Тіл, сөйлеудің сипаттамалары, қызметтері


Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері



бет2/2
Дата20.02.2023
өлшемі15,59 Kb.
#69511
түріСабақ
1   2
Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері
Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Ішкі сөйлеу тағы да ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді. Іштей сөйлеу ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Жазбаша сөйлеуде қарым-қатынастың шарты мәнімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. Жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінесе (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптермен белгіленеді.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден кейін пайда болды және оның негізінде қалыптасады. Белгілі бір адамның тарапынан айтылатын, естілетін сөйлеуді ауызша сөйлеу деп атаймыз. Ауызша сөйлеу - кәдімгі дыбыстың ауызекі сөйлеу тілі, ол біз басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста пайдаланатын тіл. Ауызша сөйлеу қарым-қатынасы кеңістік пен уақыттың жағдайларымен шектеулі болып келеді.
Ауызша сөйлесу диалогтік және монологтік болып бөлінеді. Екі немесе одан да көп адамдардың арасында әңгіме, сөйлесу түрінде жүретін диалогтік сөйлеу үрдісінде адам сұрақ қояды және оған жауап береді, сын-пікір айтады, қолдау және қарсылық білдіреді. Күнделікті және жай әңгімеде диалогиялық сөйлеу алдын ала қойылған мақсатты сипатта және жоспары болмайды. Осындай әңгіменің бағыт-бағдары және оның нәтижелері белгілі дәрежеде қатысушылардың айтқандарымен анықталады. Егер әңгімге қатаң белгіленген міндетке бағындырылса, диалогтік сөйлеу мақсатты сипатта болады, айтылатын ойлар кең түрде беріледі. Мысалы, белгілі бір мәселені анықтау үшін әдейі ұйымдасқан әңгімеде диалогтік сөйлеу осылай өткізіледі.
Диалогтік сөйлеуде адамға қойылатын ең басты міндеттердің бірі - өзінің әріптестерінің айтқандарын соңына дейін тыңдау, оның сауалдарын түсіну және оған жауап бере білу.
Монологтік сөйлеу қарым-қатынас тәжірбиесінде ерекше орын алады және әртүрлі ауызша және жазбаша сөйлеген сөздер мен баянамаларда байқалады. Сөйлеудің монологиялық түрлеріне лекциялар, баяндамалар, жиналыстарда сөйлеген сөздер, хабарландырулар, бұйрықтар мен көптеген басқа да ауызша және жазбаша хабарлар жатады.
Монологтік сөйлеудің жетістігі аудиториямен қажетті байланыс жасау ептілігіне байланысты.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеу сияқты қарым-қатынастың сондай қызметін атқарады. Бірақ ой алмасу ауызша және жазбаша сөйлеуде әртүрлі тәсілдермен және құралдармен іске асады. Жазбаша сөйлеу графикалық түрде, жазба белгілердің (әріптердің) көмегімен бейнеленеді.
Іштей сөйлеу деп дауыс шығармай, әр уақытта да ойлау үрдісінде қолданылатын сөйлеуді айтамыз. Іштей сөйлеу адамға ана тілінің негізінде дауысын шығарып қатты сөйлемеген кезде іштей ойлауға мүмкіншілік береді. Адам қай тілде сөйлесе, сол тілде ойлайды. Адам ауызша және жазбаша сөйлеместен бұрын іштей дауысын шығармай сөйлей алады, демек бұл – іштей сөйлеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет