Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


К.К. ДЕМЧИНОВ, А.П. ЦЫГАНОВ



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет13/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53

К.К. ДЕМЧИНОВ, А.П. ЦЫГАНОВ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІң 

РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 

Ғылыми  мақалада  Шығыс  Қазақстан  облысындағы  биоалуантүрлілік 

ресурстарының қазіргі кездегі жағдайы, оларға әсер ететін қаскерлік әрекеттің салда-

рынан  кейбір  түрлердің  азаюы  зерттеліп,  Катонқарағай  Мемлекеттік  Ұлттық  табиғи 

саябағы  территориясындағы  «Алтай»  орман  шаруашылығына  қарасты  тәлімбақта 

биоқорларды молайту әдістерінің бірі сирек түрлерді қолдан көбейту арқылы табиғи 

ортаға  жерсіндіруге  болатын  тәжірибе  жүргізілді.  Зерттеудің  қорытындысында, 

К.К. ДЕМЧИНОВ, А.П. ЦЫГАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 145-154 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



146

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

биоалуантүрлілікті сақтап қорын молайту және аудан көлемінде заңды жолмен шипалық 

қасиеті бар биоресурстардың түрлерінен шикізат өнімдерін даярлап фармакологиялық 

кластерді дамытуға жағдай жасалса қаскерлік біршама азаяды.



Түйін сөздер: кластер, тәлімбақ, қаскерлік, фармакология биоалуантүрлілік.

РЕСУРСЫ И РАЦИОНАЛьНОЕ ИСПОЛьЗОВАНИЕ ОБьЕКТОВ 

БИОРАЗНООБРАЗИЯ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА

В научной статье рассмотрено воздействие браконьерства на биоразнообразие и 

ресурсы в Восточно-Казахстанской области. Разработан новый метод для увеличения 

численности некоторых редких и исчезающих видов растений и животных на террито-

рии Катон-Карагайского Государственного Национального Природного Парка. В питом-

нике  Катон-Карагайского  лесничества  искусственным  путем  распространяют  данные 

виды на ранее обитаемых территориях. В данной статье приведены рекомендации для 

увеличении численности редких и исчезающих видов растений, об организации фар-

макологического  кластера,  для  предотвращения  браконьерства,  сохранения,  редких  и 

исчезающих видов растений и животных.



Ключевые слова:кластер, питомник, браконьерство, фармакология, биоразноо-

бразие.


RATIONAL USE OF RESOURCES AND FACILITIES 

OF BIODIVERSITy IN EASTERN KAZAKHSTAN

In the study there was considered the current status and anthropogenic impacts, especially 

poaching, on the diversity and resources of the East Kazakhstan region. A new method was 

developed to increase the numbers of some rare and endangered species of plants and animals. 

For example, growing and increasing the number of endangered species of the Katon-Karagai 

State National Park, in the kennel of Katon-Karagai forestry, and artificial ways to disseminate 

the  types  on  previously  inhabited  areas.  In  the  article  there  are  recommendations  how  to 

increase  the  number  of  rare  and  endangered  species  of  plants  and  organize  pharmaceutics 

cluster.  Conducting  of  lawful  sale  of  medicinal  raw  materials  to  prevent  the  preparing  of 

medicinal raw materials by poaching.

Keywords: cluster, kennel, poaching, pharmacology, biodivesitu.

Қазақстан ғажайып табиғатын құрайтын экологиялық компоненттері мен 

физикалық-географиялық  жағдайына  байланысты  өзіндік  ерекшеліктеріне  ие 

болған жеке табиғи кешен ретінде қарастырылады. Әсіресе биологиялық ресур-

стары жағынан өте бай Қазақстанның Алтай аймағындағы Катонқарағай ауда-

ны республикамыздың өз тұрғындары ғана емес, алыс және жақын шетелдерден 

келген меймандарды да қызықтырып келеді.

Ару  Алтайдың  берекелі  табиғатының  қай  компонентін  алсаңыз  да 

бойыңызға  қуат  беретін  ерекше  қасиеті  бар.  Күміс  қоңыраудың  үніндей 

сыңғырлай аққан мөлдір бұлағы, құшырлана жұтар кәусар ауасы, самал соқса 

жанға жайлы әуезіне салар сыңсыған сымбатты қарағайлары бейне табиғаттың 

өзі шеберлікпен көркемдеген, жұмақтың композициясын тамашалап тұрғандай 

әсер  береді.  Қазақстандық  Алтайдың  табиғат  кешеніне  кіретін  Катонқарағай 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА



147

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

ауданы  –  Ресей,  Қытай  елдерінің  шекараларымен  ұласқан,  түгін  тартсаң  май 

шығар шөбі шүйгін, суы бал жер жаннаты. Аймақтың қоңыржай климаттық бел-

деуде орналасуы, жылдың 4 маусымдық мезгілдерінің өте дәлдікпен өзгеріп от-

ыруы, оның Азия континентіндегі жер кіндігі іспеттес екені географиялық кар-

тада айқын көрініс беруде. Геофизикалық тұрғыдан баға беретін болсақ, жердің 

төрт құбыласына бірдей қараған Алтайға ғарыштан келетін энергия көбірек та-

ралатын көрінеді. Оның үстіне галактиканың астрономиялық заңдылықтарына 

байланысты, Алтайдың қазақстандық территориясындағы атмосфералық қабат 

Жердің басқа бұрыштарына қарағанда ғарышқа жақынырақ орналасқанын астро-

физиктер дәлелдеп отыр. Осындай дүниенің төрт бұрышына келетін ғарыштық 

энергияның басым бөлігі таралған аймақтың табиғатының өзіндік қайталанбас 

ерекшеліктері  бар  екеніне  енді  иланбасқа  болмайды.  Алтай  жерінің  осындай 

жерұйығы бар екені жөніндегі болжамды тұңғыш рет орыс философы Н. Рерих 

айтқан болатын [6].

«Физиотерапия»  термині  «табиғатпен  емдеу»  деген  мағынаны  білдіреді. 

Яғни медицинада сауықтыру үшін табиғи (физикалық) факторларды қолдану деп 

түсінеміз.  Ондай  сауықтыру  факторларына:  электр  энергиясы,  жарық,  ультра-

дыбыс пен магниттік энергия, су және жылумен емдеу процедуралары жатады. 

Сондай-ақ физиотерапиялық тәсілдерге ароматерапия (гүлдер мен ағаштардың 

бөлетін фитонцидтерінің хош иістерін) және музыка әуендері мен құстардың сай-

райтын әуездерін пайдалану арқылы емдеу түрлерін жатқызуға болады. Курортты 

аймақтарда табиғи факторлармен емдеу үшін терренкур (биік таудың таза ауасы 

мен теңізден соғатын желді), гелиотерапия (күннің сәулесін) теңіз суы мен ми-

нералды шипалы батпақтарды, родонмен байытылған геотермальді бұлақтардың 

көздерін пайдаланады. Табиғи факторлардың ішінде кеңінен қолданылып келе 

жатқандары – фитотерапия мен зоотерапия. Бұл әдістер тікелей тірі организм-

дермен  байланысты  болғандықтан,  олардың  ағзаларындағы  бейорганикалық 

және органикалық заттардың құрамы зерттелгеннен кейін шипалық ресурстар 

ретінде  пайдаланылады.  Экологиялық  тұрғыдан  баға  берсек,  өсімдіктер  мен 

жануарлардың ағзаларының құрамындағы заттар, әсіресе микроэлементтер олар 

мекендейтін табиғи ортаның табиғатына байланысты. Бастапқы тарауда аталып 

кеткендей,  Алтай  жалпы  ғарыштық  энергияның  тоғысқан  жері  болғандықтан, 

оның табиғат компоненттерінің барлығы дерлік жоғарғы энергиялы болатыны 

сөзсіз. Ендеше оның топырақ жамылғысы мен гидрографиялық компоненттері 

энергетикалық  жағынан  өте  бай  екені  белгілі.Биік  тау  мұздықтарынан  бастау 

алатын  өзендердің  шипалық  қасиеттері  жоғары  болады.  Өйткені  тау  өзендері 

интенсивті  түрде  тау  жыныстарының  құрамындағы  зарядталған  энергияны 

сіңіріп,  арнайы  оптимальді  тригидрольді  құрамаға  айналады.  Физикалық-

химиялық зерттеулердің нәтижелеріне жүгінсек, еріген су қатты күйден сұйық 

К.К. ДЕМЧИНОВ, А.П. ЦЫГАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 145-154 

 

 

 



                ISSN 1683-1667 

148

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

күйге айналған кезде ақпараттық және энергетикалық жағынан тазарып, шипалық 

қасиеттерге  ие  болады.  Аймағымыздағы  осындай  құнары  мол  топырақ  пен 

қуатты судан нәр алған өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларындағы кездесетін 

биологиялық белсенді (пәрменді) заттар мен микроэлементтердің энергетикалық 

құндылықтары жердің басқа аймақтарына қарағанда өзіндік ерекше сипат ала-

ды. Міне, сондықтан қазақстандық Алтайдың физиотерапиялық ресурстарына 

сұраныс көбірек. Аймақтағы рыноктарда Алтайдың балы, Алтайдың маралының 

пантокрині,  Алтайдың  дәрілік  өсімдіктері  деген  ерекше  бағалануды  жиі  есту-

ге болады. Қазіргі кезде аймақта физиотерапиялық ресурстарды тиімді пайда-

лану мүмкіндігі бар екенін зерттеулер көрсетті. Табиғи факторлармен емдеудің 

түрлерінің  бірі  –  зоотерапия.  Зоотерапия  біріншіден,  жануарларды  спорттық 

және  эстетикалық  бағытта  емдеуге  пайдалану  болса,  екіншіден-олардың 

ағзаларынан алынатын биологиялық белсенді заттарды емдік препараттар жасау 

үшін фармакологиялық шикізат ретінде қолдану болып отыр. Аймақ тұрғындары 

зоотерапияның кейбір бағыттарын бұрыннан бері пайдаланып келеді. Қазір де 

кешенді  түрде  дамыту  үшін,  аймақтың  экономикалық  мәселесін  шешетін  ин-

вестицияны  көптеп  тарту  көзделген.  Аймақтағы  табиғи  емдік  ресурстарды 

үнемдей  отырып  кешенді  түрде,  толық  мүмкіндігімен  пайдаланып,  туристік-

физиотерапиялық кластерді дамытуға жағдай барына дәлел табылып отыр. Енді 

қазақстандық  Алтай  аймағында  зоотерапиялық  қандай  мүмкіндіктердің  бар 

екеніне баға беріп көрелік.



Жыланның уы. Көне заманнан бері медицина саласында кеңінен қолданылып 

келе жатқан табиғи ем-дәрілердің ішінде ең танымалы – жыланның уы, терісі 

және еті. Жылан уынан жасалған дәрілік препараттармен буын мен сүйек ауру-

ларын, терісі мен етінен жасалған дәрілермен ішек-қарын және тыныс жолдары 

ауруларын емдеген. Халық медицинасында жылан ағзасынан алынған препарат-

тарды жиі қолдануда. Қазақстандық Алтайда кездесетін улы жыландардың бірі – 

сұр жылан. Аймақтағы фаунада ол сирек кездеседі. Өкінішке орай, жыланды осы 

мақсатқа пайдаланудан немесе оның улылығына қарап зиянды деп түсінгеннен 

аяусыз қыруға байланысты көптеген түрлері жойылуда. Соңғы кездерде улы жы-

ландарды арнайы тәлімбақтарда (питомниктерде) құнды медициналық препарат-

тар мен вакциналар алатын донорлық жануарлар ретінде өсіріп баптайды [1].

Балараның  пайдасы.  Ерте  кезде  жабайы  араларды  қолға  үйрету  арқылы 

баларасының қолтұқымын шығарған. Мысыр елінде бұдан үш мың жыл бұрын 

омарта шаруашылығы өте жақсы дамыған. Бұл жәндікті көне заманда киелі әрі 

қасиетті деп санағандықтан, Азияның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында алғаш 

қолға үйрете бастаған екен. Баларадан өндірілетін биологиялық белсенді заттар: 

бал, прополис, балауыз, сондай-ақ аналық аралардан алынатын сүт тәрізді зат 

халық медицинасында ең құнды антисептикалық және антибиотикалық препа-

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА



149

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

рат ретінде кеңінен қолданылады. Баларасы өнімдерді негізінен гүлдің шірнесі, 

тозаңынан  жинап  өндейді.  Мысалы,  балды  гүлдің  глюкозаға  бай  шірнесінен 

жасаса,  балауызды  гүлдің  тозаңынан  жасайды.  Халық  медицинасында  ара-

дан  алынатын  өнімдерден  басқа,  оның  уы  да  пайдаланылады.  Әсіресе  омар-

та шаруашылығының өнімдерін тыныс алу жолдары қабынғанда, асқазан мен 

ішек-қарын  ауруларын  емдегенде,  ревматизм  мен  буын  ауырғанда  ем-дәрілер, 

тұнбалар жасап қолданады.

1-сурет – Қазақстандық Алтай аймағында зоотерапиялық ресурстардың жіктелуі



Аюдың  медицинадағы  маңызы.  Қазақстандық  Алтайдың  таулы  аймақ-

тарында мекендейтін кәсіптік маңызы бар ірі сүтқоректілердің бірі – қоңыр аю. 

Оның салмағы – 250 кг, денесінің ұзындығы 2 метрге дейін жетеді. Жаз бойы 

өсімдіктердің  түрлі  мүшелерін:  тамырын,  жапыраған,  әсіресе  жемісін  қорек 

етеді.  Сирек  болсын  жануарлар  текті  қорекпен  қоректенеді,  сондай-ақ  омарта 

шаруашылығы дамыған жерлерде оларға тұтқиылдан келіп бал өнімдерін, сирек 

жағдайларда ірі илеулерді бұзып, құмырсқаларды сүйсініп жейді. Қысқы ұйқыға 

кетер  алдында  ағзасында  қалың  май  қорын  жинайды.  Аю  ағзасынан  аңшы 

кәсіпкерлер майы мен өтін алады. Бұл өнімдер халық медицинасында, әсіресе 

майы асқазан, тыныс жолдарының қабынуы мен түрлі сүйек пен буын аурула-

рына  пайдаланылса,  өті  тері,  буын,  асқорыту  мүшелерінің  ауруларын  емдеуге 

кеңінен қолданылады [3].

ЗООТЕРАПИЯ

Сүтқоректі 

жануарлардың ағзасынан 

алынатын препараттар

Құрттардың 

ағзасынан алынатын 

препараттар

Бунақденелілердің 

ағзасынан алынатын 

препараттар

Спорттық мақсатта 

пайдаланылатын 

жануарлар

Аңшылық-


саятшылыққа 

пайдаланатын 

жануарлар

Жорғалауыштардың 

ағзасынан алынатын 

препараттар

Эстетикалық мақсатта 

пайдаланатын 

жануарлар

К.К. ДЕМЧИНОВ, А.П. ЦЫГАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 145-154 

 

 

 



                ISSN 1683-1667 

150

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Құдырдың  кәсіптік  және  медициналық  маңызы.  Алтай  тауының  самыр-

сынды мүкті ормандарында мекендейтін бұғы тұқымдастарының ең кішкентай 

түрі – құдыр. Денесінің тұрқы 85-100 см болса, биіктігі небары 70 см жетеді. 

Басқа  бұғы  тұқымдастарынан  тағы  бір  айырмашылығы  –  мүйізі  жоқ,  бірақ 

аталықтарының  үстіңгі  жақ  сүйектерінде  орналасқан  ұзындығы  7  см  жуық 

иілген қос азу тістері болады. Кәсіптік мақсатта құдырды жұмсақ замш былғары 

жасайтын терісі, дәмді нәзік еті және парфюмерия өнеркәсібінде әтір жасайтын 

аталықтарының «мускус» бездерін өндіру үшін аулап пайдаланады. Биохимиялық 

зерттеудің нәтижесінде құдырдың аталықтарынан алынатын «мускус» деп ата-

латын бездерінде биологиялық белсенді қоңыр түсті түйіршікті заттардың бар 

екені анықталды. Бұл заттардың құрамы да айтарлықтай күрделі болып шықты. 

Гармональді  пәрменді  қосылыстардың  ішінде  макроциклді  кетондар  тобы  бо-

латын  өзіндік  хош  иісті  ақуыз,  май,  холестерин,  түрлі  тұздар  кездесетіндігі 

дәлелденді. Халық медицинасында құдырдың аталықтарынан алынатын муску-

сты дәрі ретінде жүйке жүйесінің аурулары мен белсіздікті емдеу үшін пайдаланы-

лады. Соңғы кезде қаскерліктің салдарынан құдырдың саны күрт төмендеп кетті. 

Қазір  ШҚО  территориясында  ол  тек  Бұқтырма  өзенінің  сол  жақ  жағалауында 

негізінен  Оңтүстік  Алтайдың  солтүстік  беткейінде,  Тарбағатай,  Сарымсақты 

және  Нарым  жоталарында  ауқымы  30  га  жердегі  территорияны  иемденеді. 

Құдырдың Қазақстандағы жалпы саны 1000-1200 дарақ екені статистика бой-

ынша дәлелденді. Сондықтан құдыр да жойлу шегінде тұрған жануар ретінде 

қорғау мен көбейтуді қажет ететін жануар. Көптеген елдерде құдырды арнайы 

фермаларда көбейтеді. Шығыс Қазақстанда таулы территорияда құдырды жұптап 

(аталық және аналық) арнайы вольерде ұстап өсіруге болады. Вольер аралығын 

темір торлармен бөліп, жұптардың бір-біріне кедергі болдырмауы үшін жағдай 

жасау қажет. Оңтүстік Алтайда құдырды осындай тәсілмен көбейтуге қолайлы 

жер – Сарымсақты жотасындағы таулы-тайга белдеуі. Құдыр бәлендей көп қорек 

талап етпейтіндіктен оған аталмыш белдеуде өсетін эпифитті жер қынасы, қара 

самырсын мен балқарағай, мүкжидек, қырықжапырақ пен қырықбуын, сондай-

ақ  мүктің  қаптап  өсуіне  жағдай  жасалуы  қажет.  Сондай-ақ  тау  бұлақтарының 

суы және тұзымен қамтамасыз ету қажет.

Суыр – ертеден келе жатқан пайдалы жануар. Өлкеміздегі көне заман-

нан  келе  жатқан  майының  шипалық  қасиеті  бар  жануарларының  бірі  –  суыр. 

Денесінің ұзындығы – 60 см, салмағы 8 кг жететін кемірушілердің ішіндегі ең 

ірі аң. Суырды аңшылық кәсіптік мақсатта терісі мен майы үшін, кейде шипалық 

қасиетіне  байланысты  еті  үшін  аулайды.  Суырдың  майын  ағзасынан  бөліп 

алғаннан кейін бірнеше рет тазартудан өткізіп тыныс жолдары қабынғанда, ту-

беркулез  дертіне  шалдыққанда,  асқазан  мен  ішек-қарын  ауруларын  емдегенде 

кеңінен қолданады.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА


151

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально



Борсық  майының  шипалық  маңызы.  Борсық  та  –  қазақстандық  Алтайда 

мекендейтін ірі сүтқоректі жануарлардың өкілі. Дене тұрқы – 60-90 см, салмағы 

8-10 кг дейін барады. Бұл аң да қысқа қарай ұйқыға кетер алдында қалың май 

қорын жинап, салмағы кейде 16 кг дейін жетеді. Майының құрамында көптеген 

дәрумендер  болатындықтан,  медицинада  туберкулез,  іріңді  жаралар  мен  буын 

сыртқаттарына пайдаланылады.



Сұр тышқанның (полевка) медицинадағы пайдасы. Қазақстандық Алтайдың 

кемірушілер  отрядына  жататын  өкілдерінің  бірі-орман  сұр  тышқаны  немесе 

жалпақ бас сүйекті сұр тышқан. Олар жылына екі рет көбейіп, 5-7 дейін балалай-

ды. Сұр тышқандар тауда өсетін 200-ге жуық өсімдіктердің әртүрлі мүшелерімен 

қоректенеді.  Қоректік  рационында  аршаның,  көкжидектің,  тағы  басқа  дәрілік 

өсімдіктердің жемістері мен жапырақтары болғандықтан, олардан медицинада 

өте жоғары бағаланатын «мумие» жасап шығарады. Мумие дәстүрлі және халық 

медицинасында тері, асқазан ауруларын емдеуге кеңінен қолданылады.



Алтайдың  маралының  маңызы.  Марал  –  өр  Алтайдың  символы  болған, 

қасиетті, аты аңызға айналған киелі жердің қуаты дарыған жануар. Орыс тілінде 

жазылған ғылыми биологиялық әдебиеттерге маралды «благородный олень» деп 

жазуларына қарағанда, оның шипалық қасиеті ертеректен белгілі болған сияқты. 

Өйткені орыстың «благородный» сөзі қазақша «мәртебелі» деп аударылса, оған 

синоним болатын құрметті, қасиетті, киелі, текті деген тағы бірнеше нұсқаны 

мысалға  келтіруге  болады.  Марал  Қазақстанның  фармацевтикалық  өнеркәсібі 

мен шипажайларының экономикалық дамуларына серпін берер маңызы зор жану-

ар екені баршаға мәлім. Маралдың сүйектенбеген мүйізінің қанының құрамында 

биологиялық белсенді заттар: гармондар, дәрумендер, амин қышқылдары, фер-

менттер, антиоксиданттар, макро-микроэлементтер кездеседі. Бұл аталған зат-

тар адам ағзасындағы барлық мүшелеріне пайдалы биостимулятор бола алады. 

Сондықтан да қазақстандық Алтай өлкесінде пантамен кешенді түрде емдеу ша-

ралары дамып келеді [4].



Зоотерапиялық  сауықтырулардың  басқа  түрлері.  Қазақ  халқында  «Ер 

қанаты – ат» деген нақыл сөз бар. Мінсең – көлік, ішсең – сусын, жесең – ас бо-

латын жылқы малы – қазақ халқының негізгі төрт түлігінің бірі. Адам ағзасын 

сауықтырып, шынықтырудың бір жолы – иппотерапия. Яғни атқа мініп серуен-

деу адамның он екі мүшесінің құрысқанын жазып, бұлшық еттерінің шынығуына 

зор  мүмкіндік  береді.  Оны  біз  көшпенді  ата-бабаларымыздың  тұлпар  үстінде 

дүниеге келген мықты жауынгер екенінен біліп келеміз. Жылқының қымызымен 

туберкулез,  жоғарғы  тыныс  жолдарының  қабынулары,  асқазан  ауруларының 

кейбір  түрлерін  жазуға  болатыны  дәлелденді.  Өлкедегі  осы  кәсіпті  ары  қарай 

дамыту мүмкіндігі де шектеусіз болып отыр.



Фитомедициналық  реурстарды  пайдаланудың  болашағы.  XX  ғасырдың 

К.К. ДЕМЧИНОВ, А.П. ЦЫГАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 145-154 

 

 

 



                ISSN 1683-1667 

152

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

басында Қазақстанда өсімдіктерден дәрі жасауды басшылыққа алған П.С. Мас-

сагетов  болды.  Ол  1924  жылы  Қазақстанда  өсетін  қырықбуын  қылшасының 

шипалық қасиетін ашты. XX ғасырдың 70-ші жылдары қазақстандық ғалымдар 

науқастарды  емдеуге  халық  медицинасы,  оның  ішінде  фитомедициналық 

әдістерді  қолдану  туралы  зерттеулер  жүргізіп,  республикамызда  кездесетін 

дәрілік  өсімдіктер  туралы  еңбектер  жазды.  Олардың  қатарында  1982  жылы 

«Дәрілік өсімдіктер» атты кітап жазған ерлі-зайыпты Қожабеков М, Қожабекова 

Г. қосқан үлестері зор. Қазақстандық Алтайдағы бай реликті және эндемикалық 

өсімдіктерді әртүрлі фитомедициналық мақсатта пайдалануға мүмкіндік бар. Ол 

төмендегі сызбада жіктеліп көрсетілген.

2-сурет – Қазақстандық Алтай аймағында фитотерапиялық ресурстардың жіктелуі 

ШҚО флорасында өсетін түрлі фитонцидтер бөлетін қарағай, шырша, са-

мырсын, балқарағай сияқты қылқан жапырақты ағаштар мен арша сияқты мәңгі 

жасыл бұталар өсетін аймақтарда арнайы демалыс және сауықтыру орындарын 

жобалап,  арасына  аптекарлық  огородтарды  ұйымдастырып,  қазақстандық  Ал-

тайда кездесетін түрлі дәрілік өсімдіктерді отырғызып, қолдану тиімді. Оларға 

төмендегі өсімдіктерді пайдалануға болды.



Алтын  тамыр.  Оңтүстік  Алтайда  1200-1600  метр  биіктікте  сабағы  тік 

өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық 

түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2,5-3 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА

Омарта шаруашылығына 

маңызы бар өсімдіктер

Қала саябақтарында 

өсірілетін өсімдіктер

Дендробақтарында 

өсірілетін өсімдіктер

Табиғи ортадағы  жабайы 

дәрілік өсімдіктер

Аптекарлық огородта 

өсірілетін өсімдіктер 

Ароматерапиялық 

мақсаттағы өсімдіктер 

Эстетикалық мақсатта 

пайдаланатын 

өсімдіктер 

ФИТОТЕРАПИЯ



153

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамындағы экс-

тракт  ағзаның  дене  жұмысына  шыдамдылығын  арттырады,  жүрек-қан  тамыр-

лары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер 

етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан 

қысымын  арттырып  та  жібереді.  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдары  қаскерліктің 

салдарынан  ареалы  күрт  тарылып  кетті.  Алтын  тамыр  Риддер  қаласының 

ботаникалық бағында өсіріп көбейту тәжірибесінен өтті. Оны Катонқарағай ор-

ман шаруашылығындағы тәлімбақта көбейту мүмкіндігі мол. Өйткені аймақта 

ол сирек кездесендіктен Үлкен және Кіші Арасан мен Сарымсақты жотасынан 

әкеліп климат жағдайы сәйкес қолайлы жерге жерсіндіру әлдеқалай оңай бола-

тыны дәлелденді.

Марал  шөп  тамыры.  Бұғылар  күз,  көктемде  бұл  өсімдіктің  тамырын 

тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны «марал шөп тамыры» деп атап кет-

кен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері көк, көкшіл түсті, шар тәрізді 

тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан. Оны мақсыр 

деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамырды» женьшень тәрізді әл беретін 

дәрі ретінде пайдаланған. 

Қорытынды

Мақалада келтірілген ғылыми фактілер қазақстандық Алтайдағы табиғат 

ресурстарының ішіндегі физиотерапиялық түрлерін кеңінен пайдалануға бағыт 

сілтейді. Ең алдымен, өлкеміздің тұрғындарына өте қажетті медицинаның осы 

бір  бағыты  аймағымызда  даму  алса,  химиялық  дәрі-дәрмекке  деген  сұрыныс 

азаяр еді. Соңғы кезде облыс көлеміндегі экологиялық ахуалдың нашарлауына 

байланысты, аллергенді аурулармен ауыратын адамдардың саны да күрт өсуде. 

Оның  үстіне  адамдар  ауырған  кезде  пайдаланылатын  химиялық  препараттар 

олардың ағзаларында түрлі аллергиялық тағы бір дерттің пайда болуына себеп-

кер болады. Сондықтан зоотерапиялық әдіспен науқастарды емдеу алдын алуға 

зор ықпал жасайды. Өзі өмір сүрген XX ғасырдың басында белгілі профессор, 

биологиялық  фармацевтиканың  негізін  қалаушы  Александр  Чирх:  «Медици-

на  өзінің  асқазанын  химиялық  синтез  жолымен  алынған  дәрілерді  қабылдап, 

толығымен  бүлдірген  соң,  жануарлардың  барлық  мүшесі  мен  өсімдіктерден 

алынған  емдерді,  яғни  халық  медицинасына  міндетті  түрде  қайта  оралары 

сөзсіз»,  –  деген  екен.  Қазақстандық  Алтайдың  табиғатының  байлықтарын 

жоспарлы  түрде,  нұқсан  келтірмей  пайдалана  отырып,  фармакологиялық  ре-

сурстарын кешенді түрде игерсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Сондықтан өз 

ғасырымыздың  иінінде  тіршілік  етіп  отырған  біздер,  ең  алдымен,  еліміздің 

денсаулығын нығайтуға, одан кейін басқа елдерге физиотерапиялық кластерді 

танытып, экономикамызды дамыту мақсаты тұрғанын зерттеуден кейін анықтап 

отырмыз.


К.К. ДЕМЧИНОВ, А.П. ЦЫГАНОВ. 2 (66) 2015. Б. 145-154 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



154

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мальчевский А.С. Биология лесных птиц и зверей / А.С. Мальчевский, Г.А. Но-

виков, Б.Ю. Фалькенштейн. – М.: Высшая школа, 1996. – 125 с. 

2. Кукенов М.К. Лекарственные растения Казахстана и их использование / М.К. Ку-

кенов. – Алматы, 1997.

3. Прокопов К.П. Позвоночные Восточного Казахстана / К.П. Прокопов. – Усть-

Каменогорск: Издательство ВКГУ им. С. Аманжолова, 2000. – 113 с.

4. Кырыкбаева Р.Н. Труды Катон-Карагайского государственного природного пар-

ка / Р.Н. Кырыкбаева, А.Н. Шелышев. – Усть-Каменогорск: ТОО «ПРОФИТ», 2006. – 

Т. 1. – 258 с.

5. Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары / А.А. Иващенко. 

– Алматы: Алматыкітап ЖШС, 2006. – 356 б.

6. Бегалина Р.Т. Музтау: пособие по пантолечению для врачей физиотерапептов, 

врачей общей практики и студентов медицинских вузов / Р.Т. Бегалина. – Алматы: АГИ-

УВ МЗ РК, 2008. – 15 с.

REFERENCES

1. 


Malczewski A.C., Novikov G.A., Falkenstein B.y., Biologiya Lesnyh Ptits Moskva, 

Vyshaya Shkola, 1996, 125 (in Russ).

2. 


Kukenov M.Kidr., Lekarstvennye rasteniya Kazakhstana i ikh ispolzovaniye, Almaty, 

1997 (in Russ).

3. Prokopov K.P., Pozvonochniye Vostochnogo Kazakhstana Ust Kamenogorsk VKGU, 



2000, 113 

(in Russ).

4. Kyrykbaeva R.N., Shelyshev A.N., Trudy Katon Karagayskogo Gosudarstvennogo 



Prirodnogo Parka Ust Kamenogorsk, PROFIT, 2006, 258 

(in Russ).

5. Ivashchenko A.A., Kazakhstannyn koryktary men ulttyk baktary, Almaty Almatykitap, 



2006, 356 

(in Kaz).

6.  Begalina  R.T.  Muztau,  Posobiye  po  pantolecheniyu  dlya  vrachei  fizioterapevtov, 



vrachei obshei praktiki i studentov medicinskih vuzov. Almaty AGIUV MZ RK 2008, 15 

(in 

Russ).

УДК 543.05





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет