Тобы: 105 а факультет: Жалпы медицина



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата24.10.2022
өлшемі313,8 Kb.
#45190
  1   2   3   4   5


№5 БОӨЖ 
Тақырыбы: ЭКГ-ні тіркеу және талдау қағидалары 
Орындағын: Жуаныш Шыңғыс 
Курс : 1 курс 
Тобы: 105 А 
Факультет: Жалпы медицина 
Қабылдаған: Уразакынов Дарын 
Алматы 2022 жыл 


Жоспар: 
I. 
Кіріспе 
II. 
Негізгі бөлім 
III. 
Қорытынды 
IV. 
Пайдаланылған негізгі әдебиеттер 


І. КІРІСПЕ 
 
 
Электрокардиогра́фия — бұл жүрек жұмысы кезінде туындайтын электр 
өрістерін зерттеу және тіркеу әдісі. Электрокардиография кардиологияда 
қолданылатын электрофизиологиялық аспаптық диагностика әдісі болып 
табылады. 
Электрокардиографияның нәтижесінде электрокардиограмма алынады. 
Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын 
және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық 
көрінісі. 
ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U 
толқынын да байқауға болады. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу 
үрдісін көрсетсе, QRS кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті және T 
тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін көрсетеді. U 
тізшесінің түзілу табиғаты жайлы зерттеушілердің көрқарастары ажырайды. 
Бірқатары осы тізшенің түзілуі папиллярлы бұлшық еттердің немесе 
Пуркинье талшықтарының реполяризациясымен сипатталады деп есептесе, 
басқалары – диастола кезінде миокард жасушаларына калий иондарының 
кіруіменен байланысты деп есептейді. 
Реполяризация үрдісі (Repolarization) — жасуша мембранасынан әрекет 
потенциалы өткеннен кейінгі осы мембрананың тыныштығының бастапқы 
потенциалы қалпына келу фазасы. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет