Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған тұлғаларға физиологиялық-педагогикалық сипаттама



бет1/5
Дата24.03.2023
өлшемі113,84 Kb.
#75860
  1   2   3   4   5

Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған тұлғаларға физиологиялық-педагогикалық сипаттама

Жоспары:

  • Тірек-қозғалыс аппараттары сырқаттарының түрлері, олардың пайда болу себептері.
  • Сал ауруына шалдыққан балаларды жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқыту.

Тірек-қозғалыс аппараттары сырқаттарының түрлері, олардың пайда болу себептері

  • Тірек-қозғалыс аппараттары функцияларының бұзылуы туа және жүре біткен себептерден болуы мүмкін. Мұндай патологиялардың бірнеше түрі бар:
  • • Жүйке жүйесінің аурулары (сал ауруы, полиомиелит);
  • • Тірек-қозғалыс аппараттарының туа біткен патологиялары: жамбас сүйегінің шығып кетуі; қисық мойын; табанның түрлі аурулары; омыртқа дамуының аномалиялары (сколиоз); аяқ-қолдың дамымай қалуы және дефектілері; саусақтар дамуының аномалиялары; артрогрипоз (туа біткен кемтарлық).
  • • Тірек-қозғалыс аппараттарының жүре келе пайда болған дерттері немесе зақымданулары: жұлынның, мидың және аяқ-қолдың жарақаттары; полиартрит; скелет аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері, остеомиелит); скелеттің жүйелі аурулары (рахит, хондродистрофия).

Ең көп кездесетіндері - жүру дефектілері мен сал ауруы. «Паралич» - грек тілінде «босаңсу, әлсіреу» дегенді білдіреді. Сал ауруы – бұл иннервациялық ақауларға байланысты аяқ-қолдың немесе бір бұлшық ет функциясының жансыздануы. Сал сырқаты, көбінесе, орталық немесе шеткі жүйке жүйелерінің органикалық сырқаттарға шалдығуы нәтижесінде пайда болады. Сырқат функционалдық және органикалық болып екі түрге бөлінеді.

  • Ең көп кездесетіндері - жүру дефектілері мен сал ауруы. «Паралич» - грек тілінде «босаңсу, әлсіреу» дегенді білдіреді. Сал ауруы – бұл иннервациялық ақауларға байланысты аяқ-қолдың немесе бір бұлшық ет функциясының жансыздануы. Сал сырқаты, көбінесе, орталық немесе шеткі жүйке жүйелерінің органикалық сырқаттарға шалдығуы нәтижесінде пайда болады. Сырқат функционалдық және органикалық болып екі түрге бөлінеді.
  • Функционалдық сал ауруы кезінде жүйке жүйесінде анатомиялық өзгерістер болмайды. Олар кенеттен пайда болып, солайша тез және із-түзсіз жазылып кетеді. Ал балалардың церебралды сал ауруы (БЦС) – бұл бас миының баланың жас кезінде зақымдануы немесе дамымай қалуы. Нәтижеде мидың қимыл-қозғалысқа, сөйлеуге жауап беретін бөлімдері зақымданады. Сондықтан БЦС кезінде адамға ең қажетті функциялар – қимыл, психика және сөйлеу бұзылады. Клиникалық жағынан басым көрінетіні – қимыл-қозғалыстың бұзылуы. Олар әртүрлі дәрежедегі психикалық, сөйлеу, есту, көру, сезім функцияларының бұзылуымен қоса жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет