Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Ж.Б. БАЙГОЗИНА, Т.А. АБЫЛАЙХАНОВА



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет23/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53

Ж.Б. БАЙГОЗИНА, Т.А. АБЫЛАЙХАНОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ФРАНЧАЙЗИНГТІК БИЗНЕСТІң ҚАЛЫПТАСУЫНЫң 

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақалада франчайзингтік бизнестің қалыптасуының теориялық негіздері қарас-

тырылған. Франчайзингтік бизнесті тиімділікпен ұйымдастырудың жолдары көрсетілген.



Түйін сөздер: франчайзинг, франшиза, франчайзер, кәсіпкерлік, бизнес, марке-

тинг. 


ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ СТАНОВЛЕНИЯ 

ФРАНЧАЙЗИНГОВОГО БИЗНЕСА

В статье рассмотрены теоретические основы становления франчайзингового биз-

неса. Показаны пути эффективной организации франчайзингового бизнеса.



Ключевые слова: франчайзинг, франшиза, франчайзер, кәсіпкерлік, бизнес, мар-

кетинг.


THEORETICAL BASES OF FORMATION OF FRANCHASING BUSINESS

In article theoretical basics of formation of franchasing business are covered. Ways of 

the effective organization of franchasing business are shown.

Keywords: franchizing, franchize, franchiser, кәсіпкерлік, business, marketing.

Франчайзинг  өзіне  тән  белгілер  бойынша  нарық  субъектілерінің  өзара 

қатынасының белгілі бір формасы тұрғысында бірқатар елдерде қызмет атқаруда. 

Әрине, әр мемлекетте франчайзингтік бизнеске қатысушылардың өзара байла-

ныстарын  реттеуші  ережелер  мен  нормалар  бар  болғанымен,  жалпы  барлық 

жүйеге тән болатын келесі элементтерді қарастыруға болады: танымалдылықты 

жаулап  алған  өнімдер  мен  қызметтердің  болуы;  тұтынушылар  тарапынан 

жағымды  көзқарасты  иемденуші  тауар  белгісі  мен  сауда  маркасының  болуы; 

нарық субъектісінің шаруашылықтық қызметіне жаңа талпыныс беретін, сыннан 

өткен, бірқатар артықшылықтары бар бизнес-жүйе; нарықтың басқа да дербес 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


253

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

субъектілердің өңделген жүйені қолдануына мүмкіндік бере алу. Осы негізгі эле-

менттер, франчайзингті бизнес құралы тұрғысында франчайзердің тәжірибелік 

қызметінде бекіту үшін, анықтаушы болса да, нарық субъектілерінің арасында 

өзара қарым-қатынасты орнатуда толықтылықты танытпайды. Сондықтан да, 

қазіргі кезеңдегі франчайзинг – жеке кәсіпкердің ұлттық немесе халықаралық 

деңгейде жоғарғы беделділікті иемденген компания атынан, оның сауда мар-

касы мен тауар белгісін және қызмет көрсету үлгілерін қолдану арқылы өзара 

қатынастық  негізде  қызмет  атқаруымен  сипатталынатын  жүйе.  Сәйкесінше, 

осы  жүйенің  біртұтастылығы  мен  өзара  байланыстылығын  қамтамасыз 

ететін элементтер мен қағидаларын, алғышарттарын және басқа да құрамдас 

бөліктерін  қарастырған  жөн.  Осыған  байланысты  франчайзингтің  жүйе 

негізіндегі түсінігі төмендегі сызбада көрсетілген [1].

1-сурет – Франчайзинг жүйесінің түсінігі

Осы  қарапайым  сызбада  франчайзингтің  жүйелік  негізі  қатысушы 

тараптардың  өзара  іскерлік  ынтымақтастығынан  туындайтын  қарым-қатынастар 

жиынтығынан құралатыны байқалады. Франчайзингтік бизнесті ұйымдастырудың 

жалпы  жүйелік  негізіне,  франчайзингтік  бизнес  субъектілері  мен  объектілерін, 

жалпы іскерлік ынтымақтастықтың мақсаттары мен міндеттерін, қызмет ету пәні 

мен түрлерін, бағыттары, қағидалары мен критерийлерін және құралдарын, белгілі 

бір  алғышарттар  мен  факторларды  енгіземіз.  Франчайзингтік  жүйенің  ұғымын, 

өзара байланыстылығын тереңдей зерттеу мақсатында оның құрылымдық негізін 

қарастыра отырып, төмендегі сызбадағыдай сипаттаймыз.

Кез келген жүйе белгілі бір мақсатқа бағдарлана отырып, оның орындалуы 

бойынша  қызмет  атқаратындақтан  бизнесті  ұйымдастырудың  франчайзингтік 

жүйесінің негізгі мақсатын анықтаған дұрыс санаймыз және де ол – франчайзингтік 

қатынас  негізінде  қызмет  атқаратын  қатысушы  тараптардың  өзара  бекіткен  ере-

желерге сүйене отырып, белгілі бір территориялық аумақта франшизаны өткізіп, 

Ж.Б. БАЙГОЗИНА, Т.А. АБЫЛАЙХАНОВА. 2 (66) 2015. Б. 252-259 

 

 

                ISSN 1683-1667 



Франчайзер – желіні 

ұйымдастырушы, ноу-хауды, 

саудалық марканы, өндіріс 

технологиясын иемденуші

Франшиза – қайтарымдылық 

негізде ұсынылатын ерекше 

құқықтар кешені (ноу-хау, өндіріс 

технологиясы және т.б.)

Франчайзи – франчайзермен 

ұйымдастырылған бизнес 

үрдісті қолдану үшін желіге 

енетін кәсіпкер

ФРАНЧАЙЗЕР

франшиза


франшиза

франчайзи

франчайзи


254

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

қабылдау  үрдісі  нәтижесінде  табыстылыққа  қол  жеткізумен  байланысты.  Осы 

мақсатқа  қол  жеткізу  франчайзингтік  жүйе  қатысушыларының  өздеріне  тән 

құқықтар мен міндеттемелерді анықтай отырып, белгілі бір міндеттерді атқаруымен 

тығыз байланысты.

Аталған  міндеттерге  келесілерді  жатқызамыз:  франчайзинг  бизнесті  жаңа 

үлгіде тиімділікпен ұйымдастыруы қажет; франчайзинг өзара шартқа қатысушылар 

арасында  белгілі  бір  жүйелілікті,  реттілікті  қамтамасыз  етуі  тиіс;  франчайзинг 

кәсіпкерлік  қызметті  ұйымдастыруда  бірігушілік,  ынтымақтастық  негізді  құруы 

қажет; франчайзинг өзара шартқа қатысушы кәсіпкерлердің ортақ ережелер мен 

құндылықтар жүйесін ұстануды талап етеді; франчайзинг жалпы ел экономикасы-

на жаңа технологиялар мен өндірістік тәжірибелердің, инновациялар мен жоғары 

сапалы, халықаралық стандартқа сай тауарлар мен қызметтердің енуін қамтамасыз 

етуі керек.

Бизнесті  ұйымдастырып,  іске  асырудың  франчайзингтік  жүйесінің  ба-

сты мақсаттарын және де оған байланысты міндеттерді орындауды іске асыруды 

қамтамасыз  ететін  субъектілер  қызметін  және  де  олардың  арасындағы  меншік 

құқығының ауысу үрдісін айқындайтын объектілерді жете қарастыру маңызды.

Кәсіпкерлікті  ұйымдастырудағы  франчайзингтік  жүйенің  субъектілері 

тұрғысында франчайзер (компания, шаруашылықтық субъект және т.б.) мен фран-

чайзи (жеке кәсіпкер, кәсіпорын т.б.) қарастырылса, ал объектісі ретінде осы екеуінің 

арасындағы өткізіліп, қабылданатын франшиза (айрықша құқықтар кешені, бизнес-

жоба, тауарлар мен қызметтер т.б.) қарастырылады.

Аталған  субектілердің  франчайзингтік  қатынас  арқылы  қызмет  атқаруында 

өздерінің  құқықтары  мен  міндеттемелерін  айқындай  отырып,  франчайзингтік 

бизнес-жобаны  іске  асыру  қағидалары  мен  критерийлері,  ережелері  негізінде 

белгілі бір құралдарды қолдану арқылы қызмет атқаруы маңызды болып санала-

ды.  Сондықтан  да,  жалпы  франчайзингтік  бизнес  субъектілерінің  өзара  іскерлік 

қарым-қатынас  орнатуындағы  жүйелік  үрдісті  төмендегі  сызбадағыдай  тереңдей 

зерттейміз.

Кез келген бизнес жүйесі секілді, франчайзингтік бизнес субъектілерінің ба-

сты мақсаты нарық тұтынушыларының қажеттілігін жоғарғы сапалы тауар/қызмет 

ұсыну арқылы лайықты деңгейде қанағаттандыра отырып, табыс алу екендігі бізге 

мәлім болғандықтан, олардың атқаратын барлық қызметтерінің сапасы сол сатып 

алушылар  немесе  мақсатты  тұтынушылардың  оларды  бағалауымен  байланысты. 

Жақсы үлгідегі бағалауды иемдену үшін, франчайзер мен франчайзи арасындағы 

әзірленетін  франчайзингтік  өзара  шарт  бен  франчайзердің  ұсынатын  «франшиза 

бағдарламасының» сауатты әзірленіп, әрі екі жақтың мүддесін көздеуі өте маңызды. 

Франчайзингтік өзара шарт негізінде қызмет атқарушы франчайзер мен франчайзи-

дің  белгілі  бір  міндеттемелері  мен  құқықтарын,  және  атқаратын  міндеттерін 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


255

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

айқындауда  франчайзинг  бойынша  халықаралық  деңгейде  зерттеуші-маман 

Ф. Зайдманның көзқарастарына сүйене отырып, оны төмендегідей қарастырамыз 

[2].

2-сурет – Франчайзингтік бизнес субъектілерінің өзара қарым-қатынас үрдісі



Франчайзердің құқықтары:

франчайзингтік  бизнес-жүйені  әзірлеп,  дамыта  отырып,  одан  белгілі 

– 

бір пайда көзін франчайзингтік өзара шартпен қарастырылған талаптарға сай 



тарта білу;

сауда белгілері мен атауларды қалыптастырып, иемденуге және де ком-

– 

пания стратегиясын анықтай отырып, жарнамалық іс-шараларды өткізу;



ұсынатын өнімдері мен қызметтері бойынша сапа стандартын бекіту;

– 

франчайзи  қызметкерлерінің  лайықты  деңгейде  даярлығын  талап  ете 



– 

отырып, франчайзидің қандай есеп жүргізу керектігін бекіту;

франчайзи  қызметін  бақылауға  және  тексеруге,  ұсынған  франшизасы 

– 

мен мерзімдік роялти бойынша төлемдерді қабылдауға, болашақта түсетін пай-



Ж.Б. БАЙГОЗИНА, Т.А. АБЫЛАЙХАНОВА. 2 (66) 2015. Б. 252-259 

 

 



                ISSN 1683-1667 

БИЗНЕСТІ ҰЙЫмДАСТЫРУДЫҢ ФРАНЧАЙЗИНГТІК ЖҮЙЕСІ

НАРЫҚ 

(тұтынушылар, клиенттер, сатып алушылар)



Франчайзингтік бизнес-жобаның мақсаты мен 

міндеттері

Қызмет ету қағидалары, құқықтары мен міндеттемелері

Қызмет ету критерийлері, ережелері

Қызмет ету құралдары, компоненттері, элементтері мен инфрақұрылымдары

ОБЪЕКТ 


(тауар, қызметтер, сауда белгілері, т.б.)

Франшиза бағдарламасы 

(айрықша құқықтар кешенін 

ұсыну)


СУБЪЕКТ 

(франчайзер)

СУБЪЕКТ 

(франчайзи)

Франчайзингтік бизнес-жобаның мақсаты 

мен міндеттері



256

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

даны өзінің меншігінде ұстап қалу.

Франчайзидің құқықтары:

франчайзингтік  бизнес-жүйені  (франчайзердің  сауда  маркасы  мен 

– 

белгілерін)  франчайзингтік  өзара  шарт  ережелері  бойынша  қолдана  отырып, 



белгілі бір табыстылықты игеру;

франчайзердің жүргізген жарнамалық іс-шаралары мен стратегиялары-

– 

нан пайда көзін қамту;



франчайзердің бизес-жобаға қатысты оқыту бағдарламасын қабылдай 

– 

отырып, өзінің табысты қызмет атқаруына пайдалану;



франчайзерге  төлемдерді  жүргізгеннен  кейін,  қалған  пайданы  өз 

– 

қажетіне жарату.



Франчайзердің міндеттемелері:

франчайзингтік өзара шартта бекітілген жағдайларды ұстана отырып, 

– 

ұсынған  бизнес-жобасының  барлық  аспектілері  мен  инфрақұрылымдарына 



қолайлылықты қамтамасыз ету;

жалпы  және  франчайзи  территориясында  өзінің  ұсынған  айрықша 

– 

құқықтар кешенін қорғауы қажет;



франчайзи мүддесін толықтай ескере отырып, стратегиялар мен жар-

– 

намалық іс-шараларды жүргізу;



франчайзингтік  өзара  шарт  талаптарына  орай  қарастырылған  оқыту 

– 

бағдарламасын әзірлеп, ұсыну.



Франчайзидің міндеттемелері:

франчайзингтік өзара шарт талаптарында қарастырылмаған өзгерістер-

– 

ді франчайзердің келісімінсіз енгізуге болмайды;



франчайзердің ұсынған айрықша құқықтарының басқа тұлғалар тара-

– 

пынан бұзылған жағдайында, мәлімдеме жасауы керек;



жарнамалық  іс-шараларды  жүргізу  үшін  қажет  болған  жағдайда  қар-

– 

жыландыру жүргізуі керек;



өз  олқылықтарының  орнын  толтыра  отырып,  бизнес-жобаны  тиімді 

– 

дамыту  бойынша  тәжірибелерін  жетілдіру  мақсатында  франчайзердің  оқыту 



бағдарламасын қолдануы керек;

өздерінің  есеп  жүргізу  шоттары  мен  басқа  да  құжаттарына  қатысты 

– 

мәліметтерді франчайзерге қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі керек;



франшиза бойынша алғашқы және мерзімдік төлемдерді тұрақты түрде 

– 

жүргізуі керек.



Осы  құқықтар  мен  міндеттемелерді  есепке  ала  отырып,  франчай-

зер  мен  франчайзидің  арасындағы  айрықша  құқықтар  кешенінің  өткізілуін 

қарастыратын  экономикалық  өзара  қатынастар  жиынтығы  франчайзингтік 

бизнестің пәні бола отырып, ерекше маңыздылықты игеретіні сөзсіз және де осы 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


257

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

үрдістің орындалуы франчайзингтік жүйенің табыстылығын қамтамасыз ететін 

қатысушы  жақтардың  тек  қана  тең  құқықтық  жағдайдағы  ынтымақтастығы 

мен  өзара  олжалылық  қағидасын  ұстануының  нәтижесінде  іске  асырылады. 

Бұл  жағдайда,  франчайзер  мен  франчайзидің  бір  жақты  мүдделілікті  көздеу 

мақсатын  ұстанбауы  орынды  саналып,  ол  іскерлік  этика  талабы  емес,  со-

нымен  бірге  экономикалық  қатынастардың  қоятын  талаптарына  жатады. 

Өйткені  франчайзингтік  өзара  шарт  қатысушыларының  бір  тараптарының 

шығындылыққа ұрынуы екінші жақтың да сондай жағдайға «душар» болуына 

соқтыратындықтан, оны есепке алу маңызды фактор болып табылады.

Қарастырған қағидалалар франчайзингтік жүйе қатысушыларының белгі-

лі бір критерийлер негізінде қызмет атқаруын талап етеді. Ол критерийлерге, 

қатысушы  жақтардың  іскерлік  ынтымақтастық  жағдайға  дейінгі  кезеңдерін 

қамтитын  іс-шаралар  мен  олардың  арасында  франчайзингтік  өзара  шарттың 

бекітілуі және франшиза бағдарламасының әзірленуі жатқызылады. Кез келген 

бизнес  саласы  франчайзингтік  жүйені  қолдануға  лайық  бола  бермеуі  мүмкін 

екендігін ескерсек, франчайзингтік қатынастың субъектілері мен объектілеріне 

қатысты  критерийлерден,  яғни  микродеңгейліктен  басқа  франчайзингтік 

жүйені  жалпы  қалыптастыруда  мүмкіндіктерді  айқындауда  келесі  ерекше 

критерийлерді қарастырған орынды [3]:

франчайзермен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер тәжірибе жүзінде 

– 

сыннан  өткендігі.  Бұл  жағдай,  франчайзидің  ресурстары  өмір  сүру  қабілеті 



жоғары болып саналатын бизнеске жұмсалынып жатқандығына сенімділіктерін 

арттырады;

тауар/қызметтер  айрықша  сипаттамаларды  иемденуі  керек,  және  де 

– 

олардың  әлеуетті  франчайзи  бизнес  секторында  жақсы  танымал  болып  та-



былатын  тауар  белгілері  мен  сауда  маркаларын  нығайту  қажет.  Бұл  жағдай, 

бизнестің  басқа  түрінде  игеру  қиын  болып  табылатын  құнды  коммерциялық 

активті франчайзидің жеңіл жолмен иемденуіне негіз болады;

франчайзердің  әлеуетті  франчайзиға  ұсынатын  бизнес-жүйесі  мен 

– 

үрдісі,  оны  әрі  қарай  қолданып,  меңгеруде  ұзақ  уақытты  қамтымайтындай 



қарапайым  болуы  керек.  Бұл  жағдай  компанияның  қалыптасқан  имиджін  еш 

өзгеріссіз барлық сауда орындарында табыстылықпен таралуы үшін қажет бо-

лып саналады;

бизнес-жобадан  түсетін  пайда  франчайзер  мен  франчайзиға  да  жұм-

– 

салған инвестициядан лайықты деңгейде табыстылықты қамтамасыз ететіндей 



көлемде болуы керек;

франчайзингтік желі арқылы бизнесті дамыту мен тұрақты түрде тех-

– 

никалық көмекті қамтамасыз ететін механизм қалыптасуы керек және де әлеуетті 



франчайзердің  бизнес-жоспарына  сай  болып  табылатын  франчайзилердің 

Ж.Б. БАЙГОЗИНА, Т.А. АБЫЛАЙХАНОВА. 2 (66) 2015. Б. 252-259 

 

 

                ISSN 1683-1667 



258

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

қызмет атқарғаны дұрыс.

Ал  енді  франчайзердің  әлеуетті  франчайзилер  арасынан  лайықтысын 

таңдауда  қандай  критерийлер  мен  талаптарды  қолданатынын  қарастыратын 

болсақ, біздің пікірімізше ол төмендегі сипаттармен байланысты:

әлеуетті франчайзиді тарту бойынша келесідей шаралар жүргізілуі ке-

– 

рек: франчайзер өзінің франшизасын ұсынатын елде, жаңа нарықта алдын ала 



ақпарландыруларды  жүргізу  мақсатында  тиімді  әрі  жалпыға  түсініктілікпен 

жарнамалық іс-шараларды жүргізгені дұрыс. Осы жарнаманы жүргізуде фран-

чайзер сол елдегі танымал, франчайзинг бойынша арнайы салалық басылымдар 

мен БАҚ-ты қолдануға ұмтылуы керек. Толықтай ақпараттық жиынтық, қолдан 

келмейтін мүмкіншіліктерге байланысты уәждемені енгізбейтін объективтілік 

негізде,  қызығушылық  танытушыларға,  әлеуетті  әріптестерге  ұсынылуы  ке-

рек;

әлеуетті франчайзиді бағалау мақсатында үміткерлерге анкеталық сау-



– 

алнамалар қоя отырып, өз-өзіне бастық болғысы келетіндерді, жеткілікті ресур-

старды игергендерді, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары болып табыла-

тындарды, адал әрі өкілетті тұлға тұрғысына толық сай болып табылатындарды 

таңдаған орынды [4].

Жалпы  франчайзингтік  бизнестің  жүйелік  негізде  қызмет  атқаруын 

қамтамасыз  етуде  жоғарыда  қарастырған  ерекшеліктерден  басқа,  олардың 

компоненттері мен белгілі бір құралдарының болуы өте маңызды. Осы себептен, 

франчайзер  мен  франчайзидің  өзара  қатынасы  мен  байланысының  бекуіндегі 

маңызды құралдар мен шешуші элементтер біздің пікірімізше, келесідей топта-

стырылуды талап етеді: кәсіби команда; құжаттардың сауатты рәсімделуі, фран-

шиза бағдарламасы; франчайзингтік өзара шарт.

Кәсіби команда – франчайзингтік жүйе негізінде бизнесті ұйымдастырудың 

шешуші  кезеңдерінде  кәсіби  мамандардың  тартылуы  екі  жақ  арасындағы 

қатынастың  берік  болуын  қамтамасыз  етеді.  Әлеуетті  франчайзи,  жекелеген 

кезеңдерде,  кәсіби  көмекті  алуда  қажетті  іс-шаралардың  барлығын  жүргізгені 

орынды  және  де  сол  көмекті  көрсететін  команда  құрамында  келесілердің 

болғаны тиімді қызмет атқаруға себеп болады: франчайзинг саласы мен бизнес 

қажеттілігіне  байланысты  заңнаманы  жетік  меңгерген  заңгер;  франчайзердің 

қаржылық  жағдайын  және  франчайзингтік  өзара  шартта  қарастырылған 

міндеттемелерді  орындауда  франчайзидің  мүмкіндігін  бағалай  алатын,  жал-

пы  есепті  жүргізетін  бухгалтер;  франчайзингтік  өзара  шартта  қарастырылған 

франчайзидің  территориясы,  оның  табысты  қызмет  атқаруындағы,  маман  не 

қозғалмайтын мүлік бойынша агент.

Франчайзингтік өзара шартта франчайзи келесі жағдайларға назар аударуы 

керек:  франчайзердің  мінеттемелері  айқын  көрсетілуі,  өзара  шарттың  қызмет 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


259

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

ету  мерзімі,  коммерциялық  мақсатта  франшизаны  үшінші  жаққа  өткізуіндегі 

құқықтар,  келіссөздер  арқылы  франчайзермен  шиеленістікті  шеше  алмаған 

жағдайда арбитраж бен сот үрдісі қайда өтетіндігі;

Франчайзинг бойынша маман-сарапшы Ф. Зайдманның пікірінше, «фран-

чайзинг – бизнесті аз шығынмен кеңейтудегі тамаша мүмкіндік» [2]. Сондықтан 

да франчайзингтік жүйенің бір қалыпты қызмет атқаруындағы маңызды құрал 

тұрғысындағы қаржының (қаржыландырудың) маңызы зор. Осы кезде қаржы 

ресурстарына  тек  қана  франчайзер  емес,  франчайзидің  да  мүмкіндіктерінің 

болғаны  дұрыс.  Сонымен  бірге  қаржы  ресурстары  жаңа  франчайзерлерге 

олардың  шығындарының  орнын  табыстылық  жапқанша  қажеттілігі  зор  боса, 

қызмет етуші франчайзерге өз бизнесін кеңейтудегі маңызды құрал тұрғысында 

қабылданады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Сидельников В. Франчайзинг в Казахстане. Государственная поддержка //www.

franchising.kz

2. Перков В. Франчайзинг в России и зарубежом. – С. 44 //www.rarf.ru

3. Франчайзинг как способ развития бизнеса. «Финансовый и Организационный 

Консалтинг». – М., 2009. – 11 с.

4. Алибеков Б. Франчайзинг – возможность снизить риски / Б. Алибеков // Малый 

и средний бизнес Казахстана. Специальное приложение: Франчайзинг – 2008. – №2(7). 

– С. 12-13.

REFERENCES

1. Sidel'nikov V., Franchajzing v Kazahstane. Gosudarstvennaja podderzhka //www.

franchising.kz (in Russ).

2. Perkov V., Franchajzing v Rossii i zarubezhom. //www.rarf.ru (in Russ).

3. Franchajzing kak sposob razvitija biznesa. Finansovyj i Organizacionnyj Konsalting. 

Moskva. 2009, 11 (in Russ).

4. Alibekov B., Franchajzing vozmozhnost’ snizit’ riski. Malyj i srednij biznes Kazah-



stana. Special’noe prilozhenie. Franchajzing. 2008, 2, 7, 12-13 (in Russ).

ӘОЖ 008 (574)



Г.М. БАТЫРХАНОВА 

C. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ҚАЗАҚСТАННЫң ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИМИДЖІ: 

ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Мақала  қазіргі  таңдағы  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  имиджін 

қалыптастыру мен нығайту және оның даму болашағы мәселесіне арналған.



Түйін сөздер: имидж, мемлекеттің халықаралық имиджі.

Г.М. БАТЫРХАНОВА. 2 (66) 2015. Б. 259-263 

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



260

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ИМИДЖ КАЗАХСТАНА: 

СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ

Статья посвящена проблеме формирования и укрепления международного имид-

жа Республики Казахстан, а также перспективам ее развития. 

Ключевые слова: имидж, международный имидж страны.

THE INTERNATIONAL IMAGE OF KAZAKHSTAN:  

CURRENT STATE AND PROSPECTS OF DEVELOPMENT

The article is devoted to the formation and strengthening of the international image of 

the Republic of Kazakhstan and the prospects of its development.

Keywords: image, the country’s international image.

Мемлекеттің  халықаралық  имиджін  қалыптастыру  және  нығайту 

мәселесі  қазіргі  мәдениеттану  ғылымындағы  аса  күрделі  және  өзекті  зерттеу 

бағыттарының  бірі  болып  саналады.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында «Қазақстан-

2050» Стратегиясы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» Жолдауын халыққа жария 

етіп, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру ая-

сында мемлекеттің халықаралық имиджін қалыптастыру мәселесі жаңа мәнге ие 

бола бастады [1]. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет 

ретінде дүние жүзінің 160-тан астам елі мойындады. Қазақстандағы жүргізілген 

эко номикалық және әлеуметтік-саяси реформалар мемлекетіміздің халық аралық 

аренадағы беделін жо ғарылатты. Бүгін Қазақстан – ха лықаралық және аймақтық 

ұйымдардың мүшесі ғана емес, әлем елдерінің сенімді әріптесі.

Қазақстанның  халықаралық  деңгейде  оңтайлы  имиджін  қалыптастыру 

мәселесімен жүйелі түрде айналысатын еліміздің сыртқы істер министрлігі жа-

нынан халықаралық ақпарат комитеті құрылған болатын. Комитеттің құрамында 

ұйымдасқан  екі  бөлімше  (халықаралық  ақпарат  басқармасы  мен  халықаралық 

имидж басқармасы) өз жұмыстарын тиімді атқарып келе жатыр. Бұл қуантарлық 

жағдай. Өйткені оған дейін бұл күрделі үдеріс жүйелі жолмен жүргізілмеген бо-

латын.


Халықаралық тәжірибені алып қарасақ, шетелдік масс-медиа құралдарын-

да ақпаратты жариялау және таратумен айналысатын бірқатар мемлекеттік және 

мемлекеттік емес органдар бар. Біздің еліміздегі мұндай органдардың қызметі 

жүйелі  және  келісімді  болмағандықтан  Қазақстанның  халықаралық  имиджін 

қалыптастыру  әрекеті  көп  жағдайда  тиімсіз  болды.  Әрине  мұндай  іс-шаралар 

мақсатына  жетпеді  деп  айтуға  болмайды,  мәселе  олардың  біржақтылығы  мен 

стратегиялық  сипатта  болмауында.  Әлем  елдерінің  Қазақстанға  деген  ынта-

ықыласы мен қызығушылығын арттыруға негізделген барлық іс-шаралар үнемі 

жоғары  деңгейде  жүргізілу  керек.  Осыған  орай  шетелдерде  Қазақстанның 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



261

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

имиджін арттыру мақсатында арнайы бағдарлама қабылданған болатын. Оның 

тиімді жүзеге асуын келесі өлшемдер арқылы бағалау көзделуде: әлемдік сахна-

да Қазақстанның танымдылығы, оның бейнесі, елге келетін туристердің көлемі, 

туристік инфрақұрылымның дамуы мен қолжетімді болуы, шетелдік инвести-

ция көлемі, шет мемлекетте Қазақстан туралы ақпараттың БАҚ таралу деңгейі, 

сараптамалық  және  ғылыми  қауымдастықтардың  Қазақстандағы  ахуалмен  та-

ныс болуы т.б.

Кез  келген  мемлекеттің  имиджін  қалыптастыру  мен  арттыру  сол  елдің 

экономикалық  даму  деңгейімен  қатар,  оның  тарихына,  мәдени  өзгешелігіне 

де  байланысты  [2].  Қазақстанның  халықаралық  аренада  позитивті  имиджін 

қалыптастыруда  ұлттық  мәдениеттің  әлеуетін,  ата-бабаларымыздан  мирас  бо-

лып қалған бай мәдени-тарихи және рухани мұраны кеңінен пайдалану – қазіргі 

ұрпақтың  аманаты.  Бүкіл  әлем  жұртшылығына  мақтанышпен  көрсете  алатын 

құнды дүниелеріміз жеткілікті. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдары Қазақстан 

халқы  қол  жеткізген  барлық  жетістіктерімізді  де  назардан  тыс  қалдырмай, 

Қазақстанның Орталық Азия аймағының көшбасшысы, көптеген халықаралық 

бастамаларға ұйытқы болған қай жағынан қарасақ дамыған мемлекет екенімізді 

әлем жұртшылығына кеңінен насихаттауымыз керек.

Әрине,  шешімін  таппай  отырған  мәселелер  де  жеткілікті.  Солардың 

қатарында:  барлық  мәдени  жобаларды  бір  жүйеге  келтіріп,  бір  стратегиялық 

мақсатқа  негіздеу,  елдің  имиджін  арттыру  бағытында  жаңа  форматтар-

ды  қарастыру,  мәдени-имидждік  жұмысты  қаржыландыру  мен  заңнамалық 

қамтамасыз ету т.б.

Қазақстанның  халықаралық  имиджін  көтеруге  және  нығайтуға  өз 

септігін  тигізетін  бірнеше  ұлттық  брендтерді  атап  көрсетуді  дұрыс  деп 

білеміз:  этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық 

үлгісі;  Қазақстан  аймағында  орналасқан  Ұлы  Жібек  Жолындаға  көне  қалалар 

негізінде  аспан  асты  ашық  мұражайларды  ұйымдастыру;  Астана  мен  Алма-

ты  шаһарларын  бүкіл  Орталық  Азияның  мәдени,  ғылыми,  қаржылық  және 

инновациялық бастамалардың орталығы ретінде ұлттық брендті қалыптастыру; 

ұлттық  спорт  түрлерін  кеңінен  насихаттау;  таулы  және  экологиялық  туризмге 

қатысты Қазақстанның барлық әдемі және ерекше табиғи жерлерін айқындау; 

археологиялық,  этномәдени  ескерткіштерге  байланысты  мәдениеттанушылық 

брендтерді жүзеге асыру.

Қазақстан  имиджіне  қатысты  шешімін  таппаған  мәселелер  жеткілікті. 

Қазақстанның біртұтас танымды бейнесі жоқтың қасы деуге болады. Қазақстандық 

имиджге  байланысты  дамытуды  талап  ететін  төрт  ірі  саланы  атауға  болады: 

Қазақстан тарихы имиджі, мемлекет имиджі, елдің біртұтас бейнесі және елдің 

ұлттық сипаты [3].

Г.М. БАТЫРХАНОВА. 2 (66) 2015. Б. 259-263 

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



262

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Қазақстанның  халықаралық  имиджін  қалыптастыруға  астаналық  эконо-

микалық  форум  аясында Елбасының 2011  жылдын  15  желтоқсанда  Қазақстан 

Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған  салтанатты  жиында 

ұсынған «G-global» жобасының маңызы орасан зор болды. Бұл жобаны жүзеге 

асыру бірнеше мақсатты көздейді: әлемдік ғылыми қауымдастықты жаһанның 

өзекті мәселелері бойынша пікір таластыруға ашық алаң ұйымдастыру; ғылым, 

мәдениет және экономика салалары бойынша тәжірибе алмасу; ауқымды ғылыми 

жобаларды айқындау; инновациялық бизнес-идеяларды жүзеге асыруға инвести-

ция тарту және Қазақстанның әлем төріндегі беделін арттыру.

Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, мемлекеттің беделін арттыру-

дың аса маңызды құралы ретінде туризм саласы болып табылады екен. Өкінішке 

орай, бүгінгі таңда Қазақстанның бай туристік әлеуеті толық пайдаланбай отыр. 

Казақстанда туризмнің келесі салаларын дамытуға ерекше назар аударған дұрыс 

деп  білеміз:  бұл  экологиялық  және  таулы  туризм,  этнотуризм,  тарихи-мәдени 

туризм  т.б.  Бұл  салаға  қатысты  ақпараттық-насихаттау  жұмыстарына,  әсіресе 

Интернет  ресурстарын  кеңінен  пайдалануға,  Қазақстан  туралы  сапалы  аудио- 

және видеоматериалдарын көптеп шығаруға ерекше назар аударған дұрыс. 2020 

жылға дейін қабылданған туристік кластерді дамыту мемлекеттік бағдарламаның 

басты мақсаты осы салаға қатысты барлық мәселелердің шешімін табуға және 

Қазақстанды туристік мемлекетке айналдыру болып табылады.

Бар әдебиеттерді саралау барысында Қазақстанның халықаралық имиджіне 

қатысты  бірқатар  мәселелерді  топтастыру  мүмкіндігі  болды:  елдің  позитивті 

имиджін тұрақты дамытуға отандық және шетелдің PR-агенттіктердің әлеуетін 

толық  пайдаланбау;  шетелдің  масс-медия  құралдарында  Қазақстан  туралы 

толық  және  мазмұнды  ақпараттың  жарияланбауы;  мемлекет  имиджімен  айна-

лысатын  мемлекеттік  және  қоғамдық  ұйымдар  мен  мекемелердің,  қорлардың 

жұмысында жүйеліліктің болмауы; туристік кластердің, соның ішінде туристік 

инфрақұрылымның  әлсіздігі;  кәсіби  мамандарды  даярлау  мәселесінің  толық 

шешімін таппауы т.б.

Қазақстанның  халықаралық  имиджі  мәселесі,  еліміздің  біртұтас  бейнесі 

әлі  де  толық  жасалмағанын,  бұл  мәселенің  тың  ғылыми  және  концептуалдық 

тұжырымдауды қажет ететінін айту керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Послание Президента Республики Казахстан – Лидера нации Нурсултана На-

зарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» – новый политический курс 

состоявшегося государства».

2. Гринёв И.В. О роли культуры в формировании имиджа страны // Экономика. 

Управление. Культура: Сб. статей. Вып. 14. – М.: ГУУ, 2008. – (0,15 п.л.). 

3. Имидж Казахстана и его развитие // http://postsoviet.ru/publications/740/

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


263

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

REFERENCES

1. Poslanie Prezidenta Respubliki Kazahstan Lidera nacii Nursultana Nazarbaeva nar-



odu Kazahstana Strategija Kazahstan 2050 novyj politicheskij kurs sostojavshegosja gosu-

darstva (in Russ).

2. Grinjov I.V., O roli kul’tury v formirovanii imidzha strany. Jekonomika. Upravlenie. 

Kul’tura Sb. statej. Vyp. 14. M. GUU, 2008 (in Russ).

3. Imidzh Kazahstana i ego razvitie http://postsoviet.ru/publications/740/ (in Russ).

УДК 338.1





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет