Тұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді



Дата07.01.2022
өлшемі39 Kb.
#17374

Псхологиялық денсаулық және оны сауықтыру жолдары
Жарылкапова Гульзира Елмурзаевна

Жоғары категориялы педагог – психолог

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті № 170 орта мектеп
Тұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді. Адамның психологиялық денсаулығы мәселесі психология ғылымында ұзақ уақыт бойы өз деңгейінде қарастырылмай келді. ХХ ғасырдағы психология ғылымы адамның психикалық ауытқулары мен тұлғалық дағдарыстарын зерттеуге бағытталды, ал психикалық және психологиялық денсаулық назардан тыс қалып отырды. Бұл денсаулықты ауытқулар мен науқастың болмауымен және статистикалық норма көрсеткіштерімен түсіндіруден келіп туған шектеу еді.

Ғылымда беделді психоанализ бағыты адам жан-дүниесін психикалық науқас, патология, ауытқу, тұлғаішілік қақтығыс тұрғысынан зерттеп қарастырды; адамдағы невроз, жүйке күйзелістері, басқа да ауытқуларға іс-тәжірибеде тиімді жүзеге асатын теориялық сипаттамалар бергенмен, денсаулық мәселесі қозғалмады. Әйтсе де, тұлғалық үйлесімділік, психикалық саулық мәселелері көтерілсе де философиялық, медициналық ұстанымдардан аса алмады. Ал адам табиғаты тек ауытқулар мен күйзелістерден құралмайтыны белгілі.

Баланың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдары негативті симптомды немесе қалыпты әлсіретуге, жоюға бағытталған емес, баланың тұлғалық қасиетерін, адаптивті қабілеттерін күшейту, мобилизациялау үшін олардың конструктивті мүмкіндіктерін қолдануға бағытталуы қажет.

Әлеуметтiк бейiмделу және психикалық денсаулық мәселесi гуманистiк педагогика мен психология үшiн өзектi болып табылады. Жас буынды тәрбиелеуде антропоцентрикалық бағытты ұстану философиялық (Т. де Шарден, М. Шелер), психологиялық (В.И. Слободчиков, И.Ф. Исаев), педагогикалық антропология (К.Д. Ушинский, Б.М. Бим-Бад), гуманистiк психология (К. Роджерс, А. Маслоу, А. Бандура) желiсiнен шығады.

Психологиялық денсаулық негiзiнде балалардың жеке басының қасиеттерi дамып, психикалық кейiптерi қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдiстерiнiң жетiлуiн қамтамасыз ететiн бiрден-бiр фактор және жағдай болады. Балалардың өзiн-өзi дамытып, жетiлдiруiн, реттей алуын, яғни өзiндiк бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететiн де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтiн психологиялық денсаулығы болып табылады. Ғылымдағы балалардың психологиялық денсаулығының мәндiлiгi әркiмге – психологтарға, педагогтарға, дәрiгерлерге, ата-аналарға аян, алайда ол әртүрлi балалардың әлеуметтенуiне қатысты зерттеулерден белгiлi болғанымен, балалардың психологиялық денсаулығында зерттелмеген, шешiлмеген, қарастырылмаған мәселелер жеткiлiктi.

«Психологиялық денсаулық» терминiне қатысты екi жақты түсiнiк сақталады: бiрiншiден, балалардың психологиялық денсаулығы бiлiм беру жүйесiндегi психологтардың кәсiби шеберлiгiн, психологиялық қызметтiң тиiмдiлiгiн көрсететiн критерий; екiншiден, психологиялық денсаулықтың ғылыми анықтамасы әлi де нақтыланбаған. Осы жағдайға байланысты адамның психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық-пәндiк аспектiлерiн зерттеу, жас кезеңдерiне байланысты қазақ балаларының психологиялық денсаулығы ерекшелiктерiн, қамтамасыз ету амалдарын анықтау – практикалық психологиялық қызмет үшiн маңызды көкейтестi мәселе болып табылады.

Психологиялық денсаулықты дамытудың белсендi, жедел әдiстерi – тренингтер, индивидуалды–коррекциялық тәсiлдер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық және индивидуалды жұмыстарға негiзделiп, тиiмдiлiгi дәлелденген (И.В. Дубровина, В.И. Слободчиков, А.В. Шувалов, О.В. Хухлаева). Әлеуметтiк-психологиялық тренингтердiң әртүрi – сензитивтi, оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердiң және индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң – бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуде тигiзетiн психологиялық әсерi әлi де болса кеңейтiле зерттелмеген. Қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдары, осы мақсатта бастауыш сынып жасындағы қазақ балаларымен жүргiзiлетiн тренингтер және индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң ерекшелiктерi осы күнге дейiн назардан тыс қалып отыр.

Баланың жалпы физикалық және психикалық денсаулығы көптеген факторларға тәуелдi: дұрыс тамақтану, күн тәртiбi, таза ауада болу, қимыл-қозғалыс белсендiлiгi, шынықтырушы шаралар, психологиялық комфорт-жайлылық. Н.И. Гуткина [2] психологиялық жайлылықты психосоматикалық науқастардың алдын алу шарты ретiнде қарастырады. Баланың қажеттiлiктерi фрустрацияға ұшыраған кезде өте жиi психологиялық дискомфорт - жайсыздық пайда болады. Бiрiншi ретте мұнда белгiлi депривация феноменi жатады, ол сәбидiң анасының зейiнi мен қамқорлығы жетiспеген жағдайда нәтижесiнде психикалық және физикалық дамуында артта қалуынан көрiнедi.

«Мектеп неврозы» түсiнiгi оқушылардың қылығындағы ауытқулардың пайда болу себептерiн тереңiрек түсiндiредi. Бұл түсiнiкте оқытушы мен мектеп тарапынан болатын негативтi әсерлердiң мәнi ғана емес, сонымен қатар жанұядағы қате тәрбие, оқушының индивидуалды ерекшелiктерiнiң әсерi де нақтыланады. Бiршама авторлар (Е.В. Новикова, 1987; Г.В. Бурменская, 1990; В.Е. Каган, 1984) мектепке бейiмсiздiктiң негiзгi себебi ретiнде кiшi оқушылардың оқу әрекетiндегi қателiктерi немесе ересектермен, қатарластарымен қарым-қатынасы емес, олардың осы жағдайларға байланысты уайымдарын, эмоционалды қатынастарын, эмоционалды бастан кешiруiн атайды.

Г.В. Бурменская бойынша (1990) мектепке алғаш келген бастауыш сынып оқушысы келесi проблемалардың бiрiмен болса да кездесуi мүмкiн: күн тәртiбiмен байланысты қиындықтар (қылықты ерiктi басқарудың төмендiгi); коммуникативтi қиындықтар (қатарластарымен қарым-қатынас тәжiрибесi аз, сыныпқа бейiмделуде қиындықты сезетiн бала); мұғалiммен қарым-қатынас проблемалары; жанұялық жағдайдың өзгеруiмен байланысты проблемалар.

Мұндағы мәселе баланың осы қиыншылықтарды жеңу үшiн қолданатын тәсiлдерiнде, мектепке бейiмделуiмен байланысты қиыншылықтарға қатынасында жатыр. Көптеген балаларда психолог, педагог, ата-ана тарапынан көмек болмағандықтан, мектепке даярлығының төмендiгiн адекватты емес компенсациялау тәсiлi ретiнде әр-түрлi формадағы мектеп неврозы пайда болады.

Невроздың негiзi – адамның қоршаған ортамен қақтығысы, бұл қақтығыс iшкi сипатта болады. Невроздың пайда болуын қарастырған кезде жеке тұлғаның қарым-қатынас сферасын ескеру керек, өйткенi осы қатынастардың бұзылуы невроз себебi болып табылады. Нақты патогендi жағдай тікелей емес, адамның осы жағдайға қатынасы неврозды тудырады [2].

Бала денсаулығы білім беру жүйесінің ең негізгі құндылығы ретінде атала бастады. Психологиялық қызметтің ең негізгі мақсаты – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психологиялық денсаулығына жағдай жасау [29; 51]. Бұл тезис практикалық психологты психологиялық денсаулық проблемаларының маманы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Психикалық және психологиялық денсаулық түсiнiктерiн айыру өте маңызды. Психологиялық денсаулықты сақтау, ауытқуларына коррекция жүргізу мәселелерін шешу үшін бұл түсініктің ғылыми анықтамасын белгілеу керек. Адамның денсаулығы – оның өмiр жасының максималды ұзақ болуымен қатар, физикалық және психикалық сапаларын, оптималды жұмыс iстеу қабiлетiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн дамыту және сақтау процесi, ағзаның қоршаған ортаға бейiмделе алу қабiлетi.

Балалардың психологиялық денсаулығын кәсіби қамтамасыз ету - бiлiм беру жүйесiндегi психологиялық қызметтiң негiзгi функциясы, мектепке даярлықтың психологиялық негізі болып табылады.



Психикалық өзiндiк басқару психикалық денсаулықтың негiзгi критерийi ретiнде аталады. Психикалық өзiндiк басқару келесi стадиялардан тұрады: басқару мақсатын құру; информацияны қабылдау және талдау; шешiм қабылдау; шешiмдi жүзеге асыру және басқару. Әр стадияда психикалық денсаулыққа әсер ететiн процесстер жүрiп жатады. Жеке адамның құрылым компонентi - бағыттылық мақсатты құруды қамтиды. Өмiрлiк мақсаттарды дұрыс таңдау - психикалық денсаулықты қамтамасыз ететiн шешүшi шарт болып табылады. Негiзгi өмiрлiк мақсатты таңдау, болашақ мамандықты, өмiрдегi өзiнiң кездейсоқ емес орнын анықтау – адам қабылдайтын маңызды шешiмдер болып табылады. Егер бұл дұрыс болмаса, жеке адамның қалыпты дамуында елеулi өзгерiстер болады. Ұнамайтын iс-әрекетпен айналысу iшкi психикалық тепе-теңдiктiң бұзылуына, тұлғалық деформацияларға әкеледi.

Өзiндiк басқару жүйесiнiң көмегiмен алынған шешiмнiң құндылығы қойылған мақсаттарға адекваттылығымен анықталады. Психикасы сау адам қоғамда орын алатын қылық талаптарына қайшы шешiм қабылдамайды. Басқаша айтсақ, адамгершiлiк статусы деформацияланбаған болса, ол қабылдаған шешiмдер өзiнiң де, оны қоршаған адамдардың да, iстiң де игiлiгiне асады. Қылықтарды психикалық басқару тұрақтылығы, адамның қоғамда қабылданған адамгершiлiк нормаларына бағыттылығы оның моральдi қасиеттерiмен байланысты. Моральдi тұрақты және психикалық денсаулығы бар адам жаман қылықтарға бармайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет