Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Е.Б. КИАКПАЕВА, Ж.З. ЖАНТАСОВА



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет4/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

Е.Б. КИАКПАЕВА, Ж.З. ЖАНТАСОВА 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫң СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Мақалада сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ үрдісінде қолдану тиім-

ділігі,  негізгі  идеясы  мен  мақсаты  айқындалған.  Сабақты  ұйымдастыру  кезеңдерінің 

құрылымдық кестесі берілген. Сабақ кезеңдерінде қолданылатын СТО стратегиялары 

сипатталады.

Түйін сөздер: эвокация, реализация, рефлексия, кластер.

СТРАТЕГИИ ТЕХНОЛОГИИ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ

В статье уточняются идея и цели технологии критического мышления, а также 

эффективность применения их в учебном процессе. Представлена структурная табли-

ца организации учебного процесса с использованием данной технологии. Описываются 

основные стратегии, используемые на различных этапах урока.

 Ключевые слова: эвокация, реализация, рефлексия, кластер.

TECHNOLOGy STRATEGy CRITICAL THINKING

The article clarifies the idea and purpose of the technology of critical thinking, as well 

as the effectiveness of their application in the classroom. The block table of organization of 

the educational process with the use of this technology. It describes the basic strategy used in 

step tutorial.

 Keywords: evocation, realization, reflection cluster.

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  –  әлемнің  түпкір-түп-

кірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж. Пиаже, 

Л.С. Выгодский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты – барлық жастағы 

оқушыларға кез келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің 

біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама – жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, 

оқушылардың  білім  деңгейін  көтеруде,  балаларды  шығармашылыққа  баулуға, 

ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден-

бір тиімді технология [1].

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, 

оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя 

білу,  салыстыра  алу,  сол  идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап 

зерттеу, оларға сеніммен қарау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл са-

налы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың 

Е.Б. КИАКПАЕВА, Ж.З. ЖАНТАСОВА. 2 (66) 2015. Б. 35-42   

 

 

                ISSN 1683-1667 



36

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

да  пікірін  ескеріп,  қандай  да  обьективті  ойлау  және  қисыны  бар  өзіндік  қате 

сенімінен бас тарта білу [2].

СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, 

оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа дегенде көзқарасының мүл-

дем  өзгергенін  байқайды.  Бұл  бағдарлама  басқа  технологиялардан  өзінің 

құрылымымен ерекшеленеді.

Сабақ  жоспарының  құрылымы  үш  кезеңнен  тұрады.  Әр  кезеңнің 

өзінің  қызметі  бар.  Жалпы  стратегияларының  саны  100-ден  асады. 

СТО технологиясының сабақ кезеңдері: 

қызығушылығын ояту – Эвокация;

– 

мағынаны тану – Реализация;



– 

ой толғаныс – Рефлексия.

– 

Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. 

Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға 

жағдай  жасайды.  Сабақтың  мазмұнына  сай  алынған  стратегиялар  арқылы 

оқушылардың  ойы  шыңдалып,  аршылады.  Сабаққа  белсенділігі,  ынта-жігері 

артады.  Бұл  кезеңде  мұғалім  жаңа  ақпаратты  таныстырады.  Тақырып  бойын-

ша жұмыс жасауға итермелейді. Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз 

бетімен білім алуға көмектеседі. 

Реализация  –  оқып  жатқан  тақырыптардың  қажетін  түсіну.  Мағынаны 

тану кезеңі негізгі кезең, сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін 

түсіндіреді.

Рефлексия  –  тұжырымға  келу,  қорытындылау,  жаңа  білімді  бекіту. 

Бұл  бағдарламаның  қорытынды  үшінші  кезеңінде  үйренгенін  саралап, 

салмақтап  ой  елегінен  өткізеді,  білімді  бекітеді.  Оқушылар  осы  кезеңде  өз 

шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен 

қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.

Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын страте-

гиялар ауыса береді. Ал кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себеп-

тен орнымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдерінде қолданылатын 

стратегиялар төменде берілген:

Қызығушылығын ояту кезеңі: Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограм-

масы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топ-

тастыру.

Мағынаны тану кезеңі: Т кестесі, Пікірталас, Аквариум, İNSERT, RAFT, 

ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, 

Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру.

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



37

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Ке

зеңдері


Шақыр

у 

Іск



е асыр

у 

Ре



флек

сия 


Мақс

аты 


- Оқып үйренушінің өтк

ен 


білімі мен тәжіриб

есін өзек

ті 

ет

у. 



- Оқушылар

дың іс-әрек

етін 

белс


енді ет

у. 


- Оқу іс-әрек

етіне уәж 

(негіз

деме) қа


лыпт

астыр


у. 

- Оқу іс-әрек

етінде оқып 

үйренушілер

дің ж

ек

елей 



мақс

атт


арын қою. 

- Оқып үйренушімен жаңа  білімді а

лу



- Белгілінің жаңамен  арақа



тынасын білу

түсінігін қа



лыпт

астыр


у 

және білімдерін жүйеле

у. 

- Жұмыс тәсілін  ақпара



тпен үйрену

- Шақыр



у к

езеңіне 


қойылған м

ақс


атт

арын 


қо

лда


у. 

- Ж


аңа білімді б

ер

у. 



- Пән т

ура


лы бүтіндей көрініс жа

-

са



у. 

- Мәс


еле өрісін к

еңейт


у, оқу іс-

әрек


етінде жаңа м

ақс


атт

ар

ды қою.



 

- Оқып үйренушінің пәндегі даму

-

ын баға


ла

у және өзін-өзі баға

ла

у 

бойынша жұмысы. 



Тәсілдері 

- «Миға шаб

уыл».

 

- Бо



лжам (с

урет


, пор

треті бой

-

ынша).


 

- Қаж


етті сөз

дер бойынша бо

л-

жам.


 

- Аль


терна

тив


ті те

ст (дұрыс не

-

ме

се дұрыс еме



с пікір

лер).


 

- Сұрақт


ар, мәтіннен т

ауып 


жа

уа

п б



ер

уг

е бо



ла

тын жа


уа

пт

ар 



тұжырымы.

 

- Кластер.



 

- К


есте «Б–Б–Б». 

- insert әдісі бойынша  белгіле

умен мәтінді оқу

- А



стын сыз

у арқылы 

қаж

етті сөз


дер

ді көрс


ет

у 

- insert т



аңба

ла

у к



есте

сі.


 

- Шығар


машылық жұмыс – синк

-

вейн қаж



етті сөз

дерг


е, дұрыс және 

дұрыс еме

с пайымда

уға қайт


а 

ора


лу

.  


- До

сына х


ат жаз

у, күнделік 

жүргіз

у. 


- Қаж

етті сөз


дер

ден кластер

ді 

бітір


у. 

- Ша


тысқан қисынды тізб

ек

тер.



Нәти- ж

елер 


- Маңыз

ды тәжіриб

е.

 

- Белс



ендірілг

ен білім.

 

- Қа


лыпт

асқан уәж (негіз

деме). 

- Жүйелі білім.



 

- Шақыр


у к

езеңіндегі 

баянда

лған м


ақс

атт


арын 

нығайт


у. 

- Берілг


ен білім.

 

- Пән бойынша қа



лыпт

асқан 


бүтіндей көрініс.

 

- К



елешек

те қыз


мет бабында 

көтерілуіне қойыла

тын мәс

елелер.


1-к

есте – Сын тұрғысынан ойла

у те

хно


логиясын с

абақт


а қо

лдану к


езеңдерінің с

атысы


Е.Б. КИАКПАЕВА, Ж.З. ЖАНТАСОВА. 2 (66) 2015. Б. 35-42   

 

 



                ISSN 1683-1667 

38

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Ой  толғаныс  кезеңі:  Эссе,  Топтастыру,  Пирамида,  Құндылық  сызығы,  Т 

кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, 

Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат.

Сонымен  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  жүзеге  асуында 

қолданылатын стратегияларға тоқталатын болсақ:

1 Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін 

іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандай да бір проблеманы әр мүшенің пікірін 

еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс – жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңыз-

ды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс 

пайдаланса оқушының стандарты емес, шығармашыл ойлауын жақсы дамыта-

ды. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, 

қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінеді (айтады). Барлық оқушылар 

өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды 

және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген 

пікірлер, яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, 

ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: ұсынылған пікір 

бағаланбайды, сыналмайды. Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған 

(неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). 

Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. Белгіленген уақыт 

сақталуы тиіс.

2  ДЖИК  СО  стратегиясы  –  ұжымдық  оқыту  әдісі.  Мақсаты  –  жалпы 

мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: алдымен сы-

нып 4 топқа бөлініп отырады, бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. 

Мәтін  немесе  тапсырма  4  бөлікке  бөлініп  дайындалады.  Бірдей  мәтін  бөлігін 

алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топ-

тар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.

Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін бірлер, 2-бөлігін екілер, 

3-бөлігін  үшіншілер,  4,  5-бөліктерін  бесінші  және  төртінші  топқа  бөлінетін 

оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру 

қажет,  себебі  жанұя  топтарға  түсіндіруге  жауапты  екенін  түсіну  керек. Келесі 

кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын 

ортаға  салады.  Осылайша  ұжым  мүшелері  бірін-бірі  оқытуға,  сол  арқылы 

ойлануға үйренеді.

ДЖИК СО стратегиясы – тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды 

есте сақтау үшін тиімді әдіс..

3  İNSERT  немесе  түртіп  алу  стратегиясы  –  түртіп  алу  әдісі.  Қолдарына 

қарындаш  алып,  «v»  –  білемін,  «+»  –  білмеймін,  «-»  –  мен  үшін  жаңа  білім 

(ақпарат),  «?»  –  мені  таң  қалдырды  деген  белгілерді  қойып  отырып,  мәтіннің 

мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс – оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа 

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



39

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, 

білмейтіндерін  сұрауға  әзірленеді.  Бұл  әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін 

бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.

4  Куббизм  стратегиясы  –  ойын  арқылы  оқыту.  Кубиктің  алты  жағына 

жазылған  сөздер  бойынша  жұмыс  жасайды.  Қандай  да  бір  затты  жан-жақты 

талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады: 

сипатта (түрі, түсі, көлемі); салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы); ұсын (қалай, 

қай жерде пайдаланылады?); дәлелде (қарсы және қарсы емеспін); талда (қалай 

жасалған, неден тұрады?); ой толғау (бұл неден жасалған?).

5  Sinkuein  немесе  бес  жолды  өлең  стратегиясы  –  оқушы  берілген  тап-

сырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мына-

дай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, 

төртінші  жолда  4  сөзден  тұратын  сөйлем,  яғни  ойды  түйіндеу,  бесінші  жолда 

тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Кім? – Ана 

Қандай? – Мейірімді, ақылды

Не істеді? – Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.

Түйін: ағайын – алтау, ана – біреу.

Синоним: Адам

6 RAFT стратегиясы – оқушы қандай да бір объектіні алып, сол рөлге еніп, 

өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы өз ойын жазба 

түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. 

Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде 

ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с.

7 Венн диаграммасы стратегиясы. Бұл стратегияның мақсаты – салыстыру, 

пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы 

жазылады. Бір-біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер (тек шеңбер ғана болу ке-

рек  деген  қате  түсінік)  екі  жағына  салыстырылады, ал  айқасқан  жеріне  ортақ 

қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі 

операция жүзеге асады.

8  Геометриялық  фигуралар  стратегиясы  –  бұл  стратегияның  құралдары 

геометриялық  пішіндер.  Мақсаты  –  оқушының  сөздік  қорын,  әдеби,  мәдени 

сөйлеу  тілін,  күрделі  ойлау  қабілетін  дамыту.  Себебі  бала  оқылып  отырған 

мәтіннің  кейіпкерлерінің  мінез-құлқына  сипаттама  бере  отырып  қорытынды 

жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын таба-

ды. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады. Алғашқы кездерде бүкіл сынып 

ұжымымен өткізуге болады.

9 Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы. Блум сұрақтарды екіге бөледі. 

Олар: жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. 

Е.Б. КИАКПАЕВА, Ж.З. ЖАНТАСОВА. 2 (66) 2015. Б. 35-42   

 

 

                ISSN 1683-1667 



40

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар – 

еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе «ия», «жоқ» де-

ген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: – желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? 

– 1986 жылы. – Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? 

– бар. Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап 

беріледі. Жауапты мәтіннен алуға болады. Бұл сұрақ түріне жауапты фразамен 

немесе нақыл сөзбен, мақал-мәтелмен беруге болады. Жалпақ сұрақтарды екінші 

деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес, басқа форма-

ларда жауап беруге болады. Мысалы: сурет немесе схема, тіпті көрініс түрінде 

де. Жалпақ сұрақ: – қарастырылып отырған кейіпкер неге осындай қылық жаса-

ды? (шағын көрініспен жауап беру).

10  Т  кестесі  стратегиясы.  Мақсаты  –  қарама-қарсы  нәрселерді  сөздерді 

тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты про-

цестер  жүзеге  асады.  Оқушылардың  ойлау  қабілетін,  есте  сақтау  қабілеттерін 

дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланса, жаңа материалды түсінуге 

дайындық  болады.  Бұл  стратегия  жұпта,  топта,  жеке  де  орындала  береді.  Іс-

тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр. Кіші жас оқушыларына кескін, су-

рет түрінде орындауға болады.

11 Топтастыру немесе кластер стратегиясы – ойды жинақтау, ми қыртысын-

да  сәулеленген  ойларды  топтастыру,  ассосациялау.  Бұл  стратегия  топпен  де 

жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.

12 Тірек сөздер стратегиясы. Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек 

сөздердің  ретін  бұзбай  әңгіме  немесе  мәтін  құрастырады.  Мәтіннің  құрамын 

құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық 

ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының 

сөздік  қоры,  тілі,  қиалы  дамиды.  Бұл  әдіс  мазмұндама  және  шығарма  жазуға 

жақсы дайындық болады.

13 БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы. «БББ» – білемін, білдім, 

білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді, 

не  тақырыпты  оқып  отырып  толтыра  отырады.  Негізгі  қойылатын  талап  – 

оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойы-

мен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында 

баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. 

Ал үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге 

беруге болады. Білемін. Білдім. Білгім келеді.

14 ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын 

қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке 

жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де оты-

рып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін бо-

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


41

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

лады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін 

жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.



Блум түймедағының алты күлтесі – сұрақтар типінің алты түрі.

1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы 

әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық 

диктанттарда т.б. қолданылады.

2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой..?», «Менің 

түсінуімше, сіз...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ меніңше сіз былай айтқан 

сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында 

жайдары көңілмен берілуі керек.

3.  Интерпретациялық  (түсіндіруші)  сұрақ.  «Неліктен  жапырақтар  күз 

мезгілінде  сарғаяды?»  деген  сұрақтың  жауабын  оқушылар  білетін  болса,  ол 

сұрақ жай сұраққа «айналады».

4.  Шығармашылық  сұрақтар:  «егер»,  «болса»,  «қалай  болар  еді»  деген 

сияқты сөздермен келеді.

5.  Бағалау  сұрақтары.  «Неліктен  бұл  жақсы,  басқасы  жаман  деген  баға 

алды?»,  «Бір  нәрсе  екінші  нәрседен  несімен  ерекшеленеді?»  деген  сұрақтар 

бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.

6.  Тәжірибелік  сұрақтар.  «Күнделікті  өмірде  қай  жерде  байқайсыз?», 

«Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» деген сипаттағы сұрақтар тео-

рия мен практиканы ұштастырады [3].

Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының страте-

гиялары  көп  әрі  қолдануға  ыңғайлы,  жеңіл,  тиімді.  Іс-тәжірибе  көрсеткендей, 

СТО технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі 

жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жек тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік 

«Мені» дамиды. Оқушының ойлау қабілеті дамыған сайын, оқушы бойында төрт 

параметр көрсеткіші өседі [4]:

жекеден жалпыға;

– 

дифференциалдықтан сенімділікке;



– 

интуициядан логикаға;

– 

бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.



– 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық  /  ҚР  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыру курстарының бағдарламасы / «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 

үшінші басылым, 306-б.

2.  Топтық  жұмыс  туралы  нұсқаулық/таратылым  материалдары  /  «Өрлеу» 

педагогикалық шеберлік орталығы, 2013.

3. Халперн Д. Психология критического мышления. [электронды ресурс] – 2000 - 

URL://WWW.alleng.ru/d/psy/psy026.htm

4. Технология группового обучения. URL://www.koipkro.kostroma.ru/mwg-internal.

htm

Е.Б. КИАКПАЕВА, Ж.З. ЖАНТАСОВА. 2 (66) 2015. Б. 35-42   



 

 

                ISSN 1683-1667 



42

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

REFERENCES

1. Muqalіmge arnalqan nusqaulyq. QR pedagog qyzmetkerlerіnіn bіlіktіlіgіn arttyru 

qurstarynyn baqdarlamasy. Nazarbaev Zijatkerlіk mektebі DBBU, 2012, ushіnshі basylym, 

306 (in Kaz).

2.  Toptyq  zhumys  turaly  nusqaulyq,  taratylym  materialdary.  Orleu  pedagogikalyq 



sheberlіk ortalyqy, 2013 (in Kaz).

3. Halpern D. Psihologija kriticheskogo myshlenija. jelektrondy resurs, 2000 URL://

WWW.alleng.ru/d/psy/psy026.htm (in Russ).

4.  Tehnologija  gruppovogo  obuchenija.  URL://www.koipkro.kostroma.ru/mwg-

internal.htm

ӘОЖ 530:37.09



Л.У. ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, К.Т. ИМАНЖАНОВА, Г.С. БЕКТАСОВА 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫНЫ ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

Мақалада  зерттеуді  жүргізу  мен  тәжірибелік  сабақ  тақырыбының  мағына сын 

жеткізу  түрлері,  оларды  қолдану  шаралары  ұсынылған.  Солардың  ең  маңыздысы  әр 

зерттеушінің дағдысын дамыту түрлері туралы айқындалып түсіндірілген.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет