Timss 4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және ғылыми жаратылыстану бағытындағы білім сапасын бағалау Зерттеу бағыты


Қойылатын және көзделетін талаптар



бет2/4
Дата07.09.2022
өлшемі0,66 Mb.
#38606
1   2   3   4
Қойылатын және көзделетін талаптар. PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік. PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану. Зерттеудің үш бағыты бойынша оқушылар сауаттылығын бағалау технологиясы - PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция (құбылыстың бір бөлігін байқаудан алғна қорытындыларды оның екінші бөлігінде қолдануға саятын ғылыми зерттеу әдіснамасы) жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын, мәселелер туралы дербес ой жүгіртіп, өзіндің таңдау жасай алуын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономикалық тұрмыста академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.
Бағалауды жүргізетін және бағалауға ат салысатын ұйымдар. PISA-2012 халықаралық жобасын іргелі халықаралық ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып Консорциум және ЭЫДҰ жүзеге асырады. Консорциумға сонымен қатар педагогикалық зерттеудің Австриялық Кеңесі (ACER), білім беру саласындағы зерттеулердің Жапония ұлттық институты (NIER) және Американдық ұйым (WESTAT) кіреді.
TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
Халықаралық TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Халықаралық TIMSS зерттеуі 1995 жылы басталып, төрт жылдық кезеңмен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015, 2019) өткізіледі.
Қазақстанда бұл зерттеуді алғаш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» өткізеді.
Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілі – сауалнамалар жүргізу және тестілер алу. Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты және 8-сыныпты бітірген оқушылар қатысады.
TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.
TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім саласындағы әлемдік артықшылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау.
TIMSS халықаралық зерттеу негізгі екі бағыт бойынша жүзеге асады: «математика» және «ғылыми-жаратылыстану», сонымен қатар оқушылардың жалпы оқуды меңгеруі және зияткерлік қабілетін бағалауға ерекше көңіл бөлінеді.
ТIMSS құралы оқушылардың білім деңгейін келесі танымдық салаларында бағалайды.
«Білім» оқушылардан академиялық білімін сандардың қасиеттерін және қарапайым геометриялық фигураларды, анықтамалар және стандартты диаграммалар және графиктер ақпаратты шығарып алуды талап ететін математика бойынша тапсырмаларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет