Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Б.Ж. КАБДЕНОВА, А.Т. ДЮСЕНБАЕВА



Pdf көрінісі
бет47/53
Дата28.12.2016
өлшемі13,26 Mb.
#599
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53

Б.Ж. КАБДЕНОВА, А.Т. ДЮСЕНБАЕВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫң ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Девиацияға  коррекция  жасаушы  әрбір  маман  ұстаз,  жасөспірімнің  тек  кейбір 

мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды қоғамдық өмірдің талаптарымен 

ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуы-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



519

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

на, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны қоғам 

өмірінде  бекіген  адамгершілік  қадір-қасиеттер  мәнімен,  талаптарымен  тікелей  бай-

ланыстырыла,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастар  нормаларымен  ұштастырыла 

жүзеге  асырылғанда,  жасөспірім  бойында  девиантты  мінез-құлықтың  өріс  алмауына 

және оларды мектептен бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.

Түйін сөздер: девивнтты мінез, агрессия, криминалды мінез, психофизиологиялық 

фактор, суицид.

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ И ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ 

ДЕВИАНТНОГО ХАРАКТЕРА

Каждый  специалист,  делающий  коррекцию  на  характер  подростков  должен  не 

только корректировать некоторые недостатки характера, но и помочь правильному раз-

витию, общению в социальной среде. Смысл этих педагогических действий заключает-

ся в том что, нравственность, уважение и общение между людьми – это важные каче-

ства, играющие большую роль в развитии подростков

Ключевые слова: девиантный характер, агрессия, криминальный характер, пси-

хофизиологический фактор, суицид.

PEDAGOGICAL AND PSyCHOLOGICAL FEATURES 

OF DEVIANTCHARACTER

Deviation correction producer every specialist tutor, teenager the last name some pe-

culiar to character I correct I put only, отара, public life requirement I follow after each other 

correct connection line I return bring, a conscience look I am formed devel, I help it is neces-

sary. This the pedagogic act maintenance, life fastened morality respect-quality importance, 

requirement direct establishes a connection, people interval connection norm carried out, teen-

ager height deviant character developed and me school begin socialization possibility do.



Keywords: deviant сharacter, aggression, criminalcharacter, psychoticfactor, suicide.

Қазақстан  Республикасында  ересек  адамдар  арасында  да,  жастар  ара-

сында  да  қоғамға  қауіпті  қылмыс  жасау  барған  сайын  көбейіп  келеді.  Бұндай 

мәліметтерді  біз  Қазақстан  Республикасының  статистикалық  мәліметтерден 

көруімізге болады. Мысалы, жыл сайын тіркелген қылмыстар саны бұл қаралып 

отырған кезең аяғында 61,2%-ға өскен. Олардың жартысынан астамын жасаған-

дар – 14-29 жастағылар.

Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеумет-

тік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ 

қылмыстық  емес  мінез-құлық  (девианттық)  деп  қарастырады.  Сонымен  қатар 

құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, 

ондай  мінез-құлықтан  (делинквенттік)  қылмыстың  жасалу  мүмкіндігі  зор. 

Сондықтан да қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін бүгінгі таңда 

жасөспірімдердің  мінез-құлқын  психологиялық  және  педагогикалық  тұрғыдан 

қарастырып, зерттеу аса қажет. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан Республикасы 

аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары кездесуде. Бұл жерде 

Б.Ж. КАБДЕНОВА, А.Т. ДЮСЕНБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 518-525 

 

 



                ISSN 1683-1667 

520

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік 

жағдайлар  ғана  емес,  жасөспірімдерге  тікелей  әсер  ететін  кейбір  келеңсіз 

жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерде-

леу қажет еді. Сонымен қатар жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлық 

мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның 

бәрі ғылыми зерттеулерді керек ететін мәселенің өзектілігін дәлелдей отырып, 

оны зерттеу қажеттілігін негіздейді.

Девиантты  мінез-құлық  (лат.  Deviatio  –  ауытқу)  –  қоғамда  қабылданған 

этикалық моральға жат, әлеуметтік нормаға келмейтін қылықтарды айтады.

Девиантты психология, философия, әлеуметтану, педагогика, этика, био-

логия, филология ғылымдары қарастырады. 

Бұл девиантты мінез-құлық ұғымы билетсіз қоғамдық көлікпен жүруден 

бастап кісі өліміне дейінгі құбылыстарды қамтиды. Сондықтан кейбір қоғамда 

құқық бұзу ғана емес, дәстүрден сәл ауытқу ауыр қылмыс деп саналған және ол 

ұғым әлі де кейбір мемлекеттерде сақталады. Онда шаш қою, киім кию, мінез-

құлық мәнері үнемі қатты бақыланады. Мысалы б.э.д. V ғасырда Спартада және 

XX ғ. кеңестік заманда сондай болған еді.

Қоғамда девиациямен үнемі күрес жүргізіледі. Бірақ бұл көп нәтиже бере 

қоймайды. Біраз уақыт өткен соң девианттық мінез-құлық қайта көрінеді. Көрініп 

қана қоймай өршіп кетуі әбден мүмкін. Мысалы 80-ші жылдардың соңынан ба-

стап біздің елдің жасөспірімдерінде батыстық мінез-құлық моделіне еліктеуіштік 

қасиет өрбіп, қазіргі кезде кең етек алуда. 

Шартты мінез-құлықты зерттеуде 1927 жылдары пайда болған И.П. Павлов 

еңбектері үлкен рөл атқарады. 

И.П. Павлов зерттеулері психолог Б.Ф. Скиннердің мінез-құлықты зерттеу-

ге және бақылауға болатындығы туралы және адамның сыртқы ортамен байла-

ныс жасау тәсілі ретінде анықтауына себеп болды.

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастыр-

ған  француз  әлеументтанушысы  Эмиль  Дюркгейм  болып  табылады.  Ол  әлеу-

меттік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» 

термині француз тілінен аударғанда – ұжымның, заңның болмауы.

Ал  Роберт  Мертон  мінез-құлық  ауытқушылығының  себебін  қоғамның 

мәдени  мақсаттары  мен  оған  жетудің  әлеуметтік  мақұлданған  жолдарының 

арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.

С.Л. Рубинштейн инстинкті, ақылды, мінез-құлық пен дағдыларды бөліп 

көрсеткен.

А.  Адлер  адамның  мінез-құлқы  әрқашан  әлеуметтік  сипатта  болатынын, 

әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасатындығын көрсеткен.

Девиантты  мінез-құлықтың  анықталулары,  әр  формалары,  жақтары 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


521

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

психологиялық  және  педагогикалық  ғылымдардың  зерттеулері  А.С.  Ма ка рен-

ко, М.А. Але ма ски н, Б.Г. Анань е в, Е.С. Мень ши ко в, Н.С. Ку рек, Г.И. Пет ра ко в,  

А.В.  Пет ров ский,  М.Г.  Яро шев ский,  И.П.  Баш ка то в,  С.А.  Бе ли че ва,  Н.  Вайз-

ман, Д.В. Ко ле со в, А.В. Муд ри к, Д.И. Фельд штейн т.б. қайта тәрбиелеу, жасөс-

пірімдердің  девиантты  мінез-құлықтарымен  психологиялық-педагогикалық 

жұмыстар жүргізуге арналған еңбектерінде қарастырылған.

Девиантты мінез-құлықтың мұндай топтарын тағы екі үлкен категорияға 

топтауға болады. Біріншіден, девиантты мінез-құлыққа ашық немесе жасырын 

түрдегі психопатологияны білдіретін психикалық денсаулықтың болмауы себеп. 

Екіншіден,  девиантты  мінез-құлыққа  себеп  болатын  әлеуметтік  және  мәдени, 

әсіресе құқықтық нормаларды бұзатын антиәлеуметтік мінез-құлық болып та-

былады. Бұл девиантты мінез-құлықтар қоғамға тым қауіпті болмағанда оларды 

құқық бұзуға бағытталған девиантты мінез-құлық деп атайды. Ал егер бұл де-

виантты мінез-құлықтар қоғамға аса қауіпті болғанда оларды қылмыс жасауға 

бағытталған девиантты мінез-құлық деп атайды.

Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, 

геофизикалық, экологиялық факторлар енеді. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, 

таршылық т.б жағдайлар үрей туғызып, агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-

құлықтың көрінуінің бір себебі болады.

Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік сая-

– 

сат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары т.б.);



тұлға  бар  әлеуметтік  топ  мінездемесі  (этикалық  құрылым,  әлеуметтік 

– 

мәртебе, референтті топ);



микроәлеуметтік  орта  (отбасының  өмір  стилі  және  деңгейлері,  отба-

– 

сындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да 



маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: 

девиантты мінез-құлық;

– 

делинквентті мінез-құлық;



– 

криминалды мінез-құлық.

– 

Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес 



келмейтін  мінез-құлықты  айтады.  Ол  –  ауытқыған  мінез-құлықтың  бір  түрі. 

Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антитәртіптік» деп те атайды.

Девиантты  мінез-құлықтың  көрсеткіштеріне:  агрессия,  демонстрация, 

оқудан,  еңбектен  бет  бұру,  үйден  кету,  алкоголизм,  наркомания,  қоғамға  жат 

қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

Девиацияның екінші түрі – делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылық-

пен ерекшеленеді. Оның мынадай типтері бар:

Б.Ж. КАБДЕНОВА, А.Т. ДЮСЕНБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 518-525 

 

 

                ISSN 1683-1667 



522

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

1  Агрессивті-зорлаушылық  мінез-құлық.  Бұл  жеке  тұлғаға  көрсетілетін 

дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс 

береді.

2 Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқы-

тып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланы-

сты жат мінез-құлық.

3 Наша сату және тарату.

Криминалды  мінез-құлық  заң  бұзушылық  болып  табылады.  Жасөспірім 

сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның  негативті  формалары  әлеуметтік  патология  болып  табыла-

ды: 

алкоголизм;



– 

токсикомания;

– 

нашақорлық;



– 

жезөкшелік;

– 

суицид;


– 

заң бұзушылық;

– 

қылмыскерлік.



– 

Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен 

зиян келтіреді.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пай-

да болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа: 

ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей, төмендегі 

деп көрсетеді:

жанұяда берекенің болмауы;

– 

ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;



– 

тәрбие берудегі кемшіліктер;

– 

өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;



– 

өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбыларымен 

– 

жарасымды қатынасқа түсе алмауы;



сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай 

– 

алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;



психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

– 

агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;



– 

мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

– 

жасөспірім мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.



– 

Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жеке-

ше қарастыратын болсақ:

1 Биологиялық факторлар – жасөспірімнің әлеуметтік бейімделуіне кедер-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



523

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

гі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға 

мыналар жатады:

ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақ-

– 

танбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың 



физикалық,  психикалық  т.б.  сырқаттары  себеп  болатын  генетикалық  фактор-

лар:  ақыл-ой  дамуының  бұзылуы,  есту,  көру  кемшіліктері,  жүйке  жүйесінің 

зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер;

психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, 

– 

келіспеушілік  жағдайлар,  адам  организмдеріне  кері  әсер  ететін,  қоршаған 



ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға 

душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

физиологиялық  факторлар:  сөйлеу  дефектілері,  адам  бойындағы  сома-

– 

тикалық кемшіліктер.



Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз 

қарым-қатынасын тудырады, ал жасөспірім болса, өзіндік сезім мен танымдық 

деңгейіне  байланысты,  құрбы-құрдастары  арасында,  ұжымда  еркін  сезіне  ал-

майды, қатынасы бұзылады.



2  Психологиялық  факторлар.  Бұған  жасөспірімдегі  психопатологиялар  

мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылық-

тар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. 

Акцентуациялық  сипаттағы  мінезді  жасөспірім  өте  ашушаң,  дөрекі  болады. 

Оларға  міндетті  түрде  әлеуметтік-медициналық  реабилитация,  сонымен  қоса 

арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстарын жүргізу керек.

Егер  жасөспірімге  ата-ананың  жылуы,  махаббаты,  ықыласы  жетіспесе, 

онда,  ол  ата-анасынан  шеттеніп  кетеді.  Шеттену  –  невротикалық  реакциялар, 

қоршаған  ортамен  қатынастың  бұзылуы,  сезімдік  (эмоциалық)  тепе-теңсіздік 

және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық пато-

логиялар  сияқты  жағымсыз  мінез-құлықтың  пайда  болуына  жол  ашады.  Егер 

жасөспірімде адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда ол пайдакүнемдік, 

қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім 

тұрады.


3  Әлеуметтік-педагогикалық  факторлар.  Олар  мектептік,  отбасылық, 

қоғамдық  тәрбиедегі  кемшіліктердің  нәтижесінде,  жасөспірімнің  оқудағы 

үлгермеушілігіне  байланысты.  Мұндай  жасөспірім  –  көбінесе  мектепке 

дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз 

қарайтындар. Бұның бәрі жасөспірімнің оқудағы бейімсіздігін көрсетеді.

Жасөспірімге көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, 

физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, дала-

да, мектепте, жасөспірім үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-

Б.Ж. КАБДЕНОВА, А.Т. ДЮСЕНБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 518-525 

 

 



                ISSN 1683-1667 

524

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

әрекетке душар болған жасөспірім қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға 

бейімделе  алмай  қалады.  Соның  әсерінен,  жасөспірім  өзін  жаман,  керексізбін 

деп сезінеді. Жасөспірімнің қаттыгездікке жауап беру түрі жасөспірімнің жасы-

на,  тұлғалық  ерекшелігіне,  әлеуметтік  тәжірибесіне  байланысты.  Психикалық 

реакциялардан  басқа  (қорқыныш,  үрей,  ұйқының  бұзылуы,  тәбеттің  болма-

уы  т.б.)  жасөспірімдердің  мінез-құлқы  да  өзгереді:  агрессия  жоғарылайды, 

төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зертте-

улерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген жасөспірім өскенде зорлаушы 

рөлінде болуды қалайды.



4 Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның 

кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, 

әлеуметтік кернеу т.б.

5 Моральді-этикалық факторлар – қазіргі қоғамның адамгершілік қаси-

еттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты 

мінез-құлықты  жасөспірімді  түзету  күрделі  әрі  қиын,  әрі  ұзақ  процесс.  Оны 

іске  асыруда  көп  шыдамдылық  пен  белсенділік  қажет.  Қазіргі  осы  саладағы 

әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер 

негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды 

орындау қажеттігі туады:

жасөспірімге ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

– 

оның жағымды қасиеттеріне сүйену;



– 

оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

– 

жасөспірімдерді  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  үшін  жасалған 



– 

жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға,  қауіпсіз  тіршілік  етуге  бағыт-

– 

талған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;



девиантты мінезге ие жасөспірімдердің білім алуы мен бос уақытын пай-

– 

далы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарлама-



лар құру.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Андреева Г.М. Социальная психология / Г.М. Андреева. – М., 1980.

2. Аверин В.А. Психология детей и подростков: учебное пособие – 2-е изд., пере-

раб. / В.А. Аверин. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 1998.

3. Психология. Педагогика. Этика: учебник для вузов. – М., 1999.

4. Бромлей Ю.В. Этнос и этнография / Ю.В. Бромлей. – СПб., 1991.

REFERENCES

1. Andreeva G.M., Social’naja psihologija. 1980 (in Russ).

2. Averin V.A., Psihologija detej i podrostkov. Uchebnoe posobie 2 izd., pererab. SPb. 



Izd-vo Mihajlova V.A.1998 (in Russ).

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



525

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

3. Psihologija. Pedagogika. Jetika uchebnik dlja vuzov, 1999 (in Russ). 

4. Bromlej Ju.V., Jetnos i jetnografija. 1991 (in Russ).

ӘОЖ 37.015.77

Е. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ПСИХОЛОГТЕРДІң КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНІң 

ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ

Мақала  болашақ  психолог  мамандарды  кәсіби  іс-әрекетке  даярлау  мәселесіне 

арналады. Психологтің өз парызына адалдығы мен кәсiбiне сәйкес сана-сезімді болуы 

және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенiн сақтай білу қабілет-қасиеттері «де-

онтология» ұғымы аясында түсіндіріледі. Сонымен қатар болашақ психологтерді маман 

ретінде дайындаумен қатар, олардың адамгершілік  мәдениетін қалыптастыруға жағдай 

жасау қажеттілігі жолдары айқындалған.



Түйін сөздер: кәсіби даярлық, деонтология, психологиялық даярлық, адамгершілік 

мәдениет, кәсіби құзыреттілік.

ДЕОНТОЛОГИЧЕСКАЯ ПОДГОТОВКА ПСИХОЛОГОВ 

К ПРОФЕССИОНАЛьНОЙ ДЕЯТЕЛьНОСТИ

В статье рассматриваются проблемы подготовки будущих психологов к профес-

сиональной деятельности. В рамках понятия «деонтология» трактуется необходимость 

в подготовке психологов профессиональной ответственности и профессионального со-

знания, так и соблюдения комплекса правовых правил и социальных убеждений. Рас-

сматриваются пути формирования моральной культуры психолога наряду с профессио-

нальными знаниями. 



Ключевые слова: профессиональная подготовка, деонтология, психологическая 

подготовка, моральная культура, профессиональные компетенции.

DEONTOLOGICAL TRAINING OF PSyCHOLOGISTS 

TO PROFESSIONAL ACTIVITy

The article rassmatrevayutsya problems of training future psychologists to professional 

activity. As part of the concept of «deontology» interpreted the need to prepare psychologists 

professional  liability  and  professional  awareness  and  compliance  with  the  complex  legal 

rules and social beliefs. Ways of formation of moral culture of the psychologist along with 

professional knowledge.

Keywords:  training,  deontology,  psychological  training,  moral  culture,  professional 

competence.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес, білім 

беру мақсаты мен міндеттері мамандарды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін 

Е. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. 2 (66) 2015. Б. 525- 533 

 

 



 

 

                ISSN 1683-1667 



526

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттық, олардың кәсіби сана-сезімін 

тәрбиелеуді көздейді.

Психологтің  кәсіби  іс-әрекетіне  қатысты  қойылатын  талаптар  отандық 

ғалымдардың  еңбектерінде  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінен  бастап  қойылып 

келеді. Ал әлемде психолог мамандығының пайда болғанына 100 жылдай уақыт 

болды.

Психолог балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында, еңбек ұжым-



дарында  басқаларға  қоғамдық  тарихи  тәжірибенің  таңдаулысын  меңгертуге, 

психологиялық білім ғана емес, ғылыми дүниетаным, ұлттық мұрат, азаматтық 

позицияны  қалыптастырып,  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  танытып,  дамы-

туға  және  шығармашылықпен  ойлауына  жағдай  жасауға  атсалысып,  оларды 

қиын жағдаяттардан шығу іскерлігін қалыптастыруы қажет.

Осыған  байланысты  болашақ  психологтерді  кәсіби  даярлаудың  психоло-

гия  ғылымы  мен  жоғары  білім  беру  практикасында  1970-1980  жылдары  жан-

жақты қарастырыла бастады. Мұнда болашақ психологтерді кәсіби даярлаудың 

теориялық  модельдері,  кейбір  психологиялық  бағыттарының  әдіснамалық, 

әдістемелік  қырлары  К.А.  Абульханова-Славская,  М.Р.  Битянова,  Л.Ф.  Бурла-

чук, Ю.З. Гильбух, К.М. Гуревич, И.В. Дубровина, Ю.М. Забродин, Е.А. Кли-

мов, Н.Н. Обозов, Р.В. Овчарова, В.Г. Панок, Т.М. Титаренко, А.М. Прихожан, 

Н.И. Рейнвальд және т.б. ғылыми-зерттеулері арқылы әр бағытта дәйектелген. 

Біздің  елімізде  болашақ  психологтерді  кәсіби  даярлаудың  теориялық-

әдіснамалық негіздері мен тәжірибедегі технологиялық мүмкіндіктері Ж.Ы. На-

мазбаева, С.М. Жақыпов, Х.Т. Шерьязданова, О.С. Сангилбаев, А.Р. Ерментаева, 

С.И. Богдан, А.З. Теңкебаева, Г.М. Кәрібаева, және т.б. отандық зерттеушілердің 

еңбектерінде талданады [1].

Сонымен  ғылымда  да,  нақты  тәжірибеде  де  психологтердің  кәсіби  іс-

әрекетіне  деген,  тұлғалық  дамуына  деген  жоғары  талап  пен  психологтердің 

деонтологиялық  даярлық  танытып,  этика  негізінде  психологиялық  іс-әрекетті 

толымды жүзеге асыра алуы арасындағы қарама-қайшылық көкейтесті мәселе 

болып отыр.

Қазіргі  кезде  мамандарды  даярлаудың  мазмұны  мен  технологиясын 

түбегейлі өзгерту өзекті мәселеге айналды, әсіресе «адам-адам» жүйесіндегі ма-

мандарды даярлаудың кәсіби білім беру жүйесін қайта құру қажет.

Жоғарыда  қарастырылғандай,  психолог  маманның  қазіргі  қоғам  үшін 

мәні  мен  маңызына,  оның  деонтологиялық  даярлығының  қажеттігі  күн 

тәртібінен ешқашан түспейтін болғандықтан, психологтің білім, ептілік, дағды, 

құзырлығымен  қатар  оның  деонтологиялық  даярлығын  қалыптастыру  –  кезек 

күттірмес  мәселе.  Яғни  студенттің  деонтологиялық  даярлығын  қалыптастыру 

кәсіби  білім  беру  жүйесінің  саналы  тұтынушысын  тәрбиелеуді  көздейді,  іске 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


527

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

асырады.

Бүгінгі күні бүкіл адамзат қауымы алдында бұрын болмаған, бүкіләлемдік 

ауқымды проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, 

қоғамдық  және  әлеуметтік  даму,  кейбір  мемлекеттер  мен  аймақтардың  артта 

қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет про-

блемалары, халық санасын өсіру, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, 

әлеуметтік жағдайларға бейімделуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат 

және т.б. күрделі мәселелер бар. Адамзаттың қазіргі жағдайы, оның болашағы 

осы мәселелердің ұтымды шешіміне тәуелді. Ал осының бәріне психолог тұлғасы 

сипатының қатысы бар. Психолог неғұрлым ел, Отан, халық алдындағы боры-

шын саналы өтеуге ынталы болса, соғұрлым оның еңбегi елге жан-жақтан пай-

далы болатыны күмән тудырмайтын айғақ. Өйткені психолог қоғамның кемелді 

тұлғасын  қалыптастыруда  еңбек  етуі  тиіс.  Көптеген  азаматтық  қасиеттердің 

адам бойына ұялауы да психологтің жұмысымен ажырамас байланыста. Соны-

мен қазір психологті маман ретінде даярлауда батыл бетбұрыс керек.

Осыны  түйiндей  келе,  өз  iсiне  шебер,  парыздылық  санасы  жеткiлiктi 

дамыған психолог қызметiнiң тiкелей тұлға, ұжым қалыптастырушы, дамыту-

шы нәтижесiмен ауқымды саяси-экономикалық, әлеуметтік нәтижесi де бар деп 

айтуға болады. 

Психологтің  кәсiптiк  санасының  өзгеруiне,  әдеп  жүйелерiн  сұранысқа 

сәйкес құрауына мәжбүр ететін сана-сезімнің қозғауы олардың деонтологиялық 

даярлығына, деонтологиялық әлеуетіне және сыртқы түрткі болған жағдайлар 

мен әлеуметтік сұраныстың ықпалына байланысты.

Алайда  болашақ  психологтің  деонтологиялық  даярлығының  ғылыми-

әдіснамалық негізін айқындауда қарастырылған іргелі ғылыми жұмыстарда деон-

тология психология мен педагогикада этикалық мәселелер ретінде мазмұндалып 

келеді. 

Оның бірқатар белгілері бар.

Біріншіден,  баланың  жан  дүниесiне  зиян  келтiрмей  әсер  ету  тақы-

рыбына  арналған  көптеген  ғылыми,  ғылыми-публицистикалық  еңбектер 

(В.А.  Сухомлинский,  Ю.П.  Азаров,  А.А.  Дубровский,  В.С.  Ротенберг  пен 

С.М.  Бондаренко,  В.И.  Слуцкий  В.Ф.  Шаталов,  Ш.А.  Амонашвили,  т.б.) 

деонтологияның  «Зиян  келтірме!»  ұстанымының  көкейтестілігі  күннен-күнге 

асуда екенін дәлелдейді.

Екiншiден, «адам-адам» саласындағы мамандыққа қатысты деонтологияға 

қазiргi  кезде  асыра  көңiл  бөлiнуiне  себепкер  болған,  өзектілігін  түсiндiретiн 

әлеуметтік жағдайлар. Атап айтсақ: 

–  заманымыздағы  болып  жатқан  көп  өзгерiстердiң  iшiнде  адамның 

денсаулығына деген назардың өсуі. Әсіресе жан саулығына, тән саулығына деген 

Е. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. 2 (66) 2015. Б. 525- 533 

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



528

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

көзге түсер қоғамдағы бетбұрыс, денсаулық технологияларын көздеген мектеп-

тер, балабақша, жазғы сауықтыру орталықтар санының өсуі т.с.с.; 

–  өмiр  шарттарының  өзгеруіне,  құндылықтардың  ауысуына  байланысты 

мемлекеттiң,  әлеуметтiң,  ата-ананың  мектепке,  педагогке,  психологке  қоятын 

талабының жоғарылауы;

– халықтың ақпараттану мүмкiншiлiгiнiң өсуi.

Үшіншіден,  деонтология  қағидаларының  мазмұны  мен  қолдану 

әдiстемесiндегі  ерекшелiктерді  бiлiм  беру  саласының  әртүрлi  объектiлерiнде 

ескеру  қажеттілігі.  Мысалы,  балабақшада,  бастауыш  мектепте,  орта  мектеп-

те, жоғары оқу орындарында заман өзгерiстерiне сай жаңа талаптарды ескеру 

мүмкіндігі әртүрлі. Сондықтан деонтологияның қолдану объектісіне байланы-

сты ерекшелiктерi ескерiлген ғылыми iзденiстердің қажеттігі туындайды.

«Адам-адам»  саласына  қатысты  болашақ  маманға  кәсіби  білім  беру-

ге  арналған  талай  ғылыми  ізденістер  психологтің  деонтологиялық  даярлығын 

қалыптастырудың теориялық негіздері болады. Атап айтсақ:

болашақ маманның кәсіби дайындығының әдіснамасы (Л.С. Выготский, 

− 

Н.Д. Хмель, В.Д. Шадриков, Ш.Т. Таубаева, т.б.) ;



болашақ  мұғалімнің  білімділігі  мен  қабілет-қасиеттерін  шыңдау 

− 

(Н.В. Кузьмина, Н.Д. Хмель, В.С. Грехнев, т.б.);



студенттерде кәсіби бағыттылығын қалыптастыру (Э.Ф. Зеер, Б.К. Мо-

− 

мынбаев, Т.В. Кудрявцев, т.б.);



болашақ  маманның  әлеуметтік-психологиялық  бейімделу  мәселелері 

− 

(З.У. Кенесарина, Г.Ж. Меңлибекова, А.В. Мудрик, Н.А. Аминов, т.б.);



студенттердiң танымдық iзденiмпаздығын қалыптастыру (С.М. Джаку-

− 

пов, Б.П. Зязин, т.б.);



болашақ  маманның  жалпы,  этикалық,  ізденушілік  мәдениетін  қалып-

− 

тастыру ерекшеліктері (Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева, т.б. );



болашақ маманның кәсіптік дайындығын адамгершілік тұрғыдан талдау 

− 

(А.А. Бейсенбаева, Р.К. Төлеубекова, А.А. Калюжный, т.б.) [2].



Бұлардың  бәрінде  психологтің  деонтологиялық  даярлығын  қалып-

тастырудың әртүрлі аспектілері акмеологиялық, аксиологиялық, мәдениеттілік, 

гуманистік, біртұтастық т.с.с. әдіснамалық келістерге негізделген.

Маманның нақты деонтологиялық даярлығын да ашатын еңбектер бар. 

Педагогикалық  деонтология  тақырыбына  өзінің  бірталай  еңбектерін 

арнаған педагог-ғалым К.М. Левитан өз зерттеулерінің қорытындысы бойынша 

ұстаздың тұлғалық сапасын деонтологиялық тұрғыдан анықтайтын қабілеттер 

иерархиясын төмендегідей қылып құрастырған:

– өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білімі; 

– сол білімдерін, дағдыларын оқушыларға жеткізе білуі

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


529

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

– талап ету ептілігі; 

– оқушыны өз пәніне қызықтыра білуі; 

– жалпы эрудициясы; 

– тілектестігі; 

– әдептілігі; 

– қызықты сабақ ұйымдастыра білуі; 

– мамандығына деген сүйіспеншілігі; 

– шыдамдылығы; 

– балаларды түсіне білуі; 

– балаларға деген сүйіспеншілігі; 

– әділеттілігі; 

– өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы; 

– әзіл-оспақты түсіне білуі; 

– техникалық оқу құралдарын қолдана білуі; 

– ұстанымдылығы (принципшілдік); 

– ашықтылығы; 

жақсы дауыс дикциясы

– еңбексүйгіштігі; 

– сабырлығы; 

– артистігі; 

– музыкалық қабілеттері; 

– сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыра білуі; 

– эмоционалдығы; 

– адал ниеттілігі [3].

Ал  психологиялық  тұрғыдан  деонтологиялық  даярлықты  Карл  Роджерс 

концепциясына сәйкес келтіруге болады:

– жеке тұлғалық конгруэнттік (сәйкестік); 

–  рефлексиялық  қабілет  (өз  басының  және  басқа  адамның  тәжірибесін 

ескеру); 

– эмоционалды сензитивтілік (сезімділік); 

– эмпатия (жанашырлық, түсінушілік); 

– ой мен сезімдерін білдірудегі айқындығы және өздігінен болдыра білуі 

[4].

Әдебиетте басқа да келтірілген ой-пікірлерді қарастыра келе психологтің 



деонтологиялық даярлығына сәйкес негiзгi қасиеттерді топтастыруға болады: 

– психологті қоғам, әлеуметтік орта алдында жауапты маман, тұлға ретінде 

анықтайтын кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттері;

кәсiби  парызды,  сана-сезімі  мен  жауапкершілікті  толық  анықтайтын 

– 

эмоциялық  және  тұлғалық  тұрақтылық.  Өзiнiң  эмоциялық  күйлерi  мен 



Е. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. 2 (66) 2015. Б. 525- 533 

 

 



 

 

                ISSN 1683-1667 



530

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

сезiмдерiнде жауапкершiлiктiң мөлшерiн сезiнген адам бiрнеше есе күшейедi: 

ол құлдықтан босайды, өз сана-сезiмiне өзi қожа бола алады. Даналық қасиеттер 

пайда бола бастайды, ал өзiнiң сезiмiн, көңiл күйiн өзi басқара àлмайтын кiсiге 

даналық жұқпайды. Сезiмталдықты жүгендей бiлу сезiм әрекетiн жүдетпейдi, не 

оның азаюына да себепкер болмайды, ол керiсiнше, кез келген психологиялық 

қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдес және сырттан келген жұғымсыз әсерден 

қорғаушы болады.

Бұл жалпыланған қасиеттер болғанмен, психологтің жек бас ерекшеліктер 

мен біліміне, тәжірибесіне байланысты түрлі іс-әрекет стилін шығарады. Сон-

да,  психологтің  деонтологиялық  даярлығының  компоненттері  оның  кәсіби 

қызметіндегі дербестік іс-әрекет стилінде көрініс табады. 

Дегенмен психологтің деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды жеке 

тұлғаның  сан  қырлы  білім  алып,  тәрбиеленуі  тұрғысынан  қарастыруға  бола-

ды.  Мұндай  білім  алу  парыздылық  сана-сезім,  таным  және  ерік  үдерістерінің 

нәтижесі  болып  табылатын  қызметіне,  өзіне,  әлемге  тұрақты  көзқарасымен; 

өзін-өзі икемдеу, жетілдіру көрінісімен сипатталады.

Осыған  орай,  психолог-студенттің  деонтологиялық  даярлығын 

қалыптастыру-оған  болашақ  кәсіби  қызметіне  сәйкес  парызының  мазмұнын 

игертіп, түсіндіре отырып, санасын тәрбиелеу. Яғни осы парызға сәйкес студенттің 

болашақ  қызметі  аясында  міндеттерін  орындауы  оның  ішкі  сезімдерінің, 

сенімдерінің, ойларының негізінде жүреді.

Студенттік  кезінде  жас  адамда  бірте-бірте  өз  бетімен  іс  тындыру,  дұрыс 

әрекет  ету  қабілеті  пайда  болады.  Сонымен  бірге  онда  өз  іс-әрекеті  үшін 

жауапкершілік  сезімі  де,  өмірге  деген  парасатты  көзқарасы  да  қалыптасады, 

адамдармен  мәнді  де  баянды  қатынас  орнатуға,  кәсіби  міндеттерін  бар  ынта-

сымен және шығармашылықпен шешуге ұмтылысы байқалады. Сондықтан да 

жоғары оқу орындары беретін деонтологиялық тәрбиенің рөлі орасан зор.

Ең бастысы, студенттің өз міндеттерін біліп, оларды мүлтіксіз орындау-

ын талап ету. Бұл міндеттер Р.В. Овчарова, К.М. Левитан, Л.И. Рувинский т.б. 

психологиялық, педагогикалық зерттеулерінде талқыланып, қарастырылған. Со-

ларды жүйелей келе және студенттің деонтологиялық жетілу қажеттілігін ескере 

отырып, төмендегідей психолог-студенттің міндеттерін айқындадық:

салауатты өмір салтын ұстану;

− 

психолог  мамандығының  ерекшелігін  түсіне  біліп,  соған  сәйкес  қаси-



− 

еттерді жеке тұлға ретінде бойында тәрбиелеуге үйрену;

жалпы  және  кәсіби  этиканың,  деонтологияның  ұстанымдарын  танып-

− 

біліп, үнемі сақтау;



психология бойынша теориялық білім мен практикалық дағдысын ұдайы 

− 

және терең меңгеру;



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

531

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

өзінің идеялық-саяси, ғылыми және мәдени деңгейін арттыру;

− 

көпшілік-саяси  және  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру  дағдысын 



− 

қалыптастыру;

сабақтарға  міндетті  түрде  қатысу  және  оқу  жоспарлары  мен  бағдар-

− 

ламаларында көрсетілген оқу тапсырмаларының барлық түрін мерзімінде орын-



дау;

қоғамдық-пайдалы енбекке белсене қатысу;

− 

жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие тәртібін, тіршілік жағдайында ішкі 



− 

ережелерді орындау.

Құқықтары  мен  міндеттерін  саналы  түрде  жүзеге  асыру  –  болашақ 

психологтің  азаматтық  және  кәсіптік  мамандығы  бойынша  қалыптасуының 

жақсы мектебі ғана емес, оның деонтологиялық даярлығын да айқындайды.

Гиппократтың өсиеттерiнде, көне деонтологиялық кодекстерінде дәрiгердiң 

жүрiс-тұрыс  мәдениетiне,  оның  өзiн-өзi  ұстай  бiлуiне  көп  көңiл  бөлiнген: 

дәрiгер  денi  сау,  ұқыпты,  таза,  жарасымды  киiнген,  артық  көпiрме  сөзсiз,  сы-

пайы мәнерлi, ұшқыр ойлы т.с.с. iзгi қасиеттi болуы қажет. Психолог қызметін 

қажетсінген  адамның  жаны  тәні  науқас  адам  жанынан  да  әлсiз,  нәзiк  келедi. 

Сондықтан психологтің өзі өмiр сүріп, еңбек еткен ортаға ықпал етуі дәрiгердiң 

әсерiнен кем емес.

Осыған  орай  дәрiгерлердiң  Гиппократ  анты  сияқты  психологтердің  де 

жатқа бiлiп, ант ретiнде қабылдап, ұстанатын мемлекеттiң, халықтың алдында 

беретiн серттерi болу керек деп ойлаймыз. Әрине, оның мазмұнын көп болып 

ойланған дұрыс шығар.

Студенттің жоғары оқу орнында және болашақ қызмет аясында тұлғалық 

және  кәсіби  өзіндік  даму  мен  өзіндік  жетілуі  оның  деонтологиялық  санасын 

тәрбиелеу және өзінің белсенді тұлғалық позициясына тәуелді. 

Психологтің кәсіби қызметінің деонтологиялық аспектілері күрделі және 

көпжақты, олардың өзара сабақтастығы әлеуметтік-психологиялық факторлар-

мен түсіндіріледі.

Психологтің рухани-әдептілік біліктілігінің маңызы өте жоғары. Психолог 

алдындағы кез келген этикалық жағдай, басқамен қарым-қатынастағы кез келген 

психологиялық қиындық оның мамандығының маңызды құрамдас бөлігінің бірі 

болып табылады.

Қоғамдық  көзқарастың  маманы  ретінде  психологтің  моральдық-эти-

калық  бейнесін  елестетіп  көрейік.  Психологиялық  қызметтің  этикалық  және 

деонтологиялық негіздерін тануға бағытталған ғылыми зерттеулер материалда-

ры, негізінен қызметтік міндетіне қарай психолог тұлғасының әдептілігін сипат-

тайды.

Студенттердің  арасында  жүргізілген  психологтің  моральдық-этикалық 



Е. ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. 2 (66) 2015. Б. 525- 533 

 

 



 

 

                ISSN 1683-1667 



532

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

бейнесі тақырыбында сауалнама барысында студенттердің ойы психологиялық 

қызметтің  әр  мағыналығын  әркім  өзінше  түсінуі  негізінде  қалыптасатыны 

анықталды, яғни жеке өмірлік тәжірибесі, ішкі күтімі олардың оқу-практикалық 

қызметтегі тәжірибесі негізінде қалыптасады.

Психологтің  моральдық  бейнесі  әртүрлі  болады,  яғни  басқаға  зиян 

келтірмей,  әділетсіздік  жасамай  барынша  қандай  жағдай  болса  да  басқаға 

өтінішін орындау болып табылады.

Психологтің моральдық-этикалық аспектілері:

– деонтологияның, этиканың ережелері мен қағидаларын әр кез сақтау; 

– басқаның абыройын құрметтеу;

– жауапкершілік сезімі; 

– басқаға зиян келтірмеу; 

– басқаға жақсылық жасау; 

– қайырымдылық, мейірімділік, әділдік принциптері; 

– психологиялық құпияны қатаң сақтау; 

– адам құқығын құрметтеу.

Деонтология – психологтің өнеге, әдеп жиынтығының бірі. Әрбір психолог 

басқамен қарым-қатынаста деонтологияның қағидаттарын сақтау керек.

Адам  абыройын  құрметтеу  керек.  Басқаның  абыройын  төмендету  адами 

құндылығын немесе өз абыройын төмендеткені болып табылады. Жауапкерші-

лікті әрине әрбір психолог ұстануы керек. Сонымен бірге басқа да қызметкерлер 

өз ісіне жауапты болуы керек.

Психолог  әр  кез  басқаға  жақсылық  жасауға  дайын  болуы  керек. 

Қайырымдылық,  мейірімділік,  әділдік  принциптері  –  психолог  өз  жұмысында 

осы принциптерді танытып, әр кез көмек көрсетуге дайын болуы шарт болып 

табылады [5].

Қоғам  мүшесі  ретіндегі  психологтің  әдептілігіне  әрбір  тарихи  кезең 

өзінше  моральдық-этикалық  талаптар  қойған.  Қазіргі  заманда  психологтің 

әдептілігі жөніндегі қалыптасатын қоғамдық пікірге көп жағдайлар әсер етеді. 

Олар:  менталитет,  адамдардың  мәдени  және  этникалық  ерекшеліктері,  кәсіби 

құзыреттілікке деген ғасырлар бойы қалыптасқан сый мен құрмет, психологтің 

профессионалдық және психалогиялық-педагогикалық біліктілігі.

Барлық  жоғарыда  айтылғандарды  түйіндей  келе,  біздер  әрбір  тари-

хи кезеңде, әрбір елде психологтің әдептілік және рухани бастауы жөнінде өз 

ойымыздың қалыптасатынына көзіміз жетті. Бірақ психологтің мамандандыры-

лу денгейіне қарамастан, оның бойында адамшылықтың болуына деген талап 

өзгеріссіз  қалады.  Сондықтан  болашақ  психологтерді  тек  қана  маман  ретінде 

дайындап қана қоймай, оларға адамгершілік мәдениетінің қалыптасуына жағдай 

жасау қажет.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


533

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.  Бапаева  М.Қ.  Жоғары  мектепте  психологиялық  білім  беруді  жетілдірудің 

ғылыми-теориялық негіздері / М.Қ. Бапаева. – Алматы, 2001.

2. Кертаева Ғ.М. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. – Монография / 

Ғ.М. Кертаева. – Алматы: Ғылым, 2002. – 224 б. 

3. Левитан К.М. Основы педагогической деонтологии / К.М. Левитан. – Екатерин-

бург, 2002.

4. Роджерс К. Консультирование и психотерапия / К. Роджерс. – М., 1993.

5. Әбеуова И.Ә. Білім беру саласындағы психологиялық қызмет: әдіснама, техно-

логия, практика / И.Ә. Әбеуова. – Алматы: Эверо, 2011.

REFERENCES

1. Bapaeva M.Q., Zhoqary mektepte psihologijalyq bіlіm berudі zhetіldіrudіn qylymi 



teorijalyq negіzderі. Almaty, 2001 (in Kaz).

2.  Kertaeva  G.M.,  Ustaz  qyzmetіndegі  pedagogikalyq  deontologija.  Monografija. 



Almaty, Gylym, 2002, 224 (in Kaz). 

3. Levitan K.M., Osnovy pedagogicheskoj deontologii. Ekaterinburg, 2002 (in Kaz). 

4. Rodzhers K., Konsul’tirovanie i psihoterapija. M., 1993 (in Kaz). 

5. Abeuova I.A., Bіlіm beru salasyndaqy psihologijalyq qyzmet, adіsnama, tehnologija, 



praktika. Almaty, Jevero, 2011 (in Kaz).

UDC 373.5=111




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет