  күн  сайын  көбейіп  отыр
  десек,  қазақша  болмас  па 
еді», – деген ой тастайды ғалым Л.Дүйсембекова [10, 114]. Алайда көп- 
шілікке әсер ету күші басым бұқаралық ақпарат құралдарында (теле- 
видение,  радио,  газет-журнал)  сөз  тіркестерін,  оралымдарды  қайта- 
ламау,  жазуда  (айтуда)  үнемділікке  ұмтылу,  тыңдаушыға  (оқушыға) 
әсер  ету  сияқты  мақсаттарда
  -уда
  формантының  жұмсалу  жиілігі, 
яғни қолданымдық белсенділігі артып отырғанын жасыра алмаймыз.
Ісқағаздарын  аудару  кезінде  шығыс  (аударылатын)    және  кіріс 
(аударма  жасалатын)  тілдің  лексикалық  (негізінен,  терминдер) 
бірліктерін  аудару  және  қалыптастыру  бірінші  мәселе  болса, 
екіншіден, синтаксистік құбылыстар жете ескерілуі қажет. Мысалы, 
орыс тілі мен қазақ тілінің заңдылығы әртүрлі болғандықтан, сөйлем 
құрылысы,  сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібі  бір-біріне  сай  келе 
бермейтіні белгілі жайт. Осындай жайттарды ескермеудің салдарынан 
төмендегі  мысалдан  тілдік  нормадан  ауытқуды  және  қазақ  тіліне 
аударылып  отырған  құрылымдардың  түпнұсқа  тілінің  (бұл  жерде  
орыс  тілінің)  ықпалына  түсуін  байқауға  болады.  Түрлі  құжаттарда, 
мәселен, бұйрық пен өкім соңында төмендегідей сөздер жазылады:
ВНЕСЕНО: ___________           Учебно-методическое управление
СОГЛАСОВАНО: _____ Проректор по учебно-методической работе
Мұндай құрылымдар орыс тілінің синтаксистік жүйесінің әсерінен 
қазақ тіліне қате аударылып жүр:  
ЕНГІЗІЛДІ: ____________    Оқу-әдістемелік басқарма 
КЕЛІСІЛДІ:________ Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор
Бұл құрылымдағы сөздердің орын тәртібі орыс тілінің заңдылығына 
емес,    қазақ  тілінің  заңдылығына  сүйене  отырып,  былайша  берілуге 
тиіс:
Оқу-әдістемелік басқарма   _____________ ЕНГІЗДІ
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректормен ______ КЕЛІСІЛДІ
 
[10, 115].
Қазіргі іс жүргізудегі аударма материалдарды: а) салалық құжаттар 
тіліндегі  оралымдардың  аудармасы;  ә)  салалық  кәсіби  сөздердің 
аудармасы;  б)  жекелеген  жаңа  сөздердің  аудармасы  (қазіргі  тіл 
білімінде  терминдердің  бір  түрі  ретінде  пайда  болып,  жасалып,  өзге 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
46
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
тілдерден  алынып  жатқан  ұғымдарды  неонимдер  деп  атайды  – 
Е.Ә.); в) салалық терминдердің аудармасы және т.б. деп топтастырып 
көрсетуге  болады  [11,  124].  Көріп  отырғанымыздай,  ісқағаздары 
аудармасында да тілдің әртүрлі деңгейлері қамтылып, мұндай аударма 
мәтіндер (әрине сәтті шыққан жағдайда) ұлттық тілдік қордың бір көзі 
ретінде қалыптасып келеді.
Аударманың арқасында қазақ тілінің ісқағаздар стилі әртүрлі тілдік 
бірліктермен  толығып  отырғаны  оң  нәтиже  болса,  екінші  қырынан, 
жоғарыдағы  мысалдардан  аңғарғанымыздай,  қазақ  тілінің  сөйлем 
құрылымдарын шұбалаңқы өзге ойлау жүйесіне салып жатқан тұстар, 
қазақ  тілінің  табиғатына  жат  қолданыстар  да  аз  емес.  Біздіңше,  бұл 
да аудармашылардың шеберлігінің төмендігіне немесе тәжірибесізді- 
гіне,  қабілетсіздігіне  орай  болып  жатқан  жайттар.  Ісқағаздарының 
аудармасында  орыс  тіліндегі  сөйлемдегі  бірде-бір  сөзді  қалдырмай 
аударуға  тырысу  үдерісі  бар.  Бұл  сөзбе-сөз  аударуға,  құрылымды 
өзгертпей  аударуға  деген  ұмтылыстан  туындап отыр.  Бұл  кемшілікті 
түзетуге  жетелейтін  тәсіл  мазмұнды  жіті  ұғынып,  оны  беруде  қазақ 
тілінің құрылымын дұрыс пайдалану деп санаймыз. 
Ресми қарым-қатынаста дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу үшін ресми 
стильдік  элементтерді  бейтарап  стильдік  элементтерден  ажырата 
білу,  қазақ  тіліндегі  сөйлем  құрылысының  заңдылығын  сақтау, 
орфографиялық,  орфоэпиялық,  синтаксистік  норманы  білу,  қазақ 
тілінің табиғи қалпын сақтау қажет деген талаптар қойылады [10, 116]. 
Өкінішке  қарай,  бұл  талаптарды  әліге  дейін  толыққанды  орындай 
алмай  жатқан  жағдайларымыз  кездеседі.  Мысалы,  мекемелер  мен 
кәсіпорындарда  бірінші  басшының  лауазымына  немесе  басшылық 
құрам өкілдерінің лауазымдарына айрықша мән беру үшін 
Басқарма 
Төрағасы,  Басқарма  Төрағасының  Бірінші  орынбасары
  және  т.б. 
атауларды  орыс  тіліндегі 
Председатель  Управления,  Первый  замес- 
титель  Председателя  Управления
  деген  қолданыстардың  аударма-
көшірмесі  (!)  ретінде  жазу  дағдыға  айналып  барады.  Бұл  –  орфо- 
графиялық  заңдылыққа  сыймайтын  қателік.  Өйткені  белгілі  бір 
атауды  білдіретін  сөз  тіркестерінің,  дұрысында  күрделі  атаулардың 
бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылуға тиіс.
Қазіргі қазақ тілінде қысқарған сөздерді бірізге түсіру (қысқарған 
сөздердің сөздігін жасау) мәселесі де өткір тұр. Мысалы, мекемелерде 
құжаттар  тілінде  сөздерді,  атауларды  қысқартып  қолдануға  деген 
«құштарлық»  (орыс  тіліндегі  мәтінде  қысқарған  сөз  қолданылған 
жағдайда)  байқалады.  Осы  орайда,  кейбір  сөздердің  қысқартылуы 
түсініксіз болып қала берсе, кейбір қысқартулар бірдей нұсқада болып 
шығады.  Мысалы:  ҚҚБ  – 
құқықтық  қамтамасыз  ету  басқармасы, 
ҚҚБ – 
құжаттық қамтамасыз ету бөлімі
 және т.б. [11, 126].
Сонымен қатар қазіргі ісқағаздарын аудару үдерісінде жалпы ау- 
дармаға  қойылатын 
түсініктілік,  қарапайым  стильмен  беру,  сөй- 
лемнің  жатықтығы  мен  сөздердің,  сөйлемдердің  арасындағы  бай- 
ланыстың  сақталуы
  сияқты  талаптардың  ескерілмей  жатқандығын 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
47
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
айта  кеткеніміз  жөн.  Ісқағаздарын  аудару  кезінде  қолданылатын 
жекелеген  сөзді,  грамматикалық  тұлғаларды  ресми  стильге  оңтай- 
ландыра қолдану үшін 
орын алмастыру, ауыстыру, қосу, түсіріп кету
 
сияқты трансформациялық процестердің қай-қайсысын да орнымен, 
мүмкіндігінше пайдалануға болады деп санаймыз. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы 
№110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді 
дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында»  жасалған  «Энциклопедияларды,  ғылыми-публи- 
цистикалық,  іскерлік,  көркем  және  басқа  да  әдебиеттерді  түпнұсқа 
тілінен  қазақ  тіліне  аудару  ісін  ұйымдастыру  және  көп  таралыммен 
шығару  мемлекеттік  тілдің  қазіргі  қолданбалы  ғылым  тілі  ретіндегі 
рөлін  барынша  күшейтуге  мүмкіндік  береді»  [8]  деген  тұжырым  да 
аударма  ісінің  қоғамның  барлық  саласындағы  маңызды  рөлін  аң- 
ғартады.  Сондықтан  қазақ  ісқағаздарын  аудару  арқылы  қалыптас- 
тыру  тіл  саясатын  жүргізудің,  ісқағаздарын  қазақ  тілінде  жүргізу- 
дің  алғашқы  кезеңіндегі  құбылыс  болып  қалып,  ісқағаздарын  бір- 
ден қазақ тілінде жазып, қазақ тілінде жүргізетін кез жеткен тәрізді.
Сонымен  ісқағаздар  пәнінің  қарастыратын  мәселелерін  төмен- 
дегіше қысқаша топтастырамыз: 
- ресми ісқағаздарының стильдік ерекшеліктері
-  ресми  ісқағаздарының  коммуникативтік  мақсатқа  сәйкес  ішкі 
тармақтарының ерекшеліктері; 
- ресми ісқағаздарының тілдік және құрылымдық белгілері; 
- ресми ісқағаздарының ресімделуі (орфографиялық, орфоэпиялық, 
синтаксистік  норманың  сақталуы  және  құжаттардың  құқықтық 
нормаға сай дұрыс ресімделуі); 
-  құжат  айналымын  мемлекеттік  тілде  жүргізудің  практикалық 
мәселелері.
Әлемдік  лингвистика  мен  қазақ  тілтанымындағы  ресми-іскери 
стильге  қатысты  ғылыми  зерттеу  еңбектерінен  алынған  басты 
қағидаларды  салыстыру, қорыту және тілдік фактілерге семантикалық, 
стильдік талдау жасау барысында төмендегідей тұжырымдарға келіп 
отырмыз:
-  ресми-іскери  стиль  –  құқықтық,  саяси,  өндірістік,  әкімшілік, 
қоғамдық  және  халықаралық  қарым-қатынастарда  қолданылатын, 
қоғамда  қалыптасқан  тілдік  ахуалға  сәйкес  қазіргі  кезеңде  ішкі 
тармақтарға ұлғайған және күрделенген, стильдік белгілері барынша 
айқындалған қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің бірі;
-  ресми-іскери  стиль  функционалдық-стильдік  шоғырлану  шең- 
берінде  және  коммуникативтік  мақсатқа  сәйкес  мынадай  ішкі 
тармақтарға  бөлінеді: 
азаматтық  қатынастарға  арналған  құжаттар, 
ақпараттық-анықтамалық құжаттар, нормативтік-жарлықшы құжат- 
тар, ұйымдық құжаттар
;
-  ресми-іскери  стильдің  аталған  ішкі  тармақтарына  тән  белгілер: 
а) 
стильдік  ортақ  белгілер:
  стандарттылық,  дәлдік,  ықшамдылық, 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
48
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
ресмилік;  ә) 
тілдік  белгілер:
  терминдік  жүйенің  қолданылуы,  клише 
бірліктердің  болуы,  ойды  дәнекерлеуші  бірліктердің  стандарт 
бірліктер ретінде орнығуы; номенклатуралық атаулардың толық және 
қысқарған  тұлғаларының  сипатты  болуы;  б) 
құрылымдық  белгілер: 
міндетті нысандардың белгілі бір тәртіппен орналасуы;
-  ресми  ісқағаздарын  бір  тілден  екінші  тілге  аударуда  тұрпат 
межесі мен мазмұн межесін ескеру, салалық кәсіби сөздерді аудару, 
жекелеген  жаңа  сөздерді  аудару  (неонимдер),  салалық  терминдерді 
аудару  мәселелері  қарастырылып,  орын  алмастыру,  ауыстыру,  қосу, 
түсіріп  кету  және  т.б.  сияқты  трансформациялық  процестер  тиімді 
қолданылады.
Әдебиеттер
1. Қазақ әдеби тілінің стилистикасы. –Алматы, 1974.
2.  Салагаев  В.,  Шалабай  Б.  Ісқағаздарын  жүргізу.  Составление 
деловых бумаг. Учебное пособие. –Алматы: Раритет; Республиканский 
издательский  кабинет  казахской  академии  образования  им. 
И.Алтынсарина, 2000. –208 с.
3. Асқаров Н.Ә., Нәлібаев Ж.Б., Белғара Б.Б.. Ісқағаздарын жүргізу 
негіздері: [оқу-қолданбалы құрал]. –Алматы, 2007. –256 б.
4. Дүйсембекова Л. Қазақ тілі: ісқағаздарын жүргізу. Оқу құралы 
(Екінші басылым). –Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» 
ЖШС, 2011. –400 б.
5. Оспанова Б. Ісқағаздары. Әдістемелік оқу құралы. –Түркістан: 
«Ғасыр-Ш» баспасы, 2005. –356 б.
6. «Ана тілі» газеті, 2003 жылғы 4 желтоқсан.
7.  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген // Термино- 
логиялық жинақ – Терминологический сборник. –Алматы: Сөздік-
Словарь, 2002. –76-95-бб.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусым- 
дағы  №110  Жарлығымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасында 
тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мем- 
лекеттік бағдарламасы».
9.  Әшірова  Б.  Қазіргі  қазақ  ресми  ісқағаздары  туралы  //  Аудар- 
матану  (ғылыми-практикалық  көмекші  құрал).  –Алматы:  «Тіл»  оқу-
әдістемелік орталығы, 2008. –94-100-бб.
10.  Дүйсембекова  Л.  Ресми  ісқағаздарын  аудару  мәселелері  // 
Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). –Алматы: «Тіл» 
оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –111-118-бб.
11.  Әбдірәсілов  Е.  Ісқағаздарын  аудару  тәжірибесінен  //  Аудар- 
матану  (ғылыми-практикалық  көмекші  құрал).–Алматы:  «Тіл»  оқу-
әдістемелік орталығы, 2008. –121-126-бб.

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
49
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Т
ерминдердің  қалыптасуы  және  соған  сәйкес  терминология 
саласының  даму  бағыт-бағдары  қай  кезеңде  болмасын  әртүрлі 
қоғамдағы қалыптасқан жағдайлармен байланысты болғандығы және 
сол  үрдіс  кезеңдер  еншісінде  өз  жалғасын  тауып  келе  жатқандығы 
терминология  тарихы  үшін  де,  қазіргі  терминологияның  даму 
ерекшелігі  үшін  де  құпия  емес.  Жылдар  бойы  терминдердің 
қолданысы  мен  бірізділігіне  байланысты  өзекті  мәселелердің  күн 
тәртібінен  түспей  отыруының  да  себептері  осы  факторлармен 
және  термин  шығармашылығын  үйлестірудегі  бірқатар  талаптарды 
сақтамай отыруымызбен байланысты екендігі жасырын жағдай емес. 
Соңғы  кездері  жап-жақсы  қалыптасып  үлгірген  терминдерді  сы- 
нау, жұрт үйрене бастаған сәтте сөздің этимологиясын «шарттылық» 
қағидатын  елеместен  қазбалау,  сөйтіп  терминдердің  қолданысына 
балта шабу  немесе керісінше, негізсіз аударылған терминдер жасау, 
жұртшылықты былай қойғанда, мамандардың өзі түсінбейтін аударма 
сөздердің  көбеюі,  термин  шығармашылығында  алдымен  қолданысқа 
Ербол ӘБДІРӘСІЛОВ
ҚР Парламенті Сенаты Аппараты 
Редакциялық-баспа бөлімі 
меңгерушісінің орынбасары, 
филология ғылымдарының 
кандидаты
Жаңа ұғымдарды 
қалыптастырудың 
кейбір мәселелері

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
50
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
енгізіп,  ұсынып,  қалыптастырып  алып  барып  сөздікке,  нормативтік 
еңбектерге  енгізу  талабының  сақталмауы,  сөздік  атаулыға  авторлық 
аудармаларды  (эксперименттерді)  енгізу,  аударма  барысында  ұқсас 
ұғымдардың  да  болатындығын  ескермей,  мәнмәтіндік  қолданыс 
ерекшелігін  есепке  алмастан  аудару,  селт  еткен  жаңа  ұғымның 
барлығын  термин  деп  қарау  сияқты  т.б.  толып  жатқан  мәселелер 
жинақталып отыр.
Тілдің  қолданысы  –  тілдік  сананы  қалыптастырушы  негіз  десек, 
қазіргі терминология мен қоғамда қалыптасып жатқан жаңа сөздердің 
(Сіздер мен біздер оларды да терминге жатқыза салатын болғанбыз. 
Жұртшылық үшін тосын сөздің де, аударманың да бәрі – термин сөз. 
– Е.Ә.) қолданылуына, қолданбай ескі кірме нұсқасын ала салуға да 
әсер  етуші  тілді  қолданушылардың  ұлт  тілінде  ойлау  әлеуеті,  тілдік 
санасы. 
Расында  терминдердің  сынға  түсуінде  объективті  де,  субъективті 
де  себептердің  бар  екендігін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Бірақ  қалай 
болғанда  да,  жаңа  сөзді  іске  жаратуымызды  қолдауға  да,  оған  кері 
әсер етуге де байланысты құбылыстар тілдік жағдайымен және тілдік 
санамен  байланысты.  Мұны  терминологияға  әсер  етуші  сол  тілді 
қолданушылардың тілдік санасымен байланысты түсіндіруге болады. 
Оны тілдік ойлау деп те атауға болады. Бұл ұлт тіліндегі терминдердің 
қалыптасуына  ықпал  етуші  психолингвистикалық  факторлар  деп  те 
түсіндіруге болады. 
Ұлт  терминологиясы  ұлт  тілімен  тығыз  байланысты  тілдік  бірлік 
түрлері.  Ұлт  тілінің  дамуы,  оның  қоғамдағы  қолданыс  жағдайы  ұлт 
терминологиясына тікелей әсер етеді.  Өйткені екеуі де тілдік санамен 
тығыз байланысты. 
Осы жағынан келгенде, қазақ тілін қолданушылардың терминдерді 
қабылдау  жағдайына  арнайы  тоқталып  өткен  жөн.  Олай  деп 
тұжырымдауымыздың  себебі,  қазіргі  қазақ  тілін  білмейтін  ұлт 
өкілдерінің  санасы  өзге  қазақтілділердің  санасына  ықпал  етпей 
отырған жоқ. Екіншіден, өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанда мемлекеттік 
тілді  білмей  отыруы  да  осы  мазмұндас  сипатта  терминологияның 
қалыптасуына ықпал етеді. 
Нақтырақ түсіндірсек, халық қай тілде ойласа, сол тілде жасалған 
терминдерді  қабылдауға  бейім  болып  келеді.  Мысалы,  жылдар  бойы 
орыс  тілінің  ұлтымыздың  өкілдеріне  әсер  етіп  келуі  нәтижесінде, 
қазіргі кезде олар орыс тілінде сөйлеп, орыс тілінде білім алып, қарым-
қатынас жасап, тіпті сол тілде ұрпақ тәрбиелеуді дұрыс көреді. Тіпті, 
орыс тілінде сөйлейтін қазақтардың тәрбиелеген ұрпақтары да орыс 
тілінде  сөйлеп,  орыс  тілінде  сөйлейтіндіктен,  олардан  туған  қазіргі 
жас  қазақтардың  өзінің  де  мемлекеттік  қазақ  тіліне  бет  бұрып,  сол 
тілде  ойлауы  қиынға  соғып  отырған  жағдайы  бар.  Өйткені  тілдік 
сана күрделі психологиялық, логикалық түсінік. Оны бірден өзгерту 
тілшілер үшін де, қоғам үшін де, тіпті өзгерткім келеді, үйренгім келеді 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
51
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
деген жеке тұлғаның өзі үшін де күрделі құбылыс. Айта-айта жауыр 
болған  мәселе  десек  те,  қазіргі  терминдердің  қалыптасуына  кедергі 
келтіріп отырған психолингвистикалық фактордың бірі болып қалып 
отыр.
Бұл да мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге, сол арқылы ұлт 
тілінде  жасалған  терминдердің  қалыптасуына  кері  әсерін  тигізіп 
отырған жағдайлардың бірі. Тілдік жағдай тіл арқылы онымен байла- 
нысты  лексикалық  бірліктердің  дамуына  да  өз  ықпалын  тигізген 
және тигізіп отыр. Өйткені, олар да тілдік санаға, тілді қолданушылар- 
дың ойлау тіліне тәуелді. Солардың маңыздыларының бірі – термин- 
дер.  Тілді қолданушылардың тілдік санасының өзгеруі терминология- 
ның өзгеруіне немесе керісінше, терминдер құрамының арнайы кір- 
ме терминдер қатарымен өзгеруі термин туралы тілдік сананың, тер- 
мин туралы түсініктің өзгеруіне ықпал етпей қойған жоқ. Бұл қазіргі 
термин туралы түсінікті күрделендіріп отырған жағдайы бар. Мұндай 
тілдік бірліктердің қатарына терминнен, жалпы тіліміздегі сөздерден 
басқа да тілдік бірліктерді мысал ретінде келтіруге болады. Мысалы, 
мекемелердің  атаулары,  кафе,  мейрамханалар  мен  дүкендердің, 
тауарлар мен заттардың, компаниялардың атаулары т.б. осы тәріздес 
ұғым атауларын жатқызуға болады. Біздіңше, бұл атаулардың елімізде 
басым бағытта қай тілде аталып, жарнамаларының қай тілде жасалып 
жүргені арнайы дәлелді қажет етпейтін де болуы тиісті. 
Соған қарамастан, ойымыз дәйекті болу үшін бір-екі мысал келтіре 
кету  де  артық  болмайды.  Мысалы,  БОШ  (BOSH).  Атау  батыстық 
арнайы  технологиялар  мен  техникалық  жабдықтарды  шығарумен 
айналысатын,  сол  негізде  өз  тауарларын  Қазақстан  жұртшылығына 
ұсынатын  фирма  атауы  болып  саналады.  Бұл  сияқты  белгілі  болып 
кеткен атауларды брендтік атаулар деп те атайды. Оған мысалдарды 
көптеп  келтіре  беруге  де  болар,  бастысы,  оларды  біздің  тілдің 
қолданушылары  өзгертіп  те  пайдаланғысы  келмейді.  Тіпті,  оны 
ағылшын  тілінде  қалай  жазылса,  солай  жазу  қалыптасып  кеткен. 
Қазақстанда  орналасқан  дүкендерінің  маңдайшаларында  осылай 
жазу  кеңінен  қалыптасып  кеткен.  Талданып  отырған  мәселе  қазақ 
тілінің  қолданысына  байланысты  сыналмай  жүрген  мәселе  де  емес. 
Осы  сияқты  атаулар,  әрине,  термин  сөздерге  жатпайды.  Бірақ, 
табиғаты  мен  тілдегі  қолданыс  ерекшелігі  терминдерге  ұқсас  болып 
келетін  лексикалық  бірліктердің  қатарына  жатады.  Бастысы  мұндай 
тілдік бірліктерді келтірудегі мақсат – олардың тілдік санамен тығыз 
байланыстылығында. 
Тілдік  сананың  өзгерісіне  дәлел  бола  алатын  тілдік  бірліктердің 
негізгілерінің  бірі  –  жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  терминдердің 
нақты  өздері  болып  саналады.  Тілдік  сана  терминдік  сананы  да 
өзгертуге  үлкен  үлес  қосқан.  Яғни  тілдегі  өзгерістер,  ойлаудағы  өз- 
герістер ғылыми ойлауға да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ғылым 
салалары бойынша жазылған монографиялар мен ғылыми еңбектердің, 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
52
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  көпшілігінде  қолданылған  және 
қазір  де  қолданылып  жүрген  терминдер  кірме  терминдер  болып 
келеді. Бұл да терминдік сананың қай ұлт тілінде сөйлеуге бейімділігін 
байқатады.  Тіпті,  осы  монографиялар  мен  оқулықтардағы,  жалпы 
ғылыми еңбектердегі сөйлем жүйесінің өзі де ұлт тілінде кей жағдайда 
түсінікті  бола  бермейді.  Бұл  қазақ  тілінде  жазылған  еңбектердегі 
ғылыми  ойлаудың  қазаққа  түсінікті  емес  екендігін  аңғартады.   
Мысалы, осыған қазақ тіл білімінде жазылған еңбектердің көпшілігінде 
единица, форма, сөз формасы, дыбыс формасы, семантика, параллель, 
ассонанс,  прогрессивтік  ассимиляция,  регрессивтік  ассимиляция, 
сингармонизм,  инлаут,  унлаут 
т.б.  сияқты  терминдер  қолданылып 
келді. Олардың бірқатары қазіргі еңбектерде аударылып қолданылса, 
бірқатары әлі де аударылмаған, өзге тілде қалыптаспаған нұсқасында 
қолданылып  келеді.  Кейбір  ғылыми  еңбектерде  аударылған 
терминдердің  қазақ  тіліндегі  нұсқалары  бар  болса  да  бұрынғы  өзге 
тілдегі нұсқалары қолданылуда. Бұл да қазақ ғалымдары мен олардың 
санасындағы ғылыми ойлау жүйесінің толығымен қазақ тіліне, қазақ 
тілді  ойлауға  көшпей  отырғандығының,  сөйлемдерінің  қазақ  тілінде 
емес, орыс тілінде сөйлеуінің көрінісі. Былайша айтқанда, түрі қазақ- 
ша  жазылған  ғылыми  еңбектер  болғанымен,  мазмұны  орыс  тіліндегі 
еңбектер  болып  саналады.  Әрине,  ғылыми  тұрғыдан,  барлық  еңбек 
атаулыны  бұлай  бағалауға  да  болмас,  бірақ  осы  құбылыстың,  осы 
ғылыми  тілдік  сананың  қоғамдағы  бар  құбылыс,  бар  үрдіс  екендігін 
жоққа шығара алмасымыз анық. 
Түрі  қазақша,  яғни  қалыбы  қазақша,  мазмұны  орысша  дегеннің 
нағыз  көрініс  табатын  жері,  тілдік  қолданысы  –  құжаттар  болып 
табылады.  Құжаттар  жағдайындағы  аударма  мәселесі  де  жеке 
талданар.  Дегенмен,  тілдік  бірліктерді,  терминдік  бірліктерді 
қамтитын  маңызды  тілдік  материалдар  ретінде  тілдік  сананың,  тілге 
түсінікті  мазмұнның  қолданылмай  жатқан,  өзгеріске  түсіп  жатқан 
тілдік  ортасы  осы  құжаттар,  олардың  тілі  болып  табылады.  Құжат 
тілін  аудармаға  айналдыру  арқылы  тілдік  сананы,  ойлау  санасын  да 
аудармаға  айналдырудамыз.  Сөйтеміз  де  келіңкіремейтін  сияқты, 
үйлеспейтін сияқты деген сылтаулармен өзге тілдің бірлігін, терминін 
қолданамыз.  Мысалы,  осы  уақыт  аралығында 
мұражай,  мұрағат
  
болып  қалыптасып  үлгерген  терминдерімізді  «дәл  берілмей  жатыр» 
деген  сылтаулар  негізінде 
музей,  архив
  нұсқасында  қайта  бекітіп 
алдық. Қаншалықты орынды?! 
Осы тұста сөзсіз оның себептерін іздеудің реті өз-өзінен ойға келері, 
талдау нысанына айналары заңды.  
Тілде,  терминтану  ілімінде  белгілі  терминолог-ғалымдардың  өзі 
көрсетіп жүргеніндей, термин тілдік, ғылыми ойлау логикасы, соның 
негізінде пайда болған ғылыми атау тұжырымы (концепт) мен тілдік 
бірліктің  (лингвистиканың)  арасынан  туындап,  қалыптасады  екен. 
Тұжырым  –  сөзсіз  ғылыми  ойлау  тілінің  жемісі.  Осы  тұрғыдан 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет