Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


«Жасыл көпір» серіктестігі



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет39/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53

 «Жасыл көпір» серіктестігі

Мемлекетіміз «жасыл экономикаға» ауысу саласындағы саясатты белсенді 

жүргізіп  жатқанда,  біз  осы  үдерістің  бөлігі  ретінде  қазірден  бастап  «таза» 

болашақты  құруға  қадамдар  жасай  аламыз.  Және  көпшілік  қауым  олардың 

үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санайды. Біздің 

әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса аламыз. Және сенің 

Қ.А. ТОБЫҚТИНА. 2 (66) 2015. Б. 432-436 

 

 



 

 

                ISSN 1683-1667 



436

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

үлесің  теңіздегі  тамшы  болады  деп  ойлау  қажет  емес.  Күн  сайын  біз  әлемді 

тазартып,  жақсарта  аламыз.  «Жасыл  экономика»  түсінігі  көп  жағдайларда 

кеңінен  қолданылатын  «орнықты  даму»  түсінігімен  қарым-қатынаста  болады, 

орнықты дамудың негізгі мәні заманауи даму қазіргі уақыттың қажеттіліктерін 

қанағаттандырып  қана  қоймай,  болашақ  ұрпақтың  өз  қажеттіліктерін  қана-

ғаттандыруға  қабілеттерін  қауіпке  салмау  тезисіне  негізделеді.  Энергияның 

қайта қалпына келетін көздерін, ресурстарды үнемдейтін технологияларды және 

қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген «жасыл экономика» 

орнықты дамудың қажетті элементі болып табылатындығы сөзсіз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «жасыл 

экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Жарлығы // Егемен Қазақстан. – 

2013. – 30 мамыр.

2. Жағыпарұлы Ж. // Ел ертеңінің тұғыры – «жасыл экономика» / Ж. Жағыпарұлы 

// Егемен Қазақстан. 2013. – 21 ақпан. – 4-б.

3.  Сұрағанова  С.К.  Туризм  инфрақұрылымы:  оқулық  /  С.К.  Сұрағанова, 

Б.О. Сабатаева. – Алматы: Дәуір, 2012.

4. «Жасыл экономика – болашақтың экономикасы» Ғаламтор ресурсы: http://www.

egov.kz


REFERENCES

1. Qazakhstan Respublikasynyn Prezidenti Elbasy N.A. Nazarbayevtyn jasyl economi-



kaga koshui zhonindegi tuzhirimdamada turali zharligi, Egemendi Qazaqstan gazeti. 2013, 

30 (in Kaz).

2. Zhagiparuli Zh., El erteninin tugiri zhasyl economika, Egemendi Qazaqstan gazeti. 



2013, 21 (in Kaz).

3. Suraganova S.K., Sabataeva B.O., Turizm infrakurilimi. Almaty, 2012 (in Kaz).

4. Zhasyl ekonomika bolashaktyn ekonomikasy. Galamtor resursy. http://www.egov.kz 

(in Kaz).

ӘОЖ 347.453 (574)



Д.Б. ХАЙДАРОВА, А.А. САБИТОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК 

ҚАТЫНАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Мақалада Қазақстан Республикасындағы лизинг шартының түсінігі және түрлері 

туралы Азаматтық кодекстегі құқықтық мәселелер қарастырылған. Мақсаты – лизингтік 

қатынастардың түрлерін және табиғатын ашу.

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



437

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально



Түйін сөздер: лизинг, ауыл шаруашылығындағы лизинг, лизинг шарты, лизингтік 

қатынастар, лизингтік компаниялар.

 

ГОСУДАРСТВЕННОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ ЛИЗИНГОВЫХ



ОТНОШЕНИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

В данной статье рассмотрены правовые проблемы толкования Гражданского ко-

декса о понятии и видах договора лизинга в Республике Казахстан. Цель состоит в том, 

чтобы раскрыть виды и сущность лизинговых отношений. 



Ключевые слова: лизинг, сельскохозяйственный лизинг, договор лизинга, лизин-

говые отношения, лизинговые компании.

THE STATE REGULATION OF THE LEASING RELATIONS 

OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

The legal problems of interpretation of the civil code about the concept and the types of 

leasing agreement in the Republic of Kazakhstan are reviewed in this article. The purpose is to 

uncover the types and the nature of the leasing relations.

Keywords:  lease,  agricultural  leasing,  leasing  agreement,  leasing  relations,  leasing 

companies.

Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып 

алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін (паритетін) сақтау, 

яғни  ауылшаруашылық  өнімдері  мен  осы  салаға  арналған  өнеркәсіп  өнімдері 

құндарының арасындағы қатынас – осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. 

Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен 

маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай 

нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.

Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санай-

ды.  Бірақ  Нобель  сыйлығының  лауреаты  Дж.  Стиглердің  мемлекеттік  реттеу 

жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік реттеуден 

мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді істерді мемле-

кет  тарапынан  қорғауды  талап  етеді.  Бұл  құбылыстар  нарықтық  қатынастағы 

Қазақстанның аграрлық секторына да тән.

Ең алдымен, экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейін-

дегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жер-

ге шексіз жекеменшіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің 

артықшылығын  қамтамасыз  ететін  әртүрлі  шектеулер  бар.  Мұндай  құқықты 

беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланыла-

тын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жекеменшік 

орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. 

Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынғы тәжірибені, яғни алдымен ауылдың 

бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде 

біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.

Д.Б. ХАЙДАРОВА, А.А. САБИТОВА. 2 (66) 2015. Б. 436-442   

 

 

                ISSN 1683-1667 



438

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін 

залогтық  (кепілдікті)  сатып  алу  операциясы  бойынша  есеп  айырысуды  енгізу 

жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын 

өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген 

аванс  сомасы  арасындағы  айырмашылықты  залогтық  баға  бойынша  төлеу 

қажет. Кепілдікті сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және 

өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, 

нарықтық  баға  құрылымын  және  ауыл  шаруашылық  тауарын  өндірушілерінің 

табыстылығын реттеуге жағдай жасалынады.

Мемлекеттік салық саясатында ауыл шауашылығына қатысты жеңілдікпен 

салық салу арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек. Салық 

салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.

Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз 

ету  үшін  жыл  сайын  дайындаушы,  өңдеуші,  сатушы  ұйымдардың  және  жеңіл 

өнеркәсіп  орындарының  тауар  өндірушілер  мен  форвардты,  фъючерстік 

контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. 

Сонда тауар өндірушілер алдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие бола-

ды.  Өйткені  форвардтық  операциялар  –  бұл  болашақтағы  өнімді  қазіргі  сату 

бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар – белгілі бір көлемдегі, 

саладағы  болашақтағы  өнімнің  контрактісін  болашақтағы  нарықтық  баға 

негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату – бұл пайызсыз несие алумен қатар, 

ауылшаруашылық бағалы қағаздар нарығын құруға, тұрақты сұраныс пен өнімді 

кепілдікті  өткізуге,  сатып  алушылардың  қаржы  қорларын  тиімді  жұмсауына 

және инфляциялық процестердің төмендеуіне мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерінің  қаржы  жағдайына  сатылған 

өнімге уақтылы есеп айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара 

есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.

Қазіргі қиын нарық жағдайында әртүрлі ауылшаруашылық субъектілеріне 

техника  иемдену  басты  проблема  болып  тұр.  Осы  қиыншылықтан  шығудың 

бірден-бір жолы – лизингтік қаржыландыру.

Қазақстандағы лизингтік қатынастарды реттейтін ең бірінші нормативтік-

құқықтық акт болып 23 желтоқсан 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі-

нің Қаулысы болды. Сол қаулыда лизингтік қатынастар тек агроөнеркәсіптік ке-

шенде ғана бұл қатынастарды реттеу керек деп баяндалды. Кейін оны қолдану 

спектрі кеңейді.

Лизингтік қарым-қатынастардың дамуының келесі кезеңі ретінде Қазақстан 

Республикасының Азаматтық Кодексін алуға болады. Онда көрсетілген негізгі 

лизингке қатысты түсініктер және оның негізін ашатын құқықтық ережелерге 

тоқталып  кетейік.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Кодексінің  Ерекше 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


439

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

бөлімінің 29-тарауы «мүлік жалдау» деп аталады. Мүлік жалдау (аренда) шар-

тына сәйкес жалға беруші тарап жалға алушы тарапқа мүлікке ақысын төлеп, 

уақытша  иеленуге  және  пайдалануға  беруге  міндеттенеді.  Жалға  алушының 

жалға алған мүлікті Азаматтық Кодекстің белгіленген жағдайлары мен тәртібі 

бойынша иелік етуге құқылы. Лизингте, прокат шарттарда, сондай-ақ мүлікке 

ақы төлеп уақытша иеленуі мен пайдалануға беруіне байланысты шарттарының 

өзге де түрлерін де мүлікті жалдау шарттарына жатқызады [1].

Жоғарыдан  көретінімізге  сәйкес,  лизинг  мүлік  жалдау  шартына  жатады. 

Ал  лизингтік  шартқа  сәйкес  лизингті  беруші  лизингті  алушының  көрсетілген 

мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизингті алушыға осы мүлікті 

ақы төлеп, уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатында пайдалануына беру-

ге міндеттенеді [1].

Қазақстандағы  экономиканы  дамыту,  ғылыми-техникалық  прогресті  тез-

дету,  қаржылық  құралдардың  шектеулі  болғандығы  себебінен  негізгі  фондты 

жаңарту мақсатында жаңа әдістерді енгізуді талап етеді. Осындай дәстүрлі емес, 

бірақ  та  тиімді  жолдардың  бірі  болып  лизинг  табылады.  Ол  өзімен  дәстүрлі 

инвестициялаудың  түрлеріне  альтернатива  ретінде  көрініс  табады.  Әсіресе 

қаржылық лизинг қызық болып табылады [2].

Көбінесе  лизинг  сол  мезетте  өз  қаражаты  есебінен  керек  құрылғыларға 

қол жеткізуге мүмкіндігі жоқ компанияларға тиімді. Өйткені олар өз ісін алға 

жүргізу мақсатында лизингқа жүгініп, еш қиындықсыз керек құрылғысына қол 

жеткізеді. Лизинг біртекті қаржылық тауар болып табылмайды. Әрбір елде өзінің 

белгілі бір сауда құқығында, қаржылық, бухгалтерлік есепке байланысты болып 

табылады.  Әрине  олардың  бір  ұқсастығы  бар.  Ол  белгілі  бір  уақытқа  мүлікті 

ақылы пайдалану құқығына беру болып табылады.

Осындай құжаттардың бірі болып 1994 жылдың желтоқсанындағы Қазақ-

стан Республикасы Үкіметінің «Шетел инвестициялары туралы» №266 Заңы бо-

лып  табылады.  Ол  заңда  мемлекеттің  қолдауы  туралы  және  отандық  нарықта 

лизингтің  дамуына  үлкен  мүмкіншілік  жасалатыны  айтылып  кеткен.  Бұл  заң 

лизингті жан-жақты қарастырып және оны инвестициялаудың бірден-бір жолы 

ретінде ашып көрсеткен болатын. Лизингтің мәні мен оның табиғатына деген 

көзқарас нақтыланып, көптеген лизингтік компаниялардың қызметі арқылы оған 

көз жеткіздік.

Келесі лизингтің нормативтік қамтамасыз етудің жолы ретінде 2000 жылы 5 

шілдеде қабылданған «Қаржылық лизинг туралы» №78-ІІ Заңды айтсақ болады. 

Осыдан кейін банктер лизингті жаңа қаржылық құрал ретінде қарап, көптеген 

енішлес лизингтік компаниялар құратын болған.

Осы жылдар ішінде заңнамалық, нормативтік, әдістемелік база қалыптасқан 

болатын. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инвестициялардың 15-20%-ы лизинг-

Д.Б. ХАЙДАРОВА, А.А. САБИТОВА. 2 (66) 2015. Б. 436-442   

 

 

                ISSN 1683-1667 



440

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ке тиесілі, ал АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияға 30%-ы тиесілі болып келеді. 

Қазақстандағы  лизингтік  бизнес  бірте-бірте  дамып  келеді,  инвестициялық 

қызметке үлесін тигізеді. 2003 жылдың басынан бастап Қазақстанның лизингісі-

нің тарихы өз бастауын алады. Біріншіден, ол Қазақстанның экономикасының 

тұрақты болуымен байланысты болып келеді.

Қаржы  лизингі  шарттары  бойынша,  қаржы  лизингіне  беру  мақсатында 

лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік 

тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республи-

касы  Үкіметінің  №475  Қаулысының  әсер  еткені  зор.  Қазіргі  таңда  оның  күші 

жойылған. Қазіргі таңдағы лизинг өте жас. Әлемдік қаржылық жүйеге тез еніп 

кеткен. Лизингтік қызметтің анализі көрсеткендей АҚШ, Жапония, Ұлыбритания 

секілді мемлекеттердің қызметіне қарап, өз қызметіне қолданыла бастаған.

Қазақстандық  лизинг  үшін  ең  нәтижелі  болған  1996,  1997  жылдар  және 

1998 жылдардың басы болды. Қазақстандық және шетелдік банктер, машина-

ларды жасаушы ірі кәсіпорындарға жаңа қаржылық құрылғылардың түрі – ли-

зинг пайда болды. Осы аралықта көптеген лизингтік компаниялар пайда болды. 

Лизингтік холдингтер пайда бола бастады. Лизинг шарттарының жылдық көлемі 

1  млрд  долларға  жеткен  еді.  1998  жылдардың  көрінісі  бойынша  ол  алдыңғы 

жылдың көлемінен асып түседі.

Отандық лизинг берушілерге арзан кредиттік ресурстарға, тауарлық кредит-

терге жол ашылды. Қазақстандық нарықта лизингтің әртүрлі түрлері қолданыла 

бастады. Олар: қаржылық, қайтармалы, компенсациялық, жедел болып бөлінеді. 

Қаржыландыру  схемасының  сан  түрлілігі  пайда  болды,  ол  қатысушыларға 

кепілдіктер берді.

Лизингпен  айналысушы  компанияларға  лицензия  беріліп,  олардың  саны 

өсті. Алайда олардың барлығы биік деңгейлерге жетпесе де, өз талпыныстарын 

көрсетті. Сонымен қатар 1998 жылы басталған қаржылық дағдарыс лизингтік 

бизнеске кері әсерін тигізгені сөзсіз. Көптеген лизингтік компаниялар әрі қарай 

не болады деген сұрақ қойған екен. Шетелдік және қазақстандық банктер, тау-

ар шығарушы компаниялар кішігірім демалыс алды. Қиындықтарға қарамастан 

қазіргі уақытта лизингтік компаниялардың активизациялануы басталды.

Халықаралық тәжірибеге сүйене келе, лизингтің басқа инвестициялаудың 

түрлеріне  тиімділігін  атап  өту  керек.  Біріншіден,  лизинг  лизинг  алушыларға 

нарықта болып жатқан өзгерістерге шапшаң қимылдауға, өзінің бастапқы капита-

лын жаңартуға мүмкіндік береді. Кішігірім және орта бизнестегі фирмалар үшін 

лизинг тіпті олрадың қызметін қаржыландырудың жалғыз түрі бола алады. Ли-

зинг лизинг алушыны меншік иесіне жүктелетін көптеген ауыртпашылықтардан 

босатады. Лизинг бухгалтерлік есеп үшін өте тиімді. Өйткені жалға алынатын 

құрылғы компанияның балансына есептелмейді. Ал лизингтік төлемдер олардың 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


441

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

кезекті  шығындары  ретінде  есепке  алынады.  Көптеген  зерттеулерге  сәйкес, 

республикамыздағы  лизингтің  даму  қызметі  пайда  болған  мәселелерді  шеше 

алмады. Мысалы, аграрлық кәсіпорындар аудандар бойынша қамтылу деңгейі 

төмен  болуда.  Соңғы  15  жылдарда  ауылшаруашылық  техникасының  азаюы: 

тракторлар - 81,1 %, бидай жинаушы комбайндары – 77,4 %, картоп жинаушы – 

88,0%.


Бүгінгі  күні  еліміздің  ауылшаруа шылық  саласы  қажетті  техникамен  40-

60%  мөлшерінде  ғана  қамтамасыз  етіл ген.  Оның  да  80-85%-ы  әбден  тозған. 

Бұл  ауылшаруашылық  дақылдарын  өсіру  және  жинаудың  агротехникалық 

талап та рына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан жарамсыз техникалар есептен 

шығарылып, шаруашылықтар заманауи жаңа техника лармен қамтамасыз етілуі 

қажет. Соңғы 15-20 жылда бұл керісінше, күрт қысқарып барады. Ал техниканың 

жетіспеушілігінен өсімдік шаруашылығындағы көптеген тех нологиялық опера-

циялар толық орындал май, агротехникалық талаптар бұзылуда. Бұл өнімділіктің 

20-25%  төмендеуіне  алып  келеді.  Оның  үстіне  ауылшаруа шы лық  өнімдерін 

өндірушілерге  дұрыс  қол дау  көрсетілмей  отыр.  Демеу  қаржы  тек  жанар-

жағармай, тұқым, тыңайтқыш, гербицидке беріледі, ал қажетті техниканы сатып 

алуға  қаржы  жетіспейді.  Нақтырақ  айтатын  болсақ,  негізі  қорлардың  есептен 

шыға ры луы жаңа техника алуға қарағанда бірнеше есе көп. Ал машина-трактор 

паркін жаңар ту дәрежесі соңғы 20 жылда 10-12,5%-дан 1-3%-ға дейін төмендеді 

[4].

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  «Ауыл  шаруашылығының  кейбір  мәселелері  тура-



лы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1999  жылғы  24  қарашадағы  №1777 

қаулысына сәйкес, 1999 жылы 28 желтоқсанда ауыл шаруашылығындағы басты 

мәселелердің бірі – техника паркін жаңарту мәселесін шешуде көмек көрсету 

мақсатында құрылған.

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  қызметінің  негізгі  мақсаттарының  бірі  ірі  жер 

иеленушілерге  лизингке  ауыл  шаруашылығы  техникалары  мен  жабдықтар 

беру  арқылы  Қазақстан  Республикасының  машина-трактор  паркін  жаңарту 

болып  табылады.  Сөйтіп,  өзінің  бүкіл  қызмет  атқарып  келе  жатқан  уақыты 

ішінде қоғам жалпы құны 187 млрд теңгеге 27,5 мың бірліктен астам әртүрлі 

ауыл шаруашылығы техникалары мен қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуды 

қаржыландырды.

2013-2020 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасына (Агробизнес-

2020)  сәйкес,  2013  жылдан  бастап  ауыл  шаруашылығы  тауар  өндірушілерін 

қолдаудың  жаңа  бағыты  ауыл  шаруашылығы  техникалары  мен  арнаулы  тех-

никалар  лизингісіне  «ҚазАгроҚаржы»  акционерлік  қоғамымен  жасалатын 

шарттар  бойынша  сыйақы  ставкасының  бөлігін  субсидиялау  арқылы  жүзеге 

асырылатын  кәсіпорындарды  қаржылай  сауықтыру  болып  табылады.  Субси-

Д.Б. ХАЙДАРОВА, А.А. САБИТОВА. 2 (66) 2015. Б. 436-442   

 

 

                ISSN 1683-1667 



442

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

диялау  ережесіне  сәйкес,  мемлекет  ауыл  шаруашылығы  тауар  өндірушілеріне 

жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайтаруға міндеттенеді. Сөйтіп, 

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамындағы ауыл шаруашылығы техникалары 

мен  арнаулы  техникалар  лизингі  бойынша  ставка  субсидиялануды  бірге  есеп-

ке  алғанда,  5,8%  құрады  (6,4%  жыл  сайынғы  тиімді  ставкамен).  Субсидиялау 

мерзімі оны 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 жылды құрайды [4].

«ҚазАгроҚаржы» АҚ миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 

қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруа-

шылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету 

арқылы  агроөнеркәсіптік  кешенді  техникалық  және  технологиялық  жағынан 

жаңарту болып табылады.

Қоғамның 2020 жылға қарай көрінісі – бизнес жүргізудің жоғарғы стан-

дарттары  мен  сенімділігі  негізінде  қолайлы  қаржы  қызметтерін  көрсету  әрі 

техникалық және технологиялық жағынан жаңарту бойынша лизингілік қызметті 

жүзеге асыру арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау 

мақсатында  меншікті  өз  активтерімен  тиімді  басқарылуын  қамтамасыз  ететін 

Қазақстанның  агроөнеркәсіптік  кешеніндегі  негізгі  қаржы-инвестициялық 

ұйым.

Қоғам  толық  өндіріс  кезеңі  бар  жетекші  әлемдік  өндірушілердің  техно-



логиялық  жабдықтарымен  жабдықтау  үшін  жоғары  технологиялық  жаңа 

өндірістердің іске асырылуын қаржыландырады. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1999 жылғы 1 шілде (Ерекше 

бөлім), соңғы толықтырулар мен өзгерістер 2015 жылы 1 қаңтарында енгізілген.

2. Рахимова С.А. Лизинг, оның мәселелері және даму перспективалары / С.А. Ра-

химова // Қазақстан Банктері. – 2004. – №11.

3.  http://www.nur.kz/173971.html  Ауылшаруашылық  машиналарын  жасаудың 

техникалық тұжырымдамасы керек.

4. http://www.kazagro.kz/kk/web/kaf/agro-tools-leasing – Ауыл шаруашылығы тех-

никасы мен жабдығының лизингі.

 

REFERENCES



1. Qazaqstan Respublikasynyn Azamattyq Kodeksі 1999 zhylqy 1 shіlde Erekshe bolіm, 

sonqy tolyqtyrular men ozgerіster 2015 zhyly 1 qantarynda engіzіlgen (in Kaz).

2.  Rahimova  S.A.,  Lizing,  onyn  maselelerі  zhane  damu  perspektivalary.  Qazaqstan 



Bankterі. 2004, 11 (in Kaz).

3. http://www.nur.kz/173971.html Auylsharuashylyq mashinalaryn zhasaudyn tehnika-



lyq tuzhyrymdamasy kerek (in Kaz).

4.  http://www.kazagro.kz/kk/web/kaf/agro-tools-leasing Auyl  sharuashylyqy  tehnikasy 



men zhabdyqynyn lizingі (in Kaz).

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



443

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

ӘОЖ 347.453 (574)

Д.Б. ХАЙДАРОВА, А.А. САБИТОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАР

Мақалада  Қазақстан  Республикасындағы  ауылшаруашылық  техникалық  құрал-

дардың ескіруіне байланысты, лизингтік қатынастар арқылы дамыту қарастырылған.



Түйін сөздер: лизинг, ауыл шаруашылығындағы лизинг, лизинг шарты, лизингтік 

қатынастар, лизингтік компаниялар.

ЛИЗИНГОВЫЕ ОТНОШЕНИЕ В СЕЛьСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ СФЕРЕ 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

В статье рассмотрены развития лизинговых отношений в связи с техническим и 

моральным устареванием оборудования в сельскохозяйственной сфере Республики Ка-

захстан. 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет