Тұлға мәселесіне байланысты отандас және шетелдің көзқарастары



бет1/15
Дата31.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#21557
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Тұлға мәселесіне байланысты отандас және шетелдің көзқарастары.

Кеңес психологтарының тұлғаға байланысты пікірлері. Тұлға теориялары.Гуманистік психология жеке бағытталған білімнің негізі.



Б.Г. Ананьев: адам танымының жүйесін төрт негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға және даралық

“Индивид”- ол табиғи жалғыз тіршілік иесі, Homo Sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адазат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданылады. Дегенмен биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.










Яғни, адам саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иес


  • Жеке тұлғалық- бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы, жеке көзқарасының толуы психикалық физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы.

  • Адам- нақты өмірдің ең күрделі объектісінің бірі.






  • Л.И. Божович: тұлғаның екі негізгі критерийлерін бөліп көрсетті. Біріншіден, адамды тұлға деп санауға болады, егер, оның мотивтерінде иерархия болса, яғни ол өзінің тікелей талаптарын жеңуге қабілетті болса.

  • Екіншіден, егер, ол өзінің мінез-құлқына саналы түрде басшылық ету қабілеті болса.

А.Г. Ковалев: тұлға құрылымында келесі құрылымшаларды бөліп көрсетеді:

* темперамент –табиғи қасиеттердің құрылымы;

* бағыттылық –қажеттіліктер, қызығушылықтар және идеалдардың жүйесі;

* қабілеттер- интеллекттік, еріктік және эмоциялық қасиеттер.



В.Н. Мясищев: тұлға бірлігін бағыттылықпен, даму

деңгейімен, тұлға құрылымымен және жүйкелік

психикалық реактивтіліктің динамикасымен

(темпераментпен) сипаттайды.



  • Тұлға құрылымы- бұл тұлғаның жеке сипаттамасы, оған мотивация, қатынас және тұлға тенденциясы кіреді.

К.К. Платонов- тұлға құрылымында келесі деңгейлерді

бөліп көрсетеді:



  • Әлеуметтік шарттанған ерекшеліктер (бағыттылық, адамгершілік сапалары);

  • Биологиялық шартталған ерекшеліктер (темперамент, нышандар, инстинктер, қарапайым қажеттіліктер);

  • Тәжірибе (бар білімдердің, дағдылардың, іскерліктердің және әдеттердің көлемі мен сапасы);

  • Әртүрлі психикалық процесстердің индивидуалды ерекшеліктері.

  • А.Н. Леонтьев: тұлға және оның құрылымы индивидтің жүзеге асыратын іс-әрекетінің иерархиялық қатынасымен анықталады, сонымен қатар, сипатталады.

  • Л.С. Выготский: әлеуметтік орта тек қана даму факторы болып табылмайды, оған адамның өзі де кіреді. Адамның шындыққа қатынасы емес, ол адамның шындықтағы қатынасы.

  • А.Г. Асмолов: өмірде екі тендеция бар: дәстүрлердің сақталуына (тұрақты) және дамуға (іздеу). Тұлғада әлеуметтік және индивидуалдылық бар.

  • Тұлға психологиясы дамуының үш кезеңі келесідей:

  • Философиялық-әдеби;

  • Клиникалық;

  • Эксперименттік

  • Зерттеудің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып, ХІХ ғасырдың басына дейін жалғасады.

  • Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның өнегелілік және әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар қарастырылады.

  • ХІХ ғасырдың бірінші он жылдығында тұлға психологиясымен философтармен қатар дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады.

  • Бірінші кезеңмен салыстырғанда бұл кезеңде тұлға ерекше құбылыс деген түсінік мағынасы таратылды.

  • Психиатрлардың аса мән бергені: әдетте науқас адамнан табылатын тұлғаның ерекшеліктері. Дәрігерле тапқан ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тән болғанымен, науқастарда олардың көріністері гипертрофияланатыны (асыра білінетіні) анықталды. Мәселен, күйгелектік пен ригидтілік, қозу мен тежелу.

  • Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және интеракционистік деп бөлуге болады.

  • Психодинамикалық теориялар психологиялық немесе ішкі сипаттамаларына орай тұлғаны сипаттайды, адамның жүріс тұрысын түсіндіреді.

  • Социодинамикалық теориялар бойынша тәрбие детерминациясындағы басты рөл сыртқы жағдайларға беріледі.

  • Интеракционистік теориялар сыртқы және ішкі факторлардың өзара әрекеттесу принципіне негізделген.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет