Тобы: 105 а факультет: Жалпы медицина



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата24.10.2022
өлшемі313.8 Kb.
#45190
1   2   3   4   5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Жүрек қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның 
жұдырығындай (250-300г) жұмыр ағза.Жүрек кеуде қуысында екі өкпе 
аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп 
тұрады.Оның ұзындығы 12-15см, ені 8-11см, ұзын бірлігі оңнан солға, 
жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы кеуде 
қуысында сол жақтағы V қабырғаға тіреледі.Жүрек қуысын бітеу перде екіге 
бөледі.Оны оң жүрек, сол жүрек деп бөледі.Әр жүрек жүрекше мен 
қарыншадан тұрады.Жүректе 4қуыс бар: 2жүрекше,2қарынша.Жүрек ше мен 
қарынша арасында атриовентрикулярлық тесік болады.Тесікті жабатын екі 
жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар бар.Жүрек қабырғасы 3қабаттан 
тұрады: Ішкі- эндокард, ортаңғы – миокард, сыртқы – эпикард, жүрек қабы – 
перикард. 
Қозудың жұмыс миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы 
жасушалардың бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. Жүрек 
қуатты электр генераторына айналады. Жоғары электрлік өткізгіштігі бар 
дене ұлпалары жүректің электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге 
мүмкіндік береді. Жүректің электрлік белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, 
А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және т.б. ұсынған осындай әдістемесі 
электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін 
қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография 
жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-нің өзгеруі 
кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін 
медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде 
арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар 
электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз 
жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы 
зерттелетін объектіден ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар -
телеэлектрокардиографтар деп аталады және олар радиобайланыстың 
көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай 
тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және 
т.б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік 
потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен 
үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған. 
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік 
бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған бөліктері 
арасында пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене бетінде 
бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне 
байланысты ЭКГ түрі және оның тістерінің вольтажы әртүрлі болады. 
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі 
(тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты тіркелім әдісі 
қолданылады: І-тіркелім: оң қол - сол қол; ІІ-тіркелім: оң қол - сол аяқ;ІІІ-
тіркелім: сол қол - сол аяқ . 


Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген 
тармақтар тіркеледі: aVR; aVL;aVF. Стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін 
қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде 
біріктіріп, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы 
потенциалдар айырмасы тіркеледі. Мысалы, aVR кезінде оң қолға байланған 
электрод белсенді болып табылады, ол aVL кезінде- сол қолға, aVFкезінде- 
сол аяққа байланған электрод белсенді болып табылады. Вильсон кеудеде 6 
тіркелімді тіркеуді ұсынды 
Үш стандартты тіркелімдегі тістер шамалаларының өзара қатынасын 
Эйтховен тағайындаған. Ол II – ші стандартты тіркелімде тіркелген жүректің 
электр қозғаушы күшінің I- ші және III- ші тіркелімдердегі электр қозғаушы 
күштерінің қосындысына тең болатындығын анықтаған. Тістердің биіктігі 
ЭҚК-ң көрінісін (мәнін) анықтайды, сондықтан II- ші тіркелімнің тістері 
өзінің шамалары бойынша I – ші және III- ші тіркелімдердегі тістердің 
алгебралық қосындысына тең. 
Екінші электрод ретінде екі қолға және сол аяққа орнатылған бірге қосылған 
үш электрод алынады. Осы кезде ЭКГ түрі кеуде электроды орналасқан 
бөліктегі электрлік өзгерістерді ғана айқындайды. Аяқ-қолдарға (үшеуіне) 
орнатылған біріккен электрод индифферентті болып табылады , немесе 
«нөлдік», себебі оның потенциалы бүкіл жүрек циклі бойы өзгермейді. 
Осындай электрокардиографиялық тіркелімдер униполярлы немесе 
бірполюсті деп аталады. Осы тіркелімдер V латын (V1, V2 және т. б.) әрпімен 
белгіленеді. 
II- ші стандартты тіркелімде алынған адамның қалыпты ЭКГ-сы 5- суретте 
көрсетілген. 
ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV)-пен анықталады, 
олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтылын секундпен өлшейді. Сегмент 
дегеніміз көрші тістер мен белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар 
интервалдар арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі. 
ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың 
таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында 
потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің қандай да бір бөлігі 
қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық 
қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса 
немесе керісінше қозса, пайда болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша 
жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді. 
Р тісі жүрекшелердің қозуға ұшырағынын білдіреді және жүрекше тісі деген 
атқа ие болды. Әрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып, 
қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде 
электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше 
толығымен қозған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік 
жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-
ғы PQ сегменті). 
Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде 
синусты –жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай тарайды. 


Жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы 
жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына 
шамамен тең болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен 
қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді. 
Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің 
элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады, 
бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының 
сипатының күрделілігін білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің 
қозғанын, оң емізікше бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын 
білдіреді. R тісі– жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің 
қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу 
үрдісі S тісінің қалыптасуы аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да 
қозып, ST сегменті қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар 
айырмасының жоқтығы салдарынан изопотенциалды сызықта болады. 
Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының 
қалыпты мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы 
үрдістер әр жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының 
салдарынан миокардтың әлі де­поляризацияланған бөліктері ( яғни теріс 
заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері 
арасында потенциалдар айырмасы болады. 
Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең 
өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасындағы изопотенциалды сызық 
тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер 
миокардында потенциалдар айырмасы болмайды. Жүрекшелер 
реполяризациясын білдіретін сәйкес тістің кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол 
уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен сәйкес келіп, олармен жұтылады. 
Әрбір Р тістің QRS жиынтығымен сүйемелденбеген кезінде, жүректің 
көлденең қоршауы кезінде жүрекшелердің реполяризациясын білдіретін 
жүрекше тісі Т (T-атриум) байқалады. Қарыншалалардың электрлік 
систоласының жалпы ұзақтығы (Q—T) механикалық систоланың 
ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікке 
қарағанда біршама кеш басталады).Электрокардиограмма жүректе қозудың 
таралуының бұзылу сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Р—Q ( Р тісінің 
басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша 
жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы 
жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа тең. QRS 
жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу 
жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с құрайды. Деполяризация және 
реполяризация үрдістері миокардтың әртүрлі бөліктерінде бір уақытта пайда 
болмайды, сондықтан жүрек бұлшықетінің түрлі бөліктері арасындағы 
потенциалдар айырмасының шамасы жүрек циклі бойы өзгереді. Әрбір 
берілген мезеттегі потенциалдар айырмасы аса жоғары болатын екі нүктені 
қосатын шартты сызық жүректің электрлік осі деп аталады. Әрбір берілген 
мезеттегі жүректің электрлік осі белгілі бір шамамен және бағытпен 
сипатталады, яғни векторлық шаманың қасиеттеріне ие. Миокардтың әр 


бөліктерінің қозуымен бір уақытта қамтылмауы салдарынан осы вектор 
өзінің бағытын өзгертеді. Тек жүрек бұлшықетінің потенциалдар айырмасын 
ғана тіркеу пайдалы болған жоқ (яғни ЭКГ- ғы тістердің амплитудалары), 
сонымен қатар жүрек қарыншаларының электрлік өсінің бағытының 
өзгерісін тіркеу де пайдалы болды. Потенциалдар айырмасы шамасының 
өзгеруі мен электрлік осьтің бағытының өзгерісін біруақытта жазу 
векторэлектрокардиограмма (ВЭКГ) деген атқа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет