Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ



Pdf көрінісі
бет9/53
Дата28.12.2016
өлшемі13,26 Mb.
#599
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53

 Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН МАТЕМАТИКАДАН 

ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУДА ҚОЛДАНУ

Бұл  мақалада  қашықтықтан  оқыту  технологиялары  және  оларды  оқушыларды 

математикалық  олимпиадаларға  дайындауға,  олимпиадаларға  дайындау  бойынша 

мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруға  қолдану  мәселелері  қарастырылады.  Аталған 

технологияның артықшылықтары және кемшіліктері көрсетіледі: қашықтықтан оқыту, 

ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, қолдану әдістемесі, проблемалық 

дәріс.


Түйін сөздер: математикалық олимпиада, қашықтықтан оқыту, электрондық ре-

сурстар. 

ТЕХНОЛОГИЯ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ ДЛЯ ПОДГОТОВКИ 

К МАТЕМАТИЧЕСКИМ ОЛИМПИАДАМ

В  данной  статье  рассматриваются  технологии  дистанционного  обучения  и  ис-

пользование их для проведения подготовки учеников к математическим олимпиадам, а 

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ И ФИЗИКО-МАТЕМАТИЧЕСКИЕ НАУКИ


93

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

также повышение квалификации учителей средних школ по подготовке к олимпиадам. 

Рассматриваются преимущества и недостатки данной технологии обучения, дистанци-

онное обучение, информационные и коммуникационные технологии, методика приме-

нения, интернет, кейсовая технология, проблемная лекция.



Ключевые  слова:  математические  олимпиады,  дистанционное  обучение,  элек-

тронные ресурсы.

DISTANCE LEARNING TECHOLOGIES TO PREPARE 

FOR THE MATHEMATICAL OLyMPIAD

This article focuses on distance learning technologies and their use for the preparation 

of students for mathematical competitions, as well as the training of secondary school teachers 

in preparation for the Olympics. Discusses the advantages and disadvantages of this technol-

ogy training. Distatsionnoe training, information and communication technologies, methods 

of application, the Internet, case technology, problem lectures.

Keywords: 

Mathematical Olympiads, distance learning, electronic resources.

ХХ  ғасырдың  соңына  қарай  білім  беру  жүйесі  оқыту  қызметінде,  оқыту 

шарттарында  және  білім  беру  мекемелерінде  жаңа  типтері  пайда  бола  ба-

стады.  Оқыту  және  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде  ашық,  икемді 

және  қашықтықтан  оқыту  терминдері  көптеп  кездесе  бастады.  Негізінде  бұл 

терминдердің мағынасы жақын болғанмен, білім саласында әртүрлі құбылысты 

білдіреді. Теорияда да, практикада да, шетелде де және бізде де бұл терминдер-

ге нақты анықтама жоқ, сондықтан көп жағдайда ғылыми-педагогикалық және 

әкімшіл-бюрократтық орталарда өзара түсіністікке келмей жатады. 

Сондықтан  алдымен  жаңағы  мәселелерді  талқылау  үшін  түбегейлі 

анықтамасынан бұрын қарапайым және түсінікті анықтамаларын қарастырайық. 

Қашықтықтан оқытудан бастайық.

Қашықтықтан  оқыту  (ҚО)  пайда  болуы  сапалы,  бұқаралық  және 

жекешелендірілген  оқытудың  қажеттілігінен  туындады.  Экономикалық  және 

ұйымдық жағынан алып қарастырсақ, практика жағынан іске асыруға келмейді, 

алайда ҚО ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АҚТ) кеңінен 

қолданудың арқасында бұл мәселелер шешімін табады. Біз, ҚО-ны білім беру 

жүйесіндегі ХХ ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған, АҚТ-ның арқасында 

сапалы жаңа білім беру жүйесі деуге тәуелдіміз. Ғылыми тұрғыдан қарағанда 

бұл оқыту жүйесі сырттай оқытуға қарағанда жалпы форма деп аламыз. Бұны 

жетілдірілмеген сырттай оқыту (СО) түрі деп ойлағанымыз жөн. Қашықтықтан 

оқыту  технологиясы  дұрыс  және  толық  болмағандықтан,  формальді-заңды 

мәселелерін туғызады.

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен оқытушының мақсаттары жанама не-

месе толық жанама емес, өзара қарым-қатынастары олардың тұрған жерлеріне 

және уақытына тәуелсіз, телекоммуникация мен телевизия көмегімен іске аса-

Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ. 2 (66) 2015. Б. 92-104   

 

 

                ISSN 1683-1667 



94

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

тын, ақпараттық технологиямен ұйымдасқан педагогика негізіндегі технологи-

ялар  жиынтығы.  Қашықтықтан  оқыту  технологияларының  негізгілері:  кейстік 

(портфельдік) технология, интернет-технология, спутниктік телевизия техноло-

гиясы. 

 Қашықтықтан оқытудың мақсаты білім беру мекемелеріндегі оқушылар-



дың жоғары кәсіптік білім алуы, тұратын жерлеріне және уақытша оқу орнына 

келмей-ақ жоғары және орта кәсіптік білім алуы (ары қарай – оқу бағдарламасы), 

негізгі және қосымша кәсіптік бағдарламаларды игеруі болып табылады.

Қашықтықтан оқыту – бұл оқытушы мен оқушының мақсаты бір ұйымдас-

қан процесс. 

Қашықтықтан оқыту дегенімізді әңгімелесу тілінде қарастыратын болсақ, 

яғни интернет-оқыту түрінде, онда ол – сапалы және көрнекі құбылыс. Расымен 

де, осыдан бес-жеті жыл бұрын бұл оқыту түрі шетелдердің оқыту жүйесіндегі 

артықшылығы деп есептесек, қазіргі күні кейбір жоғары оқу орындарында өзінің 

талапкерлеріне  осындай  мүмкіндікті  бере  алады.  Сондықтан  енді  интернет-

технология  жүйесімен  оқыған  студенттердің  ой-пікірлерінен  фрагменттер 

келтіріледі.

Қазіргі уақытта интернеттің дамуы мен оның төлемақысының арзандауы 

қашықтықтан оқыту жүйесіне қолжетімді болады, сонымен қатар адамдардың 

қызығушылығын арттырады, себебі қашықтықтан оқу арқылы кез келген беделді 

оқу орнында жұмысыңды тастамай-ақ өзіңе керек жоғары немесе кәсіптік білім 

ала аласың. 

Қашықтықтан оқыту жарымжан жандарға, бала тәрбиелеп отырған әйел-

дерге, негізгі жұмысын тастай алмайтындарға, оқу орнынан алыс аудандар мен 

ауылдарда  тұратын  адамдарға  білім  алу  үшін  және  біліктілігін  арттыру  үшін 

үлкен  мүмкіндік  болып  табылады.  Сондықтан  қашықтықтан  оқыту  жүйесінің 

дамуы  біздің  ел  үшін  мағызды,  өзекті  және  әлеуметтік-технологиялық  мәселе 

болып табылады. Ал бұл жүйе білім сферасын ақпараттандырумен тығыз бай-

ланысты.


Қазіргі уақытта алдыңғы қатардағы елдерде қашықтықтан оқыту форма-

сында  оқитын  студенттердің  саны  он  мыңдаған  адамдармен  есептелетін  оқу 

орындары бар. Негізінен, бұл жоғары білім жүйесіндегі ірі университеттер. ХХ 

ғасырдың соңында «мегауниверситеттер» пайда болды, яғни ондағы студенттер 

саны осы қашықтықтан оқыту технологиясының арқасында 100 мыңнан асқан 

университеттер.

Эксперимент барысында келесі тапсырмаларды шешу алға қойылды:

– есептеуіш техника мен телекоммуникацияның үдемелі дамуына байла-

нысты қашықтықтан оқыту технологиясын олимпиадаға дайындауға бейімдеу;

– қашықтықтан оқыту процесінде қолданатын өзіндік оқу материалдарын, 

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


95

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

өнімін, әдістемесін және дидактикасын құру және мақұлдау;

– қашықтық әдіспен алынған білімнің жоғары сапасын дәлелдеу;

–  үдемелі  қашықтықтан  оқыту  құралдары  мен  оқыту  әдістерінің 

қолданылуын кертартпа социум мен академия қауымына сендіру;

–  қашықтықтан  оқыту  процесінің  техникалық  және  ақпараттық  жабдық-

тарын, керекті параметрлерін анықтау.

Эксперимент өткізу барысында барлық тапсырмалар шешілді. 

Оқытудың  спутниктік,  жүйелік  және  телевизиялық  әдістерін  алдым. 

Қазіргі  кезде  эксперимент  нәтижесінде  зманауи  электрондық  құралдардың 

даму  дәрежесіне  байланысты  біз  индустриалды  дамыған  елдердің  қатарына 

жақындадық. 

Бүкіл  қауым  және  академиялық  қауым  қашықтықтық  және  электрондық 

оқыту  жүйесіне  сенді.  Біздің  университеттер  қазіргі  уақытта  ҚО  әдістерін 

құрастырып және қолданып жатыр. Барлық өлкелер сәйкесінше конференция-

лар, семиналар өткізіп жатыр, ғылыми-техникалық журналдар мен монография-

лар да шығарылуа.

Эксперимент нәтижесінде ҚО технологиясының келесі типтерін анықтауға 

болады:


– кейстік технология (портфельді) – оқу-әдістемелік материалдарды жинап 

(қағаз түрінде немесе компакт-дискіде) студенттерге өзіндік жұмыс жасау үшін 

тарату (ағ. Case-жағдай);

– кейстік технология (тренингтік) – оқытудың жағдайлық-тренингтік әдіс-

терді қолдану арқылы жасалған технология, 

– телевизиялық технология – телевизиялық құралдарды қолдану арқылы 

оқыту технологиясы;

– интернет-жүйелік технология – студенттерді оқу-әдістемелік материал-

дармен қамтамасыз ету үшін интернет жүйесін қолданатын технология;

–  локальды-жүйелік  технология  –  студенттерді  оқу-әдістемелік  матери-

алдармен қамтамасыз ету үшін локальды жүйені қолданатын технология;

–  ақпараттық-спутниктік,  жүйелі  технология  –  телевизиялық  оқытуды 

ұйымдастыратын  технология.  Сонымен  қатар  спутниктік  каналдағы  байланыс 

арқылы локальды жүйедегі ақпараттарды толықтыру және жаңалау. 

– оқыту-вахталық технология – мұғалімдердің сабақ жүргізуі үшін оқыту 

орталықтарына баратын технология;

– аттестациялық-вахталық технология – аттестациялық комиссия студент-

терді аттестациядан өткізу үшін оқыту орталықтарына баратын технология.

Сонымен  қатар  корреспонденттік  (хаттай),  радиоландыру  технология-

ларын да қарастыруға болар еді, алайда эксперимент барысында бұл техноло-

гияны  қатысушылар  қолданбады.  Қашықтықтан  оқыту  білім  беру  жүйесінде 

Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ. 2 (66) 2015. Б. 92-104   

 

 

                ISSN 1683-1667 



96

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ақпараттық  технологияның  жаңа  және  перспективті  бағыты  бар.  Шетелдерде 

ҚО технологиясы 20-25 жыл бұрын қолдана бастады, ал қуатты компьютерлер 

шыға  бастағанда,  коммуникацияның  жаңа  түрі  мен  байланыс  каналдарының 

жылдамдығы артқан кезде барлығы жүйелік технологияға ауыстырылды. 

Біздің елімізде ҚО технологиясы сырттай оқыту жүйесінің орнына келді; 

кейінірек ҚО өзіндік оқыту жүйесі болып бөлініп келеді.

Бүгінгі күні қашықтықтан оқыту жаңа ақпараттық технологияларды активті 

қолданады, ақпараттарды шектеусіз арақашықтыққа жіберетін және ақпарат ал-

масуды  қамтамасыз  ететін,  синхронды  және  асинхронды,  сонымен  қатар  ком-

бинациялы түрде екі жақты әртүрлі (мәтін, графика, аудио, видео) байланысты 

қамтамасыз ететін мультимедиа құралын қолданады.

Қашықтықтан оқытудың тиімділігі мен табысы мекемелер мен қолданыла-

тын материалдардың әдістемелік сапасына байланысты, сонымен қатар бұл про-

цеске  қатысатын  мұғалімдердің  дайындық  деңгейі  және  заманауи  виртуалды 

коммуникациялардың  ерекшеліктерін  қаншалықты  меңгергендіктеріне  байла-

нысты болып келеді.

Қашықтықтан оқытудың дамуына байланысты зерттей отырып төрт себебін 

анықтадық:

–  білім  алу  үшін  үйін,  отбасын,  туыстарын,  достарын,  жұмысын  та-

стап кетудің керегі жоқ, сонымен қатар жолына және тұратын орнына қаражат 

шықпайды. Талапкердің білім беру мекемелерін таңдауына көп нұсқалары бола-

ды. 

–  бұл  оқыту  жүйесі  қала  аудандарынан  алыс  тұратындарға  және  басқа 



мүмкіндіктері жоқ адамарға бірден-бір жақсы оқу жүйесі;

–  оқытудың  тиімділігі.  Оқушылар  оқитын  сабақтарын  өздеріне  ыңғайлы 

етіп  қоюы,  нақты  бір  оқытушымен  тікелей  байланыста  болуы,  оған  өзін 

қызықтыратын сұрақтар қоюына болады;

– оқу процесінде заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік бар, яғни 

жұмысқа қажетті тәжірибе жинайды;

– ҚО жоғарғы икемділікпен сипатталады. Әлемдік тәжірибеге байланысты 

қашықтықтан оқыту жүйесі іштей оқыту жүйесіне қарағанда керілеу.

Е.В. Кудрина қашықтықтан оқытуға байланысты келесі оң жақтарын ерек-

шелеп көрсетеді [3].



Икемділік.  Оқушылар  уақытымен  сабаққа  барып,  лекциялар  мен  семи-

нарларға  қатысып  жүрмейді,  яғни  өзіне  ыңғайлы  уақытта  сабағын  қарайды. 

Әркім өзіне қажетті білімді тереңдетіп оқуына болады. 

 Модульдігі. Қашықтықтан оқыту бағдарламасына модульдік принцип жа-

тады. Әрбір оқу үрдісі қандай да бір пәндік мазмұнға тән, өзара байланысқан оқу 

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



97

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

курстарынан бір оқу жоспарын құру. Оқушының өзіндік оқу жоспары болады. 

Параллельділік. Сабақтар негізгі кәсіби жұмыспен немесе оқумен бірге 

өтуі мүмкін.



Қашықтық.  Оқушы  мен  білім  беру  мекемесінің  арақашықтығы  тиімді 

білім алу процесіне қиыншылық туғызбайды. 



Бұқаралық.  Студенттердің  саны  кризистік  параметр  болмайды.  Барлық 

оқушылар оқу көздеріне және ақпарат анықтамаларына (электронды кітапхана, 

ақпараттық мәліметтер қорына) толық мәнді мүмкіндіктері бар, сонымен қатар 

бір-бірімен  де,  мұғаліммен  де  телекоммуникация  жүйелері  және  байланыс 

қызметтері арқылы сөйлесе алады. 

Тиімділік. Бұл қашықтықтан оқыту – жоғары экономикалық тиімді. Ше-

телдер мен отандық мамандардың айтуы бойынша, қашықтықтан оқыту жүйесі 

басқа оқыту жүйелерімен салыстырғанда 1,5-2 есе арзан.

Әлеуметтік. Қашықтықтан оқыту әлеуметтік шиеленістен арылтады. Білім 

алу үшін бірыңғай мүмкіндік береді. Қайда және қандай жағдайда тұрғанына, 

материалды жағдайына байланысы жоқ болады. 

Интернационалдық. Қашықтықтан оқыту білім алу қызметінің импорты 

мен экспортына қолайлы. 

ҚО-ның жағымды жақтарымен қоса жағымсыз жақтары да бар:

– мұғалім мен оқушының арасында дұрыс қарым-қатынас болмайды;

– жекеше-психологиялық шарттардың қажеттілігі;

– ақпараттарға ылғи да мүмкіндік болу қажеттілігі;

– оқушылар өздеріне ылғи техникалық жабдықтармен қамтамасыз ете ал-

мауы – компьютердің болмауы және тұрақты интернетке шығып отыра алмауы;

– оқушылардың практикалық сабақтармен жұмыс жасауы аз болады;

– оқушыларды тұрақты тексеріп отыра алмауы. Оқушы өзіндік жұмыс жа-

сай алуы керек;

–  оқылатын  бағдарламалар  мен  курстар  маманның  біліктілігіне  қатысты 

жеткіліксіз дайындауы;

– қашықтықтан оқытудың негізгі оқу түрі – жазбаша.

Қашықтықтан  оқытудың  негізгі  кемшіліктерінің  бірі  «жасанды  қарым-

қатынас» болып табылады. Электрондық ресурстар ауызша сөйлесуге жетпейді. 

Адамардың  қарым-қатынасы  ауызша  және  ауызша  емес,  яғни  эмоционалды-

психологиялық ерекшеліктермен араласады. Инфокоммуникативті технология-

лар оқу процесін оңтайландырады, яғни мұғалімдерді ескі операциялардан және 

оқу материалдарын жіберуді, бақылау процедурасын және басқа процестерді ав-

томаттандырады. 

Көптеген  авторлар  қандай  да  бір  бұл  процестің  жеткіліксіздігінен 

Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ. 2 (66) 2015. Б. 92-104   

 

 



                ISSN 1683-1667 

98

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

қашықтықтан  оқытудан  бас  тартуды  жөн  көреді,  одан  да  іштей  толық 

бағдарламамен  оқып  шығуды  ұсынады.  Ал  қашықтықтан  оқыту  жүйесімен 

екінші жоғарғы білімді алғанда немесе біліктілігін жоғарылатуда оқуға болады. 

Сонда да қашықтықтан оқыту процесіне дербес технологиясын енгізу маңызды 

болып саналады.



Проблемалық дәріс. 

Дәрістерді  интернетке  салу  өте  танымал  (көптеген  қашықтықтан  оқыту 

мекемелерінде барлық оқыту формасын семинар түрінде салып қояды). 

Оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу барысында 

дәрістердің түрі өзгеріп барады. Дәрістің бір қызықты формасы – проблемалық 

дәріс. Проблемалық дәріс қандай да бір мәселені шешуге бағтталған. Ондай дәріс 

қандай да бір ережелермен құрылады: барлық материал бөліктерге бөліну керек 

және оның әрбір бөлігінде проблемалық жағдай болады. Ары қарай проблемалық 

жағдай алгоритм бойынша жүреді:

–  проблеманы  тұжырымдау,  талдау  жүргізіледі,  зерттеудің  шегі  көрсе-

тіледі;

– проблема әр оқушы үшін актуалданады, проблема шешілу үшін негізгілері 



дайындалады;

– норма мен талдау жағдайындағы нәтиже салыстырылады (концепциямен, 

теориямен, критериилермен және т.б.);

–  зерттеліп  отырған  проблеманың  нормаға  жетуі  үшін  механизмі  құрас-

тырылады;

– нәтижесі мақсатпен салыстырылады (сәйкес келмесе жаңа проблема бо-

лып табылады).

Проблемалық дәріс барысында тыңдауға, салыстыруға, негізгісін ерекше-

леуге, жалпылауға, қорытынды шығаруға болады, сонымен қатар:

– алынған ақпаратқа кризистік қарау (өзіндік гипотеза жасау);

– дәлелдеу (таңдап, аргументтер келтіру);

– творчестволық ойлау (жаңа мағына алу, оларды қолдану).

Қашықтықтан өткізген сабақтың оңтайлы нәтижесі мынадай жағдайларда 

алынады:


–  оқыту  ресурсын  және  оның  локальды  версиясын  түсінікті,  жақсылап 

көрнекіленген, жақсы ақпараттармен тиянақты құрастырылса;

– локальды координаталар мен оқушыларға дұрыс нұсқау берілсе;

–  локальды  координатор  өзінің  жұмысын  жақсы  атқарса,  мұғалімге 

көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасаса;

– оқушылар берілген материалдарға жақсы дайындалып, оны біліп тұрса;

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


99

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

– мұғалім мен локальды координаттардың интернетпен байланысы жақсы 

болса;


– сабақ жүргізуге ішкі алаңдататын факторлар кедергі келтірмесе.

Біздің  зерттеулер  барысында  қашықтықтан  өткізілетін  «Математикадан 

түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік 

нұсқаулықтар» тақырыбына арналған облыстық қашықтықтан оқыту семинарын 

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткізу ережелері жасалды. Ереженің 

қысқаша нұсқасын келтіре кетуді жөн көрдік.

 1. Жалпы ережелер

Қашықтықтан  өткізілетін  облыстық  оқыту  семинарының  Ережелері 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңына,  Қазақстан  Республи-

касында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасына, Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздік- 

сіз педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Семинар-

дың  ұйымдастырушылары:  Шығыс  Қазақстан  облысының  білім  басқармасы 

және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы. 

Қашықтықтан өткізілетін семинардың көлемі – 72 сағат.

2. Семинардың мақсаты мен міндеттері 

Семинардың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, дарынды балалар-

мен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Негізгі  міндеттер:  ақпараттық-байланыс  технологиясы  аясын-

да,  қашықтықтан  оқыту  жүйесінде  мұғалімдердің  білімі  мен  дағдыларын 

жетілдіру.

3. Жұмысшы органдар 

Қашықтықтан  өткізілетін  семинарды  ұйымдастырып,  өткізу  үшін  ұйым-

дастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

4. Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысушылар

Қашықтықтан өткізілетін семинарға тілек білдірген барлық білім қызмет-

керлері.

5. Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысу талаптары

Семинарға  Интернет  арқылы  қатысады.  Қатысу  ерікті  түрде,  ақылы. 

Семинарға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне үлгі бойынша өтінімді беру 

қажет.


6. Оқыту тәртібі

Ұйымдастыру  комитеті  семинарға  қатысушының  әрқайсысына  қашық-

тықтан  оқыту  жүйесіне  ену  үшін  қажетті  жеке  логин  мен  пароль  белгілейді. 

Қашықтықтан өтетін семинарға қатысушыларды оқыту Шығыс Қазақстан өңір-

лік  ғылыми-практикалық  «Дарын»  орталығының  http://shygysdaryny.kz  білім 

Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ. 2 (66) 2015. Б. 92-104   

 

 

                ISSN 1683-1667 



100

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

беру сайты арқылы жүзеге асады.

Семинарға қатысу үшін:

1.  Міндетті  түрде  тіркеуден  өту  қажет.  Тіркелу  үшін  http://shygysdaryny.

kz  сайтының  оң  жақ  бұрышында  «Қашықтықтан  оқыту»  терезесін  тауып, 

қатысушыға берілген пароль мен логиндерді толтыру қажет.

2. Тіркеуден дұрыс өткен жағдайда жүйеде қашықтықтан оқыту порталын-

да  қатысушыға  жеке  парақшасы  ашылады.  Әрі  қарай  семинар  бөліміне  кіріп, 

берілген мәліметтерді жүктеу керек. Жүйеге қайталап кірген сайын қатысушы 

өзіне берілген логин мен парольді көрсетіп отыруы керек.

3. Оқыту (порталды ашу, лекцияларды көшіріп алу, оларды оқу, бақылау 

тапсырмаларын орындау) қатысушылар үшін, төменде көрсетілген мерзімдердің 

аясында тәуліктің кез келген қолайлы уақытында жүзеге асырылады.

4. Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысушыларды қорытынды атте-

стациялау бақылау тапсырмаларын орындау формалары арқылы жүзеге асады. 

Бақылау тапсырмалары бір тәулік бойы базада ашық тұрады.

5. Қажет болған жағдайда қатысушыға курс және тапсырмалар авторымен 

байланыс жасауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін әр қатысушы жеке парақшасында 

«Менің хабарламаларым» тетігін басып, терезе ашылғаннан кейін онда өзінің 

сұрағын  жазуына  болады.  Қатысушыға  жауап  келгенде  жеке  парақшасында 

«Менің хабарламаларым» бөлімінде көрінеді.

Осы аталған семинарды өткізу үшін орыс және қазақ тілдерінде талаптарға 

сай  қажетті  дәрістер,  семинар  сабақтары,  әдістемелік  нұсқаулар,  өз  бетімен 

жұмыс  және  бақылау  түрлері  жасалып,  Шығыс  Дарыны,  Шығыс  Қазақстан 

өңірлік ғылыми-практикалық орталығының сайтына орналастырылып, ғылыми 

жетекшім М.Н. Мадияровтың жүргізуімен 2014 жылдың қараша айында іске асы-

рылды (1-сурет). Бұл аталған саминарға 150-ге жуық мұғалімдер мен әдіскерлер 

қатысты.


Сайтқа кіріп семинарға қатысу үшін логин және пароль алған қатысушылар 

сайттың  қашықтықтан  оқыту  бөліміне  кіре  алады  (2-сурет).  Біздің  орыс  және 

қазақ тілінде жасалған қашықтықтан оқыту курстары сайтқа жүктелінген. Оқу 

барысында семинар жүргізуші және қатысушылар осы бөлімнің мүмкіншіліктері 

арқылы кез келген уақытта бір-бірімен қатынаса алады.

Енді  аздап  қашықтықтан  оқыту  курсына  тоқтала  кетейік.  Бұл  қурстың 

пререквизиті ретінде әрине мектеп математикасының әртүрлі деңгейлері сана-

лады. Қурс құруда ең маңыздысы, ол дайындық семинарының тақырыптық жо-

спары болып табылады. Мектептегі дарынды балалармен жұмысты неден бастау 

қажет және қалай жүргізу қажет екенін осы жоспар анықтайды. Сондықтан осы 

курстың тақырыптық жоспарын келтіре кетуді жөн көрдік.

ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



101

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

1-сурет – Қашықтықтан оқыту семинары туралы сайттағы хабарлама

2-сурет – Қашықтықтан оқытуға кіру терезесі

Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ. 2 (66) 2015. Б. 92-104   

 

 



                ISSN 1683-1667 

102

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырып


Дәріс-

тер


Практикалық 

сабақтар


Сағаттар 

саны


1 Кіріспе

1

1



2

2 Жаттығуға арналған есептер

1

1

2



3 Математикалық индукция әдісі.

Тепе-теңдікті дәлелдеу. 

1

1

2



4 Теңсіздіктерді дәлелдеу

1

1



3

5 Бөлінгіштік теориясындағы индукция әдісі

1

1

3



6 Геометриядағы индукция

1

2



3

7 Бүтін сандардың бөлінгіштік теориясы 

1

1

2



8 Бүтін санның бөліндісі

1

1



2

9 Жай және құрама сандар

1

1

2



10 ЕҮОБ және ЕКОЕ және оларды табу 

әдістері. Өзара жай сандар

1

1

2



11 Қалдықпен бөлу туралы теорема

1

1



2

12 Бүтін санды анықталмаған теңдеулерге 

бөлінді теоремасын қолдану

1

1



2

13 Модуль бойынша салыстыру

1

1

2



14 Бұрыштар 

1

1



2

15 Үшбұрыштар 

1

1

2



16 Перпендикулярлар және көлбеулер

1

1



2

17 Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдік 

белгілері

1

1



2

18 Параллелограмдар

1

1

2



19 Үшбұрыштағы түзулер

1

1



2

20 Түзудің шеңбермен қиылысуы

1

1

2



21 Екі шеңбердің қиылысуы

1

1



2

22 Іштей сызылған бұрыштың қасиеттері

1

1

2



23 Салулар

1

1



2

24 Фигуралардың ауысуы

1

1

2



25 Пропорционал кесінділер

1

1



2

26 Үшбұрыштағы метрикалық қатынастар

1

1

2



27 Гомотетия және ұқсастық

1

1



2

28 Дұрыс көпбұрыштар

1

1

2



29 Трансверсалдар

1

1



2

30 Шеңберге қатысты полюстер және поляр-

лар

1

1



2

31 Өзара кері фигуралар

1

1

2



32 Іштей сызылған төртбұрыштың қасиеттері. 

Поселье инверсоры

1

1

2



ТЕХНИКА, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

103

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Кестенің жалғасы

Тақырып



Дәріс-

тер


Практикалық 

сабақтар


Сағаттар 

саны


33 Аудандарды салыстыру

1

1



2

34 Шеңбердің ауданы

1

1

2



35 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

3

3



БАРЛЫҒЫ

34

38



72

Бұл курсты құрастырғандар С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Математика 

кафедрасының меңгерушісі М. Мадияров және магистрант Н. Тлеубаева.

Бұл  мақалада  сипатталып  кеткен  қашықтықтан  оқытуды  математика-

дан  олимпиадаға  дайындауға  көмектесетін  «Математикадан  түрлі  деңгейдегі 

олимпиадаларға  оқушыларды  дайындау  бойынша  әдістемелік  нұсқаулықтар» 

тақырыбына арналған облыстық қашықтықтан оқыту семинарының мысалында 

іске асырылуы көрсетілді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Горшенина М.В. Реализация принципа индивидуализации в условиях дистан-

ционного обучения / Горшенина М.В., Фирсова Е.Ю. // Вестник Самарского государ-

ственного технического университета. Серия: Психолого-педагогические науки. Изд.: 

СГТУ. – 2010. – №6. – С. 41-47.

2. Керова Т.М. О начальном курсе английского языка через дистанционное обуче-

ние / Керова Т.М., Чуркина А.Ю. // Современные наукоемкие технологии. – №2. – 2010. 

– С. 27.


3. Кудрина Е.В. Современное общество и дистанционное обучение / Е.В. Кудрина 

// Психолого-педагогический журнал Гаудеамус. – Т. 2. – №16. – 2010. – С. 57-58.

4. Петров В.С. Дистанционное обучение как средство обеспечения доступности 

высшего образования / В.С. Петров // Вестник Челябинского университета. Сер. 8, Эко-

номика. Социология. Социальная работа. – 2006. – №5. – С. 85-88. 

5. Покушалова Л.В. Дистанционное обучение – образовательная система будуще-

го / Л.В. Покушалова // Филологические науки. Вопросы теории и практики. Тамбов: 

Грамота. – 2009. – №2 (4). – C. 200-202.

6. Рулиене Л.Н. Дистанционное обучение как новая образовательная практика / 

Л.Н.  Рулиене  //  Вестник  бурятского  государственного  университета.  –  №1.  –  2011.  – 

С. 67-70.

7. Юрков Н.К. Дистанционное обучение в России и его проблемы / Н.К. Юрков [и 

др.] // Надежность и качество: Труды международного симпозиума / Под ред. Н.К. Юр-

кова. – Пенза: Изд-во Пенз. гос. ун-та, 2005. – С. 316-317.

REFERENCES

1. Gorshenina M.V., Firsova E.Ju., Realizacija principa individualizacii v uslovijah dis-



tancionnogo obuchenija. Vestnik Samarskogo gosudarstvennogo tehnicheskogo universiteta. 

Serija. Psihologo-pedagogicheskie nauki. Izd. SGTU, 2010. №6, 41, 47 (in Russ).

2. Kerova T.M., Churkina A.Ju., O nachal’nom kurse anglijskogo jazyka cherez distan-



cionnoe obuchenie. Sovremennye naukoemkie tehnologii №2, 2010. 27 (in Russ).

Н.К. ТЛЕУБАЕВА, М.Н. МАДИЯРОВ. 2 (66) 2015. Б. 92-104   

 

 

                ISSN 1683-1667 



104

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

3. Kudrina E.V., Sovremennoe obshhestvo i distancionnoe obuchenie. Psihologo-peda-



gogicheskij zhurnal Gaudeamus T. 2, №16, 2010, 57, 58 (in Russ).

4. Petrov V.S., Distancionnoe obuchenie kak sredstvo obespechenija dostupnosti vys-



shego  obrazovanija.  Vestnik  Cheljabinskogo  universiteta.  Ser.  8,  Jekonomika.  Sociologija. 

Social’naja rabota. 2006, №5, 85, 88 (in Russ).

5. Pokushalova L.V., Distancionnoe obuchenie obrazovatel’naja sistema budushhego. 



Filologicheskie nauki. Voprosy teorii i praktiki. Tambov. Gramota, 2009. №2, 4, 200, 202 (in 

Russ). 

6. Ruliene L.N., Distancionnoe obuchenie kak novaja obrazovatel’naja praktika. Vest-



nik burjatskogo gosudarstvennogo universiteta №1, 2011, 67, 70 (in Russ).

7. Jurkov N.K., Levin V.I., Bannov V.Ja., Trusov V.A., Almametov V.B., Distancionnoe 



obuchenie v Rossii i ego problem. Nadezhnost’ i kachestvo. Trudy mezhdunarodnogo simpozi-

uma. Pod red. N.K. Jurkova. Penza Izd-vo Penz. gos. un-ta, 2005, 316, 317 (in Russ).

УДК 502/504(574.42)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет