Тұлға және оны түсіндірудың тұжырымдамалары


Тұлғаның әлеуметтанудағы құрылымы және типологиясы



бет4/6
Дата24.10.2022
өлшемі57.24 Kb.
#45192
1   2   3   4   5   6

Тұлғаның әлеуметтанудағы құрылымы және типологиясы


Тұлға құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан тұратынын белгіледі:


1) Тұлға бағыты мен қатынасындағы құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас, дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.
2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.
3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігі – яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.
4) Құрылымшадағы биологиялық негізділік – тұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық өзгешеліктері енеді.
Платонов пікірінше, құрылым құрылымшаларының өзіндік үлес салмақтары бар. Биологиялық,психологиялық процесс,әлеуметтік тәжірибе сияқты үш құрылымша жалпы психологияға топталған,тек бағыттылық қана әлеуметтік психология үлесіне қалған.
А.Н.Сухов, А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымына мыналарды, жатқызды:

  • ментальдық, құнды-мәнділік өрісі, себептілік өрісі (бағыттылық, өмірлік мақсат, жоспар, өмірлік жол);

  • когнитивтік сипат (әлем суреті); 

  • «Мен сипаты» («Мен» тұжырымы», «Мен – образы», өзіне қатынасы, өзін бағалауы);

  • тексеру локусы; 

  • тұлғаның статусты-рольдік сипаты; 

  • тұлғаның эмоциональді психикалық күйі мен әлеуметтік сезімі.

Осылардың кейбірін ғана қарастырайық.
«Мен» - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.
«Мен-образ» - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.
Өзіндік баға саналы сипатында өзін-өзі сыйлау формасы болады. Өзіндік баға шындыққа сай болғанда «Мен-образ» өзін-өзі бекіту мен өзіндік жетілуге жақын болады. Имидж – бұл «Мен-сырты»: адамның өзін сыртқа көрсетуі, айналасындағыларға қандай әсер қалдыруы. 
Тексеру локусын (латынша Lokus – орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд. Экстремальді типтегілер – жеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.
Тексеру локусы ерекше жеке сипаттама болып табылады. Нәтижесінде адам әлеуметтік проблемаларды дұрыс құбылыс ретінде қарап, оған бейімделеді немесе керісінше де болады. Әлеуметтену мазмұнын бағалағанда, тұлғаның нақты жағдайға бейімделуімен емес, өркениет пен мәдениет, жалпы адамзаттық образбен өмір сүру сияқты әлемдік стандартпен қараған жөн.
Тұлғаның әлеуметтік психологиялық типологиясы.
Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру (самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды».
Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын –актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.
Манипуляторларды салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды өзіне және өзгелерге қатынасын, негізгісі күнделікті өмірдегі мінез көріністеріне байланыстыдеп көрсетеді. Э.Шостром манипулятордың сегіз түрін анықтайды:

  • Диктатор (мінезінде ашық күшті мәнерге тән);

  • Шүберек (таусылмайтын ойында беріліп ойнау сипаты тән);

  • калькулятор(салқын, үнемшілдік тән);

  • жабысқақ (қорғансыздықты имитациялау мен үнемі қорғанды қажет ету тән);

  • бұзақы (айналасындағыларды өз қызығушылығына қарай террорлау тән);

  • жақсы жігіт (өзін тақтада деп ойнақтау тән);

  • сот (жазалау позициясымен объектіге қатынасын манипуляциясын демонстрациялау тән);

  • қорғаушы (өз мақсатына байланысты оларды қорғаушы рольін екі жүзділікте ойнау тән).

Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық талдауда Юнганың типологиясы:экстровертті және интровертті түрлері ерекше маңызға ие. Бұл типтерді толықтыру мақстында психикалық төрт процесті: ойлау, эмоция, түйсік, интуиция қатысымен төрт түрі ішінара бөлді. Оларды: ойлағыштық, эмоциональдық, түйсінушілік, интуитивтік тип деп төртке бөлді.


Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.

Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:



  1. Үйірсек тип;

  2. Агрессивті тип;

  3. Жатырқаушы тип.

Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.
Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.
Жатырқаушы тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.
Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:

  1. Гормониялық тұлға;

  2. Конфликтілі,қайшылықты тұлға;

  3. Импульсивті тұлға.

Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.
Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.
Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет