Timss 4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және ғылыми жаратылыстану бағытындағы білім сапасын бағалау Зерттеу бағыты


«Қолдану» әртүрлі өмірлік жағдайлармен, кестелер, диаграммалар және графиктер түрінде берілген мәліметтерді түсіндірулері қажет және «Ойлау»



бет3/4
Дата07.09.2022
өлшемі0.66 Mb.
#38606
1   2   3   4
«Қолдану» әртүрлі өмірлік жағдайлармен, кестелер, диаграммалар және графиктер түрінде берілген мәліметтерді түсіндірулері қажет және «Ойлау» тапсырмалары оқушылардың логикалық және жүйелі ойлай білу дағдыларын анықтайды.
TALIS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
TALIS (The Teaching and Learning International Survey) зерттеуінің мақсаты – қатысушы елдерге кәсіби деңгейі жоғары мұғалімдер корпусын дамытудың жаңа басымдықтарын қайта қарауға және анықтауға мүмкіндік беретін сенімді, салыстырмалы деректерді қамтамасыз ету. 2018 жылы зерттеудің үшінші циклі өтеді (2008 ж. – бірінші, 2013 – екінші). Қазақстан алғашқы рет TALIS халықаралық зерттеуінің үшінші цикліне қатысады.
Зерттеуге қатысатын мұғалім мен мектеп директорлары білім беру саясатын талдауға және дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік алады.
TALIS зерттеуі мектеп мұғалімдері мен директорларына халықаралық келісілген сауалнама жүргізу арқылы өткізіледі. Зерттеу шеңберінде мұғалімдердің фондық сипаттамасы, қолданатын технологиялары мен оқыту әдістері, әдеттері және көзқарастары, мұғалімдерге көрсетілетін кәсибі дамуы мен әдістемелік қолдаулары, олардың мұғалімдермен және оқушылармен арасындағы қарым-қатынасы, мектепшілік басқару сұрақтары қарастырылады.
Зерттеу мақсаты – қатысушы елдерге оқыту мен білім беруге тиімді жағдай жасау үшін білім саясатын қайта қарастыруға және дамытудың жаңа бастамаларын анықтау мақсатында шынайы, уақтылы мен салыстырмалы деректерді ұсыну. Зерттеу мектеп директоры мен мұғалімдердің пікірін ұлттық және халықаралық деңгейде білдіруге мүмкіндік береді. Жобаның үйлестірушісі - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ). Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ TALIS зерттеуінің Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі. Қазақстан бойынша зерттеу апробациясына кездейсоқ түрде іріктелген 30 мектеп директоры және 600 мұғалім қатысты. Негізгі зерттеу 2018 жылғы сәуірде 200 мектеп директоры және 4000 мұғалімнің қатысуымен өткізілді. Зерттеудің 2019 жылғы маусымда жарияланатын нәтижелері TALIS-тың өткен кезеңдеріне қатысқан көптеген елдердегі сынды, еліміздің педагогикалық корпусының мәртебесін көтеруге үлес қосуға мүмкіндік береді деп күтілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет