Тыныс алу жүйесі Шералиева Тахмина



бет1/4
Дата14.10.2022
өлшемі5,63 Mb.
#43187
  1   2   3   4

Тыныс алу жүйесі

Шералиева Тахмина

Бахытова Айнара

Хусайнова Зарина

Болат Нұрдаулет

Кульпейсова Айгул


Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылымдық қалыптасуының жалпы принциптері.

Сыртқы тыныс алу жалпы функциясын жүзеге асыру кезінде қосатын үлесіне қарай 2 топқа бөлінеді: Тыныс жолдарына және респираторлық бөлімге.

Тыныс жолдарының қуысы

Ауада бөгде денелермен микроорганизмдердің болуына байланысты сыртқы орта болып табылады. Тыныс жолдары мұшелерінің қабырғасының құрылысы осы жағдайға сәйкес келеді. Ұзына бойы ол бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен және оның астында орналасқан борпылдық талшықты дәнекер тіннен тұратын меншікті табақшамен төселген. Кілегейлі қабықтың эпителийінің құрылымдық қалыптасуы- жасушаларының үздіксіз қабаты және жасушалық құрамы –оның барьерлік қорғаныш функциясын қамтамасыз етеді. Кілегейлі қабақтың борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұратын меншікті табақшасы, әсіресе мұрын жолдарында қан тамырлары мен өте жақсы жабдықталған.

Респираторлық бөлімі

Респираторлық бөлімі –респираторлық бронхиолдардан басталып, алвеолдық жолдарды алвеолдық қапшықтарды қамтиды. Оларда алвеолдар қуысын толтырған ауа мен капилярларда ағып жатқан қанның арасында өзіндік ғаз алмасу жүзеге асады.

Тыныс алу жолдары негізі 2 ге бөлінеді:

1)Жоғарғы тыныс жолдары- ( мұрын қуысы, мұрын жанындағы қойнаулар, евстахий түтігі, мұрынжұтқыншақ) жұтылған ауаны өткізуді, кондициялауды , оның газдық құрамы, температуралқ жіне механикалық тітіргенгіштерді рецепциялауды жүзеге асырады.

2)Төменгі тыныс жолдарына көмей, кеңірдек және дихотомиялық тармақталған бронхтар жүйесі –бронх ағашы жатады. Мұнда жұтылған ауаны кондициалау аяқталады, ауа легінің жылдамдығы мен көлемі реттеледі және иммундық жұйенің жергілікті құрылымдарының қатысуы мен организимді бөгде заттардан, денеден қорғау жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет