Тізілім файлдарын қолмен көшіру



Дата03.11.2022
өлшемі11,86 Kb.
#47351

Тізілім файлдарын қолмен көшіру
Бұл əдіс, егер жұмыс жағдайы кезінде тізілім файлдарының көшірмесі
болған жағдайда мүмкін болады. Жоғарыда айтылғандай, егер мəселелік
Windows файлдық жүйесі басқа ОЖ-ге жүктелсе, онда тізілім файлында кез
келген нəрсені жасауға болады. Жүйелік файл бүлінген болса, мысалы REG
SAVE пəрменімен сақталған system.hiv файлын, оны тізілім файлына
көшіруге жəне оның атын өзгертуге болады. Windows 7 үшін system файлын
жүйелік файлды \Windows\system32\config\RegBack файлынан
\windows\system32\config файлына көшіріңіз.
Тізілім файлдары операциялық жүйені орнату барысында жасалады
жəне %SystemRoot%\system32\config қалтасында сақталады (əдетте
C:\windows\system32\config). Windows операциялық жүйелері үшін бұл
default, sam, security, software, system атаулары бар файлдар.
Windows Vista/Windows 7/8/10 операциялық жүйелерінде тізілім
файлдары сондай-ақ \Windows\system32\config каталогында орналасқан жəне
бірдей аттары бар, алайда бұл ОЖ BCD00000000 (Boot Configuration Data)
атымен жүктеу конфигурациясы деректерін сақтау үшін тізілімдің жаңа
бөлімі қосылды. Осы бөлімнің деректері файлының bcd атауы бар жəне
бөлімнің (жүйе жүктеліп жатқан бөлім) жасырын boot қалтасында болады.
Əдетте, Windows 7 стандартты жүйесінде, шағын көлемде (шамамен 100
118
мегабайт) қолданушыдан жасырылған белсенді бөлім жасалады жəне тек
қызметтік деректер үшін жүйені жүктеу – жүктеу жазбалары, bootmgr жүктеу
менеджері, BCD жүктеу конфигурациясында сақтау, локализация файлдары
жəне жады тестілеу бағдарламалары бар. BCD-ның орналасуы оның қалай
жүктелуіне байланысты жəне ол сол тараудағы Windows каталогында
орналасуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет