«ТҰЛҒа психологиясы» ПӘні бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет1/12
Дата13.04.2022
өлшемі296 Kb.
#30934
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? «Жан» дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Тұлға туралы жалпы ұғым

Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.



Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне ,ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.


1.1 сурет "Индивид" ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет