Тж №1 саясаттану



Pdf көрінісі
Дата15.11.2022
өлшемі320,93 Kb.
#50313


Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.
Негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.


 Бүкіл әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап демократиялық өзгерістерді іске 
асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Сондықтанда кәсіби 
мамандығына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір адамға қажет деп 
тұжырымдау орынды, өйткені ол қоғамда өмір сүріп отырып, басқа адамдармен және 
мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Саясат туралы білім алу қоғамдағы өзінің 
алатын орны мен атқаратын рөлін түсінуі, өз қажеттерін басқа адамдармен бірлесе 
отырып жақсырақ қанағаттандырғысы, оларды мемлекет ауқымында іске асырудың 
мақсаттары мен құралдарын таңдап алуға ықпал жасағысы келетін әрбір адамның 
мүдделеріне сай келеді. Ал саясатты түсінбеу және оны әдейі елемеу келеңсіз 
зардаптарға ұрындырады, адам тіршілігінен шектеп қалуға, ал ең қиын жағдайда оның 
негіздерін өзіне қатер төнуіне апарып соғады. Дүниежүзілік қауымдастықта және 
Қазақстанда қалыптасып отырған тарихи жағдай саяси білімдер деңгейіне, әрбір 
азаматтың белсенді саяси тәжірибиеге араласудың дәрежесіне біздің өміріміздің, біздің 
ойлау жүйеміздің, саяси іс-әрекетіміздің іс жүзінде байланысты екенін дәлелдейді.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.


• Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп 
саясиөмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір 
тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма 
жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. 
Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді. 
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және 
тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
• Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма 
саясиғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси 
құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
• Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап 
айтқанда,географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
• Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар 
арқылытүсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады.
• Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі 
себептермен,қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оныжанжалдық және мәмілеге келу 
парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Саяси шынайылықты зерттеу.


 саясат сана мен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен 
саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері туралы логикалық тұрғыдан 
негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.
 Саясаттанудың 20 ғасырлық тарихы бар; Платон академиясында саясат 
проблемалары зерттелген және Плотонның шәкірті Аристотельден «саясат» 
атты көне грек қала мемлекеттерінің саяси жүйелерін зерттеуге арналған күрделі 
еңбегі қалды. Ал саясаттану тарихына келсек бұл еңбек оқу пәні ретінде 100 
жылдай бұрын, ХІХ ғасырда әртүрлі елдердің жоғарғы оқу орындарында оқытыла 
басталды.
 Саясаттанудың негізін қалаушы ретінде данышпан ғалым Аристотельді айтады. 
Өйткені, ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде 
оқытып, өзі жүргізді. Саясат деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің 
саяси жүйесін зерттеген. Дегенмен, ол саясатанудың пәнін қазіргі біздің 
түсінігіміздегідей басын ашып бере алмады.
.Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және 
қолданбалы функциялары.


 Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция.
Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің 
(саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің 
барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек 
аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. 
Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және 
қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің 
жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет