Тіркес түрлері


«Есімдік-зат есім» типті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне бағыңқы компонент ретінде сілтеу есімдіктері, сұрау, жинақтау есімдіктері қатысады: мына көпір, қай жыл, нешінші қатар, бүкіл халық т.б



бет5/8
Дата10.09.2022
өлшемі193,63 Kb.
#38785
1   2   3   4   5   6   7   8

«Есімдік-зат есім» типті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне бағыңқы компонент ретінде сілтеу есімдіктері, сұрау, жинақтау есімдіктері қатысады: мына көпір, қай жыл, нешінші қатар, бүкіл халық т.б.

Жіктік есімдіктерден бұл тіркеске ол есімдігі қатысады: ол қырда.

Есімдіктердің қатарында экспрессивті сөздер жоқтың қасы (күллі). Сондықтан есімдіктер зат есімдермен еркін тіркеседі.

«Есімше-зат есім»

Зат есімді сөз тіркесіне бағыңқы компонент ретінде есімшелердің –ар, -ер, -атын, -етін, - ған, -ген, ( -қан, -кен) тұлғаларының барлығы да қатысады: келген кісілер, келетін кісілер, келер кісілер (келді).

Қабысу амалы арқылы зат есімді тіркеске енген есімше сөздер анықтауыштық қатынасқы түседі. Бұлар зат есімнің қимылдық, процессуалдық сапасын атайды. Процессуалдық мағынасын сақтағандықтан, бұлар шақтық грамматикалық мағынасынан ажырамайды, -ған, -ген, формалы есімшелер анықтауыш сөз ретінде өткен шақтың қимыл-әрекетті сын етіп атайды.

«Есімше-зат есім»

Жарыспа варианты жоқ болғандықтан бұл есімше зат есімдермен еркін тіркеседі: келген көлік, көшкен бұлт, сусыған құм, көрген қала; - атын, - етін, - ар, -ер, формалы есімшелер келер шақтық мағынасында сөз тіркестеріне белгілі талғаммен қатысады, - ар, - ер ауызекі тілде, көтеріңкі, экспрессивті сөзде жұмсалады да, - атын, - етін стиль талғамай еркін жұмсалады. Айтар сөзіңді айт, айтатын сөзіңді айт.

Есімшенің –ар, -ер формасының тұжырымдылығы, экспрессивтігі мына өлеңге қатыстырылуынан да көрініп тұр.

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда

Еңсесі биік боз орда

Еңкеймей кірер күн қайда.

(Махамбет)

«Үстеу-зат есім» типті сөз тіркестері

Үстеудің бағыңқы компонент ретінде зат есімді тіркестерге қатысуы өте сирек. Зат есім баяндауыштық қызметте келгенде ғана үстеу сөзді қабылдап қабыса байланысқан сөз тіркесін құрайды: бүгін кезекші, қазір инженер, жылма –жыл бастық т.т.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет