Тілдегі мағыналары бір -біріне қарама -қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Мысалы: жақсы-жаман, жаңа-ескі, бар-жоқ. Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі22,56 Kb.
#34867
  1   2

Тілдегі мағыналары бір -біріне қарама -қарсы сөздерді АНТОНИМДЕР дейміз. Мысалы: жақсы-жаман, жаңа-ескі, бар-жоқ.Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Мысалы: дәптер, қалам деген сөздердің антонимдері жоқ. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл-әрекетті анықтайтын етістіктерден болады.
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапа-сын, артық-кем қаснетін, мөлшср-көлемін салыстырып, бір-бірі-не қарама-қарсьі қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мыр-за. Кейде қапа, ксйі ырза, Барша жұртты сынадық (С. Сейфул-ин). Кейдс қайғы, кейдс шат, кейде түнық,кейде ылат, кейде қорқақ, кейде өжет, кейде тірі, кейдс өлет (I. Жансүгіров). Бо-лысекең кейде паң, кейде мүләйім, кейдс жұмсақ, кейде қатты,кейде береген, кейдс сарақ (Ғ. Мүстафнн). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсепбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйадей көретініңіз қалмаган, мыр-за (Қ. Оразалин).
Осыпдағы сараң—мырза, қапа—ырза, қайғы—шат, тұнық— ылат, қорқақ—өжет, тірі—өлі; паң—мүләйім, жұмсак—қатты, береген—,сараң, әлді—әлсіз, әділет—қияпат, түймедей—түйедей дегендер жагымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жа-| маншылықтын, үлкен мсн кішініц керегар ұгымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жагыныц салмақ-мөл-. шері бірі артық, бірі кем емес, нақ бірден, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз магынасы бір-біріне карама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндінтсн, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері ксдей, нс болмаса, тіптеп ксздеспсуі де гажап емес.

Қазақ тілінде антоннмдер көбіне-көп сын есшдерден болады онан соң етістіктерде зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кез- деседі. Ал калған сөз таптарьшан ангонимдер тым тапшы.

Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар: түбір күйінде кездесетіндері: ауыр—жеңіл, кең—тар, ыстық- суық, үлкен—кіші, жас—кәрі, биік—аласа, ұзын—қысқа артық—кем, аш—тоқ, жақсы—жаман, қалың—жұқа, терең-арарық—семіз, оңай—қиын, араз—тату, ашы—тәтті, көп-аз,оң- теріс т. б.

ә) туынды түбір күйінде кездесетіндері: ашық-жасырын, өэімшіл—көпшіл, ашық—жабық, тілазар—елгезек, қаты—ақырын, орнықты—шалағай, олақ—іскер, оңқай—солақай сүйкімді—жексүрын, бүтін—жыртық, жүрдек—шабан, түзу-қисық т. б. Қазақ тілінде сындық мағынадағы туынды антоним- дер көбінесе —лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы анто- нимнің жағымды сыңарларын ал —сыз, -сіз жұрнақтары сыз мағынадағы сыңарларын жасайды. Мысалы:

Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Аргымақ бірде жалды, бірде жалсыз.
Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
Куэлі істі куә табар,
Куәсіз істі күман табар.
Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім дейді.

Сол сияқты сын есімнің —ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы да туынды антонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы соңғы, бұрынғы—қазіргі, үйдегі—түздегі, сыртқы—ішкі, күндізгі— түнгі, қысқы—жазғы т. б. Етістікке тон мынадай антонимдер бар: а) тубір күйінде кездесетіндері: озу—қалу, кету—келу,| қону—ұшу, айырылу—қосылу, шашу—жинау, бару—қайту, 1 жату— тұру, ашу—жабу, кіру—-шыгу, ұту—ұтылу, жеңу—жеңілу, қуану—ренжу, сүйіну—күйіну, көшу—қону, күлу—жылау, сату—алу, ысу—суу, шабу—ілбу, даму—тоқырау, қату-жібу , ауыру—сауығу т. б. ә)туынды түбір күйінде кездесетіндері: таю—жасару, жогарылау—төмендеу, татуластыру—араздастыру, ақтау—қаралау, елдестіру—жауластыру, мақтау—даттау күшею—бәсеңдеу, баю—кедейлену, арықтау—семірту, жаңар- күшсю —бәсеңдеу, баю—кедейлену, арықтау — семіру, жаңару ескіру т. б.

Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күй- інде кездеседі; а) түбір күйінде кездесетіндері: өтірік—шын алғыс—қарғыс, рақат—бейнет, бақ—сор, өмір—өлім, өц—түс’, алды—арты, шарапат—кесепат, асты—үсті, пайда—зиян, бай-. кедей, жаз—қыс, күн—түн г. б. ә) Туынды түбір күйінде кезде-| сетіндері: аласы—бересі, байлық—жоқтык, кісілік—иттік,аш- тық—тоқтық, тарлық—кеңдік, жеңіс—жеңіліс, ұтыс—ұтылыс азшылық—көпшілік, кіріс—шығыс, алыс—беріс, сыпайыгерші- лік—арсыздық т. б.

Үстеуге қатысты антонимдер: ерте—кеш, ілгері—кейін жогары—томен, алыс—жақын, әрі—бсрі, сылбыр~тез т.б.» Е е і м д і к к е қ а т ы с т ы анау—мынау, әне- міне, осы—‘сол тәрізді бірен-саран антонимдер гана үшырасады. Тілде қарама-қарсы ұгыммен қатар, кейде, аралық ұгым да кездеседі.

Мәселен ескі мен жаңаның арасында көне (көнетоз), шикі мен пісінің арасында дүмбілез, суық пен ыстықтың арасында жылы.ұтыс пен ұтылыстың арасында теқ, ерте мен кештің арасыпда дәл біткен мен бітпсгснніц арасында шала, жеңу мен жецілудің арасында итжығыс деген аралық ұғымдар бар. Бұлар антоним (бітксннің бәріне тең емес, кейбірлеулеріндс ғана үшырайды. Аралық ұгым кереғар екі ұғымды тең ұстап тұрады. Тілдсгі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-біріп шендестіріп,салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен, антонимдер өте-мөте мақал-мәтелдерде жиі қолдапылады. Антонимдерді қолданудыц негізінен үш жолы бар:

1. Антонимдер бір сөйлемнің, өз ішінде салыстырылып айты-лады. Мысалы: Қорльіқ өмірден ерлік өлім артық. Ер бакыттың қонганын білмейді, ұшқанын біледі. Еріншек егіншідсн елгезек масақшы озады. Ақымақ бұзуга бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстан-нан тірі тышкан артық. Досыңның асынқасыңдай іш.

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы койылып шен-дестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік. Ашаршылықта кезіцнен бір-бір ұшар. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Жаңаны күтіп, жалаңаш үйден шыкпай қалған-нан, Ескіні жамап киіп, жацаны іздеп тапқан артык. Көп ақы-мақтың ағасы болғанша. Бір ақылдының інісі бол. Жауластырмақжаушыдан Елдестірмек елшіден.

3. Аигонимдер ыцғайлес кезектесіп қатар жұмсалады Мыса-лы: Арымақ, семірмек көңілден. Палуанға он, терісі бірдей. Ылдисыз өр болмайды. Ит үрер жақсыга да, жаманға да, Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды (Ы. Алтынсарин). Ащы менен түщынытатқан білер, Алыс пенен жақындыжорытқан білер. Бір суып,бір ысып,

Барады іш пысып (Абай). Қарсы койылып айтылгаиныц бәрін антоним деп тануға болмайды. Ксйде синоним• сөздер де бір-біріне салыстырылып антыла беретд. Мысалы: Гүрілдеи келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман. Қауіп бар жерде қатер бар. Қауіп қайдан болса, қатер содан. Өлімбар жерде аза бар. Бет көрсе, жуз ұялады. Жан-жақты дамып, ке мелденгсн тілде белгілі бір ойды әр турлі мақсат-мүдеге карай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануга болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге де оншалиқты тапшы емес екендігін байқаймыз.

Омоним



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет