Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Д.С. ИКЕНОВ, А.Г. МУХАМЕДИЕВА



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет28/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53

Д.С. ИКЕНОВ, А.Г. МУХАМЕДИЕВА 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІң ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Мақалада  Қазақстан  Республикасындағы  туризмнің  қазіргі  жағдайы  қарас-

тырылған, өнеркәсібін одан әрі дамыту үрдістері де негізделген.

Түйін сөздер: туризм индустриясы, халықаралық туризм, экономика саласы.

СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ ТУРИЗМА 

В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

В статье рассмотрено современное состояние туризма в Республике Казахстан, 

обосновываются тенденции дальнейшего развития данной отрасли.

Ключевые  слова:  индустрия  туризма,  международный  туризм,  сфера 

экономики.

MODERN STATE OF TOURISM IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

In the article reviewed modern state of tourism in the Republic of Kazakhstan, substan-

tiates the trend of further development of this branch.

Keywords: tourism, international tourism, the sphere of economy.

Бүгінде  нарықтық  экономикада  туризм  саласының  алатын  орны  ерекше. 

Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық 

өнiмнiң  1/10,  халықаралық  инвестицияның  11%  астамын,  әлемдiк  өндiрiстiң 

әрбiр  9  жұмыс  орнын  қамтамасыз  етедi.  Қазақстандағы  туризмнің  дамуының 

негізгі мақсаты – туризмнің қазіргі жағдайын заманауи бәсекеге қабілетті туризм 

саласында туристік кешен қалыптастыру. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде 

туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде алғышарт болып табылады. 

Туризм  –  әлемде  құқығы  жағынан  жүз  жылдықтың  экономикалық  феномені 

іспеттес, кез келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал ететін әлемдік 

экономиканың  ең  ірі,  әрі  тез  қарқынмен  дамып  келе  жатқан  салалардың  бірі 

болып  табылады.  Дүние  жүзі  туризмді  халық  шаруашылығының  жетекші  са-

ласы ретінде танып, оның өміріндегі әлеуметтік, экономикалық, оқу-тәрбиелік, 

мәдени,  танымдық,  емдік-сауықтыру,  спорттық  және  демалыс  қажеттілігін 

күнделікті тәжірибеде мойындап отыр. Ел болашағының дамуын айқындайтын, 

айғақтайтын «Қазақстан-2030» стратегиясында бұл сала экономиканың өткір де, 

өзекті күретамырына айналып, және оның әртараптануына ықпал ететін фактор 

ретінде танылған. Осы тұрғыдан алғанда саланы дамытудағы көзделген басты 

мақсат, міндет – туристік кешен құрып, оны қалыптастыру мемлекеттің ұлттық 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



313

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

қорын толықтыру ғана емес, сол арқылы халықтың әл-ауқаты мен хал-ахуалын, 

тұрмыс  жағдайын  көтеру  болып  табылады.  Шетелдік  туристердің  емін-еркін 

жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау жағы да мемлекет назарынан тыс қалмай, 

күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі әрі бірегейі [1].

1-сурет – Туризмнің экономикадағы рөлі

 

 



Көптеген мемлекеттер туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ланд-

штафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық танытуда. Сондықтан 

да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым бағыттары 

ретінде белгіленді. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері туризмнің даму ба-

рысында  айтарлықтай  зор  перспективаларға  жол  ашылды.  Қазіргі  уақыттарда 

республикамыз шетелдік туристердің келуіне ықпал жасауда, алайда ескірген, 

талай жылдардан бергі тозығы жеткен жеткіліксіз жабдықталған материалдық-

техникалық база, төменгі дәрежедегі қызмет көрсету мен сервис және көрсетілетін 

туристік  қызметтерге  жұмсалатын  шығындардың  ірі  мөлшері  біздің  елімізге, 

яғни отандық туристердің келуіне кедергі келтіретіні анық. Туризмнің қарқынды 

дамуы, әсіресе, атап айтар болсақ, халықаралық туризм дамуының орны ерекше. 

Себебі шетелдік валютаның көбеюіне, әрі бюджет кірістерінің толықтырылуына, 

жұмыссыздықтың азаюына, жұмыс орындары нарығының кеңеюіне, халықтың 

әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейінің жоғарлауына, бір сөзбен айтқанда, Қазақстан 

Республикасының тұрақты дамуына мүмкіндік жасайды. Отандық және шетелдік 

туризм саласының ұйымдастырудың үлгілері 1-кесте көрсетілген [2].

Туризмнің қоғам өміріне 

ықпалы


Әлеуметтік және 

мәдени үрдістерді 

тездетеді

Әлеуметтік және өн-

дірістік инфрақұрыл-

ымды дамытады

Елдің ЖҰӨ-ге  және төлем 

балансына салымдарды 

ұлғайтады

Жергілікті 

тұрғындардың өмір 

деңгейі артады

Жұмыс орындары 

пайда болады

Аймақ тартымды-

лығы артады

Халықтың қолөнерлік 

белсенділігі артады

Туризммен аралас басқа да 

салалар дамиды

Табиғи кешендер кеңейеді

Валюталық түсімдер 

артады

Д.С. ИКЕНОВ, А.Г. МУХАМЕДИЕВА. 2 (66) 2015. Б. 312-320   



 

 

                ISSN 1683-1667 



314

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

1-кесте – Туризм саласын ұйымдастыру үлгілері

Туризмді 

ұйымдастырудың 

үлгілері

Ұйымдастыру 

үлгілері таралған 

елдер


Реттелу ерекшеліктері

Қаржылану 

жағдайы

Еуропалық



Италия, Испания, 

Франция және т.б.

Мемлекеттік рет-теу ин-

ституттары, жеке реттеу 

инс-титуттары

Мемлекеттік қар-

жылар, жеке қар-

жылар


Азиялық

Түркия, Египет, Ту-

нис, Марокко, Қытай 

және т.б.

Басым түрде мем-

лекеттік реттеу инсти-

туттары

Мемлекеттік қар-



жылар, жеке қар-

жылар


Қазақстандық

Қазақстан Республи-

касы

Басым түрде мем-



лекеттік реттеу инсти-

туттары


Мемлекеттік қар-

жылар, жеке қар-

жылар

Ескерту: Зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған



Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, 

шағын және орта кәсіпкерлікке көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы 

аймақтардың экономикасының дамуына өзіндік ықпалы өте зор. Сонымен бірге 

туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен 

сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны дүниежүзілік 

жалпы ұлттық ішкі өнімінің 12% құрайды, бұл деген жыл сайын 1,5 млрд АҚШ 

доллары  ішкі  және  халықаралық  туризмнен  түскен  түсім  ретінде  тіркеледі. 

Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет 

көрсетудің 25-30% тиесілі. Халықаралық туризмнің жылдық өсімі 4,0%, ал ке-

лешекте бұл көрсеткіш жоғарыламақ. Туризм саласына ықпал ететін ең негізгі 

басты факторлар мыналар: 

–  кез  келген  мемлекетте  де,  отандық  елде  де  туристік  рекреациялық 

ресурстардың болуы; 

–  туризмге  тура  немесе  жанама  салалардың  және  кәсіпорындардың  да-

муы; 

– шетке шығуға байланысты туризмнің отандық елге деген шетелдік валю-



таны тартуы; 

– аз мөлшерде шығын шығарып, қомақты табыс таба білу; 

– алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз ету кезіндегі шығынның болмауы;

– халықты тұрақты түрде жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін шағын 

және орта кәсіпкерлікті дамыту; 

– қызмет көрсету секторына байланысты сфера аясының кеңеюі; 

–  мемлекеттің  дүниежүзілік  қауымдастыққа  беделді  болуы,  және  бет-

бейнесінің айқын қалыптасуы.

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


315

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

2-кесте – Қазақстандағы туристік кешеннің негізгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж.

2011-2014 

жж. салы-

стыру, %


Қызмет көрсетілген келер-

мендер саны, мың адам 

10649,0 11889,6 13787,6 14101,7

129


Келу туризмі, мың адам

4365,0


4706,7

5310,6


5441,3

121


Шығу туризмі, мың адам

3004,0


3687,9

4544,4


4598,5

151


Ішкі туризм, мың адам

3280,0


3495,0

3932,6


3981,1

119


Туристік фирмалар саны, 

бірлік


846

921


1007

1163


137

Туристік қызметпен шұ-

ғылданатын жеке кәсіпкерлер 

саны, бірлік

30

41

51



58

170


Негізгі туристік ресурстар, 

барлығы:


оның ішінде:

6656


7109

7405


7463

111


Мұражайлар, бірлік

187


185

195


195

104


Театрлар, бірлік

51

53



55

56

107



Концерттік ұйымдар, бірлік

66

61



67

69

101



Цирктер, бірлік

3

4



4

4

133



Клуб үлгісіндегі мекемелер, 

бірлік


2409

2600


2824

2839


117

Кітапханалар, бірлік

3664

3848


3935

4067


107

Киноқойылымды жүзеге асы-

ратын ұйымдар, бірлік

120


194

149


154

124


Луна-саябақтар мен дема-лыс 

саябақтары, бірлік

50

53

63



66

126


Хайуанаттар саябақтары, 

бірлік


4

4

4



4

100


Ерекше қорғалатын табиғи 

аумақтар, бірлік

102

107


109

109


106

Ескерту: ҚР статистикалық 

мәліметтері негізінде автор 

құрастырған

Қазіргі уақытта Республикада 400-ден астам туристік фирмалар тұрақты 

түрде  жұмыс  жасайды.  Отандық  туристік  агенттіктер  80-нен  аса  мемлекеттің 

туристік  фирмаларымен  келісімшарт  жасаған.  Еліміздегі  туризмнің  дамыған 

аймақтары  –  Алматы,  Шығыс  Қазақстан,  Қарағанды,  Павлодар,  Оңтүстік 

Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларын айтуға бола-

Д.С. ИКЕНОВ, А.Г. МУХАМЕДИЕВА. 2 (66) 2015. Б. 312-320   

 

 

                ISSN 1683-1667 



316

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ды.  Осы  облыстардың  және  қалалардың  туристік  фирмалары  халыққа  қызмет 

көрсетудің  80%-ын  құрайды.  Өзіміздің  отандық  туристердің  сыртқа,  әсіресе 

алыс-жақын шетелдерге баратын мемлекеттер тізімі төмендегідей: Ресей, Қытай, 

Германия, Оңтүстік Корея, Польша, Түркия, Таиланд, БАӘ. Ал керісінше, біздің 

елге  келетін  шетелдік  туристер  –  Ресей,  Қытай,  Германия,  Пәкістан,  Польша, 

Түркия өкілдерінің азаматтары. Келесі кезекте отандық туристік кешеннің негізгі 

көрсеткіштері төмендегідей [3]. 

3-кесте – Туризм индустриясының қызметінен түскен табыс 

Көрсеткіштер

2011 ж. 2012 ж. 2013 ж.

2014 ж.


Өсуі

2013 ж. 


қарағанда

Туризм индустрия-

сынан түскен табыс, 

млн тг оның ішінде:

30553,4 44718,1 63022,9 74232,8

11209


17,8%

– туристік ұйымдар

5902,6 10653,2

11851


14494,8

2643,8


22,3%

– орналасты-

ру объектілері

23153,5 32050,2 40331,5 46956,1

6624,6

16,4%


– санаториялық-

курорттық мекеме

256,0

283,5


8567

10763,9


2197

25,6%


– ерекше қорғалатын 

табиғи территория-

лардан

9,1


6,1

16,5


3,8

-12,7


-80%

мәдени мекемелер

1232,2

1725,1


2256,9

2014,2


-242,7

-10,7


Бюджетке түсімдер, 

млн тг


6526,5

6047


9072,5

9350,9


277,4

3%

Туризм саласына ин-



вестиция, млрд тг

-

92,3 



(769 млн 

$)

66 



(549 млн 

$ )


129,3 

(862 млн 

$)

63,3


95,6%

Дүниежүзілік  туристік  ұйымның  анықтауы  бойынша,  мемлекеттер:  ең 

бірінші  туристерді  жабдықтаушы  мемлекеттер  және  ең  бірінші  туристерді 

қабылдаушы  мемлекеттер  деп  екіге  бөлінеді.  Қазақстан  болса,  соның  ішінде 

туристерді  жабдықтаушы  мемлекеттер  қатарына  енеді.  Әлемдік  тәжірибеде 

жабдықтаушы мемлекеттер әлеуеті жоғары дамыған, кең көлемде өнеркәсіптік 

потенциалымен  сипатталады.  Қазақстан  көптеген  экономикалық  параметрі 

жағынан дамыған мемлекеттерге жол береді және туристерді қабылдаушы мем-

лекеттер санатына кіреді. Қазақстан бай туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге 

ие бола отырып, туризм саласы жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталып 

отыр. Туризм саласының үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3% құрайды. 2014 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



317

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

жылы жалпы туристік қызметтен түскен түсім көлемі 145,3 млрд теңгені құрады, 

бұл 2010 жылға қарағанда 2 есе артық, яғни 77,6 млрд теңгені құраған еді. Ре-

спублика бюджетіне төленген салық мөлшері 20,6 млрд теңгені құраса, саладағы 

туристік  қызметпен  шұғылданатындардың  саны  158700  адамды  құрады.  2014 

жылғы үш тоқсандығында туристік қызметтен түскен кірістер көлемі 91,8 млрд 

теңгені құрады, бұл 2013 жылғы үш тоқсандығына қарағанда 11,5% немесе 82,3 

млрд теңгеге көп болып отыр. Туристік қызметтің құрылымында біздің елден 

ішкі  туризмнен  қарағанда,  сыртқы  туризм  әлдеқайда  басымдырақ  екендігін 

анық  байқауға  болады.  Мысалы,  ішкі  туризм  32,2%  болса,  сыртқы  туризм 

62,1% құраған. Егер осы көрсеткіштерді жоғарыдағы жыл және 2010 жылғы де-

ректермен  салыстыратын  болсақ,  онда  сыртқы  туризмнің  56,4%-дан  62,1%-ға 

дейін артуы, ал ішкі туризмнің туристерге туристік қызмет көрсетудің жалпы 

құрылымында 35,4%-дан 32,2%-ға азайғандығы байқалады. 

Қазақстандық  туристердің  сыртқа  шығушылар  тізіміне  сұранысы  Қазақ-

стандағы  дестинациялар  мен  орналастыру  объектілерінің  кәсіпкерлік  үлгісін 

жоғалтуды білдіреді. Сондықтан республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы 

қазір шетелде демалып жатқан жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге 

жұмсалатын шығындарды ел аумағында қалдыра отырып, қазақстандық туристік 

дестинацияларды  таңдайды  деп  болжауға  болады.  Туризм  дамуының  негізгі 

экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, қазақстандық туризмнің 

әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға, яғни бір байламға ке-

луге болады, себебі туристік саланың дамуы туристік қызметтегі отандық және 

шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру әрі қамтамасыз ету үшін 

көліктік-логистикалық жүйенің жүйелі түрде қажетті инфрақұрылымын, оның 

ішінде  мемлекеттік  шекарадан  өткізу  пункттерін  (автокөлік,  әуе-авиациялық, 

теміржол)  қайта  күрделі  жөндеуден  өткізуді  ескере  отырып,  кең  мүмкіндікті 

қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құруға 

тікелей  байланысты.  Сонымен  туристік  кешен  құру  дегеніміз  не?  Оны  қалай 

құруға болады? Құрған күннің өзінде туристік саланы қалай дамыта аламыз? де-

ген күрмеуі көп, сан салалы сауалдарға жауап іздеп көрейік. Иә, туристік кешен 

құру дегеніміз – еліміздің экономикасының дамуына – бюджетке салықтық түсім 

есебінен едәуір үлес қосады, шетелдік валютаның құйылуы, жұмыс орындары 

санының  артуы  есебінен,  сондай-ақ  мәдени  және  табиғи  мұраның  сақталуын 

және оны тиімді пайдалануына бақылауды қамтамасыз етуге болады.

Туристік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары: 

–  туристік  қызмет  саласында  азаматтардың  демалуға,  еркін  қозғалуға 

құқықтарын қамтамасыз ету; 

– қоршаған ортаны қорғау; 

Д.С. ИКЕНОВ, А.Г. МУХАМЕДИЕВА. 2 (66) 2015. Б. 312-320   

 

 



                ISSN 1683-1667 

318

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

– туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған 

қызмет үшін жағдайлар жасау; 

– саяхат кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік 

индустрияны дамыту; 

– жаңа жұмыс орындарын құру, туристік индустрия есебінен мемлекет пен 

Қазақстан Республикасы азаматтарының табысын ұлғайту; 

Туристік  кешенге  керекті  бағдарламаларды  қаржыландырудың  қажетті 

қайнар көзі – мақсатты бағытталған және жеткілікті көлемдегі инвестициялық 

саясат.  Туризмнің  дамуын  бірінші  кезеңде  қаржыландыру  осы  сферадағы 

процестерді реттеуші маңызды тұтқа ретінде қолданылады. Төмендегі кестеде 

туризм саласының даму көрсеткіштері берілген [4]. 

4-кесте – Туризм саласының даму көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2011 ж. 2012 ж. 2013 ж.

2014 ж. Өсуі

2013 ж. 

қарағанда

Туризм саласындағы 

субъектілер саны

Оның ішінде:

1424


1833

2050


2376

326


16%

– фирмалар

846

921


1007

1163


156

15,5%


– жеке кәсіпкерлер

30

41



51

64

13



25,5%

– орналастыру 

объектілері

385


465

469


528

59

12,5%



– орналастыру саласын-

да жұмыс істейтін жеке 

кәсіпкерлер

163


406

523


621

98

18,7%



Көрсетілген қызметтер 

көлемі, млрд тг

24,5

33,8


53,9

66

12,1



22,6%

Туризмді дамыту әрбір елге өз артықшылықтары мен кемшіліктеріне сай бо-

лады, яғни ақша ағымы көбейеді, жалпыұлттық өнім өседі, жаңа жұмыс орындары 

пайда бола бастайды, шетелдік капитал тартылып, туризмнің даму деңгейі өседі. 

Ал кемшіл тұстары, яғни тиімсіз жақтары – негізінен әлеуметтік-экономикалық 

мәселелер  мен  туристік  импорт  кезінде  көп  қаражаттың  сыртқа  шығарылуы. 

Яғни сол негізде туризмді дамыту жүйесінде экономиканың туризмнің қазіргі 

жағдайы  ретінде  қарастырылатын  елдердің  халықаралық  тәжірибесін  талдау, 

талқылау туристік қызметті мемлекеттік қолдаудың бірқатар басым шараларын 

айқындап берді.

Осы тақырып төңірегінде туризм кешені мен саласын дамытуға арналған 

келесі критерийлер мен кеңестерді ұсынуға болады: 

– мемлекет және үкімет тарапынан туризмнің дамуына және демеу көрсетуді 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



319

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

қамтамасыз ету; 

–  мақсаттарға  жету  үшін  заңда  көрсетілген  нормалар  құқықтық  базаны 

нығайту және тапсырманың орындалуын қадағалау; 

–  аталған  саланы  ең  жоғары  деңгей  мен  дәрежеде  қаржыландыру  және 

материалдық-техникалық базаны жақсарту

–  туристік  инфрақұрылымдарды  халықаралық  стандарттар  межесіне 

көтеру; 

– шетелдерде өкілеттіліктер мен елшілер көмегімен еліміз туралы толық 

түрде ақпараттармен қамтылған туристік орталықтар ашу;

–  Қазақстанның  мәдени-тарихи,  этнографиялық  мұраларын,  тылсым 

табиғаттың құпияға толы көз тартар көркемдігін танытатын, бұқаралық ақпарат 

құралдарында,  ғаламторларда  жаңалықтар  ретінде  жарнамалар  жасап  кең 

көлемде насихаттау; 

–  туристік  базаны  болашақта  Шығыс  Қазақстан  облысында  туризмнің 

тұрақты түрде сәтті дамуына кепіл бола алатын жоғары білікті де, білгір, білімді 

кәсіби кадрлар мен мамандар даярлау; 

–  қазіргі  уақытта  бәсекеге  қабілетті  туризм  кешен  қалыптастыру  үшін 

ұйымдастырушылық және инновациялық негіздерді дамыту; 

– Қазақстан туризм индустриясында маркетинг және менеджмент салала-

рын дамыту және қолдану; 

– экономиканың алғышарты ретінде елдің туристік имиджін қалыптастыру 

[5].


Тақырыпты  түйіндеп,  қорытындылай  келе  Қазақстандағы  туризмді  да-

мытуда мына шарттарды негізге алу керек: еліміздің туризм кешені мен сала-

сын  құру  арқылы  оның  инфрақұрылымын  шетелдік  тәжірибелердің  тиімді 

тұстарын талдап, талқылап қажеттілерін ғана ала білу. Шетелдің Қазақстандағы 

мұнайды игеріп жатқан компанияларын жолдарды, сапалы қонақүйлерді салуға, 

инфрақұрылымды дамытуға бір кісідей атсалысу деңгейіне әкелу қажет. Отандық 

туристік объектілерді маркетинг саласында жандандыру, және сол арқылы жар-

намалау жағын да басты назарда бағыт-бағдар ретінде ұстанған дұрыс. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Концепция развития туризма в Республике Казахстан» от 6 марта 2012 г. №333 

САПП РК, 2012. 

2. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана / С.Р. Ердавлетов. – Алма-Ата: 

Ғылым, 2012. 

3. Қадылбеков Ә. Туризмді дамыту – өзекті міндет / Ә. Қадылбеков // Дидар. – 

2012. – 24 сәуір. – Б. 2. 

4.  Қазақстан  Республикасы  туристік  индустриясының  персвективалары 

бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту тура-

лы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 Қаулысы 

5. Жолдасбеков Ә. Туризмді дамытудың әлеуметтік-экономикалық аспектілері / Ә. 

Д.С. ИКЕНОВ, А.Г. МУХАМЕДИЕВА. 2 (66) 2015. Б. 312-320   

 

 

                ISSN 1683-1667 



320

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Жолдасбеков // Поиск. сер. гуманитар. наук. – 2014. – №2. – Б. 150-152. 

 

REFERENCES



1. Kontseptsiya razvitiya turizma v Respublike Kazakhstan ot 6 marta 2012 g. №333 

SAPP RK, 2012 (in Russ).

2.  yerdavletov  S.R.,  Geografiya  turizma  Kazakhstana.  Alma-Ata,  Gylym,  2012  (in 



Kaz).

3. Qadylbekov A., Turizmdi damytu ozekti mindet. Didar. 2012, 24 sauir. 2 (in Kaz).

4. Qazaqstan Respublikasy turistik industriyasynyn persvektivalary bagyttaryn damytu 

zhonindegi 2010-2014 zhyldarga arnalgan bagdarlamany bekitu turaly Qazaqstan Respub-

likasy Ukimetinin 2010 zhylgy 11 qazandagy №1048 Qaulysy (in Kaz).

5. Zholdasbekov A., Turizmdi damytudyn aleumettik ekonomikalyk aspektileri. Poisk. 



ser. gumanitar. nauk. 2014, №2, 150, 152 (in Kaz).

ӘОЖ 821.512.122.09





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет