Тірі организмдердегі белоктардың химиялық ҚҰрамы, ҚҰрылысы, физика-химиялық Қасиеттері. Альбумин мен



бет1/5
Дата17.02.2023
өлшемі6,48 Mb.
#68968
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5

ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДЕГІ БЕЛОКТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ, ҚҰРЫЛЫСЫ, ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.АЛЬБУМИН МЕН


ТРИПСИННІҢ КЕҢІСТІКТІК ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Орындаған: Лесбекова С, Тургынбек А. Тексерген: Ережепов А.

Жоспар


Кіріспе
Белоктардың адам ағзасындағы органикалық заттардың маңызды классының бірі және жасушаның құрылымдық- қызметтік компонентінің бірі ретіндегісі туралы түсінік
Белоктардың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдары. Белоктардың активті орталығы туралы түсінік
Олиомерлік белоктардың жалпы сипаттамалары
Белоктардың физика-химиялық қасиеттері. Белоктардың денатурациясы. Белоктардың денатурлануын жүргізетін факторлар. Шаперондар туралы түсінік. Медиицналық маңызы
БЕЛОКТАР немесе ПРОТЕИНДЕР – бұл жоғары молекулалы азотқұрамды органикалық заттар, олар – құрылымдық компоненті пептидтік
байланыстармен қосылған аминоқышқылдардан тұратын сызықты гетерополимерлер.
Табиғатта әртүрлі он мыңға жуық белоктар кездеседі. Оның бәрі де бір-бірінен негізгі бес белгілері бойынша айырмашылықта болады.

Белок молекулаларының құрамындағы негізгі ерекшеліктер:

  • Аминоқышқылдардың сандық мөлшері бойынша;
  • Әртүрлі аминоқышқылдардың мөлшерлік

  • қатынастары бойынша. Мысалы, дәнекер ұлпасының белоктарының барлық аминоқышқылдармен салыстырғанда 33%-ын глицин, ұйқы безінен өндірілетін белоктық гормон, инсулиннің молекуласының құрамында глицин аз, бар болғаны 8%;

https://kartinkin.net/uploads/posts/2021- 07/1626139267_5-kartinkin-com-p-belki-v- produktakh-yeda-krasivo-foto-6.jpg

Аминоқышқылдардың белоктағы кезектесу ретінің әртүрлі болуы бойынша. Бұл қандай да бір екі белокта бірдей қатынаста әртүрлі аминоқышқылдар болғанмен де, олардағы аминоқышқылдардың орналасу реті әртүрлі болады және
сондықтан олар әртүрлі белоктар болып табылады;

Әртүрлі белоктардағы полипептидтік тізбектердің саны 1-ден 12-ге дейінгі аралықта болады, бірақ егер бірден жоғары болса, олардың саны жұп санды (2, 4, 6 және т.б) болып
кездеседі;

Простетикалық топ деп аталатын белоксыз компоненттің болуы бойынша. Егер ол жоқ болатын болса, онда ол – жай белок, бар болатын болса, онда ол – күрделі белок.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет