Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?



бет1/8
Дата16.02.2022
өлшемі27,67 Kb.
#25660
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

1-тапсырма

Тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?

Орындаған: Сеитова Н.А.

Қазір адамдар бір уақыт пен кеңістік шегінде өмір сүріп жатса да, бір-бірімен пікір алмасуына, бірінің ойын бірі толық білуіне (тыңдау арқылы ойын білуге) мүмкіндігі (уақыты) жоқ. Осыған орай адамдар тілді екі бағытта қолдануға қалыптанған сыңайлы. Бірі қауым болып өмір сүруіне қызмет етуші тілдің коммуникациялығы, екіншісі саналы ойын жарыққа шығару, ойын жүйелеу, бекітуге қызмет етуші тілдің ойжасамдық бағытында. Екінші бағыттың ерекшелігі саналы ойдың «қағазға түсіп» реалдануында жатыр. Тілдің ойжасамдық қызметі жазу арқылы орындалатыны бірден бола қойған жоқ. Көркем сөз (көркем əдебиет), шешендік сөз (публицистика), даналық сөз (ғылым) түрлері арқылы əсіресе монологтік, сосын диалогтік сипатта адам ойы ауызша түрде жүйеленіп, бекітіле берді. Бірақ жазу пайда болғалы тілдің ойды жасау қызметін жазу атқаратын болды. Айтылатын ой немесе айтылған ой қағазға түсіріліп жүйеленбесе, ол «жел сөз» болып қалатынды шығарды. Бұл əсіресе үлкен аудиторияға ақпарат таратуда (радио, теледидар хабарлары, шаршы топ алдындағы сөз, дəрістерде) жақсы көрінеді.

А.Р. Лурияның »Жазу ауызша тілге қарағанда ойлаудың жаңа, жетілген, күшті құралына айналды» [1, 544] дегеніндей, жазу дербестігі күшейгенде ой-тіл-жазу қатынасы ой-жазу қатынасына көшеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет