Тім тәрбие сағаты уақыты



Дата06.01.2022
өлшемі35 Kb.
#15998

Бекітемін:

ТІМ ..........



Тәрбие сағаты уақыты: 11.02.2017 ж.

сыныбы: 5 «А»



Тақырып: Масс медиа дегеніміз не?

Мақсаты: оқушыларға масс медиа, жаңа медиа ұғымдарына түсінік беру, масс медианың пайдасы мен зияны жайлы пікірталаста өз ойларын айтуға, ұжымның алдында өз ойын толық, нақты жеткізуге баулу;

Пайдаланылған әдебиеттер: «Сыныптан тыс жұмыстар» (журнал), ғаламтор мәліметтері

Өткізілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылардың сабаққа қатысын бақылау;

- жұмыс дәптерлерін таратып, жинақтап, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Жаңа тақырып.

1. Ой шақыру:

- Масс медиа деген ұғымды естіп көрдік пе?

- Медиа деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

- Алатын ақпараттар өте көп. Олардың барлығы бізге пайдалы ма?

- Масс медианың зиян жақтары бар ма? Қалай ойлайсың?

2. Масс медиа, жаңа медиа ұғымдарына түсінік беру, дәптерге түсіру:

Масс медиа – көп ақпараттар тарату құрылғысы, ұйымдастырылған техникалық кешен, кез-келген мәліметті ғаламтор, теледидар, газет, журналдар арқылы оқып, көріп, естіп, біліп жатамыз. Бұл масс медиа.

Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин. Бұл ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, жаңа медиа медиа контентке жатататын барлық мәліметтерге кез келген уақытта, әртүрлі компьютерлі құрылғылардың көмегімен қол жеткізіп, пікірлесуге, жаңа мәлімет енгізуге және бірнеше адамның бірігіп, ақпарат түзуіне мүмкіндік беруді де сипаттайды. Жаңа медианың келесі бір қыры медиа контентті жариялау, тарату, тұтыну және әзірлеудегі еркіндіктің берілуімен құнды. Жаңа медианың дәстүрлі медиадан айырмашылығы контенттің сандық форматта бит өлшемдеріне дейін ұсақталуында жатыр. Сонымен қатар жаңа медиада контент онлайн режимде де қарқынды түрде әзірленуімен ерекшеленеді.

Сондықтан да жоғары сапалы сандық тәсілмен плазмалы теледидардан бағдарламаның көрсетілу әлі де дәстүрлі медиа болып саналады да, ал қарапайым рок әншілердің интернеттегі сайттарынан тыңдармандардың әндерді жүктеп алып, пікірталқы ұйымдастыра алатын болса "жаңа медиаға" жатады.

"Жаңа медиа" деп суреттелетін көптеген технологиялар әдетте манипуляциялайтын, желіде жұмыс істейтін, сығымдалған, интерактивті сандық форматта болады. Оның кейбір үлгілеріне Интернет, сайттар, мультимедиалы компьютер, компьютер ойындары, CD-ROM-дар және DVD-лар жатады. Теледидар бағдарламасы, көркем фильм, журнал, кітап немесе қағазда жарияланған мәліметтің сандық форматта графикасы, интернет сілтемелері бар интерактивті қызметтері болмайынша жаңа медиаға жатпайды.
ІІІ. Жинақтау:

- «Масс медианың пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас



(3 топ пікірлерін ортаға салады)
IV. Қорытындылау:

Қазір заман талабына сай орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруіміз қажет. Себебі көптеген ғаламтор арқылы келетін мәліметтер орыс тілінде, не ағылшын тілінде келеді, сондықтан сіздер керекті кез-келген орыс, ағылшын тіліндегі ақпаратты масс медиа арқылы алып, түсініп, өз пайдаңызға жарата білуіңізге қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет